№185 (637) 19 қазан сәрсенбі 2011 жыл
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
ДАТ!
Гүлфаридат АМАНҚЫЗЫ:
Ауылдағы фермерлер өз балаларын ісін жалғастырушы ретінде дайындамай, ауыл шаруашылығының өркендеуі екіталай...
147,89 202,17 4,74 23,18 1,36 11397,00 1411,79
6-бетте
e-mail: info@аlashainasy.kz
Наполеон ұрпағы Мұстафа мұрасымен сусындауға ынталы
1154,14 109,31 1675,50
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Хәкім мен әкім
Бүгінде мүгедек жандардың онсыз да шектеулі мүмкіндіктерін қоғамның өзі одан да бетер шектеп, «жығылғанның үстіне – жұдырық» болып отырған сыңайлы. Олардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды былай қойғанда, біздің ортада мүгедектер жұмысқа бейімі бар адам ретінде саналмайды. Осыдан кейін олар көшеге шығып, қоғамның анықтап берген «жұмысын» атқаруға мәжбүр болады. Біле-білсек, мүгедек жандардың ішінде жоғары білімі бар азаматтар баршылық. Олар елдің дамуына, халықтың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуға аса мүдделі.
2-бет
Дағдарыс толқынын айкидо әдісімен еңсеруге әзірміз
нақты статистиканы ұсынбай келеді», – дейді Қ.Иманалиев.
Жер астынан жылдап емес, ғасырлап жатқан құнды жәдігерді тауып алғанда дүйім елден қандай «сүйінші» сұралатын болса, біз де бүгін өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай бір іс үшін алқалы алаштан «сүйінші» сұрағалы жатырмыз! Себепкері – Мұстафа Шоқай бабамыз. Кезінде жатжұртта сағыныш құшқан бабамызды айтып мұңайсақ, енді бүгін, керісінше, сол жұрттың тұлға еңбегін бағалауына куә болғалы тұрмыз. Француздар Мұстафа Шоқай бабамыздың өмірі мен қызметі, еткен еңбегі жайлы жаңа бір еңбекті өздері құмбыл болып аударып, Парижде тұсаукесерін жасауға әзір. Стефан Дөтапия атты француз профессорының аударуымен, кезінде Түркияда француз зерттеу орталығын басқарған Петер Шовен атты ірі ғалымның алғысөзімен Парижде қазақтың қайраткер тұлғасы Мұстафа Шоқай туралы француз тіліндегі үлкен еңбек таяу күндері жарық көрмек. Желтоқсанда жарыққа шығып қалатын бұл еңбек Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығынан үлкен тарту болатындай.
Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ Негізі, ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде республика бойынша 516,6 мыңға жуық мүгедек тіркелген. Бірақ «Намыс» атты жоғары білімі бар мүгедектер бірлестігінің төрағасы Қайрат Иманалиев бұл мәліметпен келіспейді. Оның ойынша, елімізде мүгедек жандардың саны одан көп болуы әбден мүмкін. «Себебі бізде Семей полигоны сияқты экологиялық қауіпті аймақтар бар. Білмеймін, бірақ мемлекеттік органдар осы саладағы
САУ БАЛА КЕМТАР БАЛАМЕН ОЙНАМАЙДЫ Бүгінде мүгедектерді әбден мезі қылған мәселелердің бірі – құрылыс нысандарын салу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүріп-тұруына қажетті жағдайдың жасалмауы. Еліміздегі архитектуралық және көліктік нысандардың 70 пайызы мүгедектер үшін бейімделмеген. Осының салдарынан олар көптеген мемлекеттік органдарға кіре алмай жүр. Жалғасы 3-бетте
ІЗ.ДЕН.ІС
www.аlashainasy.kz
Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек
Әбдуақап ҚАРА, шоқайтанушы ғалым, туындының авторы: – Қазақта, шүкір, әлемдік тұлғалар аз емес, алайда соның ішінде Мұстафа Шоқайдың шоқтығы биік, өз алдына бір төбе. Қазақ топырағында туғанымен, өмірінің көп бөлігін Тәуелсіздік жолындағы күреске арнап, биік мұраттар үшін жырақта жүруге мәжбүр болған осы бір тұлғаның соңында сол сағыныш құшқан күйі елдің бір уыс топырағына жете алмай, көз жұмғаны өкінішті-ақ. Алайда Мұстафаның өлшеусіз еңбегін, еткен құрбандығын қазақ қана емес, француз елі де біліп, бағалап, Шоқай аруағының алдындағы парыздарын орындауға кіріскендей. Жалғасы 5-бетте
Қазақ қанты бәсекеге неге төтеп бере алмады? 4-бет
МӘСЕЛЕ
Парижге кімдер барады?
7-бет
«Отандық қант секторындағы кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатпақшы. Соған сәйкес, қызылша саласында жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтарын қоспағанда, зауыттардағы 6 мың адам жұмыссыз қалмақ. Оған басты себеп – Кеден одағы аясындағы мықты бәсекелестік». Бұл туралы кеше «Ақжол» саяси партиясының басшылығымен Алматы облысы Ұзынағаш ауылында өткен «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Қант және қызылша өндірушілері қауымдастығының вице-президенті Алдияр Жолдыбеков мәлімдеді.
Кәмшат САТИЕВА «Қазақстандық зауыттар жыл бойына консервацияда тұрды. Яғни, жұмыс істеген жоқ. Соған сәйкес, зауыттың жұмысшылары да, қызылша өсірумен айналысатын шаруалар да нәпақасыз қалды. Бұған басты себеп – биыл Ресейде қызылшаның рекордтық көрсеткіште жиналып алынуы. Соған сәйкес, қанттың өндіріс көлемі де оларда өте жоғары болды», – дейді А.Жолдыбеков. Маманның айтуынша, Ресейде жылына өндірілетін қант көлемі 3-4 жыл бойындағы біздің тұтынысымыздың деңгейінен де асып түседі. «Ресейде жыл бойына қантты тұтыну деңгейі 5,2 млн тоннаны құрайды. Ал қызылшадан алынатын қанттың өндірісі – 4,5 млн тонна. Ресей үстіміздегі жылдың басында-ақ 2,5 млн тонна қант өндіріп тастады. Ал бұл – қазақстандық қантты тұтынушылардың 3-4 жылдық көлемінен де асып түсетін көрсеткіш», – дейді еліміздегі Қант және қызылша өндірушілері қауымдастығының вице-президенті. Жалғасы 4-бетте
«Алаш айнасына» жазылу басталды Индекс 64259
1 айға
3 айға
6 айға
12 айға
Алматы
506,89
1520,67
3041,34
6082,68
Қала
565,69
1697,07
3394,14
6788,28
Аудан (ауыл)
619,24
1857,72
3715,44
7430,88
Жеке және заңды тұлғалар үшін: индекс – 64259. «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады
ОЙ-КӨКПАР
«Діни экстремизм үшін сотталғандарды өзгелерден оқшаулау керек» деген пікірмен келісесіз бе? ...дедiм-ай, ау!
ИӘ
Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі: – Сонда қалай, бір ғана адам – мен Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіріп отырмын ба? Бұл не деген ақымақтық? Таңғаламын! Егер маған: «Өз қолыңды шауып тастасаң, ертең барлық 16 миллион, оның ішінде орыстар да қазақша сөйлейді», – десе, тіпті ойланбастан өз елім, халқым, болашақ үшін соны жасар едім... (www.aikyn.kz сайтынан)
Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Меніңше, діни көзқарасына байланысты сотталғандарды өзгелерден оқшаулау қажет-ақ. Өйткені діни тұрғыдан санасы уланған адамдар қоғамымызда күн санап көбейіп бара жатыр. Шыны керек, халқымыз рухани тұрғыдан аш болғандықтан, рухани азық іздеп жүр. Ал осыны тиімді пайдаланған өзге діни ағымдағылар өз қатарларына тартуға тырысуда. Әсіресе түрмеде отырғандар әрқашан рухани тұрғыдан қолдау іздеп аласұрады. Бір нәрсеге сену арқылы үміт отын жағуды көздейді. Осындай кезде оның қасында отырған экстремистік пиғылдағы сотталушы өз қатарына оп-оңай тартып алатыны сөзсіз.
Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық сауықтыру орталығының директоры Есбосын Смағұлов: «Болашақта экстремизм мен терроризм үшін сотталғандарға арнап жеке колония салу керек немесе оларды түзету мекемелерінде оқшаулайтын орындар ашу керек», – дейді. Маманның айтуынша, түрме іші экстремистік ағымдағы адамдар үшін өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізуге қолайлы орта болып табылады екен. Яғни «түрмеге экстремизм немесе терроризм көзқарасындағы сотталған бір адам отырса, ол жерден радикалды ағымдарды мықтап ұстанған 3-5 адам шығады». Осы орайда Қазақстан ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ҒЗИ академиясының аға қызметкері Гүлмира Қожабаева: «Бұл бастама өте жақсы болар еді. Өйткені ондай мекемелерді тәжірибелі имам және күшті теологтармен қамтамасыз ету аса қиынға соқпайды. Алайда бұл оқшаулау осы санаттағы адамдардың құқықтарын бұзады», – дейді. Тақырыпқа орай, маман пікірлерін таразыға тартып, тақырыптың пайдалы және зиянды жағын салмақтап көрген едік...
3-бетте
ЖОҚ – Жоқ, мен бұл пікірмен келіспеймін. Діни көзқарасына байланысты сотталғандарды өзгелерден оқшаулаудың мүлдем қажеті жоқ. Бүгінде біз қоғамдағы адамдарды діни көзқарасына байланысты бөле жаруды науқаншылдыққа айналдырып алған секілдіміз. Шыны керек, бүгінде қай адамның нағыз экстремист, қай адамның иманы бар, намаз оқу арқылы бес уақыт парызын өтеп жүрген, дәстүрлі діни ұстанымдағы адам екенін айырып жатқан ешкім жоқ. Осылайша, кімнің кім екенін ажырата алмай жатқанда түрмедегі сотталғандарды оқшаулау, бөле жару кезінде қателесетініміз анық.
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
2
САЯСИ БЮРО
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
БЕЗБЕН
ОЙТОЛҒАҚ Бұл жолғы әңгіме Хакім cөзі мен әкім ісі жайлы болмақ. Хәкім – әрине, қазақтың маңдайына біткен бақыты – Абай болса, әкіміміз – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Бір қарағанда бұл тосындау әңгіме болып көрінуі мүмкін. Алайда ғұлама айтып кеткен қасиеттерді ұлы ақын туып-өскен өлкені басқарып отырған әкім бойынан іздеуге талпынғанымыздың артықшылығы жоқ шығар дедік. Шындығы солай. Мақтау үшін, мақтан үшін емес, жалғасқан жол, өрісін тапқан дәстүр, кісілік келбет іздеу. Әйтпесе Абайға мақтау түкке де қажет емес, одан Сапарбаев та кенде емес. Ал айтылар уәж бар болса, оған себеп болып тұрса, неге айтпасқа?! Бұл туралы Абай былай деген: «Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ... Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады». Әрине, Абай айтпақшы, пенде болғаннан кейін мақтан атаулыдан ада болу қиын шаруа шығар. Мәселе сол мақтанның қай түрінің шылбырын сүйретіп жүргенімізде. «Баста» деп берген тізгініне ие болмаған басшының бос мақтау тыңдаумен өткерген қайран уақыты дүйім жұрттың сорына біткен мезгіл болатыны сөзсіз. Көбіміз солаймыз-ау. Ал Сапарбаев бойынан әр күнін халқының ырзығы үшін мағыналы іске байлаған үлкендік қасиет бірден аңғарылады. Абай тағы да: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Жұбанышы – жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш қылады» демеп пе еді. Ендеше, осы «жұбаныш» деген «ұлы көштің» бодауында кетпей, «ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезімен» «жаман дегізбесем екен деп азаптанып» жүрген Сапарбаевты бүгінгі таңда нағыз ұлт жанашыры деп атауға толық негіз бар. Өзінің біртоға мінезімен, тамаша ұйымдастырушылық қабілетімен ерекешеленетін Сапарбаев қолын жылы суға салып тыныш отыра алмайтын қасиетімен, атқарған әр ісі аңызға айналып барады. Шығыстың тізгінін қолына алған сәтте «бісмілләсін» Абай ұрпақтарын іздеуден бастаған Бердібек Сапарбаевтың «тосын мінезінен» халықтың көкейінде Абай сөзі жаңғырып,«тәубе» дескені есімізден шыға қойған жоқ. Сөйтсек, бұл Бекеңнің бер жағы екен. Дағдарыстың қамыты желкемізді қажаған қиын кезде өңір экономикасының шашауын шығармай, белеске аман шығарғаны өз алдына Сапарбаев ұлттық болмысқа шөлдеп тұрған Шығысқа қазақилықтың дәнін екті. Дәнін ғана емес, көктеп бой көтеріп қалған шыбығын шаншыды десек те болар. Өзіне дейін болған талай әкімдердің жүйкесін
Зиялылардың саяси беделі қандай болу керек?
Хәкім мен әкім
титықтатқан кейбір мәселелер шырмауының әп-сәтте шешілгеніне аңтарылып қалғанымыз да бар. Әрине, оңайға түспегені белгілі. Бір анығы – есебін тапқандығы. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой» дейді ұлы хакім. Әкімнің дәл осы жолғы әрекеті Абай сөзін толық дәлелдеп тұрғандай. Ешкімге жалынған да жоқ, ешкімнен сұраған да, шарасыздықтан қорланған да жоқ. Тұйықтан саңылау тапты, бүйректен сирақ шығаратындардың мысын басты. Тер төккендігі айдан анық. Сол еңбектің жемісін жегені де, қазақпын деген жан иесінің мерейін үстем еткендігі тағы шындық. Әйтпесе, осы күнге дейін Тәуелсіздікті қанша тірек тұтсақ та, Өскеменнен Абай тұлғасына бес шаршы метр жер тауып беруге шамамыз жетпегені өз алдына, қазақша көше атын алмастырудың есебін таба алмадық емес пе?! Енді ше? Кешегі «күн көсемнің» тұғырына Сапарбаевтың асқақтатып барып, сән-салтанатымен Абайды қондырғаны ел үшін, ұлтымыз үшін үлкен абырой болды. Риза
болмаған ел қалмады. «Біздің бағымызға келген азамат болды. Шығысқа осындай тұлға әкелген Елбасына рақмет. Тек енді ұзағынан сүйіндірсін» десті жұрт. Абайды құтты орнына орналастырған Сапарбаев «елсіз – ер жетім» қағидасын жадына түйіп, шығыстан шыққан елеулі тұлғаларды да елімен қауыштырды. «Туған жерге тағзым» атты акция ұйымдастырып, осы өңірден шыққан қайраткерлердің басын қосып, шыны керек, осыған дейін елден жырақ жүрген қайраткерлерді халқымен жүздесті р іп, олардың ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл да елді ұйытудың, жердің қасиетін ұғындырудың бір жолы еді. Оның тікелей басшылығымен ұйымдастырылған «Шығыс жұлдыздары» атты өнер байқауының астарынан да туған жерге деген
махаббатты ояту мақсатының болғанын аңғармау мүмкін емес. Абай атамыз тағы бір сөзінде: «Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады» деген екен. Абайдай алыпты, Мұхтардай мұхитты, Шәкәрімдей шыңды дүниеге әкелген қасиетті топырақ Шыңғыс елі – татымдылық пен татымсыздықтың аражігін иненің көзінен ажырататын ғұлама ел. Алдаусыратқан аз іске алданып, көңілсіз атқарған мардымсызға малданып қалатын жұрт емес. Керісінше, жақсы істі көре білу, азаматқа ниет қылу бұл елге таңсық еді деп ешкім айта алмас. Елге жарамды жарқын іске мойынұсынып, шын көңілден жығыла тілектес болатын баталы мекен әкім қамқорлығына дән риза. Соңғы бір-екі ай ішінде Қарауылдың көшесі күл-қоқыстан тазарып, аспанына шам ілінді. Мамыражай жатқан ауыл тіршілігіне жан біткендей. Күні кеше ғана Абай ақындық мектебінің айшықты өкілдері Ақылбай мен Көкбайдың 150 және Шәкірдің 110 жылдығын аламан бәйгемен, ақындар сайысымен, балуандар белдесуімен дүбірлі той жасап берген облыс басшысына аудан жұртының алғысы шексіз. Талай дүркіреген аламан тойларды бастан өткерген, ән-күйсіз тіршілігі жараспайтын өнерлі өңір көңіл тойын аңсап қалса керек, жұрт бір марқайып қалды. Жүздеріне күлкі үйірілді. Бірақ Абай атам тағы да былай дейді: «Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайымқайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!» Расында да, жалқауға қайдам, іскер адамға «уайым-қайғысыздықтан құтылар орынды харакет іздейтін» заман ғой қазір. Тынымсыз басшы ретінде Сапарбаевты да алаңдататын іс аз емес. Абай мұражай кесенесінде облыс басшысы араласатын біраз шаруа бар. Семей мен Қарауыл арасын жалғап жатқан күре жолды қалпына келтіру көкейде жүрген жоспар шығар. Ең бастысы, келесі жылы ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толмақ. Абайды әлемге таныту арқылы адамзаттың назарын қазаққа аудартқан халқымыздың біртуар ұлының туған күнін дөңгелек «датаға» тәуелді етпей-ақ атап өтудің дәл қазіргі таңда маңызы ерекше. Дініміз бөлшектеніп, тіліміз солықтап, дәстүріміз іріп тұрған бүгінгідей уақытта ұлыларымызды ұлықтау арқылы ұлттық идеологиямызға қазық, жастарымызға рухани азық болар бір мақсатты шара тосып тұрғандай. Абайша айтқанда, «орынды харакет» керек-ақ.
« Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды». Бұл да – хакім Абай сөзі. «Өз қайратына сеніп, еңбегін сауып жүрген» әкімнің атқарып жатқан қыруар шаруасын тізбелеп шығуды мақсат тұтпадық. Көз алдымызда нығайып келе жатқан облыс экономикасының жай-күйі – өз алдына бөлек әңгіме. Сондықтан да әңгіме өзегі Сапарбаевтың рухани мәселелердегі игі қадамдарға құрылды. Сөз түйіні Ұлы Хәкім туған өлкеге басшылық ету Сапарбаевтың бағы болса, Шығыстың шырайын келтірген әкімге тап болу Абай ұрпақтарының бағы деуге саятын сияқты. «Еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деп Абай айтқандай, ұлылар топырағы, сол топырақта нәр алған ақын ұрпақтарының ақ ниеттері әрқашан іскер әкімге қолдау болары сөзсіз. М. ЕРАЛИН
Қазір қазақта зиялы қалмады деген пікір жиі айтылып жүр. Бұған нендей себептер бар екен? Жұртшылық зиялы деген ұғымның қатарына негізінен, халықтың сөзін сөйлейтін адамдарды жатқызады. Қалай дегенмен, зиялы ұғымы – адамның білімінің деңгейіне ғана емес, сол білімнің әртүрлі жолдармен қоғамның игілігі үшін жұмсалуына қарай телінеді. Кеңестік заманда интеллигенция атаулының саяси беделі аса күшті еді. Тоталитарлық, авторитарлық жүйедегі қоғамда биліктен қысым көретін халық, белгілі бір топ білімді, жігерлі адамға үміт артатыны заңдылық. Ал капиталистік қоғамда, демократиялық елдегі зиялының рөлі мен бағыты, саяси салмағы қандай болмақ? КҮРЕСКЕР БОЛМАСА, ЗИЯЛЫ ЕМЕС Бейбіт заманда әскери сарбаздың шен алып, батыр атануы қиындайтыны сияқты, демократиялық қоғамда зиялы қауымның да толыққанды көрініс беруі сирек жағдай. Қайбір заманда болса да интеллигенция өкілі атанған есімдер, ең алдымен, күрескер болған. Халықты қанаушы билікке қарсы, кедейлерге күн көрсетпейтін шонжарларға қарсы немесе надандыққа қарсы күреседі. Ал енді бүгінгі күні бұл жағдай қалай болады? Мәселен, Дания мемлекетін алайық – экономикалық һәм саяси мәселелер толық шешімін тапқан деп айтуға болады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 39 мың доллардан келеді, елдегі қылмыстық көрсеткіштер өте төмен, сыртқы әскери қауіптер жоқтың қасы, елдің ғылым-білім және денсаулық сақтау саласы көптеген елдермен салыстырғанда көш ілгері жатыр. Мұндай жағдайда қоғамда күрескер тұлғалардың пайда болуы қиындайды және оған қажеттілік те шамалы. Дегенмен бүгінде Батыс елдерінде зиялы қауымның саяси салмағы басым деген пікір жиі айтылады. Алайда мұнымен толық келісуге болмайды. Себебі онда зиялы, білімді адамдардың емес, өнерлі адамдардың дәурені жүріп тұр. Саясаткерлер мен партиялар халықтан басым дауыс жинау үшін сайлаушылардың құрметіне ие болған Леди Гага, Джастин Тимберлейк секілді әншілерді, актерлерді немесе Дэвид Бекхем секілді футбол жанкүйерлерінің «құдайына» айналған есімдерді өз жағына тартуға тырысады (көбіне ақшалай ынталандыру арқылы). Ал енді «бүгінгі қазақтың зиялылары қайда кетті» деген сауал туындайды. Бұған беретін алғашқы гипотезалық жауабымыз
тұқымын құртқанын ескерсек, қазақтың қаймағының қайта түзілуіне біраз уақыт қажет-ау деген ой туындайды.
– қазақ осы өміріне толық қанағаттанып отыр. Сан жылдар бойы Кеңестік заманның қысымы мен теперіштерін көріп келген халық осы еркін өміріне риза. Дегенмен елімізде тіл мәселесі, дін мәселесі, тіпті экономикалық проблемалар да баршылық қой. «Зиялы қауым соны көре тұра қалай тыныш жатады» деген тағы бір сауал туындауы мүмкін. Қазақта тек деген ұғым бар. Қазақ қана емес, әлемнің көптеген елдері тектіден текті туатынын, тектілік тұқым қуатынын мойындайды. Ендеше, сталиндік репрессияның қазақтың қаймағын құрайтын 125 мың текті азаматты оққа ұшыратып,
өсіп келе жатқан балаларын міндетті түрде бизнеске, басқа да нақты салаға қарай икемдейді. Дегенмен «болашақта зиялы ұғымы жойылып, атауы пайдаланылмай кетуі мүмкін» деген пікірлер бар. Бірақ бұл «болашақта халық құлақ асатын элита болмайды» дегенді білдірмесе керек. Қоғам әр істе өзінің маманына құлақ асуға барынша бейімделуі мүмкін. Мәселен, қазіргі қоғамда жекелеген салаларға қатысты жиі қолданылатын сарапшы ұғымдары (саяси сарапшы, экономикалық сарапшы деген сияқты) кеңінен қолданысқа енеді. Сәкен НҰРҚАБЕКҰЛЫ
ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ БОЛАШАҚҚА БАРА МА? Жалпы, демократиялық қоғамда «интеллигенцияның салмағы жоғалып, интеллектуал дардың беделі артады» деген ауызекі қағида бар. Бұл бір жағынан асыра айтылған тұжырым болғанымен, нақты өмірде осы қағиданың растығын дәлелдейтін құбылыстар көптеп байқалады. Мәселен, қайбір замандағы интеллигенция қоғамда болып жатқан кез келген салаға, кез келген оқиғаларға тікелей араласып отырды. Бір кездегі Алаш азаматтары ғылым мен өнерді қатар игеріп, нақты мамандықтан гуманитарлық салаға, одан билік істеріне араласып кете береді. Саясимәдени қайраткер атанған Смағұл Сәдуақасов әдебиет пен театр өнеріне ерекше еңбек сіңіргенімен, негізгі мамандығы – инженерлік. Қазақстанның шикізат көзіне айналып кетпеуі үшін Мәскеумен күрес жүргізеді. Академик Қаныш Сәтбаев қазақ геология ғылымының атасы бола тұра, әдебиетке сіңірген еңбегі орасан бағаланады. Ал қазірде көпшілік зиялы атап жүрген жазушылар мен өнер қайраткері еліміздің экономикалық мәселелері мен сыртқы саяси құбылыстар жөніндегі пікірлері көпшілікке қарабайыр болып көрінуі мүмкін. Біреулер «зиялы қауым жоқ» дегенді айтса, енді біреулер «зиялы жоғалған жоқ, ол жаңа заманға бейімделіп, трансформацияланып жатыр» дегенді айтады. Бұл – ойға қонарлық пікір. Мәселен, бұл күнде есімі елге танылған адамдар тар шеңбердегі салаларға кетіп жатады. Немесе артынан
ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІК
ЫҚПАЛДАСТЫҚ
ШАРТАРАП
Астана декларациясы Бернде талқыланды
Қазақ-қырғыз парламентаралық комиссиясының отырысы өтеді
Кеденшілер жүктің тек 2 пайызын тексереді
Бейсенбі күні Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында ел Парламентінің Мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жоғорғұ Кеңеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның екінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған депутаттар Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақ Ассамблеясының мерейтойлық 125-ші отырысына қатысуда. Адамзатты толғандырып отырған осы мәселені талқылау Ассамблея шеңберінде өткен «Ядролық қару – апатқа әкелетін жол» тақырыбындағы пікірталаста жалғасын тапты. Қазақстан делегациясы жуырда ғана Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумының жалынды лебін ала келгендей әсер етті. Әлемді ядролық қаруға қарсы күресте бірігуге шақырған Астана Декларациясы Бернде үндестік тапты. Басқосуда Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджа-
? Б Б II Л Л Г Г II М М
нов баяндама жасап, ядролық қарусыз әлемді құру мақсатындағы Қазақстанның қосып келе жатқан үлесі туралы ойларын ортаға салды. Мәжіліс төрағасы өз сөзін осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіруден бастады. Жылы шыраймен қабыл алып, пікір алмасуға мүмкіндік жасағандары үшін рақмет айтты. Ядролық қаруды таратпау туралы ортаға салынған ойлар әлемде бейбітшілік орнатуға жасалған нақты бір қадам болып табылатынына сенім білдірді.
К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н
Екі күндік отырыс жұмысына Мәжіліс төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов бастаған қазақстандық делегация қатысады. Делегация құрамында Мәжіліс депутаттары: Құрманғали Уәли, Тұрарбек Асанов, Уәлихан Қоңырбаев, Амангелді Момышев, Ермұханбет Омаров, Жексенбай Дүйсебаев бар. Отырыстың күн тәртібіне көші-қон, шекаралық бақылау, екі жақты келісімдердің ратификациялану барысына қатысты мәселелер енгізілген.
Б Б II Р Р
Салауат КЕМЕРХАН, Алматы Еуроислам – жалпы мағынада, исламның демократия және либерализм идеялары мен әрекеттерін қабылдауын, тар мағынада – исламның Еуропаның мәдени және мемлекеттік өміріне араласуын, ықпалдасуын білдіретін шартты ұғым. Қазіргі заманның бірқатар мұсылмандық реформаторлары мысалы, Т. Рамадан еуроисламның астарынан (al-islam al-urubi) қазіргі Еуропа өміріне ыңғайланған шариғатты іздейді. Басқалары (мысалы, Р. Ха-
кимов) еуроисламды еуразияшылдық идеясына толықтыру немесе балама ретінде қарастырады. «Еуроислам» ұғымы XX ғасырдың 90-жылдарында пайда болды және бастапқыда «зайырлы ислам», яғни Батыс елдерінің зайырлы құрылымдарымен үйлесуге келетін ислам ретінде түсіндіріледі. Бірқатар мұсылман діндарлары, мысалы, М. Сейхун (діни мекемелердің түрік-ислам одағы), дін мұсылман үммесінің бірлігін бұзатын «еуро-
Мұндай мәліметтер кеше Бакуде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция барысында айтылды. БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының (UNODC) қылмыстың алдын алу жөніндегі сарапшысы Николь Матистің айтуынша, бүгінгі таңда жыл бойы 500 млн контейнер әлем бойынша жүк тасымалдайды. Әлемде заң бойынша жұмыс істеуге құқылы жүк тасымал жүйесі бар, ал есірткі тасымалдауға
үлкен мүмкіндіктері бар қылмыскерлер сол заңды контейнерлерді өз есірткілерін тығып тасымалдауға пайдаланады. Оның айтуынша, кеденшілер тарапынан күдік тудырған жүк контейнерлері ғана тексеріледі. «Кеден қызметкерлері физикалық тұрғыда барлық контейнерлерді тексеруден өткізіп үлгермейді» – дейді Н.Матис ханым. Ол сондай-ақ жүкті түгелдей тексеруге тыйым салынған халықаралық жүк тасымалы жөніндегі конвенция бар екенін еске салды.
С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ
Еуроислам – құндылықтар синтезі Еуропада мұсылмандар көбейді. Германиядағы мұсылмандар – түріктер, Франциядағылар – Мағрұп елінен шыққандар, Нидерландта – Суринам мен Индонезиядан, Ұлыбританиядағылар Үндістан мен Пәкістаннан келгендер екен. Осыған байланысты еуроислам деген ұғым шықты. Оның мәні не?
Сапар бағдарламасына сәйкес, Мәжіліс делегациясының Жоғорғұ Кеңеш төрағасы Ахматбек Келдибековпен кездесу жоспарланған. Бүгін парламентаралық комиссия отырысы қарсаңында, қазақстандық делегация Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қырғызстанның даму жолындағы парламенттің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына қатысады.
Әлем бойынша әртүрлі елдердегі кеден органдарының қызметкерлері жүк тасымалдайтын контейнерлердің 2 пайыздан аз бөлігін ғана тексеруден өткізеді.
исламның» болуын жоққа шығарады. Уақыт өте келе «еуроислам» «Еуропадағы ислам» ретінде емес, исламның еуропа елдерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарына кірігу процесі ретінде түсініле бастады. Өйткені бүгінгі күні Батыс елдеріндегі мұсылмандар санының артуына орай және Шығыс пен Батыс арасындағы өркениеттік ширығушылықты төмендету, дінаралық диалог жүргізу қажеттігінен туындап отыр. Шариғаттың көптеген талаптары батыстың демократия құндылықтарына қайшы келеді. Сондықтан да «еуроислам» шариғаттың аса қатаң шарттарын ауыстыруды талап етеді: ерінің көзіне шөп салған әйелдерін таспен ұру; ұрының қолын шабу және т.б.
АҚШ марихуананы заңдастырмақ АҚШ-та есірткінің бір түрі – марихуананы заңдастыру мәселесі көтеріліп жатқаны рас па және оның заңдастырылу ықтималдылығы қаншалық? Нұрбол БЕЙІМБЕТ, Шымкент Бұған дейін АҚШ-тың түрлі штаттарында, атап айтқанда Делавэр, НьюДжерси, Орегон аймақтарында марихуананы белгілі бір мөлшерде пайдалануға рұқсат берілген болатын. Сондай-ақ Калифорния штаты да есірткінің бірқатар түрлерін заңдастыруға қатысты халықтық дауыс берулер жүргізіп жатыр. Дегенмен АҚШ-тағы марихуананы заңдастыруға қатысты талқылаулар тек медициналық мақсатты көздеп отыр. Мәселен, есірткінің бұл түрін
шегу кез келген қоғамдық орындарда емес, арнайы мейрамханаларда немесе медициналық орталықтарда ғана рұқсат етіледі. Ал есірткіні заңдастыру мәселесіндегі халықтың пікірін болжамақ болған зерттеу институттары амери ка лық тардың 50 пайызы ма рихуананы заңдастыруды қолдайтындықтарын айтады. Алдағы он шақты жылда АҚШ-тың басым бөлігінде марихуанаға дәрілік статус берілуі мүмкін.
ҚОҒАМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
ОҚИҒА
16 адамы бар шағын автобус апатқа ұшырады Алматы облысы Қарасай ауданында жол апаты болды. «Алматы–Бішкек» тас жолының 18-шақырымында «Хонда» автокөлігі жолаушы тасымалдайтын «Форд» шағын автобусымен соқтықты. Тоғыз адам ауруханаға түсті. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, оқиға қазанның 17-сі күні сағат 11.00лердің шамасында болған. Бішкек тас жолында жолаушы тасымалдаумен айналысатын бағытты шағын автобус пен «Хонда» түйісіп қалып, 16 адам мінген шағын автобусқа айтарлықтай қауіп төнді. Абырой болғанда, жолаушылардың бәрі аман. Бірақ тоғыз адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жөнелтілді. Олардың бәрі – жастар. Ең ересегі – 1966 жылғы әйел болса, ең кішісі – 16 жастағы қыз бала. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы мамандары оқиғаның себепсалдарын анықтап жатыр. Болатбек МҰХТАРОВ
АЛАШ-АҚПАРАТ
«Діни экстремизм үшін сотталғандарды өзгелерден оқшаулау керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға – 40 жыл
Осылайша, қоғамда экстремизм немесе терроризм көзқарасындағы адамдардың қатары арта береді. Сондықтан түрмедегі басқа да сотталғандарды сондай ықпалдан сақтап қалу үшін экстремистік, террористік көзқарастағы адамдарды оқшаулап ұстауға тырысқан жөн. Атап айта кетер жайт, терроризм мен экстремизм көзқарасындағы адам үгіт-насихат жүргізіп, қатарларын толықтыру үшін
БЕЙТАРА П ПІКІР
Әсима ДҮЙСЕНБИНА, Хромтау аудандық ауруханасының дәрігері: – Ол «Жүрегім ауырады, апа, кешеден бері жүрегім ауырып отыр» десе, мен оны жібермеймін ғой. 42 жыл стажым бар. Жүрекке шағым болса, тек әшейін жіберіп қоймаймын ғой. Міндетті түрде қалдырам. Аудандық ауруханадан үміттерін үзген Асқардың жақындары оны кеншілерге арналған Хромтаудағы Еуразиялық медициналық орталыққа жатқызған. Ондағы дәрігерлер де науқастың инсульт алғандығын Асқар есінен танған кезде бір-ақ біліпті. Мұндай науқасты көлікпен тасымалдауға болмайтындығына қарамастан, орталық басшылары оның жанына ешбір дәрігер қоспай, Ақтөбеге жөнелткен. Асқар жол бойында анасының қолында жан тапсырды. Ал Еуразиялық медициналық орталық дәрігерлері болса, аталмыш оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, дәрігерлер аяқ астынан инсульт алған атпалдай азаматқа дұрыс көмек көрсете алмаған. Қазір құзырлы орындар жігітке дұрыс диагноз қоя алмаған және өлім аузындағы науқасты әкелгенде қабылдамаған екі аурухананы тексеруді бастады. Ал Асқардың анасы айыпты аурухананың дәрігерлерін сотқа бермек. Самал ҚАРАЖАН
мекен таңдамайды. Экстремистік көзқарастағы азамат сотталған соң түрменің мешітін иемденіп алып, өзінің идеологиялық ықпалын күшейте береді. Ал діни сауаты аз жастың мешітте отырған адамның сөзіне иланары сөзсіз. Осы орайда айта кетер жайт, біздің түрмелеріміз сотталғандарды түзеу үшін ешқандай жұмыс істемейді. Оның ішінде терроризм мен экстремизм көзқарасы үшін сотталғандарға да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оны дұрыс жолға салу бағытында іс-шаралар жасалмайды. Түрме басшылары үшін түрме – қамап ұстайтын мекеме ғана. Ал шын мәнінде, түрме сотталғандарды түзетуші мекеме емес пе?! Ертеңгі күні діни көзқарасы үшін сотталғандарды оқшаулап, құр қамап қою да ешқандай нәтиже шығармайды. Сондықтан сотталғандарды қоғамға бейімдеу, экстремистік, террористік көзқарастағы адамдардың санасын сауықтыру, психологиялық тұрғыдан көмек көрсету жұмыстары жүргізілуі қажет. Айта кетер жайт, бүгінде түрмелерге дін өкілдері де сирек барады. Егер арнайы діни көзқарасы үшін сотталғандарға арнап оқшауланған мекеме ашсақ, теолог мамандар мен дін өкілдеріне сотталғандар арасын жақындастыру да оңайға түсер еді. Сондай-ақ бүкіл түрмедегі сотталғандармен жұмыс істеуден гөрі оларды оқшаулап, бөліп алып жұмыс істеу әлдеқайда нәтижелі болады деп ойлаймын.
Өз басым дінді зерттеп келе жатқаныма бірнеше жылдың жүзі болды. Алайда экстремист пен дәстүрлі діни ұстанымдағы адамды ажырату мен үшін өте қиынға түсер еді. Түзету мекемелерінде де олардың қайсысының кім екенін ажырататын маман бар деп айта алмаймын. Осы орайда намаз оқып, діни білімін енді толықтырып келе жатқан азаматты экстремист атандырып жібермесімізге кім кепіл?! Діни көзқарасына байланысты сотталғандар – өмірде адасып жүрген жандар. Ал оларды одан әрі оқшаулау арқылы шеттететін болсақ, біз мәселені ушықтырып аламыз. Ол уақытта олар ашықтан-ашық қоғаммен күрес жүргізе бастайды. Қоғамда мемлекетке наразы, санасы уланған, нағыз адасқан, сонысы үшін мемлекетті айыптайтын топтар қалыптасады. Олар бірігіп алып, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тырысады. Бір-екеуі бастаса қалғаны қоштап, жазықсыз жапа шегуі мүмкін. Осылайша, олар оқшауланған мекеме мүлдем тыншымайтын болады. Қашуға әрекеттеніп, керек десеңіз, өзін-өзі жару арқылы түрме қызметкерлерін де құрбан етуі әбден мүмкін. Осыған дейін Ақтау мен Балқаш қалаларында түрмеден қашуға әрекеттенген сотталғандардың әрекеті осының дәлелі. Сол кездері олардың қашуына көмектесу үшін сырттан көмек барғаны да бүгінгі күні белгілі болып отыр. Осы орайда діни экстремистік көзқарасы үшін оқшауланған мекеме ашып,
Сәуле МЕКТЕПБАЕВА, «Халықаралық түрме реформасының» Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры: – Діни көзқарасына байланысты сотталғандарды өзгелерден оқшаулау адам құқының бұзылуына алып келеді. Әрине, егер сотталушы айналасына идеологиялық тұрғыдан қауіп төндіретін болса, қауіпсіздік шараларын жасау керек. Халықаралық адам құқықтары жөніндегі мамандардың ұсынысына сай басқа діни көзқарастағы адам сотталған кезде түзету мекемесіндегі өзге сотталушыларға қаншалықты қауіп төндіретінін психологтар алдын ала зерттеуі тиіс. Соған орай арнайы мамандар жекелеген жұмыстар жүргізіп, оның санасезім, ой-өрісімен жұмыс істеуі тиіс. Бізде қазір терроризм мен экстремистік көзқарасы үшін сотталғандар саны соншалықты көп емес. Осы орайда олардың әрқайсысымен арнайы жұмыстар жүргізуге мүмкіндігіміз жетеді деп ойлаймын.
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы оның айналасына осынша мәселені көбейтудің қажеті қанша?! Меніңше, дінге қатысты мәселелер қысым жасау, жазалау, тыйым салумен шешілмейді. Шыны керек, бүгінде имамдар, дін өкілдері түрмелерге өте сирек барады. Олар түрмеден гөрі садақа мен жаназаларда көп жүреді. Ал Ресейде шіркеу қызметкерлері түзету мекемелеріне барып, сотталғандармен жұмыс жасайды. Сотталып төрт қабырғада қамалып отырған адам күйзеліске берілмеуі үшін психолог, экстремистердің жетегінде кетпеуі үшін дін қызметкерлері міндетті түрде керек. Түрмедегі жазасын өтеуші жанындағы экстремистік көзқарастағы адамның шылауында кетпеуі үшін психолог, теолог мамандардың сотталушылармен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Сондықтан біз түзету мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын арттырып, сотталғандарды оқшаулаудан гөрі қоғамға бейімдеу жұмыстарын көбірек жүргізгеніміз жөн. Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек
Басы 1-бетте Мәселен, Министрліктер үйінің баспалдағында пандус бар болса да, ол арқылы өздігімен шығу мүмкін емес. Тіпті Президент Әкімшілігіне өз күшімен көтерілу мүгедектер үшін арманға айналғалы қашан! «Шыны керек, бізде пандустар әшейін сөз үшін ғана жабдықталады. Мүгедекті былай қойғанда, онымен дені сау адам да көтеріле алмайды», – дейді «Намыс» бірлестігінің төрағасы Қ.Иманалиев. Білім беру мекемелерінде де мүгедек балалардың емін-еркін сабақ оқулары үшін қажетті жағдай жоқ. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі болса да, дарын-қабілеті шектелмеген жас өрендер заң бойынша тиесілі білімдерін ала алмай жүр. Оған қоса, дені сау балалардың ата-анасы мүгедектердің бәрімен бірдей білім алуларына үзілдікесілді қарсы екен. «Ондай балалар білім беру сапасын тежейді», – деп ойлайды олар. Мүгедек жандардың ата-анасы онымен келіспесе де, өз балаларын мектепке беруге қорқады. Себеп біреу – сау балалар кемтар құрбыларына мүсіркей қарап, олардың психологиялық тепетеңдігін бұзады. Оның арты онсыз да тағдыр тәлкегіне түскен жандардың өмірден әбден түңіліп кетуіне әкеп соқтырады. Бұдан басқа, бүгінде осы екі топтың өзара ұйысып, бірге сабақ оқуына жағдай жасайтын педагог мамандардың кәсіби дайындығы жетіспейді. «Бізді алаңдатып жүрген тағы бір мәселе, ол – мүгедектердің жұмыссыздық проблемасы. Қазақстандағы еңбекке бейімі бар мүгедектердің тек 3 пайызы ғана жұмыс істейді. Енді қараңыз, егер бізде 516 мың мүгедек бар болса, олардың 490 мыңға жуығы – еңбекке жарамды жандар. Ал 490 мың адамның тек 3 пайызы ғана жұмыс істесе, қалған 97 пайызы жұмыссыз отыр деген сөз. Бұл – масқара. Еуропаны алайықшы, ол жақта, керісінше, мүгедектердің 95 пайызы жұмыспен қамтылған», – дейді Қ.Иманалиев.
? А А Л Л А А Ш Ш Т Т Ы Ы
3
ОЙ-КӨКПАР
Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты
ТҮЙТКІЛ
Базаргүл ХАМЗИНА, Асқар Хамзиннің анасы: – Ауруханаға жатқызыңыздар деп дәрігерлерге өтіндім. Олар: «Тамағы қызарып кеткен, дәрімен шайыңдар, ауруханаға жатқыза алмаймыз», – деді. Ұлым тіпті аяғын басып жүре алмай қалды. Суық тиген деп ешкім көңіл бөлген жоқ. Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлері Асқар денсаулығына байланысты оларға жүгінгендігін растап отыр. Бірақ диагнозын нақтылауға науқастың «өзі мүмкіндік бермеді» дейді.
Басы 1-бетте
Дәрігердің біліксіздігінен жас жігіт бақилық болды Ақтөбе облысында тепсе темір үзетін 24 жастағы жігіт дәрігерлердің біліксіздігінен бақилық болды. Дәрігерлер дер кезінде дұрыс диагноз қоймағандықтан, төрт күн бойы теріс емделген Асқар Хамзин Хромтаудан қалаға жеткізілгенше жолда көз жұмды. Қара жамылып қалған қайғылы ана зіңгіттей ұлының қыршын кетуіне аудандық аурухана дәрігерлерін айыптап отыр. Үш күн қатарынан шақырылған жедел жәрдем дәрігерлері «Катаральді ангина, ОРЗ» деген диагноз қойып, суық тию мен тыныс алу жолдарының қабынуын басатын дәрілер еккеннен басқа көмек көрсете алмаған. Ал қызуы 40 градустан төмен түспей, жағдайы әлсірей бастаған Асқарды аудандық ауруханаға алып келгенде, мұндағы дәрігерлер науқасты қабылдаудан бас тартқан.
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
білімі бар мүгедектердің «Намыс» бірлестігінің төрағасы Қ.Иманалиев. Бүгінде Конвенцияға 153 мемлекет қол қойып, 105-сі бұл құжатты ратификациялаудан өткізді. Қалған елдер болса, Қазақстан сияқты ескілік психологиядан, қарабайыр көзқарастан арыла алмай отырған болар.
КОНВЕНЦИЯ БҮГІНГІ ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТСЕ ИГІ Қазақстандық мүгедектер өз құқықтары саласындағы Халықаралық конвенцияның жақын арада рәсімделуін күтеді. Себебі бұл құжаттың негізінде олар өз құқықтарын әлемдік тәртіпке сай қорғап, қоғамдық қатынастарда заңды орындарын анықтай алады. Бұл Конвенция заңды құжат болып саналады. Сондықтан оны ратификациялағаннан кейін, мүгедектер ол құжатты заңды түрде қолдана алады. Конвенция қандай да бір профилактикалық іс-шараларды көздемейді. Оның негізгі мақсаты – мүгедек жандардың құқығын сақтай отырып, олардың қоғамда толыққанды бейімделуін қамтамасыз ету. Ал ең бастысы, Конвенция мүгедектердің экономикалық тәуелсіздігін көздейді. Оған сәйкес, мемлекеттің барлық
А А Л Л А А Ѓ Ѓ Д Д А А Т Т Ћ Ћ А А Н Н
стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларында мүгедектердің мүддесі ескерілуі шарт. Конвенцияның тағы бір тармағы мүгедек балалардың қабілет-дарынын ары қарай дамытуды міндеттейді. Жалпы, бұл құжатта «мүгедек» деген атау кемшілік ретінде емес, адамға тән әр алуандылықтың нышаны болып қарастырылады. Себебі адамзаттың даму тарихының кез келген кезеңінде мүмкіндігі шектеулі жандар болған. 2008 жылы Қазақстан мүгедектердің құқықтары жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойған болатын. Енді осы құжатты ратификациялау ғана қалды. «Бұл құжаттың маңызы зор. Сондықтан біз оның жақын арада ратификациялануын талап етеміз. Әрине, оны биыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында рәсімдесек, орынды болар еді», – дейді жоғары
ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛДАУЫ АСА ҚАЖЕТ Бүгінде Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын сақтау және олардың өз ортасында жан-жақты бейімделуін көздейтін арнайы ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді. 2012-2018 жылдарға арналған бұл құжат аясында мүгедектер үшін барлық әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау жоспарланған. «Әрине, Еуропаның өмірі мен менталитеті бізге келмейді. Сондықтан біз өз кезегімізде Қазақстандағы мүгедектердің құқығын сақтаудың 12 қағидатын әзірлеп қойдық. Біз білеміз, оның бәрі қабылданбайды. Себебі мүгедек жандардың мәселесімен айналысатын нақты орган жоқ. Сондықтан біз мүгедектер мәселесін көтеретін мекемеаралық органның болуын қалаймыз. Ол белгілі бір министрліктің құзырында емес, Президент Әкімшілігі жанынан құрылса дейміз, – дейді Қ.Иманалиев. Ұйым басшысының хабарлауынша, 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары аясында қыруар қаржы бөлінетін болады. «Негізі, бұған дейін де елімізде мүгедек жандарды оңалту және олардың құқықтарын қорғау саласына қыруар қаржы салынып келді. Бірақ бұл қаражатты бақылау мүмкін болмайды. Сондықтан мүгедектер ұйымдарының араласуымен бюджет қаражатын бақылаудың қоғамдық комитетін құрып, бөлініп жатқан ақшаның тиімді жұмсалуын қадағалау қажет», – дейді ол. Бір мәселе анық, бүгінде мүгедек жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау бар. Бірақ оларға мемлекеттік қолдаудан бұрын қоғамның қолдауы аса қажет.
Еліміз нарықтық қатынасқа көшкен жылдары мемлекет есебінен қаржыланып, Үкіметтің мойнында отырған денсаулық сақтау саласы тығырыққа тірілген тұста медицинада жүргізіліп жатқан реформаларға тез икемделіп, Алматы қаласында ғана емес, республика көлемінде диагностикалық, емдеу және сауықтыру ісінде ғылым мен практиканы ұштастыра отырып, емдеу сапасы, жаңа технологиялар енгізуде суырылып алға шыққан Орталық қалалық клиникалық ауруханаcы – бүгінде ел мақтанышына айналған ең үздік емдеу орнының бірегейі. Оны әр жылдары рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша республикадағы ең үздік клиника қатарында танылуы, 2000 жылы Брюссельде өткен отыз мемлекет қатысқан қалалық ауруханалар арасында халықаралық байқаудың бас жүлдеcін иемденуі айғақтаса керек. Ал аурухананың бас дәрігері, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері, қалалық Мәслихаттың депутаты, медицина ғылымының докторы, профессор Есентай ТӘЖИЕВ 2002 жылы «Жыл адамы» танылып, «Алтын адам» жүлдесін жеңіп алса, отандық денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі, ұйымдастырудағы сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, 2005 жылы «Парасат», былтыр «Барыс» ордендерімен марапатталды. Бүгінде тек Алматы жұртшылығы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін азаматтарға дәрігерлік көмек ұсынып, науқастардың өз дертінен айығуына қол ұшын созып отырған Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 40 жыл толып отыр. Ендеше, ел денсаулығы жолында ғұмырын сарп ететін дәрігерлер қауымын, аурухана қызметкерлерін мерейлі төл мерекелерімен құттықтай отырып, жемісті еңбек тілейміз. Серік ЖҰМАБАЕВ
Таксист тапаншадан оқ атты Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларына травматикалық тапаншадан оқ жаудырды. Ол сөйтіп, жол пұлын төлеуден бас тартқан төрт мас жолаушының сазайын тартпақ болған. Оқиға кеше таңертең Төле би және Ясауи көшелерінің қиылысында болған. Такси жүргізушісі спирттік ішімдік ішкен төрт жолаушыны айтқан жеріне жеткізіп тастағанымен, әлгілер мұның жол ақысын төлемеген. Сол кезде амалы таусылған шопыр травматикалық қаруын алып, мас жолаушыларға оқ атқан. Оқ біреуінің қолына тиген. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, соңғы кездері Алматыда травматикалық карумен адам жарақаттау оқиғалары жиілеп кетті. Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы: – Жол ақысын төлегісі келмеген төрт мас азаматқа аты-жөні белгісіз көлік жүргізушісі травматикалық қару қолданған. Төртеуінің бірінің қолына оқ тиген еді. Дегенмен айта қаларлықтай ауыр жарақат жоқ. Сондықтан олар арыз жазудан бас тартып отыр. Бірақ бәрібір бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Жәбірленуші кісілер мас болғандықтан, көліктің түр-түсін, нөмірін, қай бағытқа бет алғанын айтып бере алмады. Қазір айыпталушыға іздеу салынды. Арман СЕРІКҰЛЫ
С С А А У У А А Л Л
«ЖОО-ларды бітіргендер бес жыл мамандығы бойынша жұмыс істемесе, дипломның күшін жою керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Асхат БЕКЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бұл – адамның құқығын шектегендік болар еді. Мен мұндай пікірге қарсымын. Қазақстандағы ЖОО-лар беріп жатқан білімнің негізінен аясы кең. Мәселен, экономист мамандығынан диплом алып, ауыл шаруашылығында немесе жеке бір компанияда да жұмыс істеуге болады. «ЖООларды бітіргендер бес жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істемеді» екен деп дипломының күшін жою туралы әңгіме көтермес бұрын, біз ең алдымен, еліміздің білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізуіміз керек, яғни ЖОО-ның дипломын алғандардың нақты бір мамандық бойынша ғана білім алып шығатын жүйені айтып отырмын. Сонымен қатар қазір елімізде жұмыссыздық мәселесі онсыз да түйінді түйткілге айналып отырғанда, «тек өз мамандығың бойынша жұмыс істе» деп талап қойғанымыз ақылға қонымсыз нәрсе.
Рахметқажы БЕРСІМБАЙ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, Ұлттық Ғылым академиясының академигі:
– Ең алдымен, ЖОО-да бірнеше жыл бойы оқып, соның жемісі ретінде диплом алып шығып жатқан кейбір жастарымыздың басқа салаға кетуінің себебі неде, соған үңіліп көрейікші. Себебі жағдай жасалынбай отыр. Қанша жастарымыздың дипломдары жұмыссыздықтың салдарынан жарамсыз болып қалуда. Ол аздай енді «ескіріп қалды» деп дипломынан айырсақ дұрыс па? Ерте ме, кеш пе, өз мамандығы бойынша жұмыс істеудің сәті түсіп жатқанда дипломның күші жойылса қалай болмақ. Мұндай пікір «білім алып шығысымен мамандығы бойынша жұмыс істемегендіктен, жылдар өте ЖОО-да оқыған-тоқығаны ұмытылып, білім-біліктілігі төмендей бастайды» деген ойдан туындаса керек. Оған да келіспес едім. Білім мүлде ұмытылып қалмайды. Тек жұмысқа тұрарда біраз ізденіп алса болды.
Құлбек ЕРГӨБЕК, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті:
– Мұндай пікірге қосыламын. Егер кез келген маман иесі диплом алғаннан кейін бес жыл өз саласы бойынша жұмыс істемесе, оны дипломынан айыру керек. Мәселен, дәрігер немесе мұғалімдерді алайық, олар өз саласына араға жылдар салып келсе, одан қандай дәрігер не ұстаз шығады? Қазір жаһандану заманы. Кез келген салаға уақыт өткен сайын тың жаңалықтар енгізілуде. Солардан тыс қалдың ба, дағдарысқа ұшырайсың. Тек білім мен тәжірибені үзіліссіз қатар алып жүрген адамнан ғана білімді-білікті, қарымқабілеті жоғары маман шықпақ. Ал біздің ел – мойындау керек, осындай мамандарға зәру. Баспаханашы сияқты мамандарды шығарып жатырмыз, шығарып жатырмыз. Ал солардың арасында дипломды сандыққа тастап, басқа салаға кетіп жатқандары аз емес. Расымен де, осы мәселені мемлекеттік тұрғыда шешетін кез жетті. Дайындаған Ләззат БИЛАН
4
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Қазақ қанты бәсекеге неге төтеп бере алмады?
Аталған қауымдастықтың келтірген дерегі бойынша, ресейлік қанттың өзіндік құны – 35 теңге, ал қызылшадан алынатыны 18 теңгені құрайды. Ал нарыққа өткізудегі осы тауардың 1 келісінің бағасы 21 рубльге тең келеді. Әрі соңғы кездері мұнда қатты арзандау болған. Арнайы есеп көрсетіп отырғандай – 45 пайызға. Осыдан-ақ отандық қант өндірісінің баға жағынан ресейлік бәсекелестікке төтеп бере алмайтынын анық байқауға болады. Әрі отандық қант саласы қажетті шикізаттың 90 пайызын импорттан алатынын естен шығармаған жөн. Нақ осы мәселе де аталған секторға үлкен ауыртпалық салып отыр. Жоғарыда аталған жайларды ескере келе, еліміздің Қант және қызылша өндірушілері қауымдастығы Үкіметтен қазір халі мүшкіл күйдегі қант секторын тұрақтандыруға атсалысып, мынандай шараларды қолдануды сұрайды: – Біріншіден, қанттың қосымша құн салығы мөлшерлемесін үш жыл бойына нөлге теңеу; – Екіншіден, екінші деңгейдегі банктердің осы сала кәсіпорындарына ұсынып отырған несие сыйақысы мөлшерлемесін төмендету; – Үшіншіден, шикізатты тасымалдаудағы тарифті субсидиялау мүмкіндігін қарастыру; – Төртіншіден, өндіріс шығынын, атап айтқанда, табиғи газ, көмір және мазутқа кететін шығынды субсидиялау жайына көңіл бөлу. Сондай-ақ салалық қауымдастықтың таратқан мәліметі бойынша,қант өндірісіне кететін шығындарда да үлкен айырма бар екен. Мәселен, Ресейдің екінші деңгейдегі банктері осы сала кәсіпкеріне ұсынатын несие сыйақысының мөлшерлемесі 9 пайызды құраса, біздегі бұл бағыттағы ең арзан несие – 13%. Теміржол тасымалының 1 тоннаға шаққандағы тарифі Ресейде 27 доллар болса, біздікі олардан 90 долларға қымбат екен, яғни – 115 доллар. Қант өндірушілерге салынатын қосымша құн салығы солтүстік көршілерімізде арнайы төмендетіліп, 10 пайызды құраса, бізде ол –12 пайыз, әрі оған келісімшарттарды тіркеу кезінде салынатын қосымша салықтарды тағы қосыңыз. Сондықтан бізде өндірілетін қант көршілерімізге қарағанда қымбат болады. Әрине, мұндай жағдайдың мемлекеттің араласуынсыз бір шешімін табуы қиын екені белгілі.
Екібастұзда жасалған вагондар саны 100-ден асты
«Таман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында құрылған Қазақстанның вагон жасау компаниясының «Қазтеміртранс» АҚ-на жөнелткен вагондарының саны 119 болды. Екібастұздағы осынау жаңа өндіріс отандық жүк тасымалдау нарығындағы тапшылықты жоюға мүмкіндік беріп отыр. Теміржолдағы вагон құралдарын сатып алғысы келетін отандық кәсіпорындар енді басқа елдің тауарына телмірмейтін болды. Зауыттың келешекте жылына 2500 вагон шығара алатын мүмкіндігі бар. «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-дегі вагон жасау өндірісін құру үш іске қосу кешенінен тұрады. Оның алғашқысы ағымдағы жылдың маусым айында Мемлекет басшысының қатысуымен болған телекөпір барысында ашылған. Бұл өндірістің үштен бір бөлігі десе де болады, осының нәтижесінде қазіргі күні компанияның технологиясы жылына бір мың жүк вагонын шығару қабілетіне ие. Екінші кешен осы жыл соңында пайдалануға берілсе, 2011 жылдың қараша айында өндірісте толық қуат іске қосылады. Осылайша, зауыттан жылына 2,5 мың вагон шығарылатын болады. Оның ішінде 500 вагон жабық күйде жасалмақ. Мұнда жасалатын вагондардың барлығы «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Қазтеміртранс» компаниясына жөнелтілді. Жыл соңына дейін тағы 150 вагон шығару жоспарда тұр. Компания басшыларының айтуынша, жоба бойынша жасалып жатқан технологиялар желісіне Украинадағы «Техвагонмаш» компаниясы жауап береді. Айта кетерлігі, вагон жасауға жұмсалатын құрал-жабдықтар мен материалдардың 80 пайызын зауыт ішінде өндіретін мүмкіндік бар көрінеді. Әзірше қажет бөлшектер Ресей мен Украина елдерінен әкелінуде. 2012 жылы зауыт толық қуатына кіріскенде өндірісте 600-ден адам еңбек ететін болады деп күтілуде. Келешекте зауытқа технологиялық үрдісті жақсы меңгерген электроншылар мен бағдарламашылар көптеп қажет болатын түрі бар. Мамандардың айтуынша, бұған ұқсас вагон шығаратын кәсіпорын ТМД төңірегінде әзірше жоқ. Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Екібастұз
? Б Б II Л Л Г Г II М М
АЙМАҚ
Дағдарыс толқынын айкидо әдісімен еңсеруге әзірміз Таяуда Парижде өткен «Үлкен жиырмалық» елдерінің қаржыгерлері жиыны ғаламдық ауқымда тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда екінші әлемдік дағдарыстың болу мүмкіндігі жоғары екендігін тағы ескертіп кетті. Әлемдік дағдарыстың екінші толқынының алғышарты ретінде Еуропадағы қарыздар дағдарысы, әлемдік экономиканың алғашқы дағдарыс салдарынан толық айықпауы, Еуропаның бірқатар елдеріндегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, жылдап жалғасып келе жатқан ереуілдер, ең бастысы – әлемдік экономикалық қатынастарға ортақ түсінікті де нақты реттеу механизмінің жоқтығы екендігін ескерткен қаржыгерлер қарашада Брюссельде өтетін G-20 саммитіне нақты шаралар жиынтығын ұсынды.
Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ Осының алдында әлемнің танымал 90 экономисі мен қаржыгері (олардың қатарында Джордж Сорос та бар) The Financial Times басылымындағы мақаласында Еуроодақ біртұтас экономикалық және қаржылық саясат ұстанбаған жағдайда ғаламды тағы бір дағдарыс шарпитынын дәлелдеген еді. Олардың пікірінің растығын Еуробанк жетекшісі Жан-Клод Трише де қолдайды: «Біз аса маңызды тарихи оқиғалардың эпицентрінде тұрмыз, егер уақытында қам жасамасақ, Ұлы депрессия жағдайы қайталануы мүмкін» – дейді ол. Сондай-ақ «Еуропа өз істерін ретке келтіруі керек, егер қазіргі рецессия жалғаса берсе, бұл жай дағдарыстан тез ес жинап, қайта көтеріліп келе жатқан дамушы елдерге кері әсерін тигізеді» дейді Жапонияның қаржы министрі Дзюн Азуми. Әлемдік экономикалық ахуалдың күрделі екендігі қарапайым адамдарды да толқытуда. Еуропадағы үздіксіз ереуілдерді айтпағанда, АҚШ-тағы «капитализмнің бесігі» – Уолл-стриттегі халық толқулары әлі жалғасып келеді. Ал өткен аптада «Уолл-стритті басып ал!» акциясы АҚШ-та ғана емес, әлемнің барлық ірі қалаларында жалғасын тауып, биліктегілерді бір қобалжытып тастаған болатын. Бұл орайда ел Үкіметі әлемдік экономика тарапынан осындай үлкен бір қауіп бар екендігін ұдайы ескертіп келеді. Таяуда Парламент қабырғасында Кәрім Мәсімов: «Мен Англияның Орталық банкінің жетекшісінің «рецессияның екінші кезеңі міндетті түрде болады» деген пікірімен келісемін» деп мәлімдеді. 2008 жылы мұхиттың арғы жағынан басталған дағдарыс бізге алғашында алыс болып көрінгенімен, лезде
келіп жеткенін, биыл да осы жағдай қайталанғалы отырғандығын ескерткен Премьер-министр Үкіметтің оған қарсы алдын алу шараларын қолға алып жатқандығын мәлімдеген болатын. Осыған орай жасалған «Б жобасы» туралы баяндаған Қайрат Келімбетов бұл жоспар мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 40-60 долларды құраған жағдайда іске қосылатындығын айтқан еді. Негативті сценарий сауда балансына, төлем балансына, мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдердің төмендеуіне, банк секторындағы дағдарысқа ұрындыратынын айтқан министр дағдарыс кезеңінде ел экономикасын қаржыландырудың басты көзі, Ұлттық қор болғандығын еске салды. «2007 жылдан бері дағдарысқа қарсы бағдарламаларға жұмсалғанына қарамастан, Ұлттық қордың көлемі екі есе өсті. Еліміздің халықаралық резерві 76 млрд долларды құрайды. Бірақ ұлт байлығы жұмсалып кетпес үшін 2015 жылға дейін оны ЖІӨ көлемінің 20 пайызы деңгейінен төмендетпеудің механизмін қалыптастыру қажет» деген экономикалық даму министрі депутаттардан консервативті болжамды қолдауды өтінген еді. «Мұндай күн туа қалған жағдайда осы жоспарды бекітуге алдарыңызға келетін боламыз. Еліміздің экономикасының тұрақтылығын сақтау үшін сіз бен біздің бірлескен батыл да шешімтал іс-қимылдарымыз қажет болатын тәрізді. Өйткені тәжірибе біздің әріптестігіміз ұдайы оңды нәтижелерге жеткізетінін дәлелдейді» деген Премьер-министр Парламенттен дағдарысқа қарсы күреске карт-бланш алды. Десек те, дағдарыстың екінші толқынына қарсы дайындық бізде бұдан ертерек басталған болатын. Алғашқы жаһандық дағдарысты еліміз кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жеңді. Экономиканы дамыту, қаржы институттарын қолдау, жұмыссыздықпен күрестің Жол
картасы тәрізді жұмыстар жиынтығы 2010 жылға қарай экономикалық өсімге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қаржы нарығын тұрақтандыру, тұрғын үй мәселелерін шешу, бизнесті қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау тәрізді бес бағытта жүрген іс-шаралар кешені оңды нәтижесін көрсетті. Ал Елбасының тапсырмасымен даярланған ел дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары осы жұмыстарды сабақтастыра отырып, болуы мүмкін ғаламдық экономикалық дисбаланстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Кейде жеткілікті көңіл бөлмейтінімізге қарамастан, еліміздің халық шаруашылығын дамытудың үдемелі инновациялық-индустриялық бағдарламасы – маңызды құбылыс. Оның жүзеге асуы елімізді тек сыртқы экспорттан түсетін табысқа тәуелділіктен құтқарып, ішкі өнімді ұлғайту, ішкі тұтынысты арттыру арқылы дамудың жаңа векторын ашады. Демек, осы тәжірибе алдағы уақытта туындауы мүмкін кез келген қиындықтарға дайындықтың құрамдас бөлігі екендігі айқын. Қарап отырсақ, дағдарыстың толқынының соққысынан көптеген елдер экономика аясын тарылтып, етек-жеңін жинау, жұмыс орындарын қысқарту тәрізді шаралармен «бұғып қалу арқылы» аман қалды. Әлеуеттілері оған қарсы ақша дауылын борату
арқылы кері соққы жасады. Ал біз жапондық айкидо принципін қолданып, дағдарыс энергиясын тиімді тәсілдермен өзге жаққа бұра отырып еңсердік. Осындай «кризис мектебінен» өткен ел Үкіметі кезекті дағдарыс бола қалған жағдайда өзінің әрекетке қабілеттігін сақтауы тиістігіне сенетіндердің қатары мол екендігін таяудағы сауалнамалар қорытындысы да көрсетіп отыр. Әйтсе де ғаламдық ауқымдағы дағдарысқа әр ел жекелей қарсы тұруы қиын. Ал еліміздің экономикасы Кедендік одақ аясында, ТМД елдермен етіне араласа дамып келе жатқандығын ескерсек, бұл мәселе осы кеңістікке де ортақ. Сондықтан да Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бүгін басталып отырған ТМД елдерінің үкімет басшыларының отырысында еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов осы мәселені көтермек: әлемдік рецессияға қарсы тұру шараларын экономикасы тығыз байланысқан елдер өз қадамдарын жіті үйлестіру арқылы жеңе алатынын, интеграциялық процестер сыртқы кері әсерлерге дайын болса ғана тиімді жүзеге асатынын мәлімдемек. Өйткені 282 млн адам тұратын, әлемдік мұнай қорының 20 пайызына, газының 40 пайызына, егістіктің 12 пайызына ие ұлан-ғайыр кеңістіктегі экономикалық ахуал үйлесімді болғанда ғана ортақ қиындықтар бірге еңсерілмек.
Бірқатар маңызды қайта құруларды басынан кешірген еліміздің салық жүйесі халықаралық деңгейге де жетіп қалды. Оған Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінің бағалауы дәлел. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 14 орынға көтеріліп, 39-шы орынға жайғасқан жайымыз бар. Бұл – ТМД аумағындағы ең жоғары көрсеткіш.
Гүлнар АХМЕТОВА Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі 20 жыл ішінде еліміздің салық жүйесі толық қалыптасты деуге негіз бар. Ең бастысы, салық мөлшерлемелері (жеке табыс салығы – 10 пайыз, әлеуметтік салық мөлшерлемесі –11 пайыз) төмендеді. Ал қосымша құн салығы (12 пайыз) әлем бойынша ең төменгілердің қатарында. Корпоративтік салық мөлшерлемесі де төмен (20 пайыз). Түнеу жылдары оны тіпті 17,5 пайызға дейін кеміту жоспарда болған. Тек қаржы дағдарысы кедергі келтірді. Дегенмен келешекте бұл мәселеге қайта оралу жоспарланған. Сондай-ақ 2008 жылы қабылданған Салық кодексі де демократиялық сипатқа ие. Әйтсе де, жыл сайын енгізіліп жүрген жеңілдіктерге қарамастан, кәсіпкердің көңілінен шығу қиын. Бұл, әсіресе, салыққа қатысты. Сондықтан кеше оңтүстік астанада басталған Қазақстанның VI Салық форумы еліміздегі салық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауға кірісті. Жиында біздегі салық жүйесінің әлемдік жүйедегі орны мен бәсекеге қабілеттілігі, инвестициялық ахуалды жақсарту мен салық әкімшілігі сапасын арттыру мәселелері сөз етілді. Жиынға қатысушылар салық заңнамасын әрмен қарай жетілдіру қажет дейді.
К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н
Мұндай пікірмен Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин да келіседі. Оның айтуынша, бүгінгі салық тәжірибесінде ең өзектісі – шағын және орта бизнес саласындағы салыққа қатысты мәселелер. «Біз салық әкімшілігі жүйесі әлі де қайта құруды талап ететінін түсінеміз. Өйткені бәрі де ойдағыдай деуге келмейді. Біраз өзгеріске түсетін және автоматтандыратын тұстары жетерлік» деді ол. Бір жақсысы, Кеден одағындағы салық жүйесіне қатысты сауалға комитет төрағасының «мүше елдердегі мөлшерлемелерді салыстыру, не болмаса, ресейлік деңгейге дейін көтеру жайында сөз жоқ» деген жауабы жұбаныш. Дәулет ЕРҒОЖИН, Салық комитетінің төрағасы: – «Бізде өз кәсібін ашқысы келетіндерге таңдау бар. Патент алу үшін салық мекемесіне барып тіркеледі, ал оны алу рәсімі өте қарапайым. Екінші жолы жеке кәсіпкерлік (ИП). Жеке кәсіпкер ретінде де тіркелу оңай. Салық мекемесіне 30-40 рет барып, табалдырығын тоздырғанша, осы жолдың жеңіл болатыны түсінікті. Алайда бұл бюджет түсімдеріне әсер етеді. Себебі патент иелерінен заңды тұлғаларға қарағанда салық аз алынады. Сондықтан қазір осы арада тепе-теңдік орнауы тиіс деп санаймыз. Алдағы уақытта заңды тұлғаға арналған шарттарды барынша жеңілдетуге бағыттайтын боламыз. Сонда жұрт арасында жеке кәсіпкерден гөрі ЖШС
Б Б II Р Р
Менің білуімше, бізде қоқыс өңдеу жағы қолға алынбаған. Сонда күнделікті өзіміз тастап жүрген тұрмыс қалдықтары қайда жиналып жатыр? Әлжан АМАНЖОЛОВА жаратылады. Ал 500 миллионға жуығы жинаулы күйінде қалады. Егер осылай жалғасатын болса, 2020 жылға қарай 28 млн тонна қоқыс жиналады деген қауіп бар. Еліміздегі қатты қалдықтар жиынтығы іріктелмей-ақ ашық аспан астындағы орындарда сақталады. Олардың 97 пайызы табиғатты қорғау және санитарлық заңнама талаптарына сай емес. Тұрмыс қалдықтарының 5 пайызға жуығы өртеледі.
Қаржылық институттар да қарап отырған жоқ Қаржылық институттардың ішінде алғашқы болып «Альянс банк» АҚ облыс әкімдігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұған дейін жергілікті атқарушы билік өңірдегі экономикалық-әлеуметтік мәселелерді бірлесе атқару үшін ірі кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнатқан-ды. Енді олардың қатарына банктер де қосылып отыр.
Салық – өркениетті қоғам құру үшін алынатын ақы
Қоқыстың астында қалатын түріміз бар Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім келтірген мәліметке қарағанда, елімізде 100 миллионнан астам тұрмыстық қатты қалдықтар, 22.3 млрд тонна өнеркәсіп қалдықтары жиналған. Бұл – жан басына шаққанда 1,4 мың тоннадан келеді деген сөз. Салыстыру үшін, Германияда жыл сайын бір адамға 0,4 тонна қоқыстан келеді екен. Оның өзі дер кезінде кәдеге жаратылады. Ал бізде соңғы дерек бойынша, жылына қоқыстың 20 пайызы ғана кәдеге
e-mail:
[email protected]
САРАП
САЛЫҚ ФОРУМЫ
Басы 1-бетте
МӘСЕЛЕ
ӨНДІРІС
НАРЫҚ
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
ашуға деген құлшыныс артады. Өйткені ЖШС ИП-ға қарағанда ана ғұрлым қауіпсіздеу. Бұл арада біршама түйткілдер бар». Бюджет түсімі демекші, Д.Ерғожиннің мәліметінше, кешегі күнге дейін салық түсімдері бойынша биылғы жоспар 103 пайызға орындалған (өткен жылы осы мерзімде – 139 пайыз). Салық жүйесінде қолға алынған шаралардың нәтижесінде кезекте тұру мерзімі шамамен 40 пайызға қысқарды. Салық тексерулерінің саны азайды. 2010 жылы төленбеген қосымша төлемақы (пеня) мен айыппұлдарды жоюға арналған кең көлемді акция жүргізілді. 2 млн салық төлеушінің 14,4 млрд теңге көлеміндегі қосымша төлемақысы, 229,4 мың адамның 8,7 млрд теңге айыппұлдары жойылды. Салық комитетінің ендігі жоспарында жеке кәсіпкерлерді онлайн тіркеуге көшу шарасы тұр. Ол «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай рәсімге небәрі 15 минут кетуі тиіс және
оған құжат тапсырудың қажеті болмайды. Сондай-ақ «Е-лицензиялау» арқылы адвокаттар мен жеке нотариустарға электронды патент алу мүмкіндігін ұсыну жоспарда бар. Оған қоса, комитет кейбір заңды тұлғаларды жою жүйесін жеңілдету мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы протокол құрау жүйесін оңтайландыруды қолға алмақшы. «Біз салық рәсімдерін неғұрлым қарапайым етсек, салық төлеуші қатары да көбейеді. Демек, салық түсімі де артады. Тәжірибе көрсеткендей, өткен жолы салық есебі қайта құрылған соң, бізде жеке кәсіпкерлер саны 15 пайызға көбейді», – деді Д.Ерғожин. Расында да, түйткілі көп, ең күрделі сала – салық жүйесінің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері айтуға тұрарлық. Соның нәтижесінде кәсіпкердің де, қарапайым салық төлеушінің де жүгі жеңілдеді. Ендігі кезде «Салық – өркениетті қоғам құру үшін төленетін баға» деген қағиданы салық төлеушіге жеткізу міндеті тұр.
С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ
Айтыс шақаға шықты Ұлттық банк жаңа шақа шығарды ма? Бақыт ЖҰМАДІЛОВ Иә, Ұлттық банк шақа жинаушыларды тағы да бір қуантып тастады. Кеше ғана айналымға «Айтыс» естелік монетасы шықты. «Қазақстанның әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары» сериясымен шыққан сүйкімді шақалар – күміс 500 теңгелік және нейзильбер қорытпасынан жасалған 50 теңгелік шығарылды. Бұл шақалардың алғашқы және екінші бетіндегі суреттер бірдей. 500 теңгелік 925 сынақ кү-
містен, салмағы – 31,1 г, диаметрі – 38,61 мм, таралымы – 4 мың дана. Нейзильбер қорытпасынан жасалған 50 теңгеліктің түсі ақ, диаметрі – 31 мм, салмағы – 11,17 г. Оның таралымы – 50 мың дана. Айта кету керек, «Айтыс» естелік шақасы – «Қазақстанның әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырған алтыншы түрі.
Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Альянс банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Мақсат Қабашев стратегиялық серіктестік және ұзақмерзімді, тиімді ынтымақтастық орнатуды, түрлі бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға бірлесіп қатысуды қарастыратын меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – халыққа қаржылық, жоғары технологиялық қызметтер көрсетуді дамыту мен ұсыну жөнінде бірлескен жобаларды қолға алу, банк арқылы аймақтағы іргелі кәсіпорындарды несиелендіру көлемін арттыру мен инновациялық инфроқұрылымдарды дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің серпінді инвестициялық жобаларын несиелеу түрінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу тәрізді бүгінгі күннің өзекті дүниелерін қамтиды. Айта кетуіміз керек, өңірдегі «Альянс банк» басшылығы бұған дейін облысымызда бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына және басқа да мұқтаж жандарға көмек көрсеткен-ді. Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: – «Альянс банк» еліміздегі ірі банктердің қатарынан саналады. Ол өзінің қызметі арқылы ел экономикасының өркендеуіне үлес қосуда. Оған дәлел – өткен мерзім ішінде аталған банктің таза пайда көлемі 11 млрд теңгеге дейін жетуі. Әсіресе, кәсіпорындарды, шағын және орта кәсіпкерлік саласын несиелендіруде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Банктің облыстағы филиалымен біздің әкімшілік арасында жақсы әріптестік қарымқатынас орнаған. Алдағы уақытта осы байланысымызды нығайтып, әлеуметтік проблемаларды шешуде бірлесе жұмыс істейтін боламыз. Мақсат ҚАБАШЕВ, «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасы: – Мемлекет «Альянс банктің» негізгі акционері бола отырып, біздің қаржылық тұрақтылығымыздың, сенімділігіміздің кепілі және банкте бар технология мен қаржы көздерін экономиканың неғұрлым маңызды салаларын ілгері бастыру үшін тиімді платформа ретінде пайдаланады. Өз басым бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың әріптестігінің әлеуметтік мән-маңызын жақсы түсінемін, әрі билікпен арадағы сындарлы диалогтың жүргізілуін қалаймын. Сол себепті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Меморандумның басты атап өтетін тұсы – біздің банк ендігі жерде облыс әкімдігі қолға алған барлық әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсетіп, іске асыруға атсалысатын болады. Серік ӘБІЛХАН, Өскемен
ӨРКЕНИЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
ЖИЫН
5
МЕРЕЙ
Бүкіләлемдік мәдениет форумының аясында ұйымдастырылған шараға 24 елден өкіл келген. Арасында майда бірі жоқ, бәрі майталман көрінеді. Ал ұйымдастырушылар конференцияның негізгі өзегі 2013 жылға жоспарланған Бүкіләлемдік мәдениет форумына әзірлік болғанын аңғартатындай. «Форум бүгінгі таңда жаһандық деңгейде рух пен моральдің үлкен күйзеліске ұшырауы себепті адамзаттың күш-жігерін осы мәселені шешуге жұмсауға шақырып отыр. Сонда ғана адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік болар еді», – дейді рухани жиын идеясының авторы саналып жүрген сенатор Төлеген Мұхамеджанов. Сенатордың пәлсапалық пайымына сүйенсек, өмір жарқын болуы үшін азаматтар адамзат баласының бір-бірімен тығыз қарымқатынаста, үйлесімде өмір сүруін қажет ететін бір жүйенің мүшесі екендіктерін терең сезіне білулері керек. «Бүгінде әлемде орын алып отырған халықаралық қатынастағы өзара сенімсіздік, бір-бірінің
әрекетіне күмән келтіру сияқты жәйттер түрлі келеңсіз жағдайлардың орын алуына итермелеп отыр. Осының барлығынан құтқаратын күш – рухани мәдениет. Тек рухани мәдениет негізінде ғана жүзеге асырылған саясат жемісті болмақ», – дейді бұл турасында сенатор Т.Мұхамеджанов. Тоқетері, Астанадағы конференцияның діттегені – өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізіндегі бейбіт әлем қалыптастыру жолын талқылау. Бұл ретте конференцияға қатысушылар өркениетті сақтап қалудың үлгісін жасауға да ұмтылып көретіндіктерін мәлімдейді. Сондықтан да, жиынның қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныс-пікірлер негізінде тағы бір қазақстандық рухани үлгі дүниеге келіп қалуы ғажап емес. Қатысушылар қорытынды құжатты қабылдап, 2013 жылға жоспарланған Бүкіләлемдік мәдениет форумына төрағалық ету туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жарияламақшы. Бұдан бөлек, Рухани келісім күнін жалпыхалықтық дәстүрге айналдыру ниетімен конференция аясында бірқатар шаралар көзделеді. Оның бірі – қайырымдылық дастарқаны. «Рухани келісім күнін дәстүрге айналдыру аса қажет.
Осы күні барлығымыз ортақ дастарқанға жиылып, бір-бірімізге жылы қабақпен қарап, күлімсіреп жылы сөз айтсақ, бұдан асқан игілік жоқ. Рухани келісімнің бір артықшылығы, құндылығы осында жатыр. Ұлттық тұтастық, елдік, бірлік болған жерде, сол мемлекеттің іргесі де одан сайын беки түседі», – дейді Т. Мұхамеджанов.
ДІНИ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТЕҢҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫН БҰЗБАЙДЫ Рухани жиынға биылғы мамырда құрылып, бас-аяғы бір-екі айдың ішінде діни қызметті реттейтін заң қабылдатқан Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп те қатысып, сөз сөйлеген болатын. Төрағаның әуелгі қозғағаны жақында күшіне енсе де, «ыстығы» әлі басылмаған діни заң төңірегінде болды. «Ешбір дін мемлекеттік, иә болмаса міндетті жалпылық сипатқа ие болмауы керек. Дей тұрғанмен, кеше күшіне енген заңның преамбуласында ханафи маз-
хабындағы ислам мен православиенің қазақстандықтардың рухани, мәдени өмірін дамытудағы тарихи рөлі аталып өтіледі. Бұдан бөлек, рухани мұраларымен үйлесімді болып табылатын басқа да діндерге сыйластыққа мән беріледі», – дейді Лама Шәріп мырза. Оның айтуынша, мұндай ереже діни бірлестіктердің теңқұқықтылығын еш бұзбайды. Діннің ешқайсысына артықшылық көзделмеген. Бұл ретте Дін істері агенттігінің төрағасы Қазақстанда қалыптасқан діни жағдайға тоқтала келе, көптеген ғасырлар бойы елімізде ислам мен православиенің орнығуы нәтижесінде, діни мүдделер теңдігі, діни тепе-теңдік сақталғанын, осы екі арнаның конфессияаралық диалог пен әлеуметтік өзара байланысқа жол ашқанын тілге тиек етті. «Сондықтан Қазақстанда Құрбан айт пен Рождество мерекесінің ресми демалыс ретінде бекітілгені бекер емес. Осылайша, Қазақстанның рухани байлығы діни сарынмен үндеседі. Солай бола тұра, еліміздегі әрбір этнос бір-бірін өзара өнеге тұтып, біріне бірі үлгі болып отыр, ешкім ешкімнен жоғары тұрған емес, ешкім кемсітушілік көріп тұрған да жоқ», – дейді Қайрат Лама Шәріп. Осы дін тақырыбы жиыннан тысқары жерде де әңгіме болды. Бұл ретте журналистердің сауалына жауап қатқан агенттік төрағасы Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестік арасында өзара байланыстың болуы тиістігін мәлімдеген еді. Сондай-ақ Лама Шәріп мырза Қазақстанды шабуылдауға көшкен экстремистік сайттардың да күні «қараң» болатынын ескертті. «Экстремистік сипаттағы интернет сайттың барлығы жабылады, біз мұқият сараптаудан өткізіп жатырмыз. Біздегі мәдениет пен діннің халықаралық орталығында мамандар экстремистік сайттарды зерттеп, олардың әрекетін әшкерелесе, бұл туралы Бас прокуратураға жолданады. Сосын ондай теріс пиғылды сайттар сот тәртібімен жабылады», – дейді Қ. Лама Шәріп. Төрағаның мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанға «шабуылға» шығып жүрген 3000ға тарта экстремистік сайттар бар көрінеді. Ал агенттік өз қызметіне кіріскелі бері олардың тек 100-ін ғана жапқан. Әйтсе де, ғаламтордағы күрес тоқтамайды.
Наполеон ұрпағы Мұстафа мұрасымен сусындауға ынталы Басы 1-бетте
Белгілі шоқайтанушы Әбдіуақап Қараның жетекшілігімен Мұстафа бабамыздың төңірегінде көптеген игі істер атқарылғанын білеміз. Кейінгі кездері елімізде де Шоқай бабамыз жайлы туындылар жарық көріп, қолға алынғаны – көңіл қуантарлық. Бір кездері өз жұртынан өгейлік көрген күндерінің есесі Мұстафа бабамызға бүгінде жақсылық болып қайтып жатқан дай. Тәуелсіздікпен бірге өз перзентімізді өзіміз шынайы танығанымыз, қайта қауышқанымыз бір басқа, сондай-ақ сол бір тұлғаның ұшан-теңіз еңбегін өзге жұрттың бағалағаны тіпті керемет. Атап айтар болсақ, М.Шоқай тек қазақ қайраткері ғана емес, ол түркі елінің тұлғасы, тіпті Еуропа ерлігіне сүйсінсе де жарасары – қоспасыз шындық. Бір кездері Наполеондай қолбасшысы болған француз елі қайраткерді бағаламауы мүмкін емес дейтін Алаш жұрты. Осы үміт ақталды. Әрине, ол үшін алдымен қазақ Мұстафадай бабасын қастерлеп, сосын оны танытуға нақты іс жасауы керек болатын. 2001 жылы И.Тасмағамбетов бастап бір топ қазақ делегациясы М. Шоқай тұрған көшеге орнатылған белгітастың тұсауын кескен болатын. Көп ұзамай француз-қазақ достық ұйымы
? Б Б II Л Л Г Г II М М
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Мәриям ӘБСАТТАР
болады. Сол жерде көзіне жас алып: «Біз, шыны керек, Мұстафа Шоқай мырзаның қандай ұлы тұлға екенін енді түсіндік, енді біз музейден орын береміз», – деп уәде етеді. Шынында, француздар мұндай құрметті екінің біріне бере бермейді. Конференция 2006 жылы болса, 2007 жылы Мұстафа бабамызға француз мұражайынан орын берілді. 2009 жылы «Мұстафа Шоқай жолымен» атты жоба ұйымдастырылып, сол бойынша Парижге барған Қасымхан Бегманов бастаған қазақ делегациясын Тьери Марини атты депутат әрі француз парламенті Қа зақфранцуз достық ассамблеясының төрағасы қарсы алады. Сол тұста да Мұстафаның еңбегіне қаныққан аталған тұлғалар Мұстафа Шоқайдың өмірі мен еңбегі жайлы француз тіліндегі еңбектің жоқ болып тұрғанына қынжылыс білдірген. Солайша, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара мырзаның еңбегін француз тіліне аудару керек деген ұсыныс білдіреді. Пар ламент баспасынан жыл сайын бөлінетін қаржыға осы кітапты енгізіп, қалың французға тарату ұсынысы, әрине, біздің қазақ халқы үшін жақсы жетістік екені өз алдына, бұл әрбірден алғанда Мұстафа бабамызды тірілткенмен бірдей еді.
құрылды. Бұл 2006 жыл болса, сол кезде қоғамның құрылу құрметіне үлкен конференция да ұйымдастырылып, оған М.Шоқай тұрған ауданның қазіргі әкімі Жак Мардан мырза да келген. Франциядағы қазақ диаспорасы мен қазақ елшілігінің өкілдерді де қатысты. Конференцияда Әбдіуақап Қара мырза Франция және Шоқай деген тақырыпта баяндама жасап,
К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н
сол жерде Мұстафа бабамыздың тек қазақ халқы ғана емес, сондай-ақ француз халқы үшін де жасаған еңбегін атап көрсеткен еді. Сол кезге дейін Мұстафаны тек қазақ мүддесі үшін күресті деп ұғып, тек қазақтың тұлғасы ретінде қастерлеп келген француз жұрты аяулы перзенттің өзіне төнген қиын күндерде саяси пана болған елге, жерге деген адалдығына тәнті
Б Б II Р Р
Байқаудың бағыты қандай? Жақында «Заңғар» шығармашылық бірлестігі жастарға арналған шығармашылық байқау жариялады» дегенді естіп едім. Ол қандай жанрларды қамтиды және байқау талаптары қандай? Асхат, студент Бұл байқауды «Арда» атты жас таланттарға арналған әдеби-көпшілік басылым Алматы қалалық Білім басқармасы және «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен өткізеді. Байқауға шығармаларды қабылдау үстіміздегі 10 қарашаға дейін ғана жүргізіледі. Жүлдегерлерді марапаттау алдағы желтоқсан айының басында өткізіледі. «Ел еңсесі – егемендік» деген тақырыпта өткізілетін шығармашылық байқауға республикадағы барша мамандандырылған лицей, гимназиялар мен жалпы бірім беретін мектеп оқушылары
және колледж студенттері қатыса алады. Жүлде қоры: 1-орын − 75 000 тенге (екеу) 2-орын − 50000 тенге (екеу) 3-орын – 25 000 тенге (екеу) Ынталандыру сыйлығы – 5000 теңге және ұялы телефондар Шығармашылық байқау поэзия, проза номинациялары бойынша жүреді. Жолданған өлеңдер бес шумақтан, әңгімелер төрт компьютерлік беттен аспауы тиіс. Іріктелген үздік шығармалар Республика-
Марфуға ақын Есенин медалін тақты Дүйсенбі күні Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жыр аққуы» атанған Марфуға Айтқожинаның 75 жасқа толу мерейтойына орай, «Ойлан, ақын» атты жыр кеші өтті. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен ақынның бұл шығармашылық кешіне жиналған қауымның қарасы көп болды. Поэзияға құштар жұртшылық Марфуға Айтқожинаның есімін жақсы таниды десек, артық айтпаспыз. Тұңғиық ойға жетелейтін сырға толы маржан жырларымен ақын жыл сайын өз оқырмандарын тәнті етіп келеді. 40-тан астам жыр-жинақ пен 25 томдық туындыны дүниеге әкелген ол – тек қазақ халқы ғана емес, күллі әлем мойындаған жыр иесі. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания халықаралық ғұмырнамалық орталығының шешімімен ол дүниежүзі бойынша «2007 жылдың үздігі» атанып, Алтын медальмен марапатталған болатын. Мұндай шешім Орталықтың Вашингтонда өткен форумында қабылданған екен. Кешті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов өзінің құттықтау сөзімен ашып, қала әкімі Ахметжан Есімовтің жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ ол алдағы уақытта өтетін қалалық мәслихаттың отырысында ақынға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілетіндігін жеткізді. Ал Жазушылар одағының бас-
қарма төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин поэзиядағы әріптесіне Мәскеуден жеткен Есенин атындағы медальді табыс етті. Жыр кешіне жиналған қауым ақынның әр жылдары жазылған өлеңдерімен сусындап, оның сөзіне жазылған әндерді тамашалады. Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы: – Марфуға – өзгеге ұқсай бермейтін, өрісі бөлек әлемімен поэзияда өзінің өркешінің биіктігін танытып, өрісінің кеңдігін аңғартқан, орны бөлек, қазақтың ақын қыздарының ішіндегі бітімі айрықша, тұрпаты бөлек ақын. Ол – түркі халықтарының жүрегінен орын тапқан есімі алты алашқа танымал ақын. Жуырда Мәскеу Жазушылар одағы оны Есенин медалімен марапаттауды ұйғарыпты, мұның өзі оның әлемдік дең гейдегі шығарма шылық адам екендігін байқатады. Әділет МҰСАХАЕВ
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Қанат ҚАЗЫ
Рухани келісім дінаралық теңдікті көрсетеді
Мансұр ХАМИТ (фото)
18 қазан – рухани келісім күні. Соңғы жылдары елімізде осы күнді ерекше атап өту дәстүрі қалыптасқан. Мәселен, осы күннің қарсаңында шартараптан Астанаға мәдениет майталмандары мен өнер өкілдері, дін қайраткерлері ағылады. Сосын түрлі тақырыпты қаузап, Бейбітшілік пен келісім сарайында ұзын-сонар жиын өткізеді. Былтыр осы уақытта өткен форумның қандай шешімге келіп, не түйгені есте жоқ, есесіне, жиынға қатысқан Ресейдің танымалы Иосиф Кобзон ауруханадан бір-ақ шығып, жазғыш қауым соны тынбастан қаузаған. «Рухани мәдениет – әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық конференция кеше де өтті. Рухани жиында кейінгі күндері қоғамда көп көтерілген дін мәселесі де сөз болмай қалмады.
ІЗ.ДЕН.ІС
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
САХНА
Ерлан мен Нұркеннің Тәуелсіздікке тартуы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солистері, ұлттық музыканы насихаттап жүрген Ерлан Рысқали мен Нұркен Әшіров жеке концерт бермекші. Дәстүрлі өнерге төрін берген кеш филармония сахнасында бүгін кешкі сағат 18.30-да басталады. Қазақтың талай дүлдүлі ән шырқап, күй төккен өнердің қара шаңырағына жаңа маусымда ғана жұмысқа шақырылған Нұркен мен Ерлан киелі ошақтағы қызметтерінің «бісмілләсін» еліміздің Тәуелсіздік мерейтойына шашуымен бастамақшы. Бұған дейін өз алдына жеке концертті Ерлан Рысқали – 2007 жылы, Нұркен Әшіров 2009 жылы берген болатын. Бұл – өнерпаздардың бірігіп бергелі отырған тұңғыш кеші. Таяуда ғана Ресейдің Астрахань қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Голоса золотой степи» байқауына қатысып, қазақтың асқақ әнін айтып, шетелдіктерді «Паһ, шіркін, қазақтың өнері-ай!» деп тамсандырып, таңғалдырып келген әнші Ерлан бұл концерттің өзге концерттерден сәл өзгеше өтетіндігін айтқан еді. Ерлан РЫСҚАЛИ, әнші: – «Концертті берудегі әуелгі мақсатымыз – Тәуелсіздігімізге тартуымыз. Екіншіден, Ақселеу Сейдімбеков, Жәнібек Кәрменовтер кезінде лекция-концерт өткізуді қолға алған еді. Ұмыт болған дәстүрді қайта жалғап, кешті ұлттық мұрамыздың тарихынан, орындаушылар мен жеткізушілерінен мағлұмат бере отырып өткізуді жөн көрдік. Себебі қазір ел-жұрт әнші мен күйшіні таныса да, орындап жатқан шығармасының қалай туғандығы жөнінде ештеңе білмейді. Тарихын қатар айту арқылы біз ән мен күйді ел есінде қалдыра аламыз». ХХІ республикалық жас орындаушы-
лардың, Құрманғазы және Н.Тілендиев атындағы байқаулардың бас жүлдегері Нұркен Әшіров – қазақтың шертпе және төкпе күй дәстүрін тел емген, жетік меңгерген өнерпаз. Өзі бітірген А.Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған арнаулы музыка мектеп-интернатында домбырадан сабақ беріп, ұстаздық етіп жүрген күйші ұлттық музыканы сахнада өнер иесі ретінде жеткізіп қана қоймай, шәкірт тәрбиелеу де орындаушының шеберлігін шыңдайтындығына көзі жеткендігін айтады. Нұркен ӘШІРОВ, күйші: – «Қазақ елінің әр азаматы қолынан келгенінше ел Тәуелсіздігіне сый-сияпатын жасап жатыр. Ұлттық музыканы арқалап жүрген біздердің қолымыздан келері – баба мұрасын ертеңге қаз-қалпында жеткізу. Сондықтан біздің шашуымыз – дәстүрлі ән-күйге сусап жүрген тыңдаушыны сергітетіндей, әсем ән мен тәтті күй сыйлау». Елдің сүйікті әншісіне айналған Ерлан бұл кеште «ән атасы» Біржаннан бастау алған Арқа мектебінің інжу-маржандары мен Жетісу, Батыс, Сыр мектептерінің де әуезді әндерін орындамақшы. Ал Нұркеннің бармағынан өзі үлгі тұтатын өнердегі ұстазы Нұрғиса Тілендиевпен қатар, төкпе күйдің атасы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерейдің және Арқа және Қаратау өңірінің шертпе күйлері төгілмекші. Лекцияконцертті белгілі термеші Ақан Әбдуәлі жүргізеді. Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ
С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ
лық «Арда» жас ақындар газетіне жарияланып, жеңімпаздар SMS дауыс беру арқылы анықталады. Сайысқа қатысуға үміткерлер шығармаларымен бірге, кәсіби студияда түсірілген фотосуретін және толық аты-жөні, мектебі, мекенжайы, байланыс телефондары жазылған қысқаша өзі туралы мәліметтерді жіберуі керек Шығармалармен бірге «Арда» газетінің Қазпошта арқылы 2011 жылдың 2- жартыжылдығына жазылған түбіртегі жіберілуі – міндетті шарт. Газеттің жазылу индексі – 64403. Байланыс телефондары 264 25 94. Жеңімпаздардың жұмыстары (өлеңдері мен әңгімелері) жеке жинақ болып басылады.Үздік өлеңдер мен әңгімелер тұрақты түрде «Арда» жас ақындар газеті бетінде жарияланады.
«Жел қызы» қандай фильм? Жақында Алматыда «Жел қызы» атты фильмнің премьерасы өткенін естіп едім. Оны кім түсірген және фильм не жайында? Ағайша НҰРӘДІЛ, Талдықорған Жас режиссер Жасұлан Пошанов түсірген бұл фильмдегі кейіпкер, негізінен, үшеу. Бір ауылда өскен үш жігіт ұзақ уақыттан кейін Алматыда қайта жолығады. Жасы жиырма беске келсе де сүрбойдақ жүрген жігіттердің біріне ата-анасы «тезірек үйленсін» деп, туған күніне бір бөлмелі пәтер сыйлайды. Содан ол жігіт достарынан қыз алып қашуға көмектесулерін сұрайды. Түнгі клубтардың бірінен таңдайларын жібітіп, батылдық үшін
біраз сілтеп алған үш дос барда көздеріне бірінші түскен қызды Шымкентке алып қашады. Жолда талай қызықты оқиғаларға, тосын жайттарға тап болады. Қалыңдық та қауқарсыз, мінезсіз болып жолықпайды. Қажет жерінде қулыққа көшіп, жігіттерден айласын асыруға тырысады. Шағын қаржыға түсірілгеніне қарамастан, «Жел қызы» көрерменді баурайтындай шынайы көріністерге бай, тартымды картина болып шыққан.
6
АЛАШ АЗАМАТЫ
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
АЛАШ-АҚПАРАТ
Метроның алғашқы стансысы есігін ашады Қазанның 22-сі күні Алматы метрополитені қала тұрғындарына есігін ашады. Қала тұрғындары сағат 10.00 мен 18.00 арасында Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы «Жібек жолы» стансысын тамашалай алады. Сондай-ақ осы жерде Алматы тарихына арналған фотокөрме де ұйымдастырылады.
«Метрополитен» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің тұңғыш метросының стансысын жалпы жұрттан бірінші болып та машалауға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ «Менің Алматым: өткен, бүгін және келешек» атты фотокөрме де осы қауымға арналады. Бұл көрмені метрополитен басшылығы ҚР Кино, фотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатымен бірге ұйымдастырады. Көпшілік назарына ұсынылатын фототуындылардың арасында кәсіби суретшілердің ғана емес, әуесқойлардың да еңбектері болады. Бұл көрмеге жергілікті тұрғындардың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер де қойылады. Алматыны Қазақстанның ең керемет қаласы ретінде сүйетін кез келген адам метросы бар және метросы жоқ кезеңнің әсем сәттерін тамашалап, айрықша әсер ала алады. Естеріңізге тағы бір саламыз, Алматы метросы биыл желтоқсан айында іске қосылады. Ол ТМД елдері ішіндегі ең озық технологиялы метро болмақ. Болатбек МҰХТАРОВ
Алтыншы қабаттан секіріп, ажал құшты Ақтөбедегі Қазақстан – Ресей халықаралық университетінің студенті жатақхананың терезесінен секіріп кетті. Алтыншы қабаттан құлаған қыз жатақхана дуалының үшкір теміріне қадалып қалған. Студент атанғанына әлі екі ай болмаған бойжеткеннің өліміне не себеп болғаны қазір анықталып жатыр. Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің студенті жатақхананың терезесінен секіріп кетті. Оқиға болған мезгіл – кешкі сағат 8-дер шамасы. Терезені ашып, өлімге бел байлаған қызды жанындағы екі құрбысы тоқтатып үлгермепті. Алтыншы қабаттан құлаған студент жатақхана дуалының үшкір теміріне қадалып қалған. Жатақхана – оқу корпусында. Әйтсе де, оқиға сабақтан соң болғандықтан, университет басшылары қансырап жатқан студентті көздерімен көрмегендерін айтады. Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің проректоры Гүлбану Тәкішова: «Марқұмның ата-анасы бұл жайтты дабыра қылмауымызды сұрады. Мен ештеңе білмеймін» деп қысқа қайырды. Ақтөбедегі теміржол ауруханасының дәрігерлері Айдананың өмірі үшін екі сағат бойы күрескен. Бірақ, студент қыз ес жимастан, реанимацияда қайтыс болды. 18 жасар қыздың өзін-өзі өлтіруіне не себеп болғаны қазір анықталып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, Айданаға анасы жігітімен кездесуге тыйым салған екен. Сол күні кешкілік студент ұялы телефонына қоңырау шалған анасымен қатты ренжісіп қалған. Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА, Ақтөбе
? Б Б II Л Л Г Г II М М
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ДАТ! Гүлфаридат АМАНҚЫЗЫ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент, Қазақ азақ ұлттық аграрлық университетінің Өсімдік шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы: ны:
Ауылдағы фермерлер өз балаларын ісін жалғастырушы ретінде дайындамай, ауыл шаруашылығының өркендеуі екіталай... – Соңғы жылдары ауылдарымыз жойылып барады. Мәселен, астықты мекендеріміз Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бес жылдың көлемінде аймақ картасынан 48 ауыл жойылған болса, былтырғы жылы Қостанай облысы бойынша 20 елді мекен ресми түрде жабылыпты. Ал жалпы, соңғы бес жыл ішінде Қостанай облысы бойынша, 127 ауыл жойылған көрінеді. Қай аймағымызда болсын, жойылған ауылдарға қатысты мұндай мысалдар жетерлік. Осы орайда ауылды дамытпайынша, ауыл шаруашылығын дамыта аламыз ба? – Ауыл мен ауыл шаруашылығы – егіз ұғымдар. Егер ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығын дамытсақ, сол ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге де үлкен көмек болар еді. Ауылдардағы ауыл шаруашылығын дамытып, адамдарға жұмыс тауып бере алмай отырғаннан кейін тұрғындар туған жерлерін тастап көшіп жатыр. Нәтижесінде, ауылдарымыз қаңырап бос қалып, картадан сызылуда. Бұл – өте өкінішті жайт. – Ал ауылдарымызды сақтап қалу үшін не істеуіміз керек? – Кезінде ауылдан қалаға тонналап жеміс-жидек, көкөніс, ет пен сүт тасылып, малдың жүні мен терісіне шейін бағаланып, мал басынан артық төл өсіруден жарысқа түсіп, ауылдарымыз нағыз «алтын бесікке» айналып еді. Жастар да ауылда тұрақтауға тырысатын. Өкінішке қарай, осының бәрінен ауылдағы ауыл шаруашылығы саласын құлдырату салдарынан айырылып қалдық. Сондықтан ауылдарды сақтап қаламыз десек, ауыл шаруашылығын дамытуды қолға алған жөн. Әр ауылдың ерекшелігіне сай төрт түлік мал-құс, егін, жеміс-жидек, көкөніс шаруашылықтарын дамытуға жағдай жасау қажет. Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, оны дұрыс басқаруды да жолға қойған жөн. Мәселен, ауылдағы сиыр сүтін қалаға тасып жүрсек, ірітіп-шірітіп алуымыз мүмкін. Сондықтан ауылдардың жанынан шаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын шаруашылықтар ашсақ, ауылдарымыз жанданып кетер еді. Бүгінде ауыл қазағы өзінің жекеменшігіндегі жеріне көкөніс егуге де құлықсыз. Өйткені жегенінен артылғанын сатып алатын қабылдау пунктері жоқ. Сосын өзінің ішіп-жейтін көкөнісін базардан-ақ сатып ала саламын деп, бос жатқан жеріне жеміс-жидек, көкөніс отырғызуға тырыспайды. Егер ауыл тұрғындарының ауылда өмір сүруіне жағдай жасап беретін болсақ, олар қалаға шұбырып көшпес еді. Бәрібір ауыл қазағына қалада ешкім жағдай жасап жатқан жоқ. Оларға қалада базарға келіп, арба сүйреп, пәтерден-пәтерге көшіп жүргеннен гөрі, ауылда тұруға жағдай жасап берсек, ауылда тіршілік еткен қолайлы болар еді. Сондықтан біз ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ауылдардың тамырына қан жүгіртсек, ештеңеден ұтылмаймыз. Елбасымыздың өзі бір сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, дағдарыс жағдайында бізді асырайтын – ауыл», – деген еді. Сондықтан ауылдарда мал, егін шаруашылығы өнімдерін өңдеп, тұтынушыларға жіберетін өндіріс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының тіршілік етуіне, ауылдың мүмкіншілігін толықтай пайдалануға мүдделілік таныту керек. Бүгінгі таңда біз аграрлы ел бола тұра, ауылшаруашылық өнімдерін ауылдарымызда өндіріп, қалаға «дорбалаудан» гөрі шекараның арғы бетінен «арбалауды» жөн көріп алдық. Ал, шын мәнінде, ауыл шаруашылығын өзімізде дамытудың маңызы зор. Өз еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту – халқымыздың денсаулығының, азықтүлік қауіпсіздігінің кепілі деп айта аламын.
К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н
Күйік деңгейін қалай ажыратады? Тұрғын үйлерде болатын өрт оқиғалары азаймай кетті. Өрт кезінде денесі күйіп қалған адамдар дәрігер шақыртқан жағдайда, олар «қандай дәрежеде күйік шалды» деп сұрайды екен. Ал абдыраған адам оны қайдан білсін? Күйік деңгейін қалай ажыратуға болады? Мақсат НҰРСЕЙІТОВ, Атырау облысы Өртке қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, денесін күйік шал ған адамның жарақатынан айығу мүмкіндігі оған дер кезінде көрсетілген көмекке байланысты. Сол себепті «Жедел жәрдем» келгенше күйік деңгейінің қандай екенін шамалай білген жөн. Күйіктің төрт
e-mail:
[email protected]
деңгейі болады: 1) терінің қызарып, қанталап ісінуі; 2) теріде ісіктер мен көпіршіктердің пайда болуы; 3) күйік орнында қабыршақты жараның пайда болуы; 4) ұлпаның көмірге айналуы. Күйік шалған адамның терісін қозғамай, дәрігерлердің келуін күткен абзал.
Айта кетер жайт, жергілікті атқарушы орындарға да көп нәрсе байланысты. Жергілікті жердегі билік өкілдері бүгінде атқарушының ғана міндетін атқарып отыр. Ал өз беттерінше жұмыс істеп, ауылдарды гүлдендіру, ауылдастарына жұмыс көзін тауып беру, ауыл халқын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар атқаруды дұрыс ұйымдастыра алмай отыр. Мәселен, оларға жергілікті жердің жағдайы жақсы таныс. Ендеше «ауыл жастарын оқыту арқылы өздеріне маман дайындап аламын, ауылдағы ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүргіземін» немесе бизнес-жоспар құрып, ауыл шаруашылығын дамытуға күш салса, «екі қолға – бір күрек» іздеп жүрген ауыл тұрғындары қолдар еді деп ойлаймын. Алайда ауыл әкімдері, шын мәнінде, ауыл жанашырына айналып, ауыл тұрғындарын тұрақтандырып, ауылды сақтау жұмыстарын жүргізе алмай отыр. Мәселен, Үкімет тарапынан «Дипломмен – ауылға!» секілді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жұмыс істеуде. Осы орайда, шыны керек, әкімдер барған маманға жағдай жасап, сол жас маманнан ауылды көркейтуге үлес қосатын азамат дайындап, ауылда қалдырудың әрекетін жасауға құлықсыз. Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама қабылданған екен, ендеше неге олар таласа-тармаса өздерінің артықшылықтарын ұсынып, маман тартуға әрекет етпейді? Бізде дәл қазіргі таңда жаңа заманға сай инновациялық бағытта жұмыс істеп, жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық қабілетін танытып отырған ауыл, аудан әкімдері саусақпен санарлық. Сондықтан ауылды дамытамыз
жидектердің тезірек өсуіне ғана емес, жеміс беруіне де ықпал етеді. Ал біздің елімізде өнім алу кезінде ондай қоспаларды қоспайды. Олар жеміс бергеннен бастап, оны жинағанға дейін тіпті сақтау кезінде де дәрілейді. Яғни, елімізге тасымалдау кезінде жолда бұзылмай жетуі, ұзақ сақталып, пішінін сақтауы үшін түрлі химиялық қоспалар қосады. Ал бұл адам ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді. – Елімізде мал басы жеткілікті болғанымен халқымызды жеткілікті түрде етпен, сүтпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Мұның сыры неде? – Ауылдарда малдың етін, жүнін, сүтін қабылдайтын, сақтайтын пункттер жоқ. Басты себеп – осыдан деп ойлаймын. Қабылдау пункттері өнімдерді сақтап қана қоймай, қалалардағы өндіріс орындарына жіберіп отырса, ауылдағы тұрғынның өзінің пайдалануынан артылғанын соларға өткізу арқылы шай-пұлын өтеуіне де үлкен көмек болар еді. Сондықтан өндіріс орындарын ашуды ғана емес, олардың ауылдардағы қабылдау, сақтау бөлімшелерін ашуға да мән берген жөн. Егер ауылда сүт қабылдау пункті болса, тұрғындар бір сиырдың орнына екі сиыр ұстап, қабылдау пунктіне өткізіп, сиырының сүтінен табыс табар еді. Осылайша, жекеменшік мал басын көбейтуге пайдасы тиіп, халықтың әлеуметтік деңгейі де көтерілер еді деп ойлаймын. Немесе бұрын екі сотық жерге көкөніс егетін болса, қабылдау пункті болса, төрт сотық жерге көкөніс дәнін тастар еді. Нәтижесінде, нарық сатылымында көкөніс көбейіп, халыққа оны арзан бағамен жеткілік-
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... Біз өзіміздің жерімізді құрметтемей, оның қадірін сезінбей, жерге деген бүгінгі көзқарасымызды өзгертпей, Жер-Ана ретінде күтіп-баптау арқылы Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев секілді аталарымыздың ұрпағы ретінде жердің төсін «еміп», өнімін керегімізше пайдаланбайынша, өз жерімізге өзіміз иелік ете алмаймыз. Осы орайда, кейде біреулердің көз тігіп, шекараны бері жылжытуға тырысуының өзі біздің жер қадірін сезінбей, бос жатқызуымыздан емес пе екен деген ойға қаламын. Бүгінде біздің жерімізге қызыға қарап, көз алартушылар өте көп. Жерімізді олардың сұғанақ көзінен сақтаудың бір ғана жолы – жерді игеруге ұмтылу. Егер адам баласы Жер-Анаға өз сүйіспеншілігін, құрметін, қызығушылығын қаншалықты білдіре алса – ол да өз перзенттеріне бойындағы барын береді. Біздің даламыз кең-байтақ қана емес, түгін тартса майы шығатын – өте құнарлы мекен. Біз осыны бағалап, сол жердің төсін жайқалған егін мен мыңғырған малға толтыруға ұмтылуымыз керек! десек, ауылдарға іскер әкімдер тағайындаудың да маңызы жоғары деп ойлаймын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығынан хабары бар, осы саланы бітірген мамандар ауылдағы басшылық тізгінді ұстаса дұрыс болар еді. Қанша айтқанмен жердің, малдың жайын білетін адам ауылдастарын шаруашылықпен айналысуға үгіттемей отыра алмайды. Ерекше айта кетер жайт, кез келген жұмыстың тетігі дұрыс басқаруға байланысты. Мен кейде сол басқару мен ұйымдастыру жағын көбірек үйрену керек шығар деген ойға келемін. – «Отандық ауыл шаруашылығын дамыту – халқымыздың денсаулығының, азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» дедіңіз. Ал көкөніс, жеміс-жидекті сырттан тасып жеп отырғанымыз жасырын емес. Осы орайда олардың сапа сы халқымыздың денсаулығына қаншалықты деңгейде зиянды? – Сырттан келетін көкөніс, жеміс-жидектің сапасы сын көтермейді. Олар өздері өсіргенмен бұл өнімдерді ішкі қажеттіліктеріне мүлдем пайдаланбайды. Тек сыртқы, оның ішінде дамушы мемлекеттерге сату арқылы пайда табуды ғана көздейді. Сондықтан олардың мақсаты мол және тауарлы өнім алу ғана болып табылады. Оларды өсіру кезінде көптеген мөлшерде түрлі препараттарды пайдаланады. Гормондық қоспалар көкөністер мен жеміс-
Б Б II Р Р
ті түрде ұсынуға және ауыл халқына жұмыс көзі табылуына әсер етеді. Біле білсек, мұның бәрі – бір-біріне игі ықпал ететін нәрселер. Негізі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты. Малға азық-түлік керек. Ал мал азығын пішен дайындау арқылы қамтамасыз етуге болады. Айта кетер жайт – мәселе малдың санында ғана емес, оның қаншалықты өнім бере алатындығында. Сондықтан заман сұранысына сай сиырдың – сүтті, малдың – етті, дақылдың өнімді көбірек беретінін өсіруге тырысқан жөн. Сонда «сиыр басы – көп, әйтсе де сүт жоқ. Аграрлы елміз, ал жеміс-жидек үшін сыртқа телміреміз» деген әңгімелер айтылмас еді. – Бәрі маманға байланысты деп жатсыз. Ал маман дайындау барысында қандай мәселелер кездесуде? – Қазір жұрттың бәрі заңгер, экономист, қала берді банкир болғысы келіп тұрады. Сонда бізге қажетті дәнекерлеуші, токарь, тракторист, механизатор немесе осы секілді қарапайым жұмысшы мамандарды қайдан аламыз? Бүгінде елімізде мал, өсімдік шаруашылығына қатысты жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан біз ауылда оқуға түсуге мүмкіншілігі болмайтын – жағдайы төмен отбасыларынан шыққан жастарды жергілікті бағдарламалар қабылдау арқылы сол ауылға қажетті мамандықтарға оқытып, сол ауылдың жоғын жоқтап, мұ-
ңын жырлайтын қызметкер, білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Тағы бір айтарым, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жекешелендіру кезінде мың гектарлап жерді жекеменшікке өткізіп алған ағайындар да маман дайындау мәселесіне немқұрайлы қарап отырған жайы бар. Бізде әке ісін жалғастырып жатқандар тым аз, яғни дәстүрлілік жоқ десек те болады. Шетелдерде кімнің жері бар, сол агрономның оқуын оқиды, кімнің малы бар, сол мал дәрігерлікті оқиды. Демек, қолында барын пайдаланады. Бізде бәрі керісінше, қазір қай фермердің баласы агроном немесе ветеринар болып оқып жүр екен? Керісінше, кімде жер, мал бар, олардың балалары – заңгер немесе экономист. Бұл нені білдіреді? Ауыл шаруашылығы дамуының әлі де болса, біраз уақыт тежелетіндігін білдіреді. Ертең сол байдың баласы мықты заңгер болып шықса, мал жайын, жер жайынан гөрі, басқа орынды, басқа кәсіпті ойлайды. Демек, оның малының төлдеуі мен егінінің бітік шығуымен басқа біреулер айналысуы керек. Бұл жерде айтайын дегенім – «киіз өзіңдікі болмай, білекке сүйел шықпайды», яғни, ата ісін жалғастыратын ұрпақ болмай, ол жердің құты тұрақты болмайды. Яғни, өзгенің байыған үстіне байып, өзі үнемі соған жұмыс жасағаны кімге керек? Сондықтан сол өсірген малы мен егілген жері ары қарай өз ұрпағының құтына айналғанын ойлаған әрбір шаруа өзінің тірлігімен балалары айналысып, оны ары қарай жалғастыруын ойлауы керек. Мен сондай жер мен мал егелері балаларын осы мамандықтарға оқытса, олардың егіні – бітік, малы егіздетіп өнім беретін еді дегім келеді. Ал бүгінгі күні маман тапшылығына байланысты сыртқа телміруіміздің басты себебі – жаңа шетелдік технологияларды, жобаларды өндіріске енгізген соң, оны ары қарай өркендетіп алып кететін мамандар елімізде жетіспейді. Амал жоқ, маман сұрап сыртқа жалтақтаймыз. Сондықтан шетелдік жаңа жобаларды, технологияларды енгізер алдында оны жүзеге асыратын мамандарды қоса дайындауға да көңіл бөлу керек. Рас, біз де маман дайындап жатырмыз. Алайда шетелдік технологияларға сай етіп дайындауға мүмкіндік бола бермейді. – Оңтүстіктегі талай алма, алмұрт, жүзім бақтарын жоспарсыз түрде отаудың арқасында жоғалтып алдық. Енді бүгінде сыртқа телміріп отырмыз. Бұл олқылықты қалай қалыпқа келтіруге болады. – Шын ниетпен кіріссек, қалыпқа келмейтін нәрсе болмайды. Кезінде оталып кеткен нәрсе үшін бүгінгі күні өкінудің қажеті жоқ. Сол жоғалтып алған бақтарымыздың орнына заманға сай инновациялық жетістіктерді қолдана отырып, жаңа бақтарды отырғызуға мүмкіндік мол. Біздің әрбір аймағымыз жеміс-көкөніс дақылдарын отырғызуға өте қолайлы. Осы мүмкіндікті қолданып, олардың таңдаулы түрлерін отырғызуға тырысуымыз керек. Бұрынғыдай бақтарда ағаштарды қалай болса солай отырғыза салмай, еуропалық модельді бақтарды қолға алған жөн. Бұрын ағаштар жеті-сегіз жылдан бастап өнім бере бастаса, бүгінде отырғызылғаннан кейін, бір-екі жылдан соң-ақ жеміс бере бастайтын ағаштар бар. Олар отырғызылғаннан кейін үш-төрт жылдан соң әр ағашы 25-30 килограмға дейін жеміс бере бастайды. Сондай-ақ бұрын гектарына 400 тал ағаш отырғызу, мүмкін болса, жаңа әдіс бойынша 2000-2500 ағашқа дейін отырғызуға мүмкіндік бар. Яғни көлемі үлкен бұрынғы ағаштарға кең жер керек болса, бүгінде ұзындығы екі метрлік ағаштар көп орын алмайды, әрі мол жеміс береді. Гек-
С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ
Айоли тұздығы жайлы білгім келеді Айоли соусы жайлы білгім келеді. Бұл қандай соус? Құрамында қандай заттар бар және қандай тағамдарға қосады? Асылгүл ӘМІРДИНОВА, Алматы қаласы Айоли – Жерорта теңізі жа- бірге, бұл соустың құрамына ғалауы елдерінің асханасында жұмыртқа немесе тек қана оның кең қолданылатын соус түрі. Бұл сары уызы, лимон қышқылы сөздің француз тіліндегі мағы- және су да қосылады. Франция, насы «сарымсақ пен зәйтүн» де- Италия, Испания елдерінің ас генді білдіреді, яғни оның мәзірінде айоли тұздығы теңіз атауына қарап, құрамы неден өнімдерімен, балық сорпасымен тұратынын білуге болады. Са- және кесіліп қуырылған нанмен рымсақ үгіндісі, зәйтүн майымен бірге беріледі.
тарына 2500-дей ағаштың алғашқы жылдан бастап өнім бере бастауы – өте керемет нәрсе. Ол ағаштарда кезеңділік байқалмайды. Яғни бір жыл жеміс берсе, келесі жылы өнім бермей қалу деген үрдіс жоқ. Сондай-ақ бойы екі метрдей ғана болып келетін жеміс ағаштарына агротехникалық жұмыстардың қандай түрін жүргізсең де қолайлы. Онымен жүргізілетін жұмыстардың 80-90 пайызы техникаландырылған. Оның үстіне ол ағаштарды тамшылап суғару әдісімен суғаруға болады, ылғалды пайдалану көрсеткіші – өте жоғары. Мұндай тиімді бақтар шетелдерде қолға алынған. Олар мал өсірсе де, көкөніс пен жемісжидек өсірсе де инновациялық технологияларға сүйенеді. Бізде заман ағымына бейімделіп, ауыл шаруашылығында инновациялық технологияларға көңіл бөлсек, дұрыс болар еді. Оталған ағаштарға өкініп отыра бермей, өнімі мол жерді үнемді пайдалана алатындай әдіспен бақтарды көбейтуді қолға алғанымыз жөн. Ондай бақтарды отырғызсақ, сыртқа телмірмей, өз халқымызды өзіміз қамтамасыз етуге де, сыртқа экспортқа шығаруға да мүмкіндік туар еді. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Мен бақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей жатыр деп айта алмаймын. Біздің университет пен әлеуметтік кәсіптік корпорациялар бірігіп жұмыс істеп, осы бағытта жұмыстар атқаруда. Бүгінгі күні осы бағыттағы бірнеше жоба әлеуметтік кәсіптік корпорациялардың тәжірибесіне өтіп тұр. Келешекте бұл жобалардан үлкен үміт күтемін. Қандай жоба болмасын, түпкі мақсаты сол арқылы пайда табу болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығына пайдасы мол жобаларды ойлап тауып, өндіріске енгізуге тырысқан жөн. Бүгінде істің көзін тауып, Жамбыл, Алматы облыстарында кластерлік сипатта жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтары бар. Ол дегеніміз өнімді өсіріп, өңдеп, тұтынушыға жеткізгенге дейінгі бүкіл процесті қамтиды. Біз сонымен қатар өндірілген өнімді жарнамалап, сыртқа шығаруды да жолға қоюымыз қажет. Ебін тауып мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын қатар дамытуды қолға алсақ, өте тиімді болар еді. Мәселен, өсімдік шаруашылығынан алынған өнімді азық ретінде малға берсек. Малдың көңіне дейін пайдаланып, биогазды шағын ауылдарды газдандыруға пайдалансақ, өте дұрыс болар еді. Осы орайда Елбасының қолдауымен ашылып, осындай жобаларды жүзеге асыруды қолға алып отырған әлеуметтік кәсіптік корпорациялардың маңызы зор. Алдағы уақытта олардың санын тіпті арттыра түссек, нұр үстіне нұр болар еді. – Былтыр да биыл да рекордты көлем де астықты жинап жатырмыз. Алайда қоймалардың жеткіліксіздігінен астықты егістікте сақтаймыз деген әңгімелер айтылуда. Еліміздегі жылыжайлар да жеткіліксіз. Жалпы, олардың санын арттыруға не кедергі? – Жылыжайлардың жеткіліксіздігін мамандар да байқап отыр. Әйтсе де олардың санын көбейтуге маман тапшылығы себеп болып отыр деп ойлаймын. Биылғы солтүстік облыстардағы рекордтық астықтың қамбаларға сиятын-сыймайтыны жөніндегі әңгімелер де біздегі осы саладағы білікті ұйымдастырушы мамандардың жоқтығын көрсетеді. Осы орайда астықты жинап алып барып, қоймалардың жеткіліксіздігін ойлауымыз – үлкен қателік. Егер елімізде осылардың барлығын жүйелі түрде ойлайтын маман болса, мұндай кемшілік туындамас еді. Осы орайда жеміс-жидек қана емес, маман жетіспеушілігі салдарынан жан-жаққа маман сұрап, қол жайып отырғанымыз – ұят тірлік. Әңгімелескен Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
ДОДА
№185 (637) 19.10.2011 жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
СТЕНД АТУ
СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ Әзірбайжандағы әлем чемпионатына аттанарда Ғани Жайлауовтан жүлде күткендер шамалы еді. Кезінде Алексей Тищенконы төмпештеген тараздық тарланның жұлдызы Бакуде жанды. Бүкіләлемдік біріншілікте тұғырдан көрінген талантты боксшымыз Миландағы сәтсіздіктен сабақ алғанына қуанады. Ғаниды қуанышымен құттықтап, сөзге тартқан едік.
АУЫР АТЛЕТИКА
– Ғани, әлем біріншілігіндегі тырнақалды табысыңмен құттықтаймыз! Байқаймын, үй ішінің қуанышы әлі басылмаған сияқты... – Көп рақмет! Рас айтасыз, үйден қонақ арылмай жатыр. Бакуден оралғалы бері, қуанышымызға ортақ ағайындар лебіздерін білдіруде. Әлем чемпионатына алтын үшін барғаныммен, бұйырғаны қола болды. Ең бастысы, Лондон лицензиясы – қалтада. Адам аяғы басылған соң, жаттығу жұмыстарына қайтадан кіріскелі отырмын. – Бакудегі әсерлеріңмен бөлісе отырсаңыз. Куба боксшысы, шыныменақ, қарулы ма екен? Қола емес, алтын алатын да мүмкіндік бар еді ғой... – Әрине, Куба жігіттерінің әлемдік бокстағы үлес салмағы басым. Күрзі жұдырықты Куба қабыландарының бастарынан бақ тайғандай көрінгенімен, күшқуаттарынан әлі арыла қойған жоқ. Яғни, Куба боксы қанша жерден тоқырауға ұшыраса да, түпнұсқасы берік қаланған бокс мектебінің жемісін әлі де болса көруде. Яснир Толедоға қарсы бапкерлерім өте жақсы тактика құрды. Бірақ өзім сол нұсқауларды жүз пайыз орындай алмадым. – Ал ширек финалда үндіс боксшысын бір ұпай айырмасымен ғана жеңдіңіз... – Азия ойындарында осы үнді жігітінен жеңіліп қалған едім. Есе қайтты. Бір-бірімізді әбден зерттеген едік. Бокс бір орында тұрған жоқ. Қазір бар әлем былғары қолғап шеберлерін шыңдауға шындап кірісіп кетті. Бакудегі додаға 500-ден аса боксшының қатысқаны көп нәрсені аңғартады емес пе?! Мәселен, бүгінге дейін «Сарықұрлықтағы» Корея мен Жапонияның жүлдеге іліккен боксшылары жоқ болған. Бакуде аталған елдің ұландары алысқа шапты. Ал Үндістан боксының қарқын алғанына көп болды. – Командаластарыңның жарыс жо-
Жүлдегер Жайлауов
лынан шығып қалғаны көңіліңе кірбің салмады ма? – Шынымды айтсам, Даниярдың ауырып қалғанына өкіндім. Әрине, бәрі бір Алланың қолында. Қызуы көтеріліп, ауырып жатқанда, бөлмесіне барып, көңілін сұрап, қолдау көрсету ғана келді қолымнан. Содан соң, жігіттердің кеткен есесін қайтаруды, намысты биік ұстауды ойлайсың. – Біз экранның бергі бетінен көрген финалдық бәсекелерді Бакудегі залдан тамашаладық. Бапкерлер қауымы «төрешілер білгенінен жаңылды» дегенді жиі айтады. Серік пен Әділбектің финалдық кездесуіне алып-қосарың бар ма? – Серік Сәпиевтің қарсыласы Тарас Шелестюк бүкіл жекпе-жек бойы бетін бүркеп, қашты да жүрді. Серіктің қаншама соққыларын төрешілер есепке алған жоқ. Біздің жігіттер әдемі бокс көрсете біледі, ал қарсыластар зерттеп, бүге-шігесіне дейін біліп алған соң, «ең үздік шабуыл – қорғану» деген тактиканы ұстанады. Кубалықтар сияқты билеп жүру де біздің боксшыларға тән емес. Төрешілердің бізге түсініксіз шешім
қабылдағаны – өкінішті. Мәселен, Ломаченконы жеңіп тұрса да, жығып беріп, кейін қайтадан шаршы алаңға шығуына рұқсат берді. Бұл – бұрын-соңды болмаған оқиға! Бұл төрешілер қауымының ісінде бір шикіліктің барын білдіреді. – Елге қайтып келе жатқанда қандай көңіл-күйде болдыңыздар? – Бір жағынан өкіндік, тағы да алтынсыз қалдық деп. Бір жағынан қуандық, қоржында Олимпиада лицензиясы бар. Бәрінен бұрын бас бапкер Мырза ғали Айт жа нов қа қиын тиді. Бірақ біздің жігіт тер дің бір бармағы бүгулі. Бәріміздің ойымызда Лондонда лайықты өнер көрсетіп, Қазақстан атын аспандату ғана болды... – Ғани, сенің салмағыңдағы Василий Ломаченконың атағы аспандап тұр. «Әлем үздігі» деген атқа лайық спортшы. Өзің Ломаченкомен қолғап түйістірген жағдайда, жеңемін деп ойлайсың ба? – Осыған дейін Василиймен жолымыз бір рет түйіскен. Сөз жоқ, мақтауға тұрарлық, мақтанарлық спортшы. Алайда ол да ет пен сүйектен жаралды, оның да біз сияқты он екі мүшесі бар, бір қолы бізден артық емес. Сондықтан да жеңуге болады деп сеніммен айта аламын. Ломаченкодан бөлек, 60 келіде атой салып жүрген Валентино Доменико деген италияндық хас шебер боксшы бар. Бірақ бәрін де жеңуге болатынын қайталап айтамын. – Әлемдік сынға қатысу үшін алдымен Қазақстанды мойындату керек. Ел біріншілігіндегі қарсыластарың да осал емес... – Дұрыс айтасыз. Азия чемпионы Айдар Әмірзақов пен қостанайлық Самат Бәшенов атты бауырларымның аяқ алыстары өте тамаша! Менің салмағымда ең мықты бокс-
шылар деп соларды айтар едім. Шыны керек, Қазақстан құрамасына ілігу үшін өзіңді талай мәрте мойындатуға тура келеді. Себебі талантымен тамсандырып жүрген боксшылар жеткілікті. Өзім 2008 жылы Таразда өткен Қазақстан чемпионатын жеңіп алған соң, мамандардың назары да ауа бастады. – Енді бокс қолғабын жаңадан киген шаққа саяхат жасап қайтайық... – Мен Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келгенмін. Ата-анамның қызмет жағдайына байланысты, алдымен Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп бардық. Түлкібаста жүргенімде, екі жыл еркін күреспен шұғылдандым. Кейін Тараз жаққа көшіп келгенде жақын маңнан балуандар дайындайтын спорттық үйірме табылмады да, боксқа бет бұрдым. Ол кезде жетінші сынып оқушысы едім. Тараз өңірінің бокс мектебінен қазақ атын әлемге танытқан талай тарландар түлеп-ұшты. Бапкерім Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаев сынды батыр ұлдың тұсауын кесіп, томағасын сыпырған білікті маман. Спортшының биікті бағындыруы алдымен өзіне, сонан соң бапкеріне тікелей байланысты. Бапкер таңдауда бағым жанды деп сеніммен айта аламын. – Қазақ боксшыларының ішінде кімдерді үлгі тұттың? – Құдайға шүкір, боксшыларымыздың әрбір Олимпиададан алтынмен оралатын жеңіскер дәстүрі бар. Қазақ жұдырығының құдыретін танытқан Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Болат Ниязымбетов, Бақтияр Артаев сынды батырлардың шаршы алаңдағы әрбір қимылдары – мен үшін үлкен сабақ. Нұрлан аға Бақтиярды баптағандықтан, Артаевтың жұдырықтасу мәнеріне икемделгім келетіні рас. Қазақтың әрбір батыр боксшыларынан сабақ алып, кәдеме жаратып отырамын. Құдай қаласа, Лондонда туымызды тік ұстап келсем деймін. – Айтқаның келсін! Әлемнің қола жүлдегері Ғани Жайлауовтың отбасы туралы білгісі келетін оқырманның қарасы көп... – Отбасымыз өте қарапайым. Әкем – жүргізуші, анам үй шаруасына бас-көз болып отырған мейірбан жан. Екі інім, Замира есімді келіншегім бар. Жарым екеуміз тұңғышымыз жарық дүниеге келетін күнді күтіп жүрміз. Сұхбаттасқан Ақырыс СЕЙІТҚАЗЫ
Парижге кімдер барады?
Дегенмен толағайларымызға да оңай болмайын деп тұр. Спорттың қай түрінде болмасын, бәсекелестік қазір қызып тұр. Ауыр атлетика бізде қалай дамып жатса, өзге елдерде де солай дамып жатыр. Тұралап қалған ешкім жоқ. Басты қарсыластарымыз Қытай, Ресей, Түркия құрамалары да Бейжің Олимпиадасынан кейін көрсеткіштерін көркейте түскен. Сондай-ақ Молдова, Белоруссия, Болгария, Иран секілді құрамаларды да қатардан сызып тастауға болмайды. – Иә, бәсекелестік өте қызу болайын деп тұр. Өйткені біз сияқты басқа елдер де Олимпиада жолдамаларына таласары хақ. Дегенмен біздің спортшылар да қарап қалмас. Міндетті түрде алтынның жалына жармасатын боламыз. Қазір бәрі де Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Күніне екі мәрте жаттығады. Өкінішке қарай, Рүстем Сыбай, Дәурен Шәутеев, Мария Грабовецкая сынды толағайларымыз жарақаттанып қалды. Алайда басқа саңлақтарымыз олардың орындарын жоқтатпайды деген сенімдемін, – деді Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тәпсірұлы. Олимпиада жолдамасы демекші, дәл қазір қоржынымызда Лондон Олимпиадасының жеті лицензиясы бар екен. Оның төртеуі қыздардың еншісінде болса, үшеуін жігіттер иеленген. Енді құрама бапкерлері осы чемпионаттың қорытындысы бойынша тағы екі лицензияға қол жеткізуді көздеп отыр. – Өздеріңіз білесіздер, қараша айының
? Б Б II Л Л Г Г II М М
4-і мен 14-і аралығында Франция астанасында лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Сондықтан қараша айының басында Парижге аттанамыз, – деп бастаған ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни де әлем біріншілігі туралы өз ойымен бөлісті. – Қазір дайындықтың соңғы кезеңін Алматыда өткізудеміз. Барлығы жиырма атлет жаттығуда. Бірақ Илья Ильин бізбен бірге емес, жаттығуын жеке жүргізіп жүр. Қазіргі бапкері Тойшан Бектеміров екеуі – бүгінде Астанада. Алайда оның жағдайы, көрсеткіштері өте жақсы. Сонымен, осы айдың 28-і күні соңғы іріктеу күнін өткіземіз де, әлгі жиырма атлеттен бесеуін елде қалдырып кетеміз. Ал Францияда, сіздер дұрыс түсініңіздер, бірінші кезекте алтын медальға емес, лицензияға таласамыз. Яғни, толағайлар зілтемір сахнасына шыққанда бірінші мүмкіндіктерін командалық сынға арнап, төмендеу салмаққа тапсырыс береді. Өйткені бірден ауыр штангаға тапсырыс берсе, көтере алмай қалуы мүмкін. Нәтижесінде, командалық сында да ұпайымыз аздау болады. Ал бірінші мүмкіндіктерін ойдағыдай бағындырса, келесі мүмкіндіктерінде медальға таласатындай салмақтарға тапсырыс береміз. Енді ерлеріміз екі лицензия алса, жақсы болар еді. – Негізі, ауыр атлетикада Олимпиадаға әр ел алты жігіттен апаруға болатын еді ғой. Қазір ерлерімізде – үш лицензия. «Тағы екі жолдамаға таласамыз» дедіңіз. Екеу емес, үш лицензия алу қолымыздан келмей ме? – Иә, теориялық тұрғыдан қарастырар болсақ, үш лицензия алуға болады. Бірақ мен мүмкіндігімізге шынайы көзбен қарайтындардың қатарынанмын. Яғни, шамамыздың екі лицензия алуға жететіндігін
К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н
Таланттар тәрбиелеп, тұғырға шығардық 8 қазаннан бері Алматының іргесіндегі Байсерке ауылында орналасқан Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан екінші «Одақ чемпионаты» өтуде. Биыл екінші рет ұйымдастырылып есепте Новосибирск қыздары топ жарып, отырған халықаралық турнирге әлемнің 14 Словакия құрамасы екінші болды. Ресей елінің құралайды көзге атқан мергендері құрамасы үшінші орын алса, Қазақстан келіпті. Спортшылардың жалпы саны – құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты. 188. Бұл турнирдің жүлде қоры да – қо- Осылай қыздар арасындағы мергендер мақты-ақ, 200 000 АҚШ долларын құрай- сайысында бізге бірде-бір жүлде бұйырды. Сондай-ақ әлем және Азия рекордтарын мады. Есесіне, ерлер арасында жүлденің жаңартып, қайталағандарға да арнайы барлық түрін алдық. Ерлер арасында жас сыйлықтар тағайындалған. дарын Александр Ещенко жеңімпаз атанып, Қазақ даласына жиналған сұрмергендер Асанов атындағы атқыштар клубына жиәуелі трап (немесе ор стенді) жаттығуы налған жерлестерімізді қуантты. Екінші, бойыншы сынға түсті. Әйелдер арасында үшінші орындарда – Ресей мергендері бәсекелестік шектен тыс тартысты болды. Валерий Шомин мен Николай Пильщиков. Мамандар бірінші орынды Бейжің Олим- Командалық есепте Ресей алдымызды пиадасының чемпионы, Финляндия мер- орап кетіп, біздің мергендер (Александр гені Сату Макела-Нумела алатын шығар Ещенко, Владислав Мухамедиев, Сергей деп ойлаған. Бірақ орыс қызы Людмила Колос) күміспен күптелді. Ресейдің ноПшеничникова одан асып түсіп, жеңімпаз рильскілік мергендері қола жүлдеге қол атанды. Екінші орынды Ұлы бри тания жеткізді. Ал жастар арасында тек Қазақстан мергені Шарлотта Кервуд иеленсе, Сату бозбалалары бақ сынап, барлық жүлде Макела-Нумела үшінші орынмен шектелді. өзімізге бұйырды. Әлішер Омаров Командалық есепте Еуропа құрамасы алтынмен апталса, Владимир Почивалов жеңіске жетсе, екінші орынды Ресей мер- күміспен күптеліп, Андрей Фролов қола гендері иеленді. Ал Қазақстан қыздары медаль иеленді. Ардагерлер арасында (Жанна Әлиханова, Мария Дмитриенко, Сергей Колос дара шықты. Қазақстан ардаАнастасия Давыдова) үшінші орынға ие герлерімен сынға түскен санаулы шетелболды. діктердің бірі екінші орынға ие болды. Ол Ерлер арасында да Ресей мергенінің – грузин Тамаз Имнашвили. Үшінші орында бағы жанды. Атап айтқанда, Максим Коса- – қазақстандық Валерий Серов. рев бас бәйгені иеленді. Екінші орынды Қазақстан мергендерінің скит жаттыИталия спортшысы Даниелли Реска иеле- ғуында жоғары нәтиже көрсеткендеріне ҚР ніп, қола жүлде Қазақстан мергені Виктор стенд ату федерациясының президенті Хасяновқа бұйырды. Командалық есепте Тимур ИСАТАЕВ ерекше қуанды. Италия жігіттері топ жарды. Ресейдің екі – Олимпиада ойындары бағдарламакомандасы (бірінші және екінші) күміс сына кіретін жаттығуда, яғни скитте біздің және қола жүлдегер атанып, Қазақстан спортшылардың жүлдеге ілініп, жоғары мергендері жүлдеге бір табан жетпей, нәтиже көрсеткендеріне ризамын. Әсіресе, төртінші орынды қанағат тұтты. ерлер арасында Александр Ещенконың Жастар арасындағы сында Қазақстан жеңімпаз атанғанын атап өткім келеді. Ол бозбалалары көп болса да, бірінші орынды – біздің енді ашылып, жарқырап өсіп келе ресейлік Алексей Гуляев қақшып кетті. Әрі жатқан жас жұлдызымыз, – деді ол бәрінен едәуір асып түсті. Жерлестеріміз қуанышын жасыра алмай. Александр Клейменов пен Асхат Жашыбай Осы спорт түрін жандандырып, жетілжүлделі орындарға ілікті. Ардагерлер діре түсуге күш салып жатқан басшылардың арасында фин «ақсақалы» Мати Нумела қуанышы өте орынды. Еңбектері жана үздік шығып, екінші және үшінші орындарға берсін дейміз. Ал Александр ЕЩЕНКО: Ресейдің егде мергендері орналасты. – Мен Асанов атындағы клубтың төл Скит (немесе дөңгелек стенд) жатты- баласымын, сондықтан осы жерде жеңіс ғуындағы әйелдер арасында Словакия тұғырының ең биік сатысына көтерілуімнің қызы Данка Бартековаға тең келер ешкім маңызы зор. Өз көрсеткішіме ризамын, болмады. Оған әлем рекордын қайталауға бірақ Азия рекордын қайталауға бар болбір-ақ ұпай жетпеді. Надежда Коновалова ғаны бір ұпайым жетпеді. Сол болмаса, – мен Ольга Панарина (екеуі де ресейлік) деп өкінішін білдірді. жүлделі орындарға орналасты. Командалық Нұрғазы САСАЕВ
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ
Ақтөбеде – жаңа алаң
Бокстан әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін былғары қолғап шеберлеріне ренжіп отырған қазақ спортсүйер қауымы енді бар үмітін толағайларымызға артып отырғаны жасырын емес. Шынында да, соңғы кездері елімізде ауыр атлетика төрден боксты ысырып тастаған сыңайлы. Спортымыздың төріне толағайлар жайғасып отыр. Осы төрден түспеу үшін нар тұлғаларымыз осы жолғы әлем чемпионатында да бар өнерлерін салатын болады.
Әзиз ЖҰМАДІЛ
7
Ақтөбеде тұрғындардың спортпен айналысуына жағдайлар жасау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді.
білген соң, өзімізге осындай тапсырманы жүктеп отырмын. Сонымен, Францияға кімдер барады? Қанша алтынға таласа аламыз? Бұл сұрақтарға ұлттық құрамамыздың аға бапкері Вилорий Пак жауап берген еді. Жалпы, Вилорий Викторұлының айтуынша, Қыздардан 53 келіде – Зүльфия Чиншанло, 63 келіде – Мая Манеза, 69 келіде – Ирина Некрасова мен Жазира Жапарқұл, 75 келіде – Светлана Подобедова мен Анна Нұрмұхамбетова және аса ауыр салмақта Александра Аборнева дүниежүзілік додаға тыңғылықты дайындалуда. – 69 келіде екі қыздың қайсысы баратынын 28 қарашада шешеміз. Ал жігіттерден 77 келіде – Кирилл Павлов, 85 келіде Владимир Кузнецов жаттығып жүрген болса, 94 келіде Илья Ильин, Владимир Седов және Алмас Өтешев үшеуі екі орынға таласады. Осылардың ішінде қайсысының көрсеткіші төменірек болса, соны 105
Б Б II Р Р
келіге жібереміз де, әлем чемпионатында ол біз үшін командалық ұпай алып беруге барын салатын болады. Сондай-ақ 105 келіде Сергей Истомин мен Игорь Ващанов та дайындалуда. Ал 105+ келі салмақта Дмитрий Каплин мен Александр Зайцев бар. Дегенмен Парижге нақты кімдердің баратындықтары тек айдың соңында ғана белгілі болмақ. Әзірге мақсатымыз – жолдамадан бөлек, екі алтын алу. Басты үмітті Илья мен Светаға артып отырмыз. Дегенмен Зүлфия Чиншанло мен Мая Манеза да бас жүлдеге таласып қалуы әбден мүмкін. Иә, мамандардың сөздерінен аңғарғанымыз, әлем біріншілігінде толағайларымыздан жоғары нәтиже күту артықтау секілді. Қазіргі басты мақсатымыз Олимпиада жолдамасы екенін де түсіндік. Демек, Парижде бір саусақтарын бүгіп қалатын атлеттеріміз бар өнерлерін келесі жылы Лондонда паш етпек қой.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражатынан осы заманның талаптарына сай тұрғызылған бес спорт алаңы іске қосылды. Өткен апта соңында тағы да бір көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа нысан «ИнтерГаз Центральная Азия» АҚ қаражатымен салынды. Ақтөбедегі №23 орта мектептің жанынан бой көтерген заманауи спорт алаңы шағын футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған екі үлкен алаңнан тұрады. 924 шаршы метр жасанды төсеніші, арнайы құрал-жабдықтары мен көрермендерге арналған трибуналары бар. FIFA сапасының талаптарына жауап беретін футбол алаңының ауданы 22х42 метр болса, баскетбол, волейбол ойындарына арналған алаңның ауданы 594 шаршы метрді құрайды. Жаңа нысан тек мектеп оқушыларының ғана емес, осы шағын ауданда тұратын басқа балалардың да дене шынықтырумен айналысуларына мүмкіндік береді.
Асылбек ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, Ақтөбе облыстық спортты дамыту және туризм басқармасының бастығы: – Мұндай бастама келер жылы да жалғасын табады. Биыл бес спорт алаңы іске қосылса, алдағы жылдың үлесінде 30 жоба бар. Олардың бәріне бюджеттен қаржы қарастырылған. Сон дай-ақ жеке кәсіпкерлердің де үлестері аз емес. Облыста бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөлінуде. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін көбейту мақсатында Ақтөбедегі Ауылшаруашылық колледжі жанынан өткен жылы арнайы бөлім аштық. Былтыр осы оқу орнын 19 түлек тамамдаса, биыл 35 маман дипломдарын алып, ауыл мектептерінде жұмыс жасап жатыр. Самал ҚАРАЖАН, Ақтөбе
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
Чемпиондар «шайқасты» Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойындарында көшбасшылар кездесіп, мұзайдын додасының көрігін қыздырды. Қарағандыда Атыраудың «Бейбарысы» (өткен маусымдағы ел чемпионы) мен жергілікті «Сарыарқа» (оның алдындағы, яғни 2009/2010 жылдар маусымындағы чемпионымыз) кездескен еді. Соңғы екі маусымдағы қос чемпионымыз биылғы біріншілігімізді де тәп-тәуір бастап, көш басында үзеңгі қағыстырып келе жатқанды. Бірінші күнгі ойында Жайық жағалауынан келген клуб жеңіске жетті. Есеп – 2:1. Сыңар кездесудің екіншісінде «Сарыарқа» тура осындай есеппен есе қайтарды. Бұл матч шектен тыс шиеленісті өтті. Үшінші ке-
зеңге дейін есеп ашылмай, екі команда ұзақ арпалысты. Екінші кезеңде тіпті бірнеше рет керілдесіп, жұдырықтасып та алды. Сөйтіп, «Сарыарқа» мен «Бейбарыс» екі кездесуде сарапқа салынған алты ұпайды қақ бөліп алды. Қазір «Бейбарыс» 16 ойыннан 42 ұпай жинап, бірінші орында тұрса, «Сарыарқа» 14 кездесуден 36 ұпай еншілеп, екінші орынға жайғасқан. Екеуі де екі рет қана жеңілістің кермек дәмін татты. Яғни жоғалтқан ұпайлары мен пайыздық көрсеткіштері – бірдей. Нұрғазы САСАЕВ
С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ
Жанкүйерге сыйлық беремін деп сіңірі шыққан
Өздерін-өздері алаңнан қуған төрешілер
Олимпиада ойындарында чемпион атанып, жұлдегер атанған спортшыларға сыйлық, сыйақылар үлестіріп жатады осы. Ал жанкүйерлерге неге мұндай сыйлық берілмейді. Менің ойымша, сүйікті командасына жан-тәнімен қолдау көрсеткен жанкүйерлер қауымы да мұндай сый-сыяпатқа лайық емес пе? Еңлік ДӘКЕН, Ақтөбе Жанкүйерлерін ұмыт қалдырмаған деп жеңіп алса, қуырылған картоп үлестірілген. Ал алАмериканы айтуға болады. 1984 жылы Лос-Анд- тын жеңіп алса, «бик-маг» тағамын аста-төк таражелес Олимпиадасында жедел тамақ әзірлеуден туға уәде берген. Алайда бұл жомарттық өзін-өзі әлемдік көшті бастап тұрған «Макдонналдс» ақтаған жоқ. Себебі Кеңес Одағы Олимпиадаға осындай бір акция ұйымдастырған. Америка- келуден бас тартты да, жүлделі орындардың көлықтар қола медаль жеңіп алса, әрбір клиентке бісін америкалықтар олжалады. Ал бұл өз кезебір стакан кола тегін таратылған. Егер америка- гінде «Макдонналдсты» тақырға отырғызуға лықтар қандай да бір спорт түрінен күміс жүлде дейін апарды.
Командалық спорт түрлерінде ойынды бақылайтын төрешінің тәртіп бұзған спортшыны алаңнан қууға құқы бар. Ал осы төрешілердің өз-өзіне үкім шығарып, өзін алаңнан аластатқан сәттер әлемдік спортта кездесті ме? Данияр ШАЛАБАЕВ, Жамбыл облысы Әлемдік футбол тарихында мұндай оқиға екі рет кездесті. «Питерборо» мен «Роял Мэйл» арасындағы матчқа қазылық жасаған Энди Уейн өз-өзіне қызыл қағаз көрсеткен. Әрине, жанкүйерлер мен футболшылар мұны түсіне алмай әлек болған. Өз шешімімен келіспей қалған қақпашыға жүгіріп
барған ол, қақпашының сұсынан сескеніп, қызыл қағазды өзінің атына жазып, алаңнан кете барады. Ал «Саутгемптон» мен «Херстборн» кездесуіне төрелік еткен Мелвин Сельвест бір ойыншыға бірнеше мәрте соққы бергені үшін, алаңнан кетуім керек деп шешкен болатын.
18.30
20 қазан
18.30
«Сен үшін» (комедия)
21 қазан
18.30
«Күшік күйеу» (комедия)
авт. Т.Ахтанов реж. Б.Ұзақов
22 қазан
18.30
«Қызыл алма» (лирикалық комедия)
авт. Э. Хушвақтов реж. В.Умаров
23 қазан
18.30
«Сен үшін» (комедия)
авт. Э. Хушвақтов реж. В.Умаров
авт. Е.Аманшаев реж. С.Қарабалин
К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры (Астана) www.astana-anshlag.kz
авт. Е.Жуасбек реж. Н.Жұманиязов 21 қазан
22 қазан
19.00
«Риголетто» (үш қойылымды опера) «Бахшасарай субұрқағы» (үш қойылымды балет)
17.00
авт. Е.Жуасбек реж. Н.Жұманиязов
Дж. Верди
Қыдырәлі Қойтай (1951) – «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы бас редакторының орынбасары; Мырзағали Іңірбаев (1952) – ақын; Есетжан Қосубаев (1955) – «KazEnergy» қоғамдық қорының президенті; Рахымжан Отарбаев (1956) – жазушы, драматург; Серік Қапаров (1961) – «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партиялық мектебі директорының орынбасары. Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін! «Алаш айнасы»
Б. Асафьев
Белгілі есімнің белгісіз сыры 23 қазан
«Богема» (екі бөлімді опера)
17.00
ҚЫДЫРӘЛІ – діни ныспы. Қызыр пайғамбардың (шөлдегенді жебеуші) және Әзіреті Әлінің (соңғы пайғамбарымыздың күйеу баласы) құрметіне қойылған есім. Баласын имани ортадан көргісі келетін қазақ халқы жаңа туған сәбиге осы атты ырымдап қоятын болған. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.
Дж. Пуччини
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы (Алматы) www.philharmonic.kz 19 қазан
22 қазан
17.00
18.30
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған дәстүрлі ән, күй концерті Композитор Ф. Листтің 200-жылдығына арналған концерттік бағдарлама
23 қазан
18.30
Вокалды музыка кеші
24 қазан
18.30
ҚР Мемлекеттік үрмелі оркестрімен концерт
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушылары Е.Рысқали, Н.Әшіров
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Алматы) www.gatob.kz
18.30
«Паванга мавра», «Кармен сюита» (бір актілі балеттер)
Г.Перселл, Ж.Бизе, Р.Щедрин
20 қазан
18.30
«Махаббат шәрбәті» (опера)
Г.Доницетти
21 қазан
18.30
«Сильфида» (балет)
Х.Левенсхольд
Г. Нұрғалиева, Г.Үзенбаева (фортепиано)
22 қазан
18.30
Дирижері Қанат Ахметов
23 қазан
17.00
Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі Дирижері – Е.Ахмедьяров Жеке орындаушылар: Ж. Сулейманова, Д. Есімханов
19 қазан
Шығуы 07:10
ҚР Халық әртісі Шора Үмбеталиевті еске алуға арналған концерттік бағдарлама «Аққу көлі» (балет)
П.Чайковский
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
Мыңдаған асқабақтан қамал тұрғызды
Төсек қатынасы адамды есінен тандырады
Украинаның Тернополь облысының Збараж қаласында асқабақтан қамал тұрғызылды. Қаланың 800 жылдығына арналған ерекше құрылысқа тұрғындар 7000 асқабақ жұмсады. Збараждықтардың айтуынша, дүниежүзінде бұрын-соңды мұндай қамал болған емес. Бірақ әзірше нысан Гиннестің емес, Украинаның рекордтар кітабына ғана енгізілді. Батыс Украина халқы үшін асқабақ – қастерлі өнім. Ол – күнделікті тұтынатын ас қана емес, емдік-магиялық қасиеті бар көкөніс. Збараж тұрғындары «асқабақ бізді әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқынынан құтқарады» деп отыр. «Асқабақ қыздарға өмірлік жар таңдауға көмектеседі деген ырым бар. Сонымен бірге оның құрамында
Секс адамды ақыл-есінен айырады екен. 100 мың адамның ішінде төсек ләззатынан амнезияға ұшырау жағдайлары 3-5 рет кездесуі мүмкін. АҚШ-тың Джорджтаун университеті ғалымдарының мұндай қорытынды жасауына 54 жастағы әйелдің диагнозы себеп болды. Пациент өзінің бір тәулік бойы не істегенін есіне түсіре алмағандықтан, Вашингтон ауруханасының дәрігерлеріне көрінген. Ақ халаттылардың анықтауынша, әйел күйеуімен болған төсек қатынасы кезінде есте сақтау қабылетінен айырылған. Ғалымдар оның «өтпелі ауқымды амнезиядан» зардап шеккенін айтып отыр. Бірақ әйелдің миына
нәрлі заттар бар. Ал емдік қасиетінің арқасында оған дүниежүзілік нарықта сұраныс көп», – дейді Тернополь облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Валентин Хоптян.
СКАНВОРД Бюджет. өтеусіз несиесі
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!
Өзге елге астыртын жіберілетін адам
Сусынға салынатын тұз
Жапон күресі
Біржан салдың баласы
Император
Алматы филиалы мен «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Қазақстан поштасының 18 жылдығын тойлау шеңберінде 2011 жылдың 19 қазанында Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 134-үй мекенжайы бойынша операциялық залда «Жазылушылар күні» өтеді. Шараның ашылуы сағат – 10.00-де. Бұл күні 2012 жылдың кейбір мерзімдік басылымдарына жазылуды қабылдау жеңілдікпен болады. 2011 жылдың 19 қазанында сағат 15.00-де 2012 жылдың жазылушылары үшін жүлделер ойынға салынады. Сонымен қатар сіз 2012 жылға газет-журналдарға жазылуды Алматы қаласының кез келген пошта байланыс бөлімшесінде ресімдей аласыз.
Кесек үгітетін диқан құралы Өзіндік ерекшелігі бар өлең түрі
Жүгері
Қобыздың қияғы
Көне жазу ... Пиаф (Әнші)
Ан-124
Көз қарашығына түскен шел
... Мұратбаев
Ең ұзын тау
Сіздерді күтеміз! АФ «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты», анықтама телефоны: 2616112
Сел, тасқын
Б. Соқпақбаевтың повесі
Жасын
e-mail:
[email protected]
Тұқым
Үскірік суық
Қойбұршақ
Жүн
САРЫШАЯН Бұл күні сіз үшін бәрі де үйлесімді. Өте тыныш жерде іскерлік немесе жеке тұрғыдағы әңгіме-дүкен құруға тиімді. Көп адам жиналатын жиналысқа өз мүмкіндігіңізше қатыспаған жөн. Қаржылық жағдайыңыз айтарлықтай жақсы.
ЕГІЗДЕР Бұл күні сіздің күш-қуатыңыз мол, іскерсіз әрі шаршамайтын майталмансыз. Көптеген мәселелердің шешімін шемішкедей шағып, жан-жағыңыздағыларға жаға аласыз. Жұмыста табысқа жетуге және жағдайды жақсартуға жақсы күн.
МЕРГЕН Бүгін айналаңыздағы адамдардың айтқан ақылына құлақ түріңіз. Қаржылық жағдайыңыз жақсарып, өзіңіз жоспарлаған нәрсені сатып алуға мүмкіндігіңіз мол болады. Күтпеген іскерлік ұсыныс келіп түседі, қабылдағаныңыз абзал.
ШАЯН Бірнәрсе жасамас бұрын, алдын ала жақсылап ойланғаныңыз жөн. Асығыстық кез келген істе кедергісін тигізуі мүмкін. Бүгін үй шаруасымен айналысатын болсаңыз, абай болыңыз. Кешке жақсы әндер тыңдап, музыкамен демалыңыз.
ТАУЕШКІ Кәсіби және жеке тұрғыдағы көптеген мәселелерді бүгін оңды шеше аласыз. Күрделі деген кез келген сын, сізге қорқынышты емес. Барлық жерден амал тауып шыға аласыз. Ақшаңыз аз болса да, өзіңізге де, басқаларға да жеткізесіз.
АРЫСТАН Бұл күні өзіңізге тән еркіндік пен тәуелсіздік шектен шығып кетуі мүмкін. Өйткені жақындарыңызбен жоспарыңызды бөліскіңіз келмейтіні бір бөлек, сондай-ақ болған оқиғаны да айтпайсыз. Нәтижесінде, ренжісуіңіз мүмкін.
СУҚҰЙҒЫШ Бұл күні сіз біршама қиын жағдайға тап боласыз. Айтарлықтай қиын шешім қабылдауға тура келеді. Алайда сіз өзіңіз не қалайтыныңызды білмейсіз. Сізге жақындарыңыздың қолдауы, қиын сәтте жаныңыздан табылатын адам керек.
БИКЕШ Бұл күн өз бетіңізше жұмыс жасауға ыңғайлы. Сізді бірден түсінетін көмекші табу қиынға соғады. Сонымен қатар сізге құнды нәрселерді бағалайтын және қызығушылықтарыңыз бен көзқарасыңызды қолдайтын жаңа жұмыс табасыз.
БАЛЫҚТАР Сіз бүгін өзіңізді көптен бері мазалап жүрген сұрақтардың жауабын табасыз. Егер маңызды шешім қабылдау қажет болса, сезім мен көңіл-күйдің әсеріне берілмей, ақыл-ойдың таразысына жүгініңіз. Туысқанда рыңызбен жүздесесіз.
+6+8о
+9+11о 0 -2
о
Газетіміздің №184 (636) санында жарияланған сканвордтың жауабы КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Квас. Амал. Тана. «Алқа». Трап. Фреска. Егде. Танаис. Ұялас. УЗИ. Сет. Жоян. Гоби. Әуе. Ру. Ясон. Утас. ТІГІНЕН: Увология. Окс. Лия. Эстафета. Нән. Асс. Пантеон. Егеу. Марс. Ауто. Акциз. Бра.. Алапа. Сириус.
Достық даңғылы
Әскери бөлімше
«АЛАШ АЙНАСЫ» Бегалин көшесі, 148/ 1а
Луганский көшесі
Атұстар
Абай даңғылы
-1 -3о
Қабанбай батыр көшесі
+19+21
+9 +11о -4 -6о
+4+6о
+8+10о 0 -2о +8+10о 0 -2о
+10+12о
+10+13о
0-2о
-3 -5о
+14+16о
о
+6+8о
+8 +10о
Құрманғазы көшесі
-2 -4о
+7+9о
-2 -4о
Республика сарайы
+4+6о
0-2о
+7+9о
Байтасов көшесі
Бегалин көшесі
Түн құсы
Ауа райы
Жарылғыш зат
ТАРАЗЫ
Сіз бұл күнді айтарлықтай жаңалықсыз, тыныш өткізесіз. Әрине егер өзіңіз алыс болашаққа жоспар құрып, әлек болмасаңыз, барлығы да жақсы болады. Алдын ала тәжірибеден өткізудің қажеті шамалы, бәрі өз уақытымен келеді.
ТОРПАҚ
Сәтбаев көшесі Коккинаки көшесі
Сіз бүгін өзіңізді де жақындарыңызды да босқа мазасызданудан құтқаратын дұрыс шешімдер қабылдайсыз. Өзіңізге тән жинақылық пен әдісшілдігіңіздің арқасында, басқаларға пайымды кеңес, парасатты ескерту айтып, ырза етесіз.
Телефон: 8(727)388-80-60, Факс: 8(727)388-80-61
Бегалин көшесі
Уыққа жабылатын киіз
ТОҚТЫ
Бұл күні алдағы күнге деген мақсатыңыз бен жасаған жоспарыңызды алдын ала ешкімге айтпа ғаныңыз жөн. Сондай-ақ қанша еліктіріп тұрса да, айтқан ұсыныстың бәріне келіспеңіз. Болмаса мойныңызға артық міндеттер артасыз.
Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А
Бұйрық
Батуы 18:04
ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 «ЗиЛ» бастапқыда
Ақпарат мөлшерін өлшеу бірлігі
ешқандай зақым келмеген, мұқият емделген соң, оның ақыл-есі қалпына түседі. Мұндай ауру 100 мың адамның ішінде 3-5 рет кездеседі екен. Амнезия төсек қатынасынан ғана емес, ауыр көтеру немесе бала босанудан да болады.
Ұзақтығы 10.54
+2 +4о
+15+17
+2 +4
+15+17о +5+7о
+21+23о +8+10о
+16+18
+7+ 9
О О
+14+16о +8+10о
Кезекшi редактор – Гүлнар АХМЕТОВА
Газет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
Бағасы келiсiмдi
Шымкент – Шадияр МОЛДАБЕК, тел.: 8705 9877799
19 қазан
19.00
«Балкон» (романтикалық иллюзия)
Өскемен – Азамат ҚАСЫМ, тел.: 8777 3554114
23 қазан
«Қызыл алма» (лирикалық комедия)
авт. Э. Хушвақтов ауд. И. Сапарбай реж. Б. Сейітмамытұлы
О О
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры (Астана) www.kazteatr.kz
Сүйе білсең... (лирикалық комедия)
Жарнама бөлімі тел.: 8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78 e-mail:
[email protected]
19.00
Найля Шәріпова (1947) – ҚР Ұлттық Инженерлік академиясы Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен халықаралық байланыс департаментінің директоры;
Қызылорда – Әділжан ҮМБЕТ, тел.: 8777 7054466
22 қазан
Шәмшиден Әбдіраман (1937) – фантаст-жазушы;
Күләш НАҚЫПОВА – аға корректор, тел.: 388-80-76
18.30
авт.И.Сапарбай реж.Е.Обаев Т.Аралбай
Астана қаласы «Астана-Полиграфия», Брусиловский көшесi, 87-үй. Тел.: 8 (7172) 37-05-59 Тапсырыс – №2216
авт. Ш.Айтматов инсц. жасаған және реж. Т.Теменов
19.00
Тарату қызметi (бөлшектеп сату және жазылу) тел.: 8 (727) 388-80-88
Сыған серенадасы (мюзикл)
21 қазан
Төрегелді Шарманов (1930) – Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымының докторы, профессор, академик;
Қызылжар – Ербақыт АМАНТАЙ, тел.: 8 705 4418255
Премьера! «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» (трагедия)
Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Е.Обаевтың мерейтойлық кеші
Мыңбай Рәш (1930) – ақын, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;
Жамбыл – Гүлжан КӨШЕРОВА, тел.: 8701 7711648
авт. Ш.Айтматов инсц. жасаған және реж. Т.Теменов
Нұрлыбай ИТЕКБАЕВ – тех.редактор
19.00
Мақсат ӘДIЛХАН Бас редактордың орынбасары
23 қазан
20 қазан
Туған күн иелері
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
18.30
авт. Б.Жәкиев ауд. Ә.Сығай реж.Е.Обаев
Премьера! «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» (трагедия)
Қарағанды – Серiк САҒЫНТАЙ, тел.: 8777 3909779
22 қазан
Жүрейік жүрек ауыртпай (драма)
авт. Ғ.Мүсірепов реж. Ж.Хаджиев
Талғат КIРШIБАЕВ – жауапты хатшының орынбасары
18.30
авт.Т. Нұрмағамбетов реж. Е.Обаев
18.30
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ Бас редактордың бiрiншi орынбасары
21 қазан
Ескі үймен қоштасу (драма)
19 қазан
Маусымның ашылуы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (трагедия)
Аймақтағы тiлшiлер:
18.30
авт. М.Әуезов реж. Е.Обаев
Астана бюросы: Мекенжайы: Сейфуллин көшесi, 31, офис 215 Тел.: 8 (7172) 54-27-31 E-mail:
[email protected] Айбын ШАҒАЛАҚОВ – Астана бюросының жетекшiсi Салтан СӘКЕН – тiлшi Қанат ТОҚАБАЕВ – тілші Арман АСҚАРОВ – тілші
20 қазан
«Айман-Шолпан» (музыкалық комедия)
Бөлiм редакторлары: Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ – саяси бюро, тел.: 388-80-72 Берiк ӘШIМОВ – нарық, тел.: 388-80-69 Қалдар КӨМЕКБАЕВ – қоғам, тел.: 388-80-65 Алмат ИСӘДIЛ – өркениет, тел.: 388-80-64 Нұрғазы САСАЕВ – дода (спорт), тел.: 388-80-74 Болатбек МҰХТАРОВ – жаңалықтар, тел.: 388-80-68 Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiктi тiлшiлер қосыны, тел.: 388-80-62
18.30
Айдын ҚАБА – жауапты хатшы
19 қазан
Құрылтайшысы және меншiк иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС Директор – Александр Филимонович АН
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы) www.teatr-musrepov.kz
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры(Алматы) www.teatr-auezov.kz
Газет 2008 жылдың 17 қарашасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелiп, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №9650-Г куәлiгi берiлген. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейдi. Авторлар қолжазбасы өңделмейдi және керi қайтарылмайды. Көлемi екi компьютерлiк беттен (14 кегль) асатын материалдар қабылданбайды. «Алаш айнасында» жарияланған материалдар мен суреттердi көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Қазанның 19-ы Алаштың атаулы күні • 1924 жылы «Халық Қаһарманы» Рахымжан Қошқарбаев дүниеге келді. • 86 жыл бұрын (1925-1988) ақын, жазушы Тоқаш Бердияров дүниеге келді. • 1989 жылы Семей полигонында ең соңғы ядролық жарылыс болды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Атырау – Бақытгүл БАБАШ, тел.: 87015533653
БҮГІН:
Алматы қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС Қалдаяқов көшесi, 17-үй. Тел.: 8 (727) 273-12-04, 273-12-54 Тапсырыс – №1044
e-mail:
[email protected] e-mail:
[email protected]
ҚАЗАН
Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс
Таралымы – 10 000 дана
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
8 8
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы,050051, Бегалин көшесі, 148/1 А e-mail:
[email protected]
ДУМАН
№185 (637) №185 (637) 19.10.2011 жыл,19.10.2011 сәрсенбі жыл, сәрсенбі www.alashainasy.kz www.alashainasy.kz