№152 (834) 29 тамыз, сәрсенбі 2012 жыл
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz Алматы
Астана
Әлемді шарпыған компьютер дерті жүйкені жеп барады
ДАТ!
Ғалым БАЙНАЗАРОВ:
Тұралаған қаржы институттары мен қалжыраған қорларға ақша 6 құюмен дағдарыс тоқтамайды
+24о с +8.. +10о с +22..
ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ
ДОЛЛАР
ЕВРО
148,93
186,37
РУБЛЬ
ЮАНЬ
4,68
23,42
EUR/USD
DJIA
1,25
13124,67
RTSI
KASE
1434,37
944,87
BRENT(ICE)
GOLD (NYMEX)
112,68
1661,90
бетте
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Алматының ауа райы мінез танытып тұр
Астана уақытымен сағат 18:00 бойынша
АҢДАТПА
Ұлттық бренділерді дамытудың арнайы бағдарламасын жасайтын уақыт жетті ме?
3
Қазақтың дала философиясы «Заманына қарай адамы» дейді. Шетелдің бір білгіші «Әрбір кезеңнің өзінің қияли-шалысы бар» депті. Рас екен. Бүгінде ғалымдар Алланың аса сүйікті жаратылысы – адамның жүйке жүйесінде ғылыми-техникалық дамудың салдарынан пайда болатын психопатологиялық жағдайлармен бетпе-бет келіп отыр. Бізде қайдам, ал шетелдің психиатриясындағы мамандар ғылыми-техникалық дамудың әсерінен жүйкесіне салмақ түскен науқастардың артып келе жатқанын айтумен келеді. Адамды мұндай күйге душар етушінің алдыңғы қатарында виртуалдық тәуелділік бар екен. Яғни жансыз болса да, етене егізіңізге айналып кеткен компьютер. Үнсіз отырып, аңдамаса, өзіне үздіктіріп қояды екен. Ал ол – психикасы түзу еместіктің алғашқы белгісі.
-бетте
Ресей кейінгі уақытта балалардың арасында жүйке-психикасының бұзылу жағдайы 80 пайызға артқанын мәлім еткен. Ол аз болса, небір қан кешкен қырғындардан құралған ойындарды құмарта ойнайтын балада, мамандардың айтуынша, қайырымдылық кеміп, қатыгездік, безбүйректік белең алады. Интернеттің кең тарауы да, оны күндіз-түні тұтынудың да түбі нашақорлық я маскүнемдік секілді тәуекелділікке әкеліп соғады екен. Әсіресе бұған 17 мен 21 жас аралығындағы бозбалалар бейім. Компьютердегі атыс-шабыс ойындар жасөспірімдерді компьютердің құлағында ойнайтын етіп шығар май тыны анық. Оның орнына ол жүйкесін, мінез-құлқын бұзады. Ғалымдар виртуал дық тәуелділік адамды деградацияға ұшыратпақ дейді. Мұның сыртында монитордан бөлінетін сәулелер, көру қабілетін тө мен дету секілді кері әсерлері тағы бар. Оған баланың сол ойын бары сында құбы л малы болатын көңіл күйін қосыңыз.
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА Әлемде компьютер, ғаламторды тұтынушылардың 2 пайызына осындай «диагноз» қойылған. Әрине, әзірге аурулардың халықаралық классификациясына кірмегенімен, мұның алғашқы белгілері бой көрсетіп отырғанын дәрігерлер де айтуда. Сондықтан алдағы жылдарда мұның сырқаттардың тізіміне енетініне шүбә келтірмейді де. Бұл туралы «виртуалды реализм» туралы терминді алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдары Массачутскінің технологиялық институты енгізіпті. Ресейде 1984 жылдары қолданысқа енген. Бұл күні виртуалды шындық психологиялық тұрғыда қарастырылуда. Өйткені қазіргі кезеңде компьютерге телмірудің соңы санаға салмақ салып, жүйке сыр бере бастады. Виртуалды тәуелділік пайда болуда. Жұрт жаппай жынды болмағанымен, жүйкесі шатқаяқтағаны анықталуда.
Жалғасы 3-бетте
5
-бетте
«Қазақстанның барысы» қайта келе жатыр
ТҮЙТКІЛ
Пайдалануға берілуі тиіс аурухана үш жылдан бері қаңырап тұр Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғындары 2004 жылы орталық аурухананың қазығы қағылғанда алақайлап, бөркін аспанға атқан болатын. Өйтпегенде ше, науқастар қысылып-қымтырылып жататын ескі аурухананың жағдайы адам айтса нанғысыз күйде еді. Араға бес жыл салып жаңа аурухананың ғимараты толық салынып бітті. Бес жылдың өзін тағатсыздана күткен абайлықтардың жаңа аурухананың шарапатын көреміз дегеніне одан кейін де табаны күректей үш жыл өтіпті. Алыстан менмұндалайтын алып ғимарат әлі қаңырап бос тұр. Ал халыққа жаңа аурухана ауадай қажет-ақ. Үміт соңынан өледі десек те, шыдамы таусылған жергілікті тұрғындардың көпшілігі бүгінде өз ауылындағы ескі ауруханада емделгісі келмейтін болып жүр. Мұнда амалы жоқтар мен шұғыл көмек қажет болғандар ғана ем алуға мәжбүр.
Шадияр МОЛДАБЕК Абай ауылындағы жаңа типті аурухананы барып өз көзімізбен көрдік. Аумағы ат шаптырымдай жерді алып жатқан аурухана ғимараты жаңа болғанымен, бізге иесіз, көштен қалған жұрттай болып көрінді. Ауласын шөп басып, жабайыланып кетіпті. Адам аяғы баспағаны бірден байқалады. Осы күні ығыжығы адамға толы болуы тиіс бұл ауруханада өлі тіршілік. Қарауылдан басқа қара көрінбейді. Есікті күзеткен қара құлыптың өзі ескіріңкіреп қалыпты. Пайдалануға берілмей жатып тоза бастаған алып ғимаратқа еріксіз жаның аши қарайды екенсің. Әлдеқашан біткен ғимарат үш жылдан бері неліктен
пайдалануға берілмей тұр? Әрлі-берлі өткен жер гілікті тұрғындар бұл сауа лы мызға тұшымды жауап бере алмады. «Қайдан білейік, алаулатып-жалаулатып салды да, бұйрық күтіп шаршаған батырдай сүмірейтіп қойды ғой, халықтың игілігіне ұсынылмаса, мұндай сән-салтанаты келіскен ғимараттан не пайда?» деген қарсы сауалдан басқа ештеңе ести алмадық. Иә, қарапайым халық қайдан білсін, олардың алдында шынайы есеп беріп жатқан жан (шенеунік) жоқ. Ал ол жерден жөн айтатын ешкімді кездестіре алмадық. Әлі кәдеге жарап тұрған, ел аузында «ескі» аталған ауруханаға да табан тіредік. Халық айтса, қалт айтпайды. Бұл аурухана, шынында да, өте ескі ғимаратта орналасқан екен.
Алматыда ауа райын болжаушы мамандар мен өртсөндірушілер бас қосып, Медеудің орман өртінен кейінгі ахуалы жайлы мәліметтермен бөлісті. Мамандар баспасөз мәслихатында «ауа райында ешқандай ауытқушылық жоқ» деп мәлімдеуі мұң екен, көзді ашып-жұмғанша Алматы бұрын-соңды болмаған алапат ақ шаңның астында қалды. Тамыздың 22-24-і күндері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында ауа температурасы тым жоғарылап, бірнеше ірі дала өрті тіркелді. Бірақ синоптиктердің айтуынша, нормадан ауытқыған ешқандай құбылыс болған жоқ және алдағы уақытта да күтілмейді. Ал биылғы қатты ыстық Алматының физикалық және географиялық орналасуына байланысты ерекше сезілді. Биыл жазда ауа температурасы орташа мәннен 1,5-2 градусқа ғана жоғарылаған. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысында көктем мен жазда қуаңшылық болғандықтан, шілде мен тамыз айларында ылғалдың жеткіліксіздігі байқалды. Оңтүстік астанадағы биылғы жаздың ең жоғарғы температурасы (+37,9 градус) тамыздың 23-24-і аралығында тіркелді. «Қазгидромет» кәсіпорны қызметкерлерінің сөзіне сенсек, енді күз айлары жауын-шашынсыз болады, бірақ жаздағыдай ыстық қайталанбайды. Тамыздың 30-ы күні ауа райы ашық болып, орташа температура 28-30 градус ыстық болуы ықтимал. Демек, дала мен орман өрті қаупінің сейілетін түрі жоқ. Ме деу шатқалындағы Мохнатка тауында бықсыған ағаштар әлі де кездеседі. Кеше Алматыда соңғы жылдары сирек болатын алапат ақ шаң көтеріліп, сол қауіпті күшейте түсті. Аспан түнеріп, қала ішінде алысты көру мүмкін болмады. Мамандардың айтуынша, желдің жылдамдығы артып, бұлт үйірілгенімен, жауын-шашынның болмауынан шаң ауада тұнып қалған. Қонысбек БАЙЕДІЛОВ, «Қазгидромет» РМК директоры: – Биылғы жаздың аса ыстық болғаны рас. Бірақ одан шошынудың қажеті жоқ. Себебі Алматы қаласының физикалық және географиялық орналасуын бәріміз білеміз. Ешқандай аномалиялық құбылыс болмайды. Алдағы уақытқа ауа райының болжамдарына тоқталсақ, күз құрғақ болады, жаңбыр тек қараша айында жауады деп күтілуде. Қыркүйек пен қазан айларында орташа температура 25 градус жылыны құраса, кей жерлерде 33 градусқа дейін барады. Қазір ыстықтың беті қайтты. Бүгін аздап жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы 26-28 градусты көрсетеді. Мейрам күндері күн ашық болып, күндізгі температура 28 градус болуы ықтимал. Жанат АҚЖОЛОВ, Алматы қалалық ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы: – Тамыздың 22-сі күні өртенген Мохнатка тауындағы өрт толығымен сөндірілгенімен, ағаштардың тамырлары мен діңдері бықсып, жел күшейгенде, кей жерлерде әлі де өрт шығып жатыр. Бірақ бәрі қатаң бақылауда. Қазір ол жерге тәулік бойы жұмыс істейтін Төтенше жағдайлар департаментінің штабы қойылды. Олар гондола жолының қасында орналасқан, ол жерден тау жақсы көрінеді. Сонымен қатар бес техника мен бес автоцистерна өрт болған аумақта тұр. Өрттен келген шығынның көлемі мен оның себеп-салдары әлі де тексерілуде.
АУА РАЙЫ
+26о с +14.. +16о с +24..
Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ
Жалғасы 3-бетте
ОЙ-КӨКПАР
7
-бетте
Ресейдегідей балаларды зиянды ақпараттардан қорғау туралы заң керек пе? ИƏ
...дедім-ай, ау!
Георге ПОПЕСКУ, «Барселона» футбол клубының әйгілі ойыншысы: – Егер Кройф әйел болғанда, мен ойланбастан оған үйленер едім. (Әйгілі футболшы Йохан Кройф туралы айтқаны. www.football. kulichki.ru сайтынан)
Совет-Хан ҒАББАСОВ, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы:
– Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін ерте бастан ойластырғанды құп көремін. Жуырда бір кісі радиодан берген сұхбатында: «Мұхтар Әуезовтің «ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегенін бүгінде «ел боламын десең, экраныңды түзе» деп заманға орай өзгерту жөн шығар», – дейді. Мұқаңның сөзін ешкім өзгерте де қоймас. Әйткенмен телеарналардан берілетін хабарлардың мазмұндық мәнін тереңдетіп, ешқандай пайдасыз, тіпті зиянды ақпараттардан құтылмайынша, болашақ ұрпақтың көсегесі көгермейді. Әлімсақтан қазақ үшін ұрпағынан артық мәселе жоқ. Ұлтымыз ұрпағының тәрбиесін қашанда бірінші орынға қоя білген.
Қазіргі кезде Ресейде қабылданған «Балалардың денсаулығы мен олардың дұрыс жетілуіне зиянын тигізетін ақпараттардан қорғау» туралы заңы көрші елдегі БАҚ-та қызу талқылануда. Түрікменстанда қыздарға жұқа көйлек киюге заңмен тыйым салса, өзбек қыздары қос бұрым қоюға міндеттелді. Енді ресейлік билік те өз ұлтының болашағына алаңдап, балаларды зиянды ақпараттан қорғауды заңмен бекітті. Бізге де дәл осындай заң керек пе, әлде болашақ ұрпақты саналы етіп қалыптастыратын өзгеше жол таңдау керек пе?
3
-бетте
ЖОҚ – Жасөспірімдер мен балаларды зиянды ақпараттардан қорғаумен іс бітпейді. Келешек ұрпақтың дұрыс қалыптасу жолын айқындап алмай тұрып, оларды қажетсіз ақпаратпен шектеу арқылы мәселені шеше алмаймыз. Кез келген заң қабылданған сәтте біздің ұлттық ерекшеліктеріміз, ешқандай заңда жазылмаған ата-дәстүр, ар-ұят сияқты құндылықтарымыз айрықша ескерілуі тиіс. Балаларды қазақтың ұлттық құндылықтары арқылы тәрбиелеу жөнінде заң қажет. Ата Заң төл менталитетімізден негіз алған жағдайда ғана шынайы нәтиже береді. Балалардың дұрыс тәрбиесін ұйымдастыру жолдарын ақпарат құралдары көмегімен жан-жақты насихаттаған жөн.
Аман ҚҰЛБАЕВ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор, академик:
2
САЯСИ БЮРО РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
www.alashainasy.kz
e-mail:
[email protected]
АҚОРДА
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Елдестірмек елшіден...
Болашақ еуразиялық парламенттің әзірге сұлбасы жоқ
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің елімізге жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Олардың ішінде Австрия, Румыния, Вьетнам, Грузия, Испания, Нидерланды және Түркия елдерінің дипломаттары бар. Осыған орай Ақордада өткен салтанатты шарада Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, аталған мемлекеттермен әріптестік байланыстардың басты бағыттары жайында айтып берді.
Мансұр ХАМИТ (фото)
«қара алтынымызды» Еуропаға жеткізіп қана қоймай, сол жерде өңдеуге мүмкіндік туды. Осы орайда Грузия елін атап өтпеске болмайды. Бүгінде Батуми порты арқылы Қазақстанның мұнайы арнайы танкерлермен Еуропаға, оның ішінде Румыниядағы «Ромпетролға» да тасымалданады. Ал Қара теңіздің жағасында орналасқан Батуми портының өзін біз ұзақ жылға жалдап алдық. Грузиямен тығыз байланыстарымыздың басты бағыты да – осы. Вьетнаммен арадағы сауда-саттық пен саяси әріптестікті бізге әлі де дамыту қажет. «Өткен жылы менің Ханойға жасаған ресми сапарым екіжақты байланыстардың мүмкіндігі мол екендігін көрсетті. Өзара сауда-саттықтың оң үрдістерін сақтай білу маңызды. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетімізді дұрыс пайдалануымыз қажет. Осы орайда біз Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Чыонг Тан Шангының Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына үлкен үмітпен қараймыз», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Арман АСҚАР Президент өз сөзін Түркиядан бастады. Оның да өзіндік астары бар. Бұл мемлекет алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған еді. Содан бері екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстар нығайып, өзара саудасаттық молая түсті. Соңғы жылдары қазақтүрік ынтымақтастығының жоспары қабылданып, стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылды. «Ендігі кезекте екіжақты ынтымақтастық сауда-экономикалық және инвестициялық арнада дамуы тиіс. Оған Түркияның премьер-министрі Реджеп Ердоғанның Қазақстанға жасаған сапары барысында рәсімделген «Жаңа синергия» атты бірлескен бағдарламасы өз септігін тигізеді. Менің Түркия Республикасына жасайтын сапарым да сәтті өтеді деген ойдамын», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Қазақстан Испаниямен де стратегиялық әріптестік туралы келісімшартты
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
рәсімдеген. Президенттің айтуынша, осы елмен экономиканың шикізаттық емес секторында, әсіресе, технологиялар мен инновациялар трансферті саласында тығыз байланыстар жүргізу аса маңызды. Оның бәрін 2013 жылы Қазақстанға іссапармен келетін Испанияның королі Хуан Карлос I және премьер-министр Мариано Рахоямен талқылау жоспарланып отыр. Ал Австрияға Елбасының биыл жолы түспек. «Біз инновациялар саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз. Бүгінде Австрия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің ішінде жетінші орында тұр. Өткен жылы екіжақты сауда айналымы 49 пайызға артып, 4 млрд доллардан асты. Биыл қазан айында Венада өтетін менің
ресми сапарым біздің бұл әріптестікке жаңаша серпін береді деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы. Нидерланды болса, өткен жылы Қазақстанмен 7 млрд долларға жуық саудасаттық жасапты. Бұл елдің де озық технологиялары мен инновациялары көп. Оның трансфертін «Қазақстан-Бенилюкс» іскерлік кеңесі жасай алады деген сенім бар. Соңғы жылдары Румыния да Қазақстанның стратегиялық әріптесіне айналып келеді. Әсіресе қазақстандық мұнайды Еуропаға жеткізу бойынша біздің ортақ инвестициялық жобамызды ерекше атап өткен жөн. «ҚазМұнайГаз» компаниясы Румыниядағы «Ромпетрол» холдингінің 100 пайыз акциясын сатып алғаннан кейін
Омер Бурхан ТҮЗЕЛ, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: – Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы әріптестік байланыстар стратегиялық маңызға ие. Біздіңше, биыл екіжақты сауда айналымы 4,5 млрд доллардан асады. Бірақ оның өзі біз үшін аз. Мен бұл көрсеткішті арттыруға бар күш-жігерімді саламын. Николае УРЕКЕ, Румыния Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: – Шынын айту керек, екі елдің байланыстарының даму деңгейі тамаша. Бүгінде Қазақстан біздің басты инвесторларымыздың бірі болып саналады. Келесі жылы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Румынияға жасайтын сапары қазіргі әріптестікті күшейте түседі деп білемін. Астана
Үкіметтің бюджеттік болжамы бекем Үкіметтің кешегі сейсенбілік отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды. Сөйтіп, алдағы үш жылғы кіріс пен шығысты айқындап, қаражатты бағдарлайтын бас қаржы құжатының негізгі сұлбасы салынды. Бюджет жобасынан бөлек, осыған ілесе жүретін бірқатар заң жобалары да министрлер «мақұлдауынан» өтті. Десе де, бюджетті бекітудегі соңғы сөз Парламенттің еншісінде. Ендеше, бюджетке қатысты құжаттар топтамасы жақын аралықта Мәжіліске аттанады.
Қанат ҚАЗЫ Бюджетті күзеп-түзегенде, жоспарлапжобалағанда, ең алдымен, әлемнің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына көз жүгіртіледі. Жаһандық жайт сараланып, қауіп-қатерлер ескеріледі, аузы дуалы сәуегей сарапшылардың айтқаны қаперленеді. Соның есебінен ғана ішкі кіріс пен шығыс сабақталатыны бесенеден белгілі. Осындай болжамға бал ашқан Экономикалық даму және сауда министрлігі жаһандық ахуалды сараптап, 20132017 жылдар аралығы бойынша дамудың базалық сценарийін негізге алғанға ұқсайды. Ал мұндай сценарий әлемдiк экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 4% деңгейінде болжайды. Болжамның консенсусы бойынша мұнайдың бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде күтілсе, металл бағасы бүгінгі деңгейден 15%-ға төмендейтіні қарастырылады. Бұл бұған дейінгі болжамнан соншалықты айырмада емес. Демек, Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамуды «жағымды» деңгейде қалдырып отыр. «2013 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 6 пайызды, 2014 жылы 6,1 пайыз, 2015 жылы 7,6 пайызды құрайды, ал 2016 жылы 6,6 және 2017 жылы 6,9 пайызға тең болады. Осы параметрлер орта мерзiмді кезеңде экономиканың орташа 7 пайыздық өсуiн қамтамасыз етуге сәйкес келедi», – дейді ұстанымын нақты көрсеткішпен шегелей түскен экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев. Министрдің пайымынша, жалпы ішкі өнімдегі өсімнің негізгі екі көзі бар: бірі – iшкi сұраныс қарқынының кеңеюі есебінен, екіншісі – қазақстандық өнiмге деген сыртқы сұраныстың сақталуынан.
Осы екі бағыт тұрақты болса, даму да еш қатер көрмейтінге ұқсайды. Сөйтіп, «айтқаның келгір» министр еліміздегі номиналды ЖІӨ «2013 жылы 36,6 трлн теңгеден 2017 жылға қарай 65,3 трлн теңгеге дейін өседі» деп бір-ақ кесті. Бұл ретте жан басына шаққанда ЖІӨ 2013 жылы 14 мың долларды құраса, 2017 жылға қарай аталған көрсеткіш 24 мың долларға дейін өсетіні болжаныпты. Экономика министрінің бұдан да басқа болжамдары мынадай: өнеркәсiптегi орташа жылдық өсу қарқыны 5,5%, оның iшiнде өңдеу өнеркәсiбінде 7,1%-ды құрайды. Қызмет көрсету саласы тұрақты дамиды, ал экспорт 2013 жылы 96,1 млрд доллардан 2017 жылға қарай 116,7 млрд долларға дейiн, импорт 2013 жылы 56,3 млрд доллардан 2017 жылы 92,3 млрд долларға дейін ұлғаяды. Алдағы бесжылдықта инфляцияның жылдық деңгейі 6,0-8,0% дәлізінен шықпайды. Жалпы, мұндай жоспарланған өсім параметрлерiне қол жеткізуге жүргізіліп отырған әлеуметтiк-экономикалық саясат ықпал етеді. «Мемлекеттік борышты қалыпты ұстау үшін тапшылықты 2013 жылы 2,1%дан 2015 жылы 1,5%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Ұлттық қорда кепілдендірілген трансферт көлемінде қордың қаражатын пайдалануды шектеу жолымен қаржы ресурстарын жинақтау саясаты жалғастырылады. Бұл 2015 жылы мұнайды есепке алмағандағы тапшылықтың 3,9%-ға дейін төмендеуіне және Ұлттық қордағы қаржы ресурстарын жинақтауға ықпал етеді. Болжамды түсімдер мен жоспарланған тапшылықтың төмендеуін ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2013 жылы 6,2 трлн теңге, 2014 жылы 6,5 трлн және 2015 жылы 7,1 трлн теңге көлемінде айқындалды», – дейді министр. Сонымен қатар бюджеттегі бе-
кемдікті сақтау үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері де айқындалған. Атап айтқанда, Ұлттық қорға мұнайдың жинақталған қазынасынан 2013 жылға 1 трлн 380 млрд теңге, 2014 және 2015 жылдарға 1 трлн 188 млрд теңгеден жырылатыны көзделіпті. Айтпақшы, министрдің тағы бір тың жаңалығы – Ұлттық қорда қаражаттың таза жинақталуы қамтамасыз етіліп тұрса, 2015 жылға қарай ондағы қаржы мөлшері 100 млрд АҚШ долларынан асатынға ұқсайды. Экономика министрінен соң сөз алған бас қаржыгер Болат Жәмішев мырза «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына біршама түсінік берген болатын. Айтуынша, 2013 жылы бюджет түсімдері 5 трлн 415,1 млрд теңгені құраса, ондағы кіріс 3 трлн 828 млрд теңге шамасында айқындалған. Кірістің басым бөлігін әдеттегідей салықтық түсімдер құрамақ. Бұдан әрі қаржы министрі келер жылғы бюджеттің шығысын шотқа салғандай санамалап шықты. Байқағанымыз, 6 трлн 200 млрд теңгеден асатын бюджет шығысының басым бөлігі әлеуметтік бағдарға, оның ішінде Елбасы жүктеген әлеуметтік жаңғырту саясатына тиесілі болып шықты. Бұл ретте Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген тапсырманы орындау үшін алдағы үш жылда 6,7 млрд теңге жұмсалатыны күтіледі. Көлік инфрақұрылымын дамытуға алдағы үш жылда 936,5 млрд теңге қарастырылса, оның 366,2 млрд теңгесі келесі жылы игерілуге тиіс екен. Осы қаражат есебінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Бейнеу – Ақтау – Түрікменстанмен шекара» секілді мегажобаларды жалғастыру, «Қорғас – Жетіген» теміржол құрылысын аяқтау секілді маңызды мәселелердің түйіні тарқатылмақ. «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ШЫҒЫНДЫ ҚЫСҚАРТЫП, «КЕЗДЕЙСОҚ» ЖАНДАРДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ҚАРАСТЫРАДЫ Үкімет отырысында басы қайырылған басты мәселенің бірі «Самұрық-Қазына»
Түркияның жеке сектор күзетшілерінің саны еуропалық елдердің армиясымен пара-пар Қазақстанда күзетші кәсібіне сұраныс артқаны мәлім. Ал бауырлас Түркияда күзетшілерге сұраныс тым жоғары дейді. Оның себебі неде? Айхан, Алматы Расында, Түркияда күзетті кәсіп етушілердің қатары артқан. www.hurriyet.com.tr сайтының мәліметіне сенсек, Түркияда жеке секторларда жұмыс істейтін күзетшілер саны 217 мың адамға жеткен. Бұл дегеніңіз – Еуропаның Австрия, Бельгия, Португалия, Голландия, Норвегия және Чехия сияқты ірі елдерінің армиясының санынан да көп деген сөз. Ал шамамен армия саны жөнінен әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін Түркияның өз әскері 500 мыңнан асып жығылады.
Түркия елінде күзетшіліктің қыр-сырына баулитын 737 арнайы орталық бар екен. Түркияда күзетшілер санының артуының өзіндік себептері бар. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестік оқиғадан кейін Түркияда 2004 жылы жеке сектордағы күзет туралы 5188 нөмірлі заң шыққан екен. Мемлекеттің жәрдемінсіз өркендеп келе жатқан жеке сектордағы күзеттің нарықтағы үлес салмағы 3-6 миллиард долларға жететін көрінеді.
ұлттық әл-ауқат қорының 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы болатын. Былтырлары «Самұрық-Қазына» басшылығына келген басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бірқатар өзгерістерге бекінген секілді. Ал қорды дамыту стратегиясының басты бағыты оған қатысты шығындарды қысқартумен түбегейлі байланысты болмақ. «Сараптамаға сүйенсек, соңғы уақыттағы шығынның қарқыны қатты, тіпті алдымызды орап барады. Әйтсе де бұған объективті себептер баршылық», – дейді Шөкеев мырза. Бір сөзбен айтқанда, «Самұрық-Қазына» шығынды қысқартуға қатаң кіріскен сыңай танытады. Осы бағытты оңтайландыру үшін арнайы компаниялар да жалданыпты. Алдымен тұтастай қордың шығынын қысқарту тәжірибесі еңсерілсе, кейін бұл холдингтің бағынышты компанияларына да таралатын сыңайы байқалады. Бұдан бөлек, қор аясында болуы мүмкін тағы бір тың өзгеріс оның құрылымындағы және қорға кіретін компаниялардағы директорлар кеңесінің жұмыс принципіне қатысты болып отыр. «Мұнда кемшіліктер баршылық: директорлар кеңесінің немқұрайды жұмысы, олардың тиісті өкілеттіктерге ие болмауы, директорлар кеңесінің алдында компания басшысының жауапкершілікте болмауы, тіпті кейбір кеңестерде түк те пайда әкелмейтін кездейсоқ адамдар кездеседі», – дейді Өмірзақ Шөкеев. Бұл ретте алдағы жоспарға сай, «Самұрық-Қазынаға» кіретін компаниялардың директорлар кеңесі айтарлықтай қайта қаралатыны күтіледі. «Оларға тиісті өкілеттіктер беруге тиіспіз. Сараптама жүргізіп байқадық Бірден-бір акционерге заң жүзінде қарастырылған 34 негізгі басқару функциясының барлығы дерлік компания менеджментіне беріліпті. Сондықтан да осы бағыттағы өзгерістерді қарастыратын боламыз. Компаниялар жарғысы сәйкесінше түзіледі. Директорлар кеңесі өзгеріп, біз оның жұмысына формальды түрде қатысып жүргендерді сыпырып, орнына кәсіби тәуелсіз директорлардың үлесін арттыратын боламыз. Және бұл жұмыс жақын аралықта барлық директорлар кеңесі бойынша атқарылады», – деді Өмірзақ Естайұлы. Астана
Кеше Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келіп отырған Ресей Федерациясы федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізді.
Мансұр ХАМИТ (фото)
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық қатынастардың қазіргі дамуы және оның келешегі туралы пікір алмасылды. Қ.Мәми «Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін ілгерілетудегі маңызды құрал» болып табылатын «екіжақты қатынастар мен парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту үшін» осы сапардың маңыздылығын атап өтті. Биылғы наурыз айында Қазақстан мен Ресей парламенттері жоғарғы палаталарының арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық тобы осы аттас комиссия болып қайта құрылған болатын. Қ.Мәми екіжақты ынтымақтастықты нығайту, ТМД-дағы ықпалдастық үдерістерін дамыту үшін парламенттердің рөлін арттыруда оның зор әлеуеті бар екенін атап өтті. – «Біздің елдеріміз басшыларының күш-жігерінің арқасында бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістері жоғары қарқынмен ілгерілеп келеді», – деді Қ.Мәми және ол осыған байланысты парламенттік өлшемнің рөлі арта түскеніне тоқталды. – «Ықпалдасу үдерістері біздің елдеріміздің парламенттері алдында заң шығармашылығы саласында жаңа міндеттер қойып отыр», – деді Сенат төрағасы және ол «ықпалдастық үдерістері, бірінші кезекте, экономикалық іс-қимылда орнығуы тиіс», – деп атап өтті. Еуразиялық парламентті қалыптастыру мүмкіндігіне қатысты Қ.Мәми бүгінде болашақтағы еуразиялық парламенттің қандай да бір кескін-келбеті немесе сұлбасы жоқ», – деді төраға және ол «бірыңғай жалпы ұлттық парламенттің құрылуы Қазақстан Тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді», – деп атап өтті. Төраға «Парламенттік ынтымақтастықтың жаңа органын құру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы биылғы 13 қыркүйекте Мәскеуде болады. Оған Қазақстан парламентінің депутаттары мен палата аппараттарының қызметкерлері қатысады», – деп хабарлады.
Өз кезегінде Федерация кеңесінің төрағасы В.Матвиенко Қазақстан мен Ресейдің екіжақты мінсіз қарым-қатынастарын тереңдетудегі парламентаралық байланыстардың маңызды рөлін атап өтті. В.Матвиенко айтқандай, «Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер береді». Бұл құжат биылғы наурыз айында ТМД ПАА кеңесінің мерейтойлық отырысы барысында Алматыда қол қойылған болатын. Еуразиялық парламенттің құрылу мәселесіне қатысты В.Матвиенконың айтуынша, «мұнда күрделі жұмыстар күтіп тұр және біздің парламенттердің рөлі аса жоғары, өйткені көптеген жұмысты атқаруға тура келеді: нормативтік-заңнамалық базаға талдау жасау, оның мән-мағынасын арттыру, біріздендіру». – Біз ТМД парламенттік бірлестіктері тұрғысында да, халықаралық алаңдар деңгейінде де қазақстандық әріптестермен ынтымақтастыққа ашық әрі мүдделіміз, – деді В.Матвиенко. Салалық комитеттер арасындағы байланыстарды кеңейтуді жақтай келіп, федерация кеңесінің төрағасы Қазақстан Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобының жергілікті өкілдік органдармен байланыстарды нығайтудағы табысты тәжірибесін атап өтті. – «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың құқықтық негіздерін жетілдіру секілді бұл тәжірибе де біз үшін зор ықылас туғызады»,– деді В.Матвиенко. Кездесу барысында тараптар шекаралық аймақтар ынтымақтастығын дамыту тұрғысында парламенттік байланыстардың рөлін атап өтті. Төрағалар осыған байланысты қызмет ауқымы шекаралық аймақтар ынтымақтастығын нығайту саласындағы іс-қимылды үйлестіруге, заңнаманы талдауға және мониторинг жүргізуге ықпал ете ете алатын парламенттік секция құру жайындағы ойларын ортаға салды.
КОНФЕРЕНЦИЯ
Ұлағатты ұстаздар бас қосты «Қазақстан» орталық концерт залында «Білім беру жүйесін жаңғырту — адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы болып өтті. Басты педагогикалық кеңеске еліміздің барлық аймақтарынан 2 000нан астам ұстаздар жиналды. Кеңес қатысушыларын Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ербол Орынбаев құттықтады. Бүгінгі тамыз форумында респуб лика ұстаздары Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласының ережелерін іске асыру шеңберінде білім беру саласындағы басқару мәселелерін, инновациялық идеялар мен бастамаларды талқылады. Білім беру қызметкерлері алдында сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы туралы мақаласында Елбасы білім саласы үшін маңызды тапсырмалар берді. Бұл – Елбасының әлеуметтік мәселелерге, білім саласына, мұғалімдер мен жастарға көп көңіл бөлетінін көрсетті», – деп атап өтті. – Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды. Соңғы екі жылда біз Президенттің бірнеше маңызды тапсырма ла рын ор ындадық. Білім жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату үшін көптеген жаңа идеяларды іске асырдық. Жасалған жұмыс аз емес, бірақ атқаратын іс одан да көп. Біздің жоспарымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытымен және елдің даму мақсаттарымен үйлесуі қажет, – деді министр.
Тамыз педагогикалық кеңесі адами капиталды дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жаңғырту жолдарын кәсіби-қоғамдық талқылау үшін пікірталас алаңына айналды. Білім беру менеджментін жетілдіру тетіктері, корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу, білім берудің барлық деңгейлерінде сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Елбасының бағдарламалық мақаласы үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің бірігуі үшін жаңа серпін берді. «ҮЕҰ өкілдері үшін бұл өте маңызды хабар. Азаматтық сектор өкілдері қатыспаған елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салалары жоқ шығар. Бүгінгі таңда мемлекет пен Қазақстандағы үкіметтік емес сектор тең құқылы әріптестер», – деді Қазақстан жастар медиаодағының директоры Светлана Галиева. Республикалық тамыз конференциясының қатысушылары білім беру жүйесін жаңғырту жағдайларында адами капиталды дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеп, мемлекеттік, жеке сектор және кәсіби педагогтер қауымдастығы мен білім беру менеджерлерінің әріптестік механизмдері негіз болатын әлеуметтік-еңбек қарымқатынастарының тиімді үлгісін құру жолдарын айқындады.
Астана – «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды!» ұйымының 110-шы мүшесі «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды!» деп аталатын ұйымның мақсаты не? Бұл ұйым қай қалалардың бастамасымен құрылған? Сәди, Алматы облысы «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды!» ұйымы 1982 жылы На- дайды!» атты үлкен ұйымнан хат алып, қаламыздың атынан қол гасаки және Хиросима қалаларының бастамалары бойынша қойдым. Біз бұл бастамаға аса құлшыныспен қосыламыз, себеқұрылған болатын және қалалар арасындағы байланысты бі біз сырттан бақылаушы ғана емес, бейбітшілікті нығайту ісіне нығайту негізінде ядролық қарусыз әлем үшін күресте халық- өз үлесін қосып отырған елміз», – деді И.Тасмағамбетов ұйымға қосылу үшін өтініш бере отырып. «Қазақстан әлемдегі үшінші тардың ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған. Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Норве- ядролық арсеналдан бас тарта отырып, бейбітшілікті нығайтуға гиядағы Фрогн қаласының мэрі Туре Вестби (Thore Vestby) мен үлкен үлесін қосқанын жақсы білесіздер», – деп атап өтті И.Тас«Перспектива – 2020» халықаралық қозғалысының директоры мағамбетов. Ал Фронг қаласының мэрі Туре Вестби болса Астана қаласы Аарон Товиш (Aaron Tovish) Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды!» ұйымының «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды!» атты ұйымға мүше болған сертификатын табыс етті. «Мен «Мэрлер бейбітшілікті қол- 110-шы қала екенін атап өтті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
www.alashainasy.kz
МӘСЕЛЕ
Ресейдегідей балаларды зиянды ақпараттардан қорғау туралы заң керек пе?
Совет-Хан ҒАББАСОВ, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы
БЕЙТАРАП ПІКІР
Ертең ел болып, Тәуелсіздігімізді сақтап қалу, қалмауымыз сол ұрпаққа байланысты. Біздің ақсап тұрған жеріміз көп. Соның ішінде ең осал тұсымыз – ұлттық тәр-
биеден айырылып қалуымыз. Кеңестік кезеңде білімнің қасында тәрбие сөзі аталмай да жүрді. IX ғасырда өмір сүрген әл-Фараби бабамыз «тәрбие бермей тұрып адамға ғылым мен білім берсең, ол жүрген ортасына апат әкеледі» дейді. Бүгінгідей шапшаң жылжитын уақыт динамикасына салып есептегенде, 20 жыл көп уақытқа тең болады. Тәрбие мәселесінде біршама дүниеден ұтылдық. Енді жедел түрде кем-кетікті түзеп, ұрпақ тәрбиесіне терең мән беруіміз керек. Халықтың пікірімен санаспаған Білім және ғылым министрлігінің 1-сыныптан бастап ағылшын және орыс тілдерінде балаларды оқыту туралы шешімі шығып жатыр. Қазақ тілін жетістіріп игере алмай отырып, өзге тілдердің ауқымында жұтылып кетпейміз бе? Тілмен ойнауға болмайды. Сол сияқты теле-радио бағдарламалардағы орынсыз айтылған сөздерге тоқтау салынуы қажет.
Мектеп пен балабақшадан бастап ұлттық мәдениетіміз арнайы пән ретінде оқытылса, қазақтың шынайы тарихы оқу бағдарламасына енсе, нұр үстіне нұр болар еді. Болашақ ұрпақ – елдің ертеңі. Олар ұлттық болмысты танып, қазақтың намысын ту етіп көтеретіндей азамат болып өсуі тиіс. Теле-радио арналардағы ақпараттың қазақ және орыс тіліндегі үлесі 50-де 50 пайыз болуы керектігі туралы заң шықты. Қазақ тілі ел ұйқыдағы түнгі уақытқа ысырылғанына бәріміз куәміз. Орыс ті лін дегі 50 пайыздың ішіндегі бағдарламалардың тәрбиелік мәні қандай? Оны сараптап жатқан кімдер бар? Атыс-шабыс, ұятсыз, қорқыныш тудыратын фильмдер қаптап кетті. Оның бәрі жас ұрпақтың санасын улауда. Шет тілдерден аударылып немесе тіпті аударылмай берілетін мультфильмдердің өзін үлкендер көрсе, ұялып, беті қызаратын дәрежеде. Түрік телехикаяла-
Қатипа МОЛДАБАЕВА, Алматы қалалық білім басқармасы тәрбие бөлімінің бастығы:
– Балалардың тәлім-тәрбиесін жүзеге асыруда белгілі бір идеологиялық жүйе керек. Жасөспірімдер мен балаларды зиянды ақпараттардан қорғау туралы заң бізге қажет. Негативті ақпараттарды ерекше елеп-екшеп, есесіне, балалар үлгі тұтар тұлғалар мен ерліктерді көбірек насихаттауға тиіспіз. Сонда олар ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Алматы қалалық білім басқармасы оқушылар тәрбиесіне барынша көңіл бөлуде. Қыз балалар әдепті, ұл балалар намысты болып өссін деген ниетпен түрлі іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Әсіресе тәрбие мәселесіне атааналардың бейжай қарамағаны жөн.
Аман ҚҰЛБАЕВ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор, академик
рында әке мен баланы, шеше мен қызды бір-біріне қарсы қоятын идеология басым. Әкесі мен шешесі көрген бұл телехикаяларды балалары да тамашалайды. Бізде де Ресейдегідей балаларды зиянды ақпараттардан қорғау туралы заң қабылданса да, оның жүйелі қадағаланатынына сенбеймін. Тәуелсіздіктен кейінгі буын әдепсіздік, тәртіпсіздік, тәкаппарлық, қатыгездік дерттеріне ұшырады. Енді қазақтың ұлттық құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіруді негіз ететін заң керек. Әзірлеген Арман СЕРІКҰЛЫ
Пайдалануға берілуі тиіс аурухана үш жылдан бері қаңырап тұр
Терезелері кішкентай, өзі жәпірейген ғимарат соғыс заманын еріксіз көзге елестетеді. Қабырғалары қақаған қыста жылуды, аптап ыстықта салқынды ұстамайтын каркастан тұрғызылған. Едені шіріп, линолиумы жыртылып біткен. Кір жуатын бөлмені көргенде еріксіз жаға ұстауға мәжбүр боласыз. Әжетхана әжетке әрең жарап тұр. Палаталарға сыймаған науқастар дәлізге кереует қойғызып, сонда жатыр. Арасын киім ілетін шкаф бөліп тұрған терапия мен хирургия, балалар бөлімінің ауласында, ғимаратқа тым жақын тұста үлкен трансформатор тұр. Айналасы қоршалғанымен, қауіп сақталары сөзсіз. Оның айналасында бүлдіршіндер жүгіріп жүр. 120 мың халық тұратын Абай өңіріндегі осы орталық ауруханада бар болғаны бір ғана операция залы бар екен. Оның өзі әйелдер босанатын үйдің екінші қабатында орналасқан. Шұғыл отаны қажет ететін қос науқас қатар түссе, адам өмірін сақтап қалудың өзі мұңға айналуы мүмкін... Құрылысы әлдеқашан біткен аурухана неліктен үш жыл бойына әлі пайдалануға берілмей тұр? Бұл сауалдың жауабын облыстық құрылыс басқармасының басшыларынан білгенді жөн көрдік. Өйткені нысанға тапсырыс беруші – осы мекеме. Басқарма басшысы Тұманбек Әлиев қызметке тағайындалғанына көп бола қоймағандықтан, бұл «сақалды» құрылыстың бүкіл ұңғыл-шұңғылын орынбасары Сәкен Икрамовтың бес саусағындай білетінін айтып, жауабын беруді сол орынбасарына тапсырды. Басекең сенім артқан Сәкең болса «эстафетаны» басқарманың бас маманы Мадияр Байымбетовке ұсынды. Барлық мәліметті қолыңызға ұстатамын деген М.Байымбетов редакциямызға факс арқылы жарты бетке жазылған бір жапырақ қағаз жолдапты. Онда Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы ауысымына 200 келуші қабылдайтын емханасымен 150 орындық орталық аурухана құрылысы сонау 2004 жылы басталып, 2009 жылы аяқталғанын, сметалық құны 2 234 808,31 мың теңгені құрайтынын, тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы, бас мердігер «Ю и К» ЖШС екенін мәлім етіпті. Біткен құрылыстың ашылмай қалуының себебін медициналық құрал-жабдықтардың жобаға
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Басы 1-бетте
сай орнатылмауынан деп түсіндіреді. Ал нағыз бізге керек мәлімет, яғни не себепті медициналық құрал-жабдықтардың жобаға сай толық алынбай қалғандығы, бұл келеңсіздікке кімнің кінәлі екендігі туралы ләм-мим деген жауап жоқ. Қайта телефон шалып, осы сауалдардың жауабын сұрадық. «Кім өзін кінәлі деп есептейді дейсіз» деген бас маманнан тұшымды жауап ала алмадық. Бір білгеніміз – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта 64 624 975 теңгенің медициналық құралжабдықтары мен жиһаздардың жетіспейтіндігі анықталған. Аталған қаржы қайтадан облыстық бюджеттен қаралып, екінші мәрте мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Сонда қалай, алғашқы өткізілген тендердің, дәлірегі, қаражаттың сұрауы қайда, неліктен міндетіне алған мердігер істі аяғына дейін жеткізбеген? Оған көрілген шара қандай? Жауапсыз, жаңғырық күйінде қалған сауал көп. Көңілге жұбаныш болар бір ғана жағымды жаңалық бар: аурухана үстіміздегі жылдың қазан айында ашылуы тиіс. Соңы тағы сиырқұйымшақтанып кетпесе, әрине. Сіз не дейсіз? Рысқы ҚАРМЫСОВ, Абай ауылының әкімі: – Аурухананың құрылысы мен осы ауылға әкім болып келген жылы, яғни 2008 жылдың қараша айында біткен болатын. Сол жылы маған «барлығын
? А А Л Л А А Ш Ш Т Т Ы Ы
тазалап, ашуға дайын болсын» деген тапсырма түскесін емхана дәрігерлерінен бастап мектептің мұғалімдеріне шейін тыныштық бермей, дайындық жұмыстарын жүргіздім. «Қабылдайтын болды, қабылдайтын болды» дейді, бірақ қабылданбайды. Не болғанын түсінбеймін. Сұрастыра жүріп білгенім, ғимараттың құрылысы біткенімен, әлі 100 миллион теңгенің медициналық құ рал-жабдықтары орнатылмаған екен. Содан бері бұл ғимарат «ауада» тұр. Ал халыққа жаңа аурухананың ашылуы аса қажет болып тұр. Оралбай САДЫҚОВ, Сарыағаш ауданы «Абай» ауруханасы МКҚК-ның бас дәрігері: – Бұл ауруханаға бас дәрігер болып келгеніме бір ай болды. Бірақ бұған дейін аудандық медицина бірлестігінің басшысы болғандықтан, мәселенің мән-жайына қанықпын. Әрине, біздің құрылысқа ешқандай да қатысымыз жоқ. Біз тек тілеулеспіз. Былтырғы жылы аурухана қабылданатын болып, мамандар сараптауынан өткенде медициналық қ ұ р а л - жа б д ы қ та р д ы ң жетіспейтіндігі анықталды. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот 64 миллион теңгенің заты жетпейтінін анықтаған. Сол ақшаны құрылыс басқармасы қайта мемлекеттік сатып алуға қойды. Жеңімпаз деп танылған
А А Л Л А А Ѓ Ѓ Д Д А А Т Т Ћ Ћ А А Н Н
мердігер қазіргі таңға 60 миллион теңгенің құрал-жабдығын алып келіп, оларды орын-орнына қойып жатыр. 4 миллион теңге тұратын бір ғана аппарат қалыпты. Оны да жақында кеп қалады деп отыр. Бәрі ойдағыдай болса, жақсылап жұмыс істеуге болады. Тіпті бұл аппараттар осы өңірге хирургиялық орталық ашамыз ба деген жоспарымызды іске асыруға да мүмкіндік береді. Сонда осыншама халық сонау 100 шақырымнан астам облыс орталығына шабылмас еді. Үш жылдан бері қолды жіпсіз байлаған мәселе шешімін тапты десек те болады. Алайда осы тұста тағы бір проблеманың құлағы қылтиып тұр. Пайдалануға берілмеген үш жылдың ішінде ғимаратты жылыту үшін жағылған көгілдір отынға деген қарыз қордаланып қалған. Ал электр энергиясын қырқып кеткен. Демек, жарыққа да қарыз бар деген сөз. Осы қарыздарды кімнің төлейтіні белгісіз. Орташа есептеулерге қарағанда коммуналдық қызмет түрлеріне қарыз бірнеше миллион теңгеге жеткен. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған уақытта бірқатар медициналық құрал-жабдық әкелінген екен. Бірақ орнатылмапты. Олардың істеу-істемеуіне кім жауапты, сапасына кім кепіл? Бұл да – өз алдына бөлек мәселе. Аты бар да, заты жоқ аурухананың бас дәрігері О.Садықов: «Қабылдау комиссиясының жұмысына құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мүмкіндігін зерттейтін мамандарды қатыстырамын. Солар қосып беріп, жабдықтардың жұмыс істейтініне көзім жеткенде ғана қабылдаймын. Қымбат аппаратуралардың сұрауы да қатаң болады», – деп отыр. Құрылыстың қазығы ауданды Әбдібақыт Мақұлбаев басқарып отырғанда қағылып еді. Содан бергі сегіз жылдың ішінде бірнеше әкім ауысып, бұл креслоға биыл қайтадан Мақұлбаевтың өзі отырды. Өткен жылы аурухананы қабылдаймыз деп, әр бөлменің маңдайындағы кестелерге дейін ілінгенімен, ашылу бақыты бұйырмады. Жаңа ғимараттың қазығын қағуға қатысқан әкім Мақұлбаев енді оның лентасының қиылуына да өзі қатысуы мүмкін. Бірақ халыққа лентаны кім қиғаны емес, ертерек қиылғаны қажет болып тұрғаны айтпаса да түсінікті. Оңтүстік Қазақстан облысы
Басы 1-бетте
Басы 1-бетте
ОЙ-КӨКПАР
ТҮЙТКІЛ
3
ҚОҒАМ
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
Әлемді шарпыған компьютер дерті жүйкені жеп барады
Американың Рочестер университетінің мамандары оқиғасы жылдам өрбитін динамикалық ойындарды ойнайтындардың адамның ойлау қабілетін шектейтінін, жеңіл операциялардың қайталана беруінен мидың тек жылдам операцияларды орындауға бейімделетінін дәлелдеген. Ойын барысында кенеттен мерт болуы немесе ғайыптан қайта тірілуі, қанқұйлы әрекеттерді шімірікпестен тамашалауы баланы тасбауырлыққа баулитынын көрсеткен. Ал Бельгияда Леивен университетінің мамандары 2,5 мыңнан астам жасөспірім арасында таратқан сауалнама нәтижесінде олардың басым көпшілігі компьютер мен ұялы телефонды үздіксіз пайдаланғандықтан, ұйқысыздық дертіне ұрынғандықтарына шағынған. Дәрігерлер «баланың ұзақ уақыт тапжылмай, компьютердің алдында отыруы ойөрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады» дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы тежеледі. Дәрігер қауымы «ақылды» жәшіктің жас балаға кері әсерін былайша жіктейді... Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу қан қысымын көтереді. Миопия (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі), құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен, сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді және тағысын тағылар...
Бақыт ҚОСЫҚОВА, психолог: – Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық-зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сонымен бірге соңғы кезде ұялы телефон арқылы Mail agent жүйесімен тілдесу де оқушылардың және жастардың арасында кең тарады. Ал ұялы телефонды да пайдалану кезінде электромагниттік толқындардың өте зиянды әсері бар екендігі де дәлелденіп отыр. Айтқан жерде пәле жоқ. Кейінгі кезде жасөспірімдер мен жастар арасында белең алған өзіне-өзі қол жұмсаудың бір ұшын да осы ғаламтор, компьютермен байланыстырып жүр. Өмірде өз орнын таба алмайтындардың көпшілігі аталған «Тәуелділіктің тұзағына іліккендер болса керек. Сосын зерттеулер тәуелділіктің екінші ұшы – отбасында. Отбасындағы тәрбие осал болмауы керек» дейді. Яғни мейірім кеміген кезде тасбауырлық тамыр жаятын секілді. Ойынымыз осылып жүрмесін, әйтеуір... Қарағанды
АЛАШ-АҚПАРАТ
Жаңа кәсіпорындар – тың мүмкіндіктер Астанада өткен индустрияландыру форумындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев берген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалап, Кереку өңіріндегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау барысымен танысу мақсатында еліміздің индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы келіп қайтты. Жұмыс сапарының аясында Ә.Исеке- лады деп жоспарланған. шев мемлекеттік бағдарламаның аясында Сондай-ақ Исекешев мырза Павлодар Бозшакөл кен өндіру комбинатының құры- қаласындағы 3-інші ТЭЦ аумағында жүрлысымен танысты. Айта кетейік, Индустрия- гізіліп жатқан инвестициялық жобамен де ландыру картасына енген аталмыш жо- танысты. «Павлодарэнерго» АҚ 3-інші баның қуаттылығы жылына 27,5 млн тонна ТЭЦ-інде жаңа турбина орнатылатын бокенді құрайды. Жобаны іске асыру жұмыс- лады. Жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрайтарына 225 млрд теңге қаражат құйылды. тын жоба 2012-2015 жылдар аралығында Мамандардың айтуынша, құрылыс әзірленіп, іске қосылады. Бұл павлодарлық әлемдік стандарттарға сай жүргізілуде. Бү- 3-інші ТЭЦ-тің қуат мөлшерін 510 МвТ-қа гінгі таңда Бозшакөл кен өндіру комбинаты дейін арттыруға мүмкіндік бермек. ИндусТМД бойынша осындай деңгейдегі ауқымы трия министрлігінің басшысы, сондай-ақ үлкен жалғыз жоба болып табылады. Сон- «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ аумадай-ақ бұл бүгінгі таңда әлемдік дәрежеде ғындағы анодты зауыттың құрылыс барытеңдесі жоқ ең ірі кен өндіру орны болып сымен танысты. Аталған өндірістің жобаотыр. Аталмыш жоба металлургиялық өн- лық қуаты жылына 136 мың тонна. Жобаны діріс орындарын 40 жыл бойы шикізатпен жүзеге асыру өндірілетін өнім бастапқы қамтымақ. Индустрия және жаңа техно- алюминийдегі қазақстандық үлес ті логиялар министрлігінің Өнеркәсіп коми- арттыруға үлес қосып, өндірістің өзіндік теті төрағасының міндетін атқарушы Ержан құнын 5-7%-ға төмендетуге, сонымен Кәрібаевтың айтуынша, жаңа комбинат бірге отандық өнімнің бәсекелестікке қа2015 жылдың 3 маусымында толық іске білеттілігін арттыруға жол ашпақ. қосылады. Бұл кәсіпорында 1500 жұмыс орнын ашу көзделген. Құрылыс шаралаАқмарал ЕСІМХАН, рына да мыңнан астам адам жұмылдырыКереку
Өзбекстан шетелдік автокөліктердің кіруіне талапты күшейтеді Келер жылдан бастап Өзбекстан аумағына шетелдік автокөлік құралдарының кіруі мен транзиттік жүріп өтуіне қойылатын талаптар күшейеді. Көрші ел тиісті рұқсатнамасы жоқ қазақстандық тасымалдаушылардан да арнайы алым талап ететін болады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы немесе сол елдерден болатын тасымалдар Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жаса- үшін қажетті рұқсатнамасы болмаса, шеған ҚР Көлік және коммуникация министр- телдік, оның ішінде қазақстандық тасылігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ма- малдаушылар да Өзбекстан аумағына армандардың мәліметінше, келесі жылдың найы алым төлегеннен кейін ғана кіре 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан аумағына алады. Қазақстандық тасымалдаушылар шетелдік автокөлік құралдарының кіруі тек үшін алым көлемі шамамен 300 АҚШ долқана халықаралық жүк автотасымалдары ларын, яғни орташа алғанда 45 мың теңсаласында қол қойылған екіжақты келі- гені құрап, шекарадан өту кезінде төленеді. сімшарттарға сәйкес жүзеге асырылатын Дегенмен қазіргі таңда Қазақстан мен Өзболады. Сонымен қатар жаңа жылдан бас- бекстан Үкіметтері арасында Халықаралық тап Өзбекстан Республикасына үшінші ел- автомобиль қатынасы жөніндегі келісімнің дерден немесе сол елдерге тасымалдаулар әлі де күшінде екенін айта кету керек. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның құзырлы ор- сәйкес, қазақстандық тасымалдаушылар гандары арасындағы рұқсатнамалар не- екі ел арасында кіру-шығу және транзит гізінде ғана жасалады. Егер үшінші елдерге үшін алым төлемейді.
С С А А У У А А Л Л
Ұлттық бренділерді дамытудың арнайы бағдарламасын жасайтын уақыт жетті ме?
Әнуар ҚАБДОЛДАҰЛЫ, «Хан дойбысы» ойынының жаңғыртушысы:
– Шыны керек, біз ұлттық ойындарымыз бен ұлттық тағамдарымыздың, ұлттық бұйымдарымыздың қадіріне жете алып отырғанымыз жоқ. Тіпті енжарлығымыз соншалық – ұлттық ойындарымызды түгелдеуге де тырыспаймыз. Мәселен, «Хан дойбысы» ойынын ұлттық спорт түрлерінің қатарына енгізу мәселесімен ұзақ уақыт шапқыладық. Әзер деп ұлттық ойындар қатарына қоса алғанымызбен, оның одан әрі халық арасына кең тарауына, дамуына ешқандай жағдай жасалып отырған жоқ. Неге екенін қайдам, басқаға еліктеп, жақсылы-жаманды дүниесін тез қағып алуға бейім болғанымызбен, өзіміздің ұлттық бояуы қанық дүниелерімізді дәріптеуге келгенде салақтық танытамыз. Кейінгі кездері ұлттық ойындарымыздың көбісі дәріптелмек түгіл, ұмытылып бара жатыр. Ал көптеген елдер ұлттық ойындарын кеңінен насихаттап, тіпті Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізуге тырысуда. Осылайша басқа жұрттар барын бағалап, тіпті ұлттық ойындарының Олимпиада аясында ойналуына мүдделілік танытып, дүбірлі додаларға қатыстыруға тырысса, біз тіпті ұлттық ойындарымызды өз елімізде кеңінен тарата алмай отырмыз. Сондықтан ұлттық бренділерді дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылдайтын кез жетті деп санаймын.
Ардақ БЕРКІМБАЕВ, «Адырна» ұлттықэтнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Әрине, ұлттық бренділерімізді дамытудың арнайы бағдарламасын қабылдайтын кез әлдеқашан жеткен еді. Өйткені ұлттық тағамымыз түгіл, ұлттық музыкалық аспаптарымызға шейін өзгелер меншіктеп жатыр. Ұлт болғаннан кейін ұлт екендігін дәлелдейтіндей ұлттық тағамы, ұлттық ойыны, ұлттық бұйымы болуы керек-ақ. Ұлттың ұлт екенін дәлелдейтін – ұлттық бренді. Оларды кең көлемде дәріптеп, заманға сай жаңғыртып әлемге танытудан ұтпасақ ұтылмас едік. Тіпті ұлтымыздың айбыны асқақтай түсер еді. Күні кеше «Ильиннің жетістігінің сыры ұлттық тағамында екен» деп күллі әлем дүр сілкінді. Біле білсек, бұл мақтанатындай нәрсе еді. Сондықтан ендігі жерде ұлттық бренділік дүниелеріміздің қадіріне жетіп, дамытып, қорғап, жұртқа танытуды тез арада қолға алуымыз керек.
– Әр ел өздерінің ұлттық бренділерінің жоқтаушысы болуы керек. Өкінішке қарай, өзгенің қаңсығын таңсық көріп, өз дүниемізге тосырқай қарауға етіміз үйреніп барады. Мәселен, Алматыдан ұйғыр мен өзбектің асханасын оңай тапқанымызбен, қазақтың асханасын оңай табу мүмкін емес. Шын мәнінде, адам денсаулығына пайдасы мол, құнарлы тағамдарымыз жетерлік. Тек соларды дәріптеуге, халыққа қолжетімділігін арттыруға келгенде шорқақпыз. Мәселен, қазақтың баласы көшеде денсаулыққа зиянды чипсы орнына құрт Бахаргүл сорып жүрсе қандай жарасымды болар еді?! Осы сеТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» өнер үйінің кілді ұлттық брендіге айналардай дүниелерімізді дадиректоры: мытуға жағдай жасайтын кез жетті. Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
4 Төрт ұрпақтың төл ісі НАРЫҚ
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
www.alashainasy.kz
e-mail:
[email protected]
ӘУЛЕТ
Олар ата мен әкенің арманын жалғастырушы ғана емес, елінің ырысын халқына несібе етуге еңбек етіп жүрген өз ісінің білгірлері. Бүгінде мұнайлы өңірде қара алтынның несібесін көріп отырған байырғы мұнайшылардың шаңырағында осы саланы меңгерген ұрпақ сабақтастығы жалғасын тауып келеді. Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болды. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ жаны жомарт қазақ бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан «көзі» ғана екенін және одан көл-көсір пайда табуға болатынын білген жоқ еді. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілер И.Лепехин, П.Рычков, П.Паллас және де өзге де зерттеушілердің сол кездегі Гурьевтің географиялық тұрғыдағы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды. Бұл өңірге 1874 жылы келген инженер Д.Кирпичников өз жазбаларында Доссор кен орындары жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады». Дегенмен инженердің бұл болжамына сол кезде ешкім аса назар аудара қоймаған болатын. Аймақты геологиялық тұрғыдан бағдарлы түрде зерттеуде және оның мұнай байлықтарын ашуда 1892 жылы геолог С.Никитиннің басшылығымен осы өңірге әдейі жіберілген арнаулы экспедицияның маңызы зор болды. С.Никитин экспедициясы анықтаған және жағымды бағалаған қазіргі Атырау облысы Жылыой мен Мақат ауданындағы Қарашүңгіл, Доссордағы және Ескенедегі мұнай белгілері сол кездегі мұнайшы жұртшылықты елең еткізді.
МҰНАЙ ЖОЛЫНДА МЕХНАТ ТАРТЫП... Жер астынан қара алтын табылған сәттен-ақ жан-жақтан Атырау өңіріне келіп, мұнай игеруді қолға алған мұнай өндiрушiлер арзан жұмысшы күшi ретiнде жергiлiктi ауыл қазақтарын тартқаны тарихтан белгілі. Жергілікті қарапайым халық ешқандай қолайлы мүмкіндік жасалмаған жағдайда жұмыс жасады. Қолмен ғана атқарылған жұмыс қарапайым қазақ баласына оңай болды деп айтуға ешкімнің аузы бармас. Жергілікті тұрғындар шөлейтті сайын далада шілденің тап бүгінгідей ми қайнатқан ыстық күндерiнде құрым киiздi көлеңке етiп, аңызық желдiң өтiнде жүрiп еңбек еткен. Ал қаһарлы қыста ескi киiз үйлердi паналап, күнкөрiс нәпақа табу үшiн бар қиындыққа төзiптi. Осылайша жергілікті ұлттың алғашқы жұмысшы табы қалыптасқан екен. Бұған да бір ғасырдан астам мерзім өтті. Бүгінгі жас ұрпақ көрмеген, алайда қазақ тарихында әрбір жылы парақталып қалған мұнай саласының дамуы жайындағы деректердегі қара жұмысшылар туралы сөз болғанда біз қара жұмысшы сапында болған атыраулық Сәли қарттың ұрпағының бүгінгі таңда облысқа ғана емес, республикаға танымал мұнайшы болғанын бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырту үшін қолымызға қалам алып жазуға бел будық. Тарқатып айтсақ, мұнай өндірушілердің қара жұмыс күшіне тартқан жандардың ішінде алғашқы болып жер астынан шыққан мұнайды арнайы бөшкеге құйып, оны түйеге артып, жетектеген жұмысшының бірі, кедей отбасынан шыққан Сәли қарт «Эмбанефть» деп аталатын мекемеде қызметте болды. Сәли қарттың замандастары бүгін біз несібесін көріп отырған мұнайлы жер қойнауынан шыққаннан кейінгі мұнайды жи-
нау мен тасымалдау сияқты қияметі мол жұмысты атқарды. Әкесінің қара майға шыланған күректей қолы мен күнге қақталған бетін көріп өскен Сәли қарттың ұлы Жауқан Сәлиев әкесі еңбек еткен мұнай саласын таңдады. Қазақстанды әлемге танытқан жерасты байлығын ең алғашқы жылдардағы игеруде қара жұмысшы күші болып қызмет еткен Сәли қарттың ұлы Жауқан Сәлиев бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау қаласында дүниеге келді. Кедей отбасында дүниеге келіп, қара бала қамы үшін күн мен түнді айырмай жұмыс жасаған еңбекқор отбасындағы Сәли қарияның ұлы Жауқан жасы жиырмаға жетпей ФЗУ-да білім алды. Атырау өңірінде ғана емес, жалпы Батыс Қазақстан облыстары бойынша 1930 жылы ашылған Гурьев мұнай техникумының ашылуы осы өңірлерде жедел қарқынмен дамып келе жатқан мұнай саласының орта техникалық деңгейдегі кәсіби мамандары: геологтерді, бұрғышыларды, экономист сияқты сол кездегі өте қат мамандықтарды дайындау ордасы болып есептелді. Бұл оқу орны студенттерінің негізгі құрамы ғасырдың басында акционерлік мұнай компаниялары мен шетелдік фирмаларда өздерінің еңбек жолын бастаған ізашар қазақтардың ұрпақтары болды. Атырау (Гурьев) мұнай техникумының көптеген түлегі осы білім ордасынан алған білімі мен еңбекқорлығының нәтижесінде атақты бұрғылау шеберлері, мұнай барлау бастықтары, мұнай кәсіпшілігінің директоры сияқты өзге де жоғары лауазымда қызмет атқарды. Өңірде мұнайшылар династиясын құраған Ө.Балғымбаев, Ж.Есенжановтардың есімдерімен бірге есімі құрметпен аталатын жанның бірі Жауқан Сәлиев те Атырау мұнай техникумында техник-бұрғышы мамандығын алып, жас маман ретінде Байшонас мұнай кәсіпшілігіне бұрғылау технигі болып қызметке тұрды. Сол кездегі мұнай саласында білікті мамандар дайындауға деген қажеттілік сезінген жылдары Жауқан Сәлиев Мәскеу қаласындағы алты айлық мұнай өнеркәсібінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын оқып, Сағыз мұнай кәсіпшілігіне бұрғылау жөніндегі инженер болып қана қоймай, Доссордағы училищеде бұрғылау мамандарын дайындауда еңбек етті. Ақиқатын айту керек, мұнай алғаш табылған жылдардан бері бұл салада техникалық жағынан қамту жеткіліксіз болғанына қарамастан, мұнай өндіру қызметі арта түсті. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықтарда мұнайды іздеу және барлау жұмыстарының негізгі аймағы Оңтүстік Ембі аумағы болды. Бұл жерде Мақат, Доссор, Сағыз, Қосшағыл, Құлсары мен Нармонданақ кен орындары игерілді. Соның нәтижесінде бұрғылау көлемі артып, мол мұнай алынды. Сайып келгенде, мұнайдың мол көлемде өндірілуі қазақ мұнайының Одақта Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі орынға табан тіреуіне мүмкіндік берді.
МАЙДАНДА ҚАРА АЛТЫН БЕЙБІТ ӨМІРДІ ЖАҚЫНДАТТЫ Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ мұнайының бұрқағы аспанға толассыз атқылап тұрған кезі болатын. Ел басына күн туған заманда Жер-Ана өзінің қара алтынының жеңісті жақындатуға қажеттілігін сезінгендей-ақ мұнайын ақтара төкті. Құлсары мұнайшыларының ерен еңбегінің нәтижесінде мұнай өндіру 1942 жылы тәулігіне 50 тоннаның орнына 750-800 тоннаға жеткізілді. Бұл көрсеткіш Байшонас, Доссор, Ескене кен орындарында екіүш есе артығымен орындалып отырды. Мұнай өндіру тарихында соғыс жылдарында әсіресе Доссор мұнайын танкілерге өндеусіз құйғаны туралы деректер бар. Сол мұнайдың құрамындағы күкiрт пен парафин төмен, 70 пайызы керосин болғаны оны өндемей-ақ танкілерге құюға мүмкіндік берді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Комсомол, Қошқар және Жақсымай мұнай кәсіпшіліктері жаңадан іске қосылды. Мұнай өндіру көлемі артқан шақта бозарып атқан таңмен ілесіп, сайын даладағы кен орындарына барып, қараңғылық қоюланған түн мезгілінде қайтатын мұнайшылардың біразы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қара алтынды алғаш игерушілердің бірі Жауқан Сәлиев те Отан алдындағы борышын өтеуге 1943 жылы аттанып кетті. Украина, Венгрия, Румыния, Австрия елдерін неміс басқыншыларынан азат етуде кеудесін оққа тосқан Жауқан Сәлиев елге 1946 жылы гвардия лейтенанты болып аман-есен оралды. Мұнай саласында білім алып, тәжірибесін жинақтаған білікті маманның соғыстан аман оралуы соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт өмірде мұнай өндіруде қарқындылыққа басым бағыт берілген кезбен тұспа-тұс келді. Білікті маманға алдымен «Қазақстаннефть» бірлестігіне тұрғын үй бөлімін басқару міндеті жүктелді. Бұл қызметтен соң Жауқан Сәлиев Комсомол кәсіпшілігі басқармасының бастығы болып тағайындалды. Жиырма жылға жуық осы міндетті атқарған оған Қошқар мұнай кәсіпшілігіне басқарма бастығы болу жауапкершілігі артылды. Көп кешікпей Қошқар, Комсомол, Сағыз және Мақат кәсіпшіліктері біріктіріліп, «Мақатмұнайгаз» өндіру басқармасының құрылуына байланысты Жауқан Сәлиев Комсомол аудандық инженерлік-технологиялық қызметінің бастығы қызметін атқарды. Қазақ мұнайының пайда болу жылдарынан оны өндіру, елдің несібесіне айналдыру жолы секілді қияметі мен ырысы қатар келген жылдары мұнай саласында бұрғылау-технигінен басшылық қызметке дейінгі дәрежеге өзінің қарым-қабілеті мен білімі нәтижесінде қол жеткізген Жауқан Сәлиев зейнет жасына жетпей өмірден өтті. «Өмір-өзен» деген осы болса керек...
ӨСКЕН ӨРКЕН Сортаң даласында қара майы жер бетіне шыққан жылдары қара жұмыс жасап, қара бала қамы үшін тер төккен Сәли қарттың Жауқан ұлынан тараған ұрпақтары екі ұл мен бес қыз – бүгінде облысқа ғана емес, республикаға белгілі мұнайшылар. Саналы ғұмырларын жер астындағы қара маймен байланыстырған мұнайшылар отбасында дүниеге келген Жауқан Сәлиевтің ұлдары Мақсот пен Сатыбалды, қыздары Гүлшат, Айша, Ажар, Нұржамал – мұнай саласында қызметте, Гүлжамал ұстаздық етіп, аталары Сәли бастап көрсеткен еңбектің жемісін көріп, ұрпақтарын тәрбиелеп отыр. Мұнай саласының дамуында өлшеусіз еңбек еткен Жауқан Сәлиевтің үлкен ұлы Мақсот Уфа институтының тау-кен инженері мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде сол жылдарды еске алып отырған Мақсот ЖАУҚАНҰЛЫ: – Соғыс аяқталғаннан соң Мәскеудің, Ленинградтың, Новосібірдің жоғары оқу орындарының әрбіреуіне 10-15 адамды мамандық алуға оқуға жіберетін. Көбіне жергілікті тұрғындар оқуға баратын. Осы толқын Қазақстан мұнайшы инженерлерінің қатарын толықтырды. Мен Уфадағы мұнай институтына қазіргі таңда қоғамда үлкен қызметтерді атқарып жүрген Бақты-
хожа Ізмұхамбетов, Меңдеш Салықов, Төлеген Хасанов, академик Ғали Қайыровтармен қатар оқыдым, – деп, ол туған жерден шалғай елде оқыған ауыл баласына орыс тілінде оқу қиындау соққанын да тілге тиек етті. Мақсот Жауқанұлынын айтуынша, мектепте жақсы оқығандарына қарамастан, ауыл баласы қазақша оқығанын ескерген сала министрлігі тарапынан қазақ ұлтын оқытуда бірнеше жеңілдік қарастырған. Оқу орнында қазақ жастарына тілі ұқсас татар, башқұрт ұлтының педагогтері сабақ берсе, екінші бір жеңілдік – мұнайдың оқуын оқығандардың қабілетін шектемеу мақсатында сынақ аларда да оларға қазақ тілінде жауап беруге рұқсат етілгендігі бүгінгі мұнай саласындағы майталман мұнайшылардың қатарының толығуына мүмкіндік берді. Бұл, сайып келгенде, мұнайлы өңірде мұнайшылар династиясының қалыптасуына оң жағдай жасады. Ардагер мұнайшы Мақсот аға әкесінің мектепте оқып жүргенде-ақ өзіне «Сен бала мұнайды өндіретін мамандықты оқитын боласың!» деген сөзінен болашақ мамандығына таңдау жасап, әке үмітін ақтады. Уфадағы оқуын аяқтап келген соң Мақсот Жауқанұлы «Кеңқияқмұнай» басқармасында оператор, шебер, инженер, ауысым бастығы қызметтері деңгейін білімі мен тәжірибесімен бағындырып, «Доссор мұнай» МГӨБ бас инженерлігі қызметінен құрметті демалысқа шықты. Мамандығының бесаспап шебері болып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген мұнайшының ұрпағы өзіне деген халықтың сенімінің нәтижесіне І шақырылған Мақат аудандық мәслихаттың депутаты болды. Мұнай-газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың басшылығы майталман мұнайшының еңбегін бағалап, Құрмет грамоталарына ұсынып, жергілікті атқарушы билік оның өңірге сіңірген еңбегін бағалап, Мақат ауданының Құрметті азаматы деген атаққа лайық деп шешті.
ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР Жер-Ана адамзатқа сыйлаған қазынасын игеруде маңдай терін төгіп қызмет жасаған майталман мұнайшы Мақсот Жауқанұлының ұлдары Мәлік, Айнұр және Зейнұр да атасы мен әке жолын таңдап, мұнай саласында еңбек етуде. Бүгінде өздері де ұрпақ сүйіп отырған олар қара алтынның қадірін сезіне білген жандар. Өйткені олардың қарт атасы жерге алғаш шыққан қара майдың иісі күртесіне сіңген, қара алтынды түйеге артып, жетектеп айлық алыс жолдармен тасымалдаған қара жұмысшы болса, аталары Жауқан Сәлиев – соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі жылдарда мұнай кәсіпшілігінде қарапайым бұрғылау мамандығынан басшылық қызметке дейінгі сатыда өзінің ақ адал ісімен халқына сыйлы болған жан. Турасын айтсақ, мұнайды алғаш өндіруші және мұнай саласындағы барлық ауыртпалыққа шыдас беріп, таңның атысы мен күннің батысын елең қылмай, елдің ырыздығы үшін өмірінің соңғы күніне дейін адал еңбек етті. Адал еңбек дегенде Жауқан ағайдың ұлы Мақсоттың әкесі туралы айтып берген естелігі есімізге түсіп отыр. Атырау қаласында (Гурьев) дүниеге келіп, осы қалада облыстық комитетте жа-
Ұстазға – пәтер, балаға – балабақша Бұйырса, Қарағанды аймағының үш өңіріндегі балдырғандар сыры әлі кеппеген су жаңа мектептің табалдырығын аттайтын болады. Ұстаздар қауымының бас қосып, пікірлесетін тамыз мәслихатында бұл жаңалық жария етілген-ді. Бұқар жырау ауданындағы Байқадам ауылы, Ұлытау ауданының Терісаққан ауылындағы және Жезқазған қаласындағы апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынған үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
уапты орында қызметте болған Жауқан Сәлиевті Комсомол кәсіпшілігіне басшылыққа тағайындаған жылы Сәли қарт қолда бар малы – екі түйесіне жүктерді артып, бала-шағасымен Атырау қаласынан алты күн жүріп барып Комсомол кентіне жеткен екен. Екі түйеге артқан жүгі бар керуенді бастап келе жатқан Сәли қартты көрген ардагер мұнайшы Өтеп Балғымбаев: «Бұл Жауқанның қайткені? Неге көлікпен емес, арбамен көшіп барасыздар? Қазір мен оған тапсырма берейін», – деп, көлігіне отыруға бет алғанда Сәли қарт оны тоқтатып: «Балам көлігін берген болатын. Алайда жер көріп, сайын даланың ауасын жұтып көшемін деген өзім едім», – деп, мұнай саласындағы басшыны райынан қайтарған екен. Осылайша баласы Жауқан жауапты қызметке тұрған Сәли қарт көрген күніне алғысын жаудырып, Комсомолдағы шеген үйлердің біріне қоныс аударып барды. Шын өмірден алынған осы мысалдың өзі сол кездегі адамдардың жеке басты күйттемей, тек қана адал еңбек етуді мақсат еткеніне көз жеткізуге болады емес пе? Қазіргідей емес, мұнай табылған алғашқы жылдардағы техника дегенді көрмей, барлық жұмысты қол күшімен атқарған Мақсот Жауқанұлы қазіргі мұнайшы мамандар мен бұрынғы мұнайшы мамандардың жұмыс жасаудағы айырмашылығы аспан мен жердің айырмасындай екенін айтып отыр. «Менің әкем және мен мұнай саласында жұмыс жасаған жылдары жұмысшылар арақашықтығы 10-15 шақырым жердегі ұңғымаларға құрал-саймандарды арқалап, қыста тоңазып, жазда самайдан тер ағып, балшыққа белшеден батып жаяу баратын. Тербелмелі ұңғыманың негізгі қозғалтқышы редуктор істен шыққан кезде оны ауыстыру үшін арқанды пайдаланып, қолдың күшімен жарты күн жүріп ауыстыратынбыз. Қазір техниканың дамыған заманында оған бір сағат уақыт жеткілікті. Бүгінгі күні біздің ата-бабаларымыздың мұнайшылықты кәсіп еткен алғашқы жылдардағы еңбегі мен тұрмыс-тіршілігін айтпағанда, осы сізге айтып отырған менің осы салада жүріп көргендерімді бүгінгі жастар ертегідей көреді. Ақиқатын айтсам, атам мен әкем көрмеген осы саладағы жақсы істерді, заманауи өзгерістерді біз көре қалдық және біздің ұрпақтарымыз да соның игілігін көріп жатыр. Мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа қарасты «Доссормұнайгаз» МГӨБ қызметте жүрген кезімде ұлттық компанияның тарапынан мұнайшылардың жұмыс жасауына және олардың әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырмағанына, қара алтын өндіруші біздің заман талабына сай қызмет етіп, бақуатты өмір сүруімізге барлық жағдай жасалып жатқанының куәсі болғаныма қуаныштымын. Себебі аталарымыздың арманы еді ғой бұл», – деген Мақсот Жауқанұлы бүгінгі таңда мұнайшыларға барлық жағдай жасалып отырғанын айтты. Бүгінде мұнай саласында тер төгіп, еңбек еткен жылдарының зейнетін көріп отырған Мақсот Жауқанұлының айтуынша, бүгінде Казақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашылуы еліміздің дамушы елдер қатарына қарқынды қадаммен жетуіне ықпалын тигізуде. Елбасы Н.Назарбаевтың табандылығымен іске асырылған КҚК жобасының кеңеюі арқылы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашылды. Бүгінде Каспий құбыр консорциумын кеңейту жобасы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың ел экономикасының жаңа секторын дамыту бойынша іске асырып жатқан жобаларының бірегейі. Ағымдағы жылдың соңында жүзеге асуы күтіліп отырған 33 млрд доллар инвестиция салынған Қашаған мұнайын игеру жобасына отандық «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясының да тең дәрежелі қатысып отырғанындығының өзі – ғасырдан астам уақыт қара алтын өндіріп келгендер үшін зор жетістік. Расында да, қара алтынның арқасында ел еңсесi көтерiлдi. Ең бастысы, еліміздің егемендігінің нәтижесінде мұнай алғаш шыққан жылдары зейнетінен гөрі бейнетін көрген, қара жұмыс атқарып, қара бала қамын ойлап, табыс тапқан Сәли қария мен оның замандастарының келешек ұрпақ игілігін көрсе екен деген арманы орындалды десек, артық айтқанымыз емес.
Ең алғаш рет Шахтерлер күні аталып өткенде Қарағандының он кеншісіне Социалистік Еңбек Ері атағы беріліпті. Сонымен қатар бассейннің 3200 кеншісі ордендер мен медальдармен марапатталып, ал ұзақ жылғы мінсіз де адал еңбегі үшін 119 адамға Құрметті кенші атағы беріліпті. Ал 1978 жылдың 18 қаңтарында тарихи тағы бір оқиға тіркелді. Осы күні «Северная» шахтасында Горбачев, Костенко және Күзембаев атындағы шахты жұмысшыларының қатысуымен бассейннің тарихында миллиард тонна көмір шығарылған екен. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов кеншілер қауымын мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. – «Біз сіздерді мақтан тұтамыз, қадірлі кеншілер, ардагерлер. Сіздердің еңбектеріңіз еліне адал қызмет етудің, қажырлы еңбектің жарқын үлгісі болып қала береді», – деді облыс әкімі. Ол сондай-ақ ардагерлердің салған сара жолын кеншілердің бүгінгі толқыны да лайықты жалғастырып келе жатқандығын айтып өтті. Көмір өндірісі Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдары өңірдегі алдыңғы қатардағы салалардың бірі болып қалуында олардың қосқан үлесі өте зор. Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар кеншіге облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды. Сонымен бірге көмір департаменті бір топ кеншіні түрлі дәрежедегі «Кеншілер даңқы», «Еңбек даңқы» белгілерімен марапаттады. Соның ішінде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бар. Чемпионға кеншілердің «Қорғау» кәсіподақ ұйымы көмір өнеркәсібінің «Құрметті қызметкері» белгісін тарту етті. Ал саңлақ ұл бұл марапатты 35 жыл шахтада еңбек еткен әкесі Жұманғали лайық деп білетінін айтып, белгіні әкесінің омырауына қадағаны да жұрт аузында біразға дейін жыр болып айтылары даусыз.
Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау облысы
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды
Сонымен қатар Қарағандыда 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс республикалық бюджеттен қаржылан дырылады, жобаның жалпы құны 3 миллиард теңге шамасында. Жалпы облыс бойынша бір компьютерге келетін бала саны 7,5 адамды құрайды, республикалық көрсеткіш – 16. Ауыстыруды қажет ететін компьютерлік техника саны 18-ден 11%-ға дейін төмендеді. Кең жолақты интернетке мектептердің 79,9% шыға алады, республикалық көрсеткіш – 43%. Бүгінгі күні облыста 189 балабақша мен 312 шағын орталықта 50 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Өткен оқу жылы ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз ету 86-дан 97%-ға дейін арттырылды, бұл республикалық көрсеткіштен 32% жоғары. Өткен оқу жылы ішінде 785 орындық төрт жаңа балабақша іске қосылды. Биыл өңірде республикада тұңғыш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қарағанды мен Теміртауда 4700 орындық 15 балабақшаның құрылысы басталды. Бұл жоба мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуда қордаланған проблеманы шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов мұғалімдер мәслихатында жеті жас маманға пәтер кілтін табыстаған болатын.
Кеншілер күні 65-рет тойланды МЕРЕКЕ
Атырау аймағы – қазақ баласының маңдайына біткен қара алтынымен әлемге танылған ерекше аймақ. Осы бір табиғаты қатал, жері қуаң өңірдің сайын даласында жылдың төрт мезгіліне төзімділік танытып, әр күнін тынымсыз еңбекпен бағындырған мұнайшы атты маман уақытпен санаспай қызмет етіп келеді. Бүгіндері бір ғасырдан астам өзіндік тарихы бар саланың қазіргі майталман мамандары – бір кездері қазақтың сахара даласында мұнайды алғаш рет игеруге атсалысқан мұнайшы бабаларымыздың ұрпақтары.
ИГІ ІС
Кеншілердің киелі мекені Қарағандыда дәстүрге айналған Кеншілер күнін мерекелеу бейсенбіден басталып, күні кешеге дейін тойланды. Кеншілер құрметіне арналған бұл мереке осымен 65-рет тойланып отыр.
Депозитті мерзімінен бұрын бұзсам, көп шығынданамын ба?
Өтемақы талап етуге құқылысыз
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пайызбен пәтер алу үшін депозит ашып, ақша салып келе жатқаныма бір жылдан астам уақыт болды. Шарт бойынша кем дегенде үш жыл жинақ жасауым керек екен. Алайда басқа тиімді ұсыныс болғандықтан, осы депозитті мерзімінен бұрын бұзсам ба деп едім. Естуімше, ол үшін көп ақша ұстап қалатын көрінеді ғой. Осының анығын біліп бересіздер ме? Эльмира, Алматы қаласы Бұл мәселені екі жағдайда шешуге бо- соң банк менеджері өзіңізге хабарласады. Сол кезде тағы банкке бас сұғасыз. Қолылады: 1.Сіз өзіңіздің келісімшартыңызды ңызда ЖСН, жеке басыңызды куәландыбіреуге өткізіп бересіз. Ол үшін банкке рушы құжат, келісімшарт түпнұсқасы, жикеліп тұрғынүйқұрылыс салымы келісім- нақ кітапшасы болуы керек. Келісімшартшартының құқығы мен міндеттемесін өткі- ты біреуге өткізіп берудің басты артықшызетіндігіңіз туралы өтініш жазасыз. Одан лығы – жинаған сомаңызбен қоса, жылкейін сіздің келісімшартыңызды ары қа- дық сыйақы пайызымен бірге мемлекеттік рай иемденгісі келетін тұтынушыны тапқан сыйақыны да аласыз.
Таяуда химиялық тазалау қызметіне жүгініп, қыстық пальтомды тазалатып едім. Өңі оңып, етегі қысқарып, жауырыны тарылып қалыпты. Қызмет көрсетуші фирманы осы жайттан хабардар етсем, ондағылар «басымды қатырмашы» дегендей, қолдарын бір-ақ сілтеді. Мұндай жағдайда қайткен дұрыс?
2. Ал келісімшартты түбегейлі бұзғыңыз келсе, банкке келіп, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзатындығыңыз туралы өтініш жазасыз. Жоғарыда аталған құжаттарды ала келесіз. Бес жұмыс күні ішінде өзіңіздің жинаған ақшаңызды бұзып ала аласыз, оған қоса банктің жылдық 2 пайыз, қосымша жылдық 0,7 пайыз сыйақы мөлшерлемелерін иемденесіз. Ал мемлекеттік сыйақы сомасы шегеріліп, бюджетке аударылады. Сондай-ақ бұл арада бастапқыда келісімшартты жасау кезінде төлеген комиссиялық төлемдер өтелмейтіндігін ескерте кетелік.
Күлпәш, алматылық зейнеткер «Химиялық тазалау» бойынша № 1075-2002 сертификат талаптарына сәйкес, химиялық тазалаудан кейін киім таза болуы тиіс, қандай да бір химиялық қоспаның иісі шықпауы керек, тігістері сөгілмеуі қажет; – пішінін (өлшемін), суретін сақтауы тиіс; – үтіктеліп, табиғи қалпынан айырылмауы керек. Міне, осы талаптарды негізге ала отырып, сіз сотқа немесе Тұтынушылар құқығын қорғау одағына шағымданып, киіміңізді бүлдірген фирмадан өтемақы өтетіп ала аласыз. Бастысы, сол фирманың қызметіне жүгінгеніңізді айғақтайтын құжат болса болғаны, мәселен, чек түбіртегі дегендей.
55
ҚОҒАМ
№152 (834) 29.08.2012 жыл, cәрсенбі
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
аза сахнасыны жары ж лдызы нуар Молдабеков кино нерімен е алаш «Чапаев» фильмі арылы танысыпты. Кшпелі кинотеатрды ауыла %келіп крсеткен картинасы ж&регін тербегені соншалы, «Чапаев шынымен лді ме?» деп апаланан нуар оан сенбей, киномеханик ай ауыла барса да іздеп тауып, «Чапаев аман алатын шыар» деген &мітті
жетегімен айта-айта крген екен. Сол %сершілдік, сол сезімталды аыры оны &лкен сахнаа алып келді. «азафильмні » %р жылдардаы айтулы фильмдерінде М са («н анатында»), Шеге («ыз Жібек»), Еламан («ан мен тер»), ожабек асаал («2телмеген парыз»), Едіге («Тоызыншы лдан сатан») сияты баса да кптеген айшыты образдарды сомдаан ол «Мосфильм», «ырызфильм», «2збекфильм» туындыларына да т&сіп, озы нерімен крермен к ілінен м% гілікке орын алды. Майталман актерді дара т ласы, адами биік болмысы жнінде лы Ермек аытан сыр тиегі тмендегідей...
Ш
ымкенттік «Сақ» киностудиясы «Қазақия» атты мультипликациялық жобаның алғашқы серияларының түсірілімін аяқтады. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары жөнінде әңгімелейтін бұл жоба тек танымдық міндетті ғана атқарып қоймайды, сонымен бірге кішкентай көрермендердің бойына патриоттық рух пен адами ізгі қасиеттерді сіңіруге де бағытталған.
Ұзын-ырғасы 7-8 минутты құрайтын әрбір серия нақты бір тақырыпқа арналған. Мысалы, бірінші серияға Наурызды мерекелеу дәстүрінің қашан және қайдан бастау алғаны, шығыс Жаңа жылының енуін қай кезден бастап есептеу керектігі, наурыз көженің қалай дайындалатыны сияқты басқа да жайттар арқау етілген. Екінші серияда еліміздің мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері көрнекі түрде түсіндіріледі. Үшінші серияда халқымыздың ең керемет дәстүрлерінің бірі, яғни белгілі бір жұмысты ел болып жұмыла атқаратын асар жайлы баяндалады. Түсірілген және алдағы уақытта жоспарланып отырған серияларды өздері де танымал ұлттық бренд есебіндегі басты кейіпкерлер – Қамшы мен Асық байланыстырады. Бұл орайда сериалдың сценарий авторы және режиссері, облыстық киновидео орталығының директоры Батырхан Дәуренбеков баяндалу принципі тұрғысынан алғанда,
«Қазақияның» ресейлік атақты «Смешарики»-ді еске түсіретінін айтады. Өйткені екеуінде де оқиға басты кейіпкерлердің айналасында өрбиді және олар әр серияда әртүрлі оқиғаға тап болады. Ал көрерменге бағытталған мораль барлық жерде біреу, яғни өз Отаныңды сүю, ұлттық құндылықтарды қадірлеу, жақсылық пен жамандықты тани білу. Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақия» авторлары мұндай мультфильмдерді көре отырып, жас жеткіншектеріміздің нағыз патриот болып өсетініне сенімді. Батырхан Дәуренбековтің пікірінше, анимация бүкіл әлемде идеологиялық қару есебінде жүреді, яғни жас ұрпақ соның көмегімен тәрбиеленеді. Сондай-ақ «Анимация балалардың өздеріне жақын тілмен сөйлей отырып, олардың туған Отанын және атабабаларының салт-дәстүрін сүйіп өсуіне себепкер болады. Бұл жөнінде қанша айтылып, жазылып
жатса да, бізде мультипликация саласына айтарлықтай дәрежеде мемлекеттік қолдау көрсетілген емес. Соның салдарынан балаларымыз шетелдік эпостар қаһармандарын, мәселен, кәрістің Джумонгын жақсы біледі, ал оның жанында өзіміздің Алпамыстың немесе Қобыланды батырдың кім екенінен мүлде хабарсыз. Халық ауыз әдебиеті мұраларының аса бай қоры мен ұлттық батырларымыздың, қаһармандарымыздың молдығына қарамастан, отандық өнерімізде олардың анимациялық бейнесінің жоқтығы – орны толмас кемшілік», – деп қынжылған Батырхан Дәуренбеков, іргелес Ресей елінде Алеша Попович, Добрыня Никитич, Илья Муромец тәрізді өзге де ұлттық батырлар туралы бір сағаттан астам мультипликациялық фильмдердің түсірілгендігін тілге тиек етті. «Бізде тіпті бірнеше минуттық жобаны түсірудің өзі мұң. Әрине, бұл тақырыпта «Қазақфильмнің» «Ер Төстік» атты толықметражды ани ма циялық фильмі бар, бірақ оның өзі батырлық дастанға емес, ерте гіге негізделген», – дейді аниматор. Шымкенттік аниматорлар өздерінің жеке қаражаттарына түсіре бастаған осынау теңдессіз патриоттық жоба мемлекет болмаса жеке құрылымдар тарапынан қолдау табар деген үмітте. Ал қаржы-қаражат мәселесі шешілген жағдайда олар жылына 20 серияға дейін шығарып отыратындарына сенімді. Өйткені Қамшы мен Асықтың басынан кешірген оқиғаларын жалғастыруға қатысты ойтолғамдар мен жоспарлар шығармашылық ұжымда жетіп-артылады.
Ермек МОЛДАБЕКОВ, актердің ұлы:
Әкемнің атының өзі – ұрпақтары үшін үлкен тәрбие МЕЙІРІМІ ШЕКСІЗ ЕДІ
Құралай ҚОҢЫР
«Жаужүрек мың бала» DVD нұсқада да көш бастап тұр Сатаевқа 7 млн табысталды
«Меломан» дүкендер желісінің шілде-тамыз айларындағы «Қазақфильм» киноларының DVD-диск нұсқаларын сату барысындағы көрсеткіші төмендегідей:
«Риэлтор»
1. «Жаужүрек мың бала» (реж. Ақан Сатаев) – 4 400 DVD 2.«Менің күнәлі періштем» (реж. Талғат Теменов) – 267 DVD; 3. «Болашақ үшін» (реж. Ерлан Сағынов) – 132 DVD; 4. «Менің балалық шағымның аспаны» (реж. Рүстем Әбдірашев) – 120 DVD; 5. «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (реж. Қуат Ахметов ) – 101 DVD. Естеріңізде болса, Алматыдағы «Меломан Grand» дүкенінде 13 шілде күні «Жаужүрек мың бала» фильмінің DVD нұсқасының тұсаукесері өткен. «Менің күнәлі періштем» мен «Болашақ үшін» фильмдері маусым айында сатылымға шыққан. Ал «Балалық шағымның аспаны» 2011 жылдың маусымынан бері сатылымда тұрса, «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі 2010 жылдың қазан айынан бері сатылымда. «Қазақфильм» киностудиясының дерегіне сүйенсек, 2011 жылдың ең өтімді фильмі болып «Ликвидатор» танылған. Оның бір жылдық сатылымы барысында 4 550 дискі өткен. Ал осы жылдың шілде айында ғана сатылымға шыққан «Жаужүрек мың бала» фильмі бір айдың ішінде-ақ «Ликвидатордың» бір жылдық сатылымын басып озған. Бұл табысты екі жобаның да режиссері – Ақан Сатаев.
Тамыздың орта шенінде Астанада өткен «Менің елім – Қазақстаным!» атты патриоттық әндер концерті барысында «Алтын қыран» компаниялар тобының директоры, меценат Исламбек Салжанов «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаевқа 7 млн теңге табыстады.
Кореядағы додада бақ сынауда
Әкем өте ақкөңіл болатын. Мен ол кісінің осы қасиетін өзіме үнемі үлгі тұтамын. Үлкендерге ілтипатпен сый-құрмет танытып, кішілермен тең құрбысындай сөйлесетін. Үйімізден қонақ арылмайтын. Тіпті студенттерді де жиі ертіп келетін. Анамның айтуынша, әкем Мемлекеттік сыйлыққа ие болғанда алған ақшасының бәрін студенттерге таратып беріпті. Мансап қуу, байлық жинау деген қаперіне де кіріп-шықпаған әкем үшін өзгені қуанту бірінші орында тұрған секілді. Бізге деген мейірімі шексіз еді. Орнымен еркелететін. Ұрсатын жерде ұрсып та алатын, бірақ онысы көбіне зілсіз шығатын. Күнде таңертең ерте тұрып, зал ішінде жүгіретін. Бізді ояту үшін істейтін амалы болса керек, шыдамай, төсегімізден тұрып кететінбіз. Ойлап отырсам, әкем менің барлық еркелігімді көтеріпті. Гастрольдік сапарға шыққанда жанына ертіп алатын. Велосипед сатып әперіп, оны жүргізуді де өзі үйреткен. 7-8-сыныптарда оқып жүргенімде Мәскеудегі кинофестивальге ерте кетті. Кетер күні Мәскеу өзенін көруге шықтық. Қайтарда «Мәскеуге келіп тұрып, өзенге шомылмадым десем, достарым мазақтайды» деп қырсықтым да қалдым. Ұшақ жарты сағаттан кейін ұшатын еді. Әкем «уақыт жоқ қой» деп сәл үгіттеп көрді де, көнбейтініме көзі жеткен соң «мейлі, түссең, түсе бер» деп, метро жаққа кетіп қалды. Сөйтіп, армансыз шомылдым. Ұшаққа отырғызу басталғанда әуежайға жетіп үлгердік, әйтеуір. Үсті-басым су болған маған сонда да ұрысқан жоқ-ты.
ЕҢБЕКТЕНГЕНІМІЗДІ ҚАЛАЙТЫН Кішкентай кезімде кептерді өте жақсы көретінмін. Бірде жанымыздағы бес қабатты үйде тұратын бір ағайдың кептер бағатынын байқап қалдым. Сұрап көріп едім, бермеді. Содан «көрсетпей алып кетсем» деген ой келді. Қолыма тістеуік, тағы біраз құралдар алып, сол үйдің шатырына шыққаным сол еді, кептерші ағай ұстап алды. Дереу милицияға апарды. Ондағылар үйге хабарлады. Жылап отырғанымда әкем келді. Бәрімен асықпай амандасып шықты, ал мені көрмегенсіп тұр. Сосын үстел үстінде жатқан заттарға қарап: «О, мынау біздің үйдің заттары ғой, бұлар мұнда қайдан жүр?» – деп таңданды. Қазір ойлап тұрсам, сонда ол жағдайды жұмсарту үшін солай істеген екен ғой. Милиция қызметкерлері әкеме таңдана қарап: «Балаңызды қамаймыз», – деп еді, әкем түк болмағандай: «Қамасаңдар, қамай беріңдер», – деді. Сонымен, не керек, ақыры бәрі жақсы аяқталып, әкем мені үйге алып қайтты. Сенесіз бе, сонда түк те ұрысқан жоқ. Ұрысса, қырсығып кетер ме едім. Алайда сол оқиғадан кейін өзгенің затына қызығу дегенді мүлде қойдым. Бұған қарап «әкеміз бізді еркімізге қоя берді» деуге болмайды. Ол біздің не нәрсеге болса да өз талабымызбен, еңбегімізбен жеткенімізді жөн көретін.
ЖҮЗ ПАЙЫЗ ДАЙЫНДЫҚТА ЖҮРДІ
«Меломан» дүкендер желісі 16-19 тамыз аралығындағы Қазақстандағы кинопрокатта көрсетіліп жатқан фильмдер табысын жариялады. «Меломанның» ұсынған ақпараты бойынша көрсетілімдегі фильмдер түсімі төмендегідей болған: Режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі тамыздың 22-сінде Кореяда басталған 6th Cinema Digital Seoul Film Festival кинофестиваліне қатысып жатыр. Сандық форматтағы фильмдердің Сеулдегі фестивалі жас таланттар мен қабілетті, көркем, деректі, мультипликациялық фильмдер режиссерлерін таныту, олардың өзара диалог алаңын құру, шығармашылық байланыс орнату мақсатын көздейді. Жас режиссерлердің дебютті жұмыстары ұсы нылып, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың талдауына түседі. Сеулде өтіп жатқан бұл кинофестивальда биыл 40 фильм сарапқа салынады. Ауғанстан, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Бангладеш, Бутан, Бруней, Камбоджа, Кипр, Джорджия, Гонгконг, Үндістан, Иран, Ирак, Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Қырғызстан және Қазақстан секілді елдердің киноөнімдері бақ сынасуда.
www.alashainasy.kz
Бәрін еске түсіру ................................ 19 961 592 тг (Вспомнить все) Замбезия ............................................. 6 135 635 тг Сэммидің хикаясы 2 ............................ 5 927 350 тг (Шевели ластами 2) Бір адым алға – Революция ................ 4 984 900 тг (Шаг вперед 4) Бұл менің ұлым .................................... 3 851 477 тг (Папа-досвидос) Қара батырдың оралуы ........................ 3 522 651тг (Темный рыцарь: Возрождение легенды)
Сый-сияпаттан шығармашылық топтың өзге мүшелері де сырт қалған жоқ. Фильмнің басты рөлдерін ойнаған Аян Өтепберген, Құралай Анарбекова, Әлия Әнуарбек, сондайақ Асылхан және Артур Төлеповтерге 1 млн теңгеден берілді. Өзінің Атымтайдай жомарттығын паш еткен Исламбек Салжанов «Жаужүрек мың бала» фильмін көргеннен кейін оның режиссері Ақан Сатаевты тауып, осындай патриоттық туынды үшін өз алғысын білдіргісі келген екен. Соның орайлы сәті тауып, тартуын табыстаған Исламбек: «Сіздерге мың да бір алғыс. Отанға деген махаббат сезімін күшейтетін осындай туындыларыңыз көбейе берсін!» – деп ағынан жарылды. Өз кезегінде Ақан Сатаев кәсіпкердің сыйсияпаты үшін зор алғысын білдіріп: «Бұл менің ғана еңбегім емес. «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсіріліміне 500-ге тарта адам қатысты. Олардың әрбіреуі өз учаскесінде барынша еңбек етіп, фильмнің сапалы болып шығуына бар күш-жігерін салды. Мемлекеттің де қолдауы айтарлықтай болды. Бұл фильмнің көрерменнің көңілінен шыққанына, елдің патриоттық рухын көтергеніне қуаныштымыз», – деді.
Әкем рөлдерін күн сайын, тіпті сағат сайын пысықтап жүретін. Кейде екеуміз автобуста кетіп бара жатқанда қасында тұрсам да «Ермек, қазір түсеміз!» деп айқайлап жіберетін. Мен өзімше ұялып қалатынмын. Сөйтсем, кейіпкерінің дауысымен айқайлайды екен ғой. «Өтелмеген парыз» фильмінде қарт кісінің рөлінде ойнады. Сол фильмге түсерде біраз уақыт рөліне еніп, шал сияқты болып жүрді. Сөзі де, жүріс-тұрысы да өзгерді. Кейде үйге бетіндегі гримді сүртпей келетін. Рөлдерін үйде ойнап дайындалатын, қоғамдық көлік ішінде келе жатып ән салып жіберген кездері де болған. Алайда өзі түскен фильмдерді көріп отырып, кемшілік тауып, өзін-өзі жақтырмай қалатын. Енді ойлап тұрсам, әкем өз рөлдеріне барлық уақытта жүз пайыз дайындықта жүрген сияқты. Әкем табиғатты қатты сүйетін. Екеуміздің Алатаудың шатқалын аралаған сәттеріміз әлі күнге дейін жадымда. Табиғат аясына шыққанда көңіл күйі айрықша көтеріңкі болып кететін. Тау өзенінің жағасында айқайлап ән айтқанды жақсы көретін. Ағаштың тамырларын жинайтын. Үйге әкелген соң әдемі бұйым сияқты бояп қоятын. Көңілден кетпес осы естеліктер әкеме деген сағынышымды жыл өткен сайын ұлғайта түседі. «Жақсы әкенің даңқы ұлына қырық жыл азық» деген емес пе? «Әнуар Молдабековтің ұлы» деген атты алып жүрудің өзі – аса зор жауапкершілік. Әкемнің есімі – маған ғана емес, менің балаларыма да мақтаныш. «Әкем біздің әр қадамымызды қадағалады» деп айта алмаймын. Бірақ ол бізді адал көңілімен, ақжарқын мінезімен, сомдаған образдары мен сахна арқылы тәрбиелей білді. Атының өзі артында қалған ұрпақтары үшін – үлкен тәрбие. Бетті дайындаған Шолпан ҚАРАЕВА,
[email protected]
6
АЛАШ АЗАМАТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
www.alashainasy.kz
АЛАШ-АҚПАРАТ
e-mail:
[email protected]
ДАТ!
Қарағанды облысының полициясына 49 көлік тарту етілді
Ғалым БАЙНАЗАРОВ, экономист-қаржыгер, қоғам қайраткері:
Сенбі күні Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері жаңа көлікке отырды. Темір тұлпарларды облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов тапсырды. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Жеңіс саябағының алаңында өтті. Құқық қорғау органдарының пәрменді жұмыс істеуіне материалдық-техникалық базаның нығайтылуы аса маңызды екені белгілі. «Тек биылғы жылдың өзінде құқық қорғау органдарын ұстап тұруға 8,5 млрд теңге, оның ішінде материалдықтехникалық базаны нығайтуға 205 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Ал енді бюджет есебінен алынған «КИА Каденза», «КИА Серато» және ВАЗ-21214 маркалы 49 автомобиль облыстық ІІД-нің көлік құралдары паркін толықтыра түспек. «Жаңа қызметтік автомашиналар қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күреске қызмет көрсетеді деп сенемін. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, ұрлыққарлық, есірткі саудасына тосқауыл қойылып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жандана түседі деген ойдамыз. Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін», – деді облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов. ІІД бастығы Нұрлан Рахымберлин облыс әкіміне бұл қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Иелерін тапқан автокөліктер сол сәтте-ақ қызмет көрсету орындарына жөнелді. Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды
ОҚИҒА
Ақтөбе халықаралық әуежайына шабуыл жасалды «Оқиға тамыздың 27-сі күні таңғы сағат 4-тер шамасында болған. Қарақшылар әуежайдың кеңсесінен жалпы сомасы 1 млн 240 мың теңге алып кеткен» деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев. Түнделетіп терезеден енген үш жігіт Ақтөбе халықаралық әуежайының күзетшісін ұрып-соғып, байлап тастайды. Артынша күзетшінің қалта телефонын тартып алып, кеңседен 1 млн 50 мың теңге, 200 АҚШ доллары мен 200 евро алып кеткен. Араға 20 минут салып полицияға хабар берген күзетші қарақшылардың бетперделері болғандығын айтқан. «Маңызды нысанға шабуыл жасаған азаматтарды қолға түсіру үшін бірнеше топ жедел әрекет етті» деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қылмыстың ізі суымай қолға түскен үш күдікті қазір қамауда отыр. Полицейлердің айтуынша, ВАЗ-2109 көлігін мінген 18, 20 және 22 жастағы азаматтардан екі бетперде мен 12-калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. Күдіктілердің ең кішісі – 18 жасар жігітке Ақтау қаласында кісі тонап, ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған екен. Сондай-ақ тергеу бұл азаматтардың былтыр қыркүйектің 23-і күні Ақтөбе қаласы Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің біріне баса-көктеп кіріп, компьютер мен ИЖ-16 маркалы аңшы мылтығын әкеткендігін де анықтап отыр. Полицейлердің сөзіне қарағанда, былтыр қазан айында Әбілқайырхан даңғылындағы оқу орталығының ғимаратынан шаштараз құралдарын ұрлаған да осы топ. Қазір күдіктілер тергеліп жатыр. Олардың үстінен ҚР ҚК «Қарақшылық» деп аталатын бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА, Ақтөбе
Тұралаған қаржы институттары мен қалжыраған қорларға ақша құюмен дағдарыс тоқтамайды – Ғалым Байназарұлы, өзіңізді қарапайым халық азаттықтың алғашқы жылдарынан жақсы біледі. Экономика саласында елеулі еңбегіңізбен де елжұрт етене таныс. Қазіргі экономикалық ахуал жайлы қандай пікірдесіз? – АҚШ-тағы қаржылық тұрақсыздық және экономиканың өсім баяулығы, жұмыссыздықтың белең алып, оның өрбуі – бүгінгі таңда барлық қаржы институттарын алаңдатып отырған ең негізгі мәселе. Тіпті бүгінгі күні түйіні шешілмеген, мерзімі белгісіз беймәлім құбылыс деп айтсақ артық болмас. Америка бүкіл дүниежүзіне тарайтын тауар және қызмет түрінің 25 пайызын пайдаланады. Өзіңіз есептей беріңіз, дүниежүзінің төрттен бір бөлігінде осындай келеңсіз жағдай орын алған соң, басқа мемлекеттерге ол әсер етпей қоймайды. Себебі барлық жағдай доллардың құндылығына байланысты. Осы жағдай бірте-бірте Еуропаға жетті. Одан кейін батпандай салмағын бізге де, яғни ТМД елдері мен Азияға да артуы заңдылық еді. Біз (экономикамыз) бұл ахуалды күтпедік, білмедік деп айтуымыз ағаттық болар. Әрине, біздің алтын валюталы қорымыз болды. Ұлттық қорымыз болды. Солай бола тұра, бұл дағдарыс бізге оңайға соққан жоқ. Біз шикізат шығарушы мемлекет болғандықтан, экономиканың даму үрдісі АҚШ, Еуропа секілді алпауыт елдердің сұранысына, сол елдердің экономикалық жағдайларына, әлемдік нарықтардағы баға тербелістеріне тығыз байланысты болған соң, бірден әсерін тигізді. 2008 жылдың екінші жартысынан бастап әлемдегі жағдай рецессияға ұласып, тоқырау етек ала бастады, бір сөзбен айтқанда, дағдарыс қалыпты жағдайдан дамуды баяулатып көп елдерді құлдырауға әкелді. Еуропа мен Америка кері кете бастады. Ал ең қиын кезең жалпы әлем жұртшылығы үшін 2008-2009 жылдар болды. Осыған байланысты біздің үкімет ұлттық қордан 10 млрд теңге көлемінде қаржы институттарына, соның ішінде біздегі үш банкке қаржылай көмегін көрсетіп, сақтап қала алды. Осы тәсіл дүниежүзілік дағдарыстан шығудың жалғыз моделі болды. Бұл жағдайды шешудің түбегейлі жолы емес. Тұралап тұрған қаржы институттары мен қалжыраған қорларға ақша құюмен дағдарыс тоқтамайды. Сондықтан ол әлі біраз уақыт жалғасын табуы мүмкін. Осы дағдарыстан бөлек, экономика ғылымында кейінгі 15-20 жыл аралығында көрнекті жаңалықтар ашылмай, нарықтық жүйенің теориялық негізін жетілдіру бағытында да тоқыраудың белең алып отырғанын дәйек ретінде келтіруге әбден болады. Бұл мәселемен ешкім айналыспайды деп ойлау, әрине, қателік. Ғалымдар әртүрлі жолды қарастырып жатыр. Бірақ табан тірейтін, айналып келгенде, дағдарыссыз даму жолын көрсетіп немесе оның алдын алар әдістемелерін жасап, ғылыми жаңалықтар ұсынып отырған ешкім жоқ. – Қаржы дағдарысы басталған кезде жаһанды қызықты деректерімен қарық қылуға құмар Forbes журналында әлемді дағдарыстан құтқаратын ең үздік 50 экономистің жобасы жарық көрген еді. Ол жобалар жайлы не айтарыңыз бар? – Оның барлығы – ауызша айтыла беретін әңгіме. Себебі аталмыш басылым тек өзінің рейтингісі үшін ғана жұмыс жасайды. Мен былай айтар едім, қазіргі дағдарыс тек қана экономика немесе қаржы секторларында ғана емес, жоғарыда айтқанымыздай, дағдарыс экономика ғылымында болып тұр. Өйткені әлем нарықтық экономика, жоспарлы экономика, яки аралас экономика үлгісін ғана біледі. Қалыптасқан жүйелерден басқа әзірге ешкім ешқандай тың жол көрсетуге қауқарсыз. Ал әлемнің ден қойған бағыты – нарықтық экономика. Мұның ғылыми негізі, теориялық нанымдары дәл қазір тұралап тұр. Кез келген экономист, тіпті ол Нобель сыйлығының иегері болсын, біздің ендігі жүретін жолымыз мынау болуы керек дегенді нақты айта алмай келеді. Себебі оның астарында алыпсатарлық жатыр. Мәселен, сатушы қымбатқа өткізгісі келсе, алушы арзан алғысы келеді. Бұл – ешқашан жойылмайтын қайшылықтар. Егер біз дәл осы бағытқа бас шұлғып кете беретін болсақ, келешекте әлем жұртшылығы бұдан үлкен тығырыққа жолығуы әбден мүмкін. Бір ғана мысал, 2009 жылы Америка конгресіндегі экономист мамандардың зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, 2007 жылдан бастап 2009
жылдың бірінші жартысы аралығында Америка халқының жоғалтқан қаражаты 14 трлн долларды құраған. Бұл – ақылға сыймайтын жағдай. Осындай деректерді басшылыққа алған әлемдік саясаттанушылар қалыптасқан демократиялық басқару үлгісінде де кемшіліктер өте көп дегенді алға тартуда. Өйткені нарықтық экономикада, жоғарыда айтып өткендей, әлеуметтік әділдік жоқ. Ұлттық табысты бөлудегі әлеуметтік әділетсіздік жойылмай, қайсыбір демократия модельдері, саяси-экономикалық басқару жүйелері баянды болмақ емес. Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы – мұның куәсі. Болашақта осы бағыттарда кеңінен зерттеу жұмыстарын жүргізу – негізгі парызымыздың бірі. – Біреудің қалтасынан шыққан шығын екінші біреудің пайдасы екені даусыз. Бірақ қаржы дағдарысы кезінде әлемдегі миллионерлердің активтері азайған жоқ, керісінше, жекелеген адамдардың пассивтері көбейіп жатыр. Қаржы алпауыттарына бұл дағдарыс әсер етпей ме сонда? Мұның сыры неде деп ойлайсыз? – Дұрыс айтасың! Қазіргі таңда миллионерлер мен миллиардерлердің жағдайы нақты экономикадан алшақ. Өзің білесің, қазір дүниежүзінде «электронды немесе виртуалды экономика» деген ұғым бар. Мысалы, қазір мұнайдың бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты емес. Ақша ағымының жүру жолына байланысты. Ол дегеніміз – өндірушілердің емес, инвесторлардың таңдауына тікелей қатысты. Мұны ырыққа көндіріп, бір орталыққа бағындыру бүгінгі күні мүмкін емес. Қазіргі қалыптасқан нарықтық экономиканың ең негізгі дерті де осында. 70-жылдардың ортасынан, 80-жылдардың басынан бастап электронды сауда пайда болды. Сол кезден бастап қалыптасқан экономикамен қатар виртуалды экономика дами бастады. Виртуалды экономиканың нақты экономикамен салыс-
Мен аудандық ветеринария бөліміне инспектор болып жұмысқа қабылданғанмын. Негізгі мамандығым – мал дәрігері, білімім жоғары. 2012 жылдан бастап «Дипломмен – ауылға» атты бағдарламасына ветеринария саласы мамандары тізімге қосылған. Білгім келгені, мен ауылға барып, қызмет еткенім үшін жалақыма үстемеақы қосыла ма? Сембек СЫРЛЫБАЙҰЛЫ, Оңтүстік Қазақстан облысы спорт саласының азаматтық қызметшiлерiне, егер ҚР заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң, осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және став-
бірінші және екінші деңгейдегі деп екіге бөлінеді екен. Бірінші деңгейдегі инвесторлар мемлекет кепілдік берген жобаларға салым салады, ал екінші деңгейдегі инвесторлар тақырға отыру қаупі бола тұра, қаражатын өзі қалаған жобаларға салады екен. Сонымен бірге статистикалық деректерде, өзіңіз айтып отырғандай, дәл қазіргі кезде екінші деңгейдегі инвесторлардың салымы көз ілеспес жылдамдықпен артып жатыр. Осыған қатысты, ақша ағынын бағындыру тақырыбында көптеген кітаптар жазып жүрген инвестор-жазушы Роберт Киосаки: «Нарықтық экономика жағдайында адамдарды жұмыс табуға емес, кәсіптің көзін табуға үйрету маңызды», – деген екен. Бұған алыпқосарыңыз бар ма? – Өте дұрыс. Ол кәсіпті игергеннен кейін, жұмыс істейді деген сөз. Мұның арасында көзге оғаш көрінетін қайшылық жоқ. Бұл жолды осы дағдарыстан шығудың негізгі бағдары деп айта алмаймын. Жұмыс та болуы керек, кәсіп те қажет, кәсіпті игеретін лайықты адамның да болуы – заңдылық. Жаңағы айтып отырған виртуалды экономика да түпнегізін сол нақтылы экономикадан алады. Сондықтан нақтылы экономика сүріне бастағанда, виртуалды экономика да жанталаса бастайды. Бірақ олардың шығындары байқалмайды. Көп жағдайда шығын мүлде болмайды. Сол себепті біз экономика ғылымына жаңалық алып келуіміз қажет. Ол бірақ социализмге қайта оралу деген сөз емес. Ал жаңағы өзің айтып отырған инвесторлар салым жүйелері арқылы ғана ерекшеленеді. Экономистер инвесторларды «қауіпті», «қауіпсіз» деп екіге бөледі. Бірінші деңгейдегілер – үкіметпен тікелей жұмыс істейтін инвесторлар, яғни салым салудың кепілді тұстарын іздейтіндер. Бір сөзбен айтқанда, үкіметке облигация есебінен ақша береді. Мұндай жағдайда бюджет тұрақтылау болады. Оның
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... Егін шаруашылығы мен мал шауашылығы біздің сарқылмас байлығымыз болуы керек. Мысалы, қазір мұнай мен газға сұраныс жылдам өскенімен, ол да мәңгілік емес. Мал басының санынан біз 90-жылдардағы көрсеткіштен аса алмай отырмыз. 90-жылдары бізде 36 млн қой болған. Ал қазір 17-18 млн төңірегінде жүрміз. Сол себепті алдағы ең ауқымды жұмыстардың бірі осы біздің жерімізді жеткілікті деңгейде пайдалану. Болашақта ауыл шаруашылығын дамыту басты мәселе болмаса, күн сайын өсіп келе жатқан әлем халқының қажеттіліктеріне жауап бере алмай қалуымыз мүмкін. тырғандағы пайдасы төрт-бес есе, кей жағдайда 10 есеге дейін артық болады. Менің айтып отырғаным – биржа. Валюталық биржа, тауар және алтын қоры биржасы, құнды қағаздар биржасы. Бұлардың ішінде ең қуаттысы – балама қаржы инструменттері биржалары. Бір сөзбен айтқанда, электрондық сауда дегеніміз, ол – онлайн режимінде сату жүйесі. Бұл жүйенің табысты болуының мынадай құпиясы бар: Тауарға тапсырыс беруші тауарды ешқандай делдалсыз алады. Бірақ жеткізуші тауардың ақшасын жолда бірнеше рет айналымға салып, содан көретін табыс есебінен өздерінің активтерін еселей түседі. Сондықтан бұл жүйе әлі талай адамды байытады. Бұлар – еркін инвесторлар. Мысалы, нарықта мұнайға сұраныс азайып бара жатса, инвесторлар өздерінің қолындағы қаражатын алтынға ауыстыра салады. Содан кейін алтын құнының өсуін күтеді де, алтын бағасы шарықтау шегіне жеткен кезде оны да өз уақытында тастап, пайдасын тағы көбейтіп алады. Экономиканың бұл формасында бір сектордың әлсіреуі екінші секторды нығайтуға әсер етеді. Ал миллионерлер ешқашан әлсіз сектормен жұмыс істемейді. Сол себепті олардың табысы бірден төмендемейді. Олардың жұмыс істеу тәсілі мынадай: Мысалы, Америка құлдырайтын болса, Қытайға инвестиция салады. Қытай әлсірегенде басқа жерге деген сияқты. Осы мәселеге қатысты қазір бүкіл әлемде экономиканы басқару моделін өзгерту қолға алынып жатыр. Негізі, мемлекетті құрайтын халық. Халқы кедей мемлекет ешқашан бай болмайды. Бұған бүгінгі күні бүкіл дүниежүзінің көзі жетті. Осындай себептерді басшылыққа ала отырып, табысты реттеуді басқару реттеуші жүйелер алдындағы ең керекті нысан болып отыр. – Әлемдегі экономикалық зерттеулерге көз жүгіртер болсақ, инвесторлар
Ауылда жұмыс істегенім үшін үстемеақы қосыла ма?
ҚР Еңбек кодексінің 238-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және
№152 (834) 29.08.2012 жыл, cәрсенбі
калармен салыстырғанда кемiнде 25%-ға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi. Ауыл дық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды. Демек, 25%-ға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар алу үшін осы аталған салалар мамандықтары бойынша жұмыс атқару қажет.
да нарықтағы күші үлкен және сонысымен онша ауытқуға ұшырамайды. Бірақ бұл жерде ескеретін мынадай жайт бар: Егер бюджет шығыны тым көбейіп кететін болса, сәйкесінше тапшылық та көбейеді. Бірақ оны реттеудің қолданыста сыннан өткен түрлі құралдары баршылық. Сондықтан бұл көп салымшы үшін қауіпсіз. Ал екінші деңгейдегі инвесторлар – виртуалды экономиканың ең алып ойыншылары. Олар – электронды алаңды меншіктеп алғандар. Сондықтан олар – қисапсыз қаржыға иелік ететіндер. Дүниежүзіндегі экономиканың кілті, көнсеңіз де, көнбесеңіз де, солардың қолында. Осыған орай, қазіргі таңда жаһандық нарық жүйесі үстемдік жүргізетін кеңістікте, түптеп келгенде, барлық мәселені қаражат ағынының таңдау бағыты, оны реттеуші инвесторлар шешеді. «Инвестиция» ұғымы қазір жұрт ойлағандай белгілі бір жоспар жасап, соған ақша салу емес. Ол сөздің мағынасы түбегейлі өзгерген. Егер бажайлап қарайтын болсақ, несиенің де табиғаты – осы инвестиция. Осылайша қазіргі экономиканың даму-дамымауы инвесторлардың таңдауына байланысты. Олар ақшаны қай елге, қандай салаға құяды, сол жердің мұртын балта шаппайды. Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі әлемдік экономика кеңістігінде кейбір орташа деңгейдегі елдердің экономикалық күш-қуатынан тысқары, беймәлім жағдай қалыптасқан. Беймәлім болатын себебі дүниежүзінің экономикалық хал-ахуалы көп жағдайда басқарушы биліктердің қолында емес, еркін инвесторлардың қолында. – Ал енді біздің елдегі инвесторлардың жағдайы және олардың ел экономикасына әсері қандай, үлес салмағы қаншалықты? – Біздің өзіміздің ішкі институционалдық инвесторларды айтатын болсақ, бірінші орында зейнетақы қорлары тұр. Көптеген тілші: «Біздің зейнетақы қорларымыз ел
экономикасына жұмыс істемейді» деген әңгімені жиі айтады. Шындығында олай емес. Мен мұны үстірт берілген баға деп есептер едім. Егер статистикалық деректерге жүгінер болсақ, біздің зейнетақы қорларымыздың кемінде 60-70%-ы ел экономикасына жұмыс істеп тұр. Қор нарығында шығып жатқан үкіметтің құнды қағаздары бар, облигациялары бар, Ұлттық банктің ноталары бар, акциялар нарығы бар. Осылардың барлығына ақша салып отырған отандық зейнетақы қорлары екенін естен шығармауымыз керек. Ал енді бұлардың шетелдің құнды қағаздарына салып жатқан қаражатының көлемі барлық инвестициясының 10-12 пайызынан аспайды. Осыны білмейтін адамдар «Мұны неге нақты жобаларға салмаймыз?» дегенді алға тартады. Шындығында шетелдік құнды қағаздардан табатын табыс деңгейі инфляциядан төмен. Кейінгі бес-алты жылдан бері бұлар минусқа шығып келе жатыр. Сондықтан мұны «Неге көбірек қаражат беретін «Қазмұнайгаз» секілді индустриалдық жобаларға бермейміз?» деген сұрақтар туындайды. Беруге болады, әрине. Бірақ біздің қазіргі экономика әлі өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сол себепті мұнда қауіп-қатер көп. Зейнетақы қорларындағы қаражатты мұндай қауіпті жобаларға бір мезетте аудара салу қиын. Бірақ көрші Қытайдың тәжірибесіне қарасақ, теміржол мен автомобиль жолдарын зейнетақы қорларының ақшасын мемлекеттің кепілдігіне қою арқылы салып жатыр. Сол сияқты бізге де мемлекет кепілдік беретін болса, зейнетақы қорларындағы қаражатты арнаулы жобаларға салуға болады. Зейнетақы қорындағы ақша халықтың ақшасы болғандықтан, оны есепсіз жұмсауға ешқандай қақымыз жоқ. – Кейінгі кездері ортақ валюта туралы әңгіме жиі көтеріліп жүр. Кедендік одақ аясында ортақ валюта қабылдайтындай алғышарттар бізде бар ма? – Дәл қазір Еуропаның жүріп келе жатқан жолы көзімізге тайға таңба басқандай көрініп тұр. Көптеген кемшілігі бар. Қалай дегенде де Еуропа – бір сенімдегі, бір нанымдағы, ділі бір, ғасырлар бойы бірбірімен біте қайнасып кеткен және бірбірінен тарайтын мемлекеттер жиынтығы. Бірақ экономикасы әртүрлі. Бұларда Америкадағыдай қуатты басқару орталығы қалыптаспаған. Ортақ үкіметі болмағандықтан, валюталық одақ жасағанымен, саяси одақ құра алмай отыр. Ортақ ақша болған жерде бір орталықтан басқарылатын үкімет те болуы керек. Олай балмаса, ортақ валюта өз қызметін толық атқара алмайды.
мәселесі болмаған. Бірақ қазіргі таңда Ресей, Белоруссия, Қазақстан мемлекеттерін қатар салыстырар болсақ, олардың экономикалық құрылымдары, басқару жүйелері, тіпті даму қарқындары да әртүрлі. Соған сәйкес, валюталарының долларға немесе еркін айналымдағы ақша бағамдарына шаққандағы көрсеткіштері де әр алуан деңгейде. Экономикалық күш-қуаты бір-бірімен сәйкеспейді. Сондықтан ортақ валютадан халық зардап шекпес үшін осы алғышарттар теңесу керек. Ал ол қашан болатыны белгісіз. Нақты мына күні осы талаптардың барлығы бір ізге түседі деп ешкім кесіп-пішіп айта алмайды. Мысалы, жақында ғана Медведев: «Қайткенде де біз ортақ валютаны екі-үш жылдың ішінде енгіземіз», – деді. Алайда саясаткерлер айтқан нәрсенің барлығы орындала бермейді. Сол себепті мұндай даулы мәселені саясаттың күшімен бағындыруға ұмтылу – басты қателік. Жоғарыда айтылған деңгейлер теңесу үшін уақыт қажет. Бұл – тізеге басуға келмейтін жағдай. – Сөз соңында тағы бір сұрақ. Сарапшы маман ретінде ұлттық экономикамыздың калориті болатын мына бағыт деп қандай салаларға басымдық берер едіңіз? – Біздің ең негізгі байлығымыз егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы болуы керек. Сөз арасында мынадай деректі назарларыңызға ұсынғым келеді. Әлемдегі тағам көлемінің қоры халықтың өсу деңгейінің жылдамдығынан әлдеқайда алшақ қалып қойған. Деректерге көз жүгіртер болсақ, күніне 900 млн адам аштық жағдайында дұрыс тамақ ішпесе, 1 млрд 200 млн адамның құнарлы тамақ жеуге қауқары жоқ. Бұл көрсеткіштер адам саны өскен сайын көбейеді деген сөз. Бұрын, 90-жылдары, 34 млн га жер жыртылса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 22-24 млн га түсіп кеткен. Сонда 10 млн гектарға жуық ауыл шаруашылық өнімін беретін жарамды жер игерілмей бос жатыр. Сондықтан ауыл шаруашылығының бізге бергенінен берері мол. Тек соны ұтымды пайдалана білу керек. Біздің қазақтың мән бермейтін тағы бір мәселесі – шағын және орта бизнес. Елбасымыз әр сөйлеген сөзінде осы мәселені үнемі ескертіп келеді. Біздің өнеркәсіп саласын осы уақытқа дейін көтеріп келген – кешегі өндірістік ғасырда жемісін берген темір, көмір, газ, мұнай секілді ауыр өнеркәсіп сегменті. Бірақ ауыр өнеркәсіптің де дәурені өтті. Біздің нарықтық экономикаға араласқан 22 жылда шағын және орта бизнестің салмағы жалпы ішкі өнімде 20 пайыздан аспай тұр. Бұл үлкен жетістік деп
АЛАШҚА АЙТАР ТІЛЕГІМ... 90-жылдардың басында қазақты саудаға икемі жоқ халық деп айтушылар жиі кездесетін. Уақыт өте келе бұл пікірдің қате екені өзінен-өзі дәлелденді. Сондықтан мен осы нәрсені ескере отырып, жалпы, қазақ халқы сауданы әлі де толығырақ, тереңірек меңгерсе екен деймін. Халқымыздың таланты, бейімділігі, ынтымақсүйгіштігі әлі-ақ талай шыңға шығарады. Екінші мәселе, біздің жеріміз үлкен. Қазба байлығын халық санына шаққанда әлемдегі ең бірінші орынды аламыз. Осы байтақ жерді қазақ барынша игеріп, қазынасын қалағанынша пайдаланса деймін. Ортақ валюта негізінде саяси одаққа бірігетін болса, әрбір елдің саяи бостандығы жойылады деген сөз. Соған тұтас мемлекеттілікті құрбан ету керек болады. Оған халық бара ма, бармай ма, бұл – даулы мәселе. Себебі ол жекелеген мемлекет басшыларының қолындағы дүние емес. Оны түптеп келгенде халық шешеді. Сондықтан бұл бірден шешіле қоятын мәселе емес. Біз осындай кемшіліктерді біле тұрып, ортақ валютаға дедектеп жүгіре бермеуіміз керек. Әлі де жан-жақты ойлануымыз қажет. Жеті рет өлшеп, бір кесетін жағдай біз үшін. Себебі былтырғы Белоруссиядағы инфляцияның деңгейі 40 пайыздан асып, әлемдегі 200 елдің соңына тұрақтады. Мұндай инфляцияның деңгейі еш жерде болған емес. Бірден-бір өнеркәсібі дамыған ел бола тұра, Белоруссияда осыған дейін жұмыссыздық
айта алмаймын. Келешекте ауыл шаруашылығын дамытудан кейінгі өзекті мәселенің бірі – осы шағын және орта бизнесті дамыту. Мысалы, дамыған елдерді алатын болсақ, Германияда жалпы ішкі өнімнің 6070 пайызын шағын және орта бизнес береді. Біз бұл тұрғыда төрт-бес есе артта қалып келеміз. Ал көрші Өзбекстандағы шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 40 пайызға жетті. Шағын және орта бизнес болашақта экономиканы дамытатын негізгі күш мазмұнына ие болатынына ешкім шек келтірмейді. – Алтын уақытыңызды бөлгеніңізге, тұшымды әңгімеңізге көп рақмет. Ісіңіз алға баса берсін! Ұлағат ХАНЗАДА, Астана
Басшының еңбек демалысына шығармауға құқы бар ма? Мен қарауыл болып қызмет етемін. Осымен екі жыл болды, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын көрмей келемін. Демалысқа шығу жөніндегі өтінішіме «ақысыз бір ай демалыс беріледі» деп жауап қайырды. Басшылықтың ақылы еңбек демалысына шығармауға құқы бар ма? Өмірбек БЕКНИЯЗОВ, Қарағанды қаласы ҚР Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес, еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады. Кодекстің 14-бабы бойынша ҚР Еңбек заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар республика заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Осы орайда, жұмыс беруші тарапынан орын алған осы заң-
бұзушылықтар жөнінде сізге жергілікті жердегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жазбаша шағымдану қажет. Департа мент тің мемлекеттік еңбек инспекциясы мекемеде тексеріс өткізіп, жұмыс берушіге сіздің еңбек құқығыңызды қорғау жөнінде тиісті шара қолданады.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail:
[email protected]
www.alashainasy.kz
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК
ВОЛЕЙБОЛ «Қазақ». «Найман» секілді ол да ММА жекпе-жек турниріне Zst тұжырымы бойынша қатыспақ. Айтпақшы, бұл «Қазақты» білесіздер. Әр жеңісінен кейін «Қара жорға» биін билеумен көпшіліктің көзайымына айналған. Жапонияда да жеңіске жетіп, қазақтың биін Күншығыс елінде таныстыруға уәде етті. Ал 10 қарашада аса ауыр салмақ дәрежесіндегі алыбымыз Төлеген Ақылбеков
Ережесіз жекпе-жекті серік еткен серкелеріміз қыркүйек айында Жапонияда төбелеспек. Ал Төлеген Ақылбеков желтоқсан айында Алматыда өтетін айқаста атақты ағайындылар Емельяненколардың Александрынан қарымта қайтаруға тырысатын болады. «Alash Pride KZ» клубының осы және басқа да жоспарлары жайында кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында білген болатынбыз.
СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Баспасөз мәслихатына аталмыш клубтың вице-президенті Данияр Қасқарауовтан бастап, бас бапкері Асхат Ерболатов және бірінші нөмірлі барлық жігіттері келіпті. Бірінші болып сөз алған вице-президент клубтың жаңа маусымдағы жоспарларымен бөлісіп, Жапонияға қай жігіттердің баратынынан хабардар етті. – Жапонияға бірінші болып Қуат Хамитов аттанады. Көпшілікке «Найман» атты лақап атымен танымал бұл жігітімізді жақсы білесіздер. Әр жекпе-жегін «көр қазып, қарсыласын көміп тастайтындай» қимыл жасап бастайтын Қуат ММА аралас жекпежегінің Zst тұжырымы бойынша 70 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың ішінде үздік сегіздікке ілініп отыр. Яғни әлемнің ең үздік сегіз мықтысы ғана осы Гран-приге қатыса алады. Қуаттың алғашқы айқасы 19 қыркүйекте өтпек. Егер жеңсе, қарашада екінші жекпе-жегін өткізіп, одан басым түссе, желтоқсан айында өтетін ақтық айқасқа шығатын болады, – деді Данияр Қасқарауов. Вице-президенттің сөзін бас бапкер Асхат Ерболатов іліп әкетті. Оның айтуынша, қыркүйектің 23-інде Токиода тағы ережесіз жекпе-жек кеші өтеді екен. ММА аралас жекпе-жегі Rings тұжырымы бойынша мықтыларды анықтайтын бұл жек-
22 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде төл күресімізден «Қазақстан барысы» белдесулері екінші мәрте өткелі отыр. Осы орайда Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті, КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсыбек ТӨКЕЕВПЕН сұхбаттасқан едік.
– Жақсыбек Адамболсынұлы, биылғы «Қазақстан барысына» дайындық қалай жүріп жатыр? – Былтырғы белдесулерді қазақ көрермендері сегіз сағат бойы тапжылмай отырып көрді. Бұл қазақ күресіне деген жастардың қызығушылығын арттырып, ұлттық спортымыздың бағасын өсіреді. Осыған орай, біз биылғы республикалық ақтық сынға 74 келіден жоғары балуандарды шақырдық. Себебі – қазақтың арасында да ауыр салмақта белдесетін жұдырығы тоқпақтай, жауырыны қақпақтай балуандардың бар екенін көрсету. Бойы екі метрге жуық, салмағы 150 келіден жоғары қазақтың алып азаматтарын көргенде, турнирге қонаққа келген Халықаралық күрес қауымдастығының (FILA) басшылары қайран қалысты. Яғни төл күресімізге деген қазақ жанкүйерінің қолдауы ерекше. Бұған дейін де айтып жүрміз, қайталап та айта кетейін, тек қазақтың қалталы азаматтары төл күресімізге жәрдем беруде белсенділік танытпай келеді. Тіпті Қазақстан күрес федерациясының басшылығына келетін бірде-бір қазақтың жоқтығы қынжылтады. Былтыр «Дәулет» спорт кешеніне көрермен сыймағандықтан, биылғы белдесулерді велотрек кешенінде өткізетін болдық. Арнайы қор осы мақсатта жұмыс істеп жатыр. Биылғы жүлде қоры 50 миллион теңгені құрайды. Оның бер жағында алтын тайтұяқ беріледі. Келген көрермендер де құр қол қайтпайды. Лотерея билеті ойналып, бас жүлдеге темір тұлпар тігіледі. – Төл күресіміздің әлемдік аренаға шығу мүмкіндігін қалай бағалаған болар едіңіз? Осы бағытта қауымдастық қандай игі істер атқарып жатыр? – Бәрін тізбелеп қайтеміз, дегенмен қазақ күресін дамытуға, насихаттауға, заман талабына сай өзгертуге қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосып жатырмыз. Аздап ережелерін де өзгерттік, терминдер
пе-жек кешіне Қазақстаннан үш спортшы шақыртылыпты. – Алдымен айта кетейін, Rings тұжырымының мәртебесі Zst тұжырымынан да жоғары. Жапониядағы нөмірі бірінші тұжырым – осы Rings, – деп бастады сөзін бас бапкер. – Сондықтан бәрі де осы турнирге қатысуға ынтық. Бірақ айқасқа қатысатын қас мықтыларды ұйымдастырушылардың өздері шақырады. Яғни олардың көңілі қазақтың өрендеріне ауғаны біз үшін мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Қазақстан атын әлемге тағы бір мәрте паш етуге мүмкіндік. Өйткені бұл турнир жүздеген телеарналар арқылы әлемнің 200-ге жуық еліне тарайтын болады. Кезінде атақты Федор Емельяненко, Дэн Хендерсон, Ренди Кутюр, Антонио Родриго Ногейра, Алистар Оверим сынды саңлақтардың өздері осы Жапониядағы турнирлерге қатысып, абырой тапқан. Енді бізден үш жігіт: Асылан Тоқтарбаев, Ержан Естанов және Асиф Тагиев осы додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. «Арыстан» атты лақап атымен танымал Асылан 61 келі салмақ дәрежесінде Zst тұжырымының үш дүркін чемпионы, жергілікті Кейсуке Фуджиравамен айқасатын болады. Асыланның да атақ, әлеуеті қарсыласынан кем түспейді. Оның мықтылығына баға беру үшін команда капитаны екенін айтсақ та жетіп жатыр. «Арлан» атты лақап аты бар Ержанның қарсыласы – Казуюки Мията. Жергілікті жанкүйерлер бұл мықтыны «Кішкентай
Геркулес» деп жерге түсірмей құрметтейді. Бұлар 66 келі салмақ дәрежесінде айқаспақ. Ал 85 келі салмақ дәрежесінде төбелесетін Асиф Тагиевке ММА аралас жекпежегі Dream тұжырымының чемпионы Шунго Ояма қарсылас болады. Әлбетте, Асылан мен Ержан секілді Асифтен де тек жеңіс күтеміз. Өйткені «Томанго» атты лақап аты бар бұл мықтымыз ережесіз жекпе-жекте әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Жақында Азия чемпионы атанды. Бушидодан да әлем чемпионатының жеңімпазы деген дардай атағы бар. Дегенмен жерлестеріміздің ешқайсысына да айқастар оңай болмайтынын түсінеміз. Ал егер бабтары келісіп, жеңіске жетіп жатса, жерлестерімізге Лас-Вегасқа жол ашылып, Американың мықтыларымен төбелесетін болады. Сондай-ақ қараша айында тағы бір қазақ Жапонияға аттанбақ. 57 келіде төбелесетін Қайрат Ахметовтің лақап аты –
өз айқасын өткізеді. Маусым айында Астанада өткен жекпе-жек кешінде АҚШ-тың «Қаныпезер құбыжығы» – Боп Саппты жеңгеннен кейін аздап демалыс алған «Атилла» жаттығуына қайта кірісіпті. Оның ендігі мақсаты – Александр Емельяненкодан қарымта қайтару. – Емельяненкомен келісіп те қойдық. Қарымта жекпе-жек Алматының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылатын болады. Оған дейін екі айқас өткізіп, тәжірибе жинақтап алсам деймін. Алдымен 10 қарашада Литва астанасы Вильнюсте өтетін бушидо кешіне, одан кейін 30 қарашада Англия астанасы Лондонда өтетін тағы бір бушидо кешіне қатысамын. Содан кейін Алматыда Александр Емельяненкодан есе қайтарып, одан мықты екенімді дәлелдеймін, – деді сенімді түрде Төлеген Ақылбеков.
«Қазақстанның барысы» қайта келе жатыр
де енгіздік. Нәтижесі жаман болып жатқан жоқ. Қазақ күресі Халықаралық күрес федерациясының (FILA-ның) құрамына енді. Қазақ күресі FILA аясында өтетін барлық додалардың бағдарламасына енді. Осы орайда айта кететінім, FILA-ның туы астында былтыр алғаш рет Иранда жастар арасында әлем чемпионатын, одан кейін Үндістанның Пуна қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатын өткізсек, биыл көктемде Бразилияда жасөспірімдер арасында тұңғыш рет төл күресімізден әлем чемпионаты өтті. Төрт жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбей қалған спорт түрлерінің «Таси» деп аталатын ойындарында қазақ күресінен белдесу додаларын өткіземіз. Осы жерде Еуропа ойындарының бағдарламасына енгенімізді үлкен жетістігіміз ретінде айтып өткім келеді. Қазіргі таңда дүниежүзінің 30-ға тарта мемлекетінде қазақ күресінің федерациялары бар. Қазақ күресін Еуропаға да кеңінен насихаттап, олардың санын 70-ке жеткіземіз деген ойымыз да бар. Бұған дейін үш мәрте әлем чемпионатын және жеті рет Азия біріншілігін өткізгенімізді қосыңыз. Қараша мен қазан ай-
ларында әлем және Азия чемпионатын өткізуге дайындық жүріп жатыр. – Жақсыбек Адамболсынұлы, сіздің спорт жанашыры екеніңізді, күрес десе ішкен асыңызды жерге қоятыныңызды біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті сонау аумалы-төкпелі заманда, спортшылар қаржы тапшылығынан қиындық көрген кезеңде сіз даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың КСРО кезінде киген спорттық киімін аукцион арқылы қыруар қаржыға сатып алып, түскен қаржыны спортшыларға берген едіңіз. Спортшыларға тағы да қандай жақсылықтар жасадыңыз? – Оның бәрін қайтеміз, тізбектеп. Марқұм, ұлым Ерзат жастайынан күреспен айналысты. Дзюдо мен самбодан халықаралық аренада жүлде алды. Амал не, сұм ажал нағыз бабына келе бастаған шағында, енді дүбірлі додаларға түсер кезінде арамыздан алып кетті. «Бәлкім, Лондонда да өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғар ма еді» деп ойлаймын қазір. Сол Ерзатпен бірге күрескен балаларды көрсем, әлі күнге дейін жағдайларын сұрап, көмектесіп тұрамын. «Бұлақ көрсең, көзін
аш» дейді ғой дана халқымыз, өз басым ауылдық жерлердегі турнирлерден талантты бір баланы көзім шалып қалса, оның ары қарай ірі турнирлерге қатысып, тәжірибе жинақтауына көмегімді аямаймын. Осыдан сегіз жыл бұрын алғаш қазақ күресін дамытуды қолға алған сәтте Азия біріншілігін ұйымдастырып, өткізуді қазақ күресі федерациясы өз мойнына алды. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына өз қалтамнан ақша шығарып, Қырғызстан мен Өзбекстан балуандарын апардым. Оның сыртында төл күресімізді насихаттайтын фото-журнал, арнайы медальдар мен дипломдар жасап шығардық. Мен өзі бар ғұмырымды осы спорт саласына арнаған жанмын. Біздің әулеттің барлығы спорт десе ішкен асын жерге қояды. Оңтүстік аймақта самбо мен дзюдоның қалыптасуына өзіндік күш-жігерімізді жұмсадық. Қалтамызға түскен тиын-тебенді спортшыларға көмек ретінде, спорт киімдерін алуға немесе сырттағы турнирлерге баратын жол ақысына төледік. Бес шәкіртім самбодан әлем чемпионы атанды. Енді осы бағытта жинаған мол тәжірибемді қазіргі таңда төл күресіміздің қанат жаюына жұмсап жатырмын. Жалпы, осы күрес саласында өтіп жатқан іс-шаралардан шет қалған емеспін. Әр салада қызмет етсем де, ел спортын дамытуға араласып келемін. Кезінде Шымкентте спорт сарайын басқардым. Қаншама жарыстар өткіздік. Бірде сондай бір доданың ашылу рәсіміне ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өзі келді. Кейіннен бұл кешен жабылып қалды да, Шымкентте жарыс өткізетін жер болмай, бірнеше жыл қиналды. Осындай келеңсіздіктерді көргенде жүрегім ауырады. Бұл дегеніңіз, қаншама жас спортшының болашағына балта шабуымен бірдей ғой. Өйткені жарыстар көбірек өткізілсе, жергілікті спортшылар мол тәжірибе жинайды. – Әңгімеңізге рақмет, істеріңізге сәттілік тілейміз. Сұхбаттасқан Телжан КҮДЕРОВ, Астана
Легионерлерге қашанғы арқа сүйейміз? Кеше волейболдан ерлер арасындағы «ҚР Президенті кубогы» халықаралық турнирінің басталуына орайластырылып, баспасөз жиыны өтті. Алматыда өткен баспасөз жиынында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тұзы татитын орынды сөздер айтты. Баспасөз жиынын ҚР волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев ашып, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Елбасы кубогының саяси және спорттық маңыздылығына тоқталып өтті. Мемлекетаралық ынтымақтастық орнатудағы ықпалдығы мен өз спортшыларымыздың тәжірибе жинақтауға көп әсер ететіндігін атап өтті. Содан соң алыстан ат арытып келген қонақтарға алғыс жолдады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Геннадий Паршин болса түйінді сөздерімен волейбол жанашырларын риза қылды. Ол: – Ұлттық құрама жүлдеге ілігуге тырысады. Ал екінші құраманың мақсаты – жастар құрамасының шыңдала түсуіне ықпал ету. Бізге қазір буын сабақтастығы өте маңызды. Қазақстан волейболында ұзақ уақыт жастар және жасөспірімдер құрамасы халықаралық додаларда шыңдалмай, соның кесірі тиюде. Амалсыз шетелден келген легионерлерге иек арту бірте-бірте жойылуы керек. Ол үшін ізбасарлар дайындау ісіне көңіл бөліп, кәсіби тұрғыда қолға алу қажет, – деп күрмеуі күрделі мәселені көсеп өтті.
Бұдан кейін ұлттық құрамаға жүлдеге ілігу оңай болмайтындығын, кейбір ойын шылардың жарақаттарынан толық айыға алмағандықтарын тілге тиек етті. Әрі қарсыластарының, әсіресе Лондон Олимпиадасына қатысқан Тунис тарландарының, Қытай клубының және Таиланд құрамасының деңгейлері жоғары екендігін атап өтті. Ал Тунис құрамасының бас бапкері Фетхи Мкауер Қазақстан федерациясының биыл да Елбасы кубогына шақырту жібергендеріне алғыс білдіріп, мұнда әртүрлі волейбол мектептерінің түлектері жиналатындығына ерекше мән берді. Бұл орайда өздерінің Таиланд құрамасымен әлі кездеспегендіктерін атап өтті. Содан соң Олимпиада ойындарынан кейін бірнеше ойыншысына демалыс беріп, бірнеше жас таланттарын сынақтан өткізуге бел буып отырғандығын мәлімдеді. Елбасы кубогының 2008 жылы қола жүлдесін, былтыр күміс жүлдесін иеленгендерін есімізге түсіріп, бұл жолы бас бәйге үшін аянып қалмайтындарын да сездірді. Нұрғазы САСАЕВ
Мырзағали Айтжанов бас бапкерлікке қайта бекітілді БОКС
Қазақ жігіттері Жапонияны бағындырмақ
Әзиз ЖҰМАДІЛ
7
ДОДА
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер кеңесі ұлттық құрама тізгінін тағы төрт жыл қолдарында ұстап, Қазақстан боксшыларын енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындайтын болады. Бұл туралы кеше елордада өткен Қазақстан бокс федерациясының алқалы жиынында белгілі болды.
Боксшыларымыздың Лондон шаршы алаңындағы өнер көрсетулеріне арналған арнайы алқалы жиында Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер кеңесінің кандидатурасын ел боксының басшысы Тимур Құлыбаев бастап, бәрі де қолдады. – Ел боксының жанашырларымен ақылдастым, өзімнің түйгендерім бар – Мырзағали Айтжановтың бір сөздің адамы екеніне көз жеткіздім. Айналасындағылар да Айтжановпен бірге жұмыс істеген жақсы деп жатыр. Лондон Олимпиадасында да боксшыларымыз барлық салмақ дәре жесінде жан алысып, жан берісті. Сондық тан Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер кеңесін ұлттық құрамада тағы да қалуын сұраймын, – деді Тимур Құлыбаев.
Айтжановтың өзі бұл ұсынысты қуана қабылдады. «Алаш айнасына» берген сұхбатында «Федерация президентінің өзі ықылас танытып жатса біз үшін мәртебе емес пе?! Бізге сенім артқандардың үміттерін ақтап, Рио Олимпиадасында бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге тырысамыз», – деп ағынан жарылды. Бас бапкердің айтуынша, бүгінде боксшылар демалыста. Бірақ қараша айында Қазақстан чемпионаты күтіп тұр. Әу баста «2013 жылдың басында Ақтау қаласында өтеді» деп бекітілген ел біріншілігі үстіміздегі жылдың қараша айына алмастырылыпты. Міне, осы чемпионаттың нәтижесі бойынша, ұлттық құрама қайта жасақталатын болады. Асфендияр ЖАНАДІЛ
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
Қола жүлде Керекуге кетті Кеше кешкісін Астанада шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық ойыны аяқталды. Финалда Атыраудың «Бейбарысы» мен Көкшетаудың «Арланы» кездесті. Биыл ел кубогы додасына 10 команда қатысқандығын жазғанбыз. Олар екі топқа тең бөлініп, бір айналымдық жүйемен додаға түсіп, елорда жанкүйерлерін қызыққа бөледі. «А» тобында еліміздің екі дүркін чемпионы – «Бейбарыс» клубына тең келер ұжым болмады. Атырау клубы өз тобындағы төрт ойында да жеңіске жетіп, 12 ұпаймен бірінші орынға орналасты. Атыраулықтардың шайба айырмасы да адам қызығарлықтай: 15-3. «Алматы» клубы тек «Бейбарыстан» 0:2 есебімен ұтылып, қалған қарсыластарынан басым түсіп, тоғыз ұпаймен екінші орынға ие болды. Теміртаудың «Арыстаны» бес ұпаймен үшінші орынды иеленсе, жергілікті «Астана» клубы төрт ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Ал қарсыластарының бәрінен оңды-солды ұтылған Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо-2» командасының жас жеткіншектері соқыр ұпай да еншілей алмай, соңғы орынды саялады. «Б» тобына Көкшетаудың «Арланы» үстемдік құрды. Көкше хоккейшілері де қарсыластарының бәрін ұтып, 12 ұпай еншіледі. «Арлан» да өз қақпасынан төрт ойында үш-ақ рет шайба қармап, қорғанысының берік екендігін көрсете білді. Бірақ «Бейбарыстан» бір голды кем соқты.
Осы топтағы екінші орынға «Арланнан» 0:4 есебімен оңбай ұтылғын «Ертіс» ие болды. Бірақ бұл ел кубогы додасының алғашқы күніндегі кездесу болатын. «Ертіс» осы ойыннан соң есін жиып, еңсесін тіктеп, қалған қарсыластарының бәрін жайпап, тоғыз ұпаймен екінші орынға ие болды. Осы екі командаға есе жіберіп алған Қарағандының «Сарыарқа-2» клубы алты ұпаймен үшінші орынға жайғасса, жергілікті «Барыс-2» командасы үш ұпаймен төртінші орынды меншіктеді. Көпшілікті таңғалдырып, бұл топтағы аутсайдер кейпін киген Рудныйдың «Горнягі» болды. Кеншілер клубы төрт ойында да жеңілістің кермек дәмін татып, қоржындарын далақтатып бос қайтты. Кеше финалдық ойындар өтті. Әуелі «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынына өз топтарында екінші орынға ие болған «Алматы» және «Ертіс» (Павлодар) клубтары шықты. Екпін алған «Ертіс» алматылықтарды да бұйым құрлы көрмеді: 5:2 есебімен басым түсіп, 2012 жылғы Қазақстан кубогының қола жүлдегері атанды. Ал «Бейбарыс» пен «Арлан» арасындағы финалдық матч кеше кешкісін газетіміздің осы саны қатталып жатқанда басталды. Айқын ЖАППАР
Ирландия құрамасы ардагерлерінен «айырылып» жатыр
22 жыл зарықтырған медаль
«Жақында Астанада футболдан Қазақстан және Ирландия құрамалары кездеседі» деп жазыпсыздар. Осы елдің құрамасының сапындағы біраз жұлдыздарын да атап өткен екенсіздер. Маған Ирландия құрамасының қақпашысы ұнаушы еді. Бірақ тасқамал қақпашы Ш.Гивен елордаға келмейді деп естідім. Сол рас па? Талғат ҒАЗИЗҰЛЫ, Астана қаласы Ирландия құрамасының бірталай тәжіри- келу мен үшін оңай болған жоқ» деп қынбелі ойыншылары енді ұлттық құрама сапын- жылған. Англиядағы «Астон Вилла» клубының қақда ойнамайтындықтарын айтып, орындарын жастарға босатқан. Солардың бірі – сіз айтып пашысы Гивен Ирландия құрамасы сапында ғы соңғы ойынын 2012 жылғы Еуропа отырған қақпашы Шей Гивен. Ирландия құрамасының сапында 125 чемпионаты аясындағы Италия құрамасыойын өткізген 36 жастағы қақпашы маусым мен өткен матчта (0:2) өткізген. Жақында«Фулхэм» клубының жартылай айында өткен Еуропа чемпионатынан кейін «16 жыл бойы ұлттық құрама сапында өнер қорғаушысы Дамьен Дафф та енді ұлттық құкөрсетіп келемін, енді орнымды жастарға рама сапындағы карьерасына нүкте қойып, беретін кез келген сияқты, мұндай шешімге бар күш-жігерін клубтық додаға аударатын-
Осыдан бірер күн бұрын велотректен бір жерлесіміз әлем чемпионатында жүлдеге ілікті деп естідім. Өзі Илья Ильин шықан Қызылорда облысының дарыны екен. Сол таланттың аты-жөнін білгім келеді. Дидар НҰРМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облысы
дығын мәлімдеді. 33 жастағы Дафф Ирландия құрамасы сапында 100 ойын өткізген екен. Ол құрама сапында 14 жыл өнер көрсеткендігін де тілге тиек етіпті. Ол да Ирландия құрамасы сапындағы соңғы ойынын 18 маусым күні Италия құрамасымен болған матчта өткізген екен. Бұған дейін Ричард Данн мен Робби Кин де енді өз орындарын талантты жастарға босататындығын мәлімдеген болатын. Бірақ Ирландия құрамасының бас бапкері, әйгілі Джованни Трапаттони ардагер-футболшыларының бәрін де райларынан қайтаруға үгіттейтіндігін де сездірген еді. Алайда оның Қазақстан құрамасымен болатын ойын қарсаңындағы тізімінде тек Робби Кин ғана бар.
Өткен аптада велотректен Жаңа Зеландияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан қуанышты хабар жеткен. 18 жастағы Роберт Гайнеев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының «скретч» деп аталатын аламан бәйгесінде қола жүлдеге ие болды. Бұл көптен күткен жүлде еді. Себебі Қазақстан таланттары жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан сонау 1990 жылы ғана жүлде алған еді. Атап айтқанда, Сергей Головко командалық ізге түсу жарысында алтынмен апталса, Константин Горбачев жекелей сында қола медаль енші-
леген. Содан бері 22 жыл болыпты, біздің жас велотрекшілеріміз әлем чемпионатында жүлдеге іліге алмай, пұшайман болып жүрген-ді. Ал енді Роберт Гайнеев жайлы қысқаша айтар болсақ, ол – Қызылорда облысының тумасы. 1994 жылы 28 маусымда дүниеге келген. Алғашқы бапкері – Виктор Штобза. Қазір (2009 жылдан бері) Алматыда Виталий Штыхлин мен Владимир Бушанский сынды тәжірибелі жаттықтырушылардың қол астында жаттығады. Ол биыл Азия чемпионатында алтынмен апталып, өзінің талантты велошабандоз екендігін көрсеткен болатын.
Тойымсыз, ашқарақ
Алма, тобылғы бұтағы
Тылсым қасиет
Алматтың әзілдері
Мемлекеттің бөлген қайтарымсыз қаражаты
Австрия ф/клубы
Қатар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың емшісі
Тазы тұқымы
Қолқа
Дромедар
Тісті құрал
Ұзақ қашықтыққа жүгіретін спортшы
Ұсақ бөлшек
Сойдақ тіс
Қатты ағаш
Күш, қауқар
Қазақ ханы
Ай атауы
Техникалық дақыл
Вазелин
Балауса кориандр Майда
Солтүстік
... Тұяқов
... Менцер (боксшы)
Сулық киім
Бір кемпір автобусқа кірсе, ешкім орын бермейді. – Үлкен кісіге орын беретін зиялы адам қалмаған ба мұнда? – Апа, зиялы адамдар қоғамдық көлікпен жүрмейді... *** МАИ қызметкері бір жүргізушіні тоқтатып: – Мына жол бойында тұрған, ішінде малдың суреті бар үшбұрышты белгі нені білдіреді? – Жақын маңда мал бар, байқа дегенді білдіреді. – Енді неге жылдамдықты асырасың? – Сізді байқамай қалдым... *** Мұғалім оқушыдан: – Бақшадағы алманы қай кезде жинаған қолайлы? – Қожайын үйде жоқ кезде немесе ит байлаулы тұрғанда. *** Мектептен келген баласы әкесіне: – Директорымыз ертең сізді мектепке шақырды. – Тағы да жиналыс па, шешең бара салсын. – Сынған терезенің әйнегін салу шешемнің қолынан келмейді ғой...
+22+24о
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы:
e-mail:
[email protected]
Бір топ қой
Ауа райы
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А Телефон: 8(727)388-80-60, Факс: 8(727)388-80-61
+6+8о
Коккинаки көшесі
Адам басты құс (Мысыр)
+30+32о
Газетіміздің №151 (833) санында жарияланған сканвордтың жауабы КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Аймақ. Вэл. Лавр. Вольт. Апе. Неолит. Каре. «Иоланта». Пияла». Аав. Ожар. Ранг. Марс. Иба. От. Майя. Нама. ТІГІНЕН: Айқожа. Итака. Рия. Бальнеология. Қате. Лаж. Оқа. «Аман». Аврал. Нара. Пинта. Ром. Әлпет. «Авеста».
Достық даңғылы
«АЛАШ АЙНАСЫ» Бегалин көшесі, 148/ 1а
Луганский көшесі
Сырт киімдік мата
+20+22о
Абай даңғылы
Құрманғазы көшесі
Қабанбай батыр көшесі
о +8+10о +18+20о
+8+10
+22+24
+26+28о
+32+34о Республика сарайы
+20+22о
о
+8+10о
+19+21о
+10+12о
Байтасов көшесі
Бегалин көшесі
Үлкен
+7+9о
+7+9о
Бегалин көшесі
... Ғалымбаева (суретші)
+22+24о +15+17о
Сәтбаев көшесі
+20+22о
+33+35о +21+23о
+18+20о +8+10о
+21+23о
+10+12о
+23+25 +13+15
+33+35о +15+18о
+31+33
+27+29 +15+17
о
+15+17о
О О
+24+26о +14+16о
Жарнама бөлімі тел.: 8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78 e-mail:
[email protected]
Бағасы келiсiмдi
Кезекшi редактор – Шолпан ҚАРАЕВА
Газет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
Таралымы – 10 000 дана Астана қаласы «Астана-Полиграфия», Брусиловский көшесi, 87-үй. Тел.: 8 (7172) 37-05-59 Тапсырыс – №1565
+8+10о
О О
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Жүзім сорты
Күләш НАҚЫПОВА – аға корректор, тел.: 388-80-76
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
ТАРАЗЫ Бұл күн үлкен өзгерістерге толы болуы мүмкін. Бойдақ болсаңыз, осы күні өз теңіңізді тауып, шаңырақ көтересіз немесе қаржылық табыстарға қол жеткізесіз. Өзгерістердің ең елеулісі қызметте орын алмақ. Ал кешіңіз романтикалық кездесумен ерекшеленеді. САРЫШАЯН Бүгін көп нәрсенi уайымдап, жүйкеңiздi тоздыруыңыз мүмкiн. Сізді көптен бері мазалаған мәселенің түйіні күннің соңына қарай тарқатылады. Күні бойы бас көтермей жұмыс iстеуге тура келедi. Алайда кешке қарай кино, театрға барсаңыз, сергiп қаласыз. МЕРГЕНДЕР Күніңіз аздаған қаржылай қиындықтармен басталады. Отбасылық мерекелер жиілеп, соңы үлкен тоймен аяқталады. Денсаулығыңыз сыр беріп жатса, кейінге қалдыра бермей дәрігерге қаралыңыз. Жұмыстың барысы бірқалыпты өтеді. Армандап, жоспар жасаған жөн, алайда асығудың қажеті жоқ. ТАУЕШКІ Күннің алғашқы жартысында қызмет саласында өзгерістер болмағанымен, сезім әлемінде жаңалықтар көбейеді. Ал екінші жартысы романтикалық кештер мен қуаныштарға толы болмақ. Сүйген жарыңызбен табиғат аясында қыдыру сәттілікке бастайды. Ата-ананың да көңілін аулауға уақыт табыңыз. СУҚҰЙҒЫШ Отбасыңызда түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Кішіпейілділікті талап ететін бұл күн жұбайыңыздың тілектерін ескеруді міндеттейді. Өмірлік серігіңізбен оңашада сырласудың сәтті уақыты. Ойда жүрген пікірлеріңізді жарыңыздан жасырмаған жөн. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегенді ұмытпаңыз. БАЛЫҚТАР Сіздің аса сезімтал жүрегіңіз ғашықтық дертіне «шалдығып», махаббаттың құрбаны болуыңыз мүмкін. Жүректің әмірі мен отбасы құндылықтарын тең ұстасаңыз, көптеген қуаныштарға кенелесіз. Үйді жөндеу жұмыстарымен айналыссаңыз, ісіңіз алға басады. Жаңа жиһаздар сатып алуға да қолайлы күн.
Нұрлыбай ИТЕКБАЕВ – тех.редактор
segodnya.ua
Segodnya.ua порталының хабарлауынша, бірегей көлік құралын көлік жүйесі мен инфрақұрылымын дамытушы Фраунгофер институты жасап шығарған. Көліктің ені – 2,55 метр, биіктігі – 3,4 метр. «Автотрамвай» деп аталып отырған көлік бір мезгілде 256 жолаушыны тасымалдай алады. Автобустың іштен жану двигателі мен электр моторы байланыстырылған. Соның арқасында көлік батарея зарядымен сегіз шақырымдай жүре алады. Ең ұзын автобусты басқарудың қарапайым автобустардан еш айырмашылығы жоқ. Ерекше қоғамдық көлікті Дрезден тұрғындары қазан айынан бастап пайдаланады. Қазіргі мезгілде бұл көлікке Ресей қызығушылық танытып отыр.
ТОҚТЫ Сіз үшін бұл күн сәтті басталмақ. Қаржылық мәселелер өз шешімін тауып, ша ңырағыңызға үлкен қуаныштар әкеледі. Күннің соңына қарай күтпеген қызықтар дың куәсі боласыз. Өз мүмкіндіктеріңізді жарқыратып аша білсеңіз, қызметтік сатыдағы жоғарылауыңызға үлкен ықпал жасайды. ТОРПАҚ Сізді сынаққа алатын күн. Табиғатынан қыңыр мінезді сіз үшін бұл күні аянбай тер төгуге тура келеді. Табандылығыңыздың арқасында жаңа қоныс тойын тойлауыңыз мүмкін. Жұмыс күні қарбаластарға толы болмақ. Аздап шаршайсыз. Бірақ жемісті күн өміріңізге есте қалатын тосын сый ұсынады. ЕГІЗДЕР Бұл күн сіз үшін табысты болмақ. Қызмет саласындағы кейбір өзгерістер мен отбасылық жаңалықтар сізге өте жағымды әсер етеді. Осыған дейін іздеген жан тыныштығының кілтін тапсаңыз, келешегіңіздің қамын да мықтап жасап аласыз. Қаржы жағынан қиындық жоқ, тек денсаулыққа мән берген жөн. ШАЯН Бүгінгі күн есте қаларлық елеулі жаңалықтарға толы күн. Бұл күні отбасыңыздағы біраз шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелердің түйіні тарқатылады. Табысы мол жұмысқа да қол жеткізе аласыз. Жаңа көлік сатып алуыңыз да ғажап емес. Алайда ағайын-туыстың да қамын қарастырып қойған артық емес. АРЫСТАН Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөлген жөн. Таза ауада серуендеп, бала-шағаңыздың ортасында болуға тырысыңыз. Отбасылық ки кіл жіңдер азайып, қаржылық қиындықтардың шешілетін күні. Өзіңіз сүйіп қосылған жарыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Ал бойдақ тар танысып-табысуға асыққаны жөн. БИКЕШ Қарбаласқа толы күн. Кейінге ысыра салған жұмыстарыңызды реттеудің сәті түсіп тұр. Қызмет саласында айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Ал есесіне отбасылық мәселелерде ірі-ірі табыстарға жетесіз. Осы жақын күндерде көптеген тойлардың сыйлы қонағы болуыңыз мүмкін.
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ Бас редактордың орынбасары
Германияның Дрезден қаласында ұзындығы 30 метр болатын автобус шығарылды. Ол әлемдегі ең үлкен автобус саналып отыр.
19,33
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Ең үлкен автобус күзде пайдалануға беріледі
Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ
СКАНВОРД
mycoffe.ru
13,20
Талғат КIРШIБАЕВ – жауапты хатшының орынбасары
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында тамыздың 30-ы – Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Ата Заңымыздың қабылданғанына 17 жыл толуына арналған кеш «Қазақстан» орталық концерт залында сағат 17:00-де басталады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттік бағдарлама Қазақстанның өткені мен қазіргі нақтылығын анықтайтын тарихи жолын көрсете отырып, жарқын болашағына бағыт жасайды. «Мұнда ел мерейінің асқақтауын тану, ел беделінің артуын қолдау идеясы бар», – дейді олар. Сонымен қатар ел намысын қорғап жүрген еліміздің толағайларына деген ризашылықты көрсету болып табылады. Салтанатты концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Азамат Жалтыркөзов, Талғат Мұсабаев, республикалық конкурстардың лауреаты Нұркен Әшіров, халықаралық конкурстардың лауреаттары Бибігүл Жанұзақ, Айдос Жабағин, Мейір Байнешев, Әсем Сембина, Ерлан Жандарбай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, танымал эстрада орындаушылары Маржан Арапбаева, Руслан Ахметов және «Жұлдыздар фабрикасы» мен «Х-фактор» жобаларының қатысушылары өнер көрсетеді. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры және Б.Байқадамов атындағы хор капелласы да қатысады.
06,13
Times of India басылымының хабарлауынша, латте құнарлылығы жөнінен қарапайым қара кофеден төрт есе артық екен. Сүт қосылған кофе құрамында 153тен 250 калорияға дейін болса, қарапайым қара кофеде 38 калория ғана болады. Латтеге қосылатын қант пен майлы сүт сусынның ерекше дәмін келтіреді. Дегенмен сүт қосылған кофені күніне бір аяқтан көп ішу адамды семіздікке шалдықтыруы мүмкін. Фитнес бапкерлері ұйымының басшысы Джин Марночтың айтуынша, латтені жақсы көретін адамдар жылына бес келі салмақ қосып отырады.
Аймақтағы тiлшiлер:
ҚР Конституциясының қабылданғанына 17 жыл толуына орай Астана қаласында мерекелік концерт өтеді. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен өнер қайраткерлері, сондай-ақ қазақ эстрадасының жас таланттары өнер көрсетеді.
Астана бюросы: Мекенжайы: Сейфуллин көшесi, 31, офис 414«б» Тел.: 8 (7172) 54-27-31 E-mail:
[email protected] Айбын ШАҒАЛАҚОВ – Астана бюросының жетекшiсi Салтан СӘКЕН – тiлшi Қанат ТОҚАБАЕВ – тілші Арман АСҚАРОВ – тілші
Италияның сүт қосылған кофесі немесе латте артық салмақты арттырады. Ағзаны күту үшін мамандар қара кофені ғана ішуге кеңес береді.
ҚОСМАН – парсы тіліндегі «хош» (жақсы, әдемі, тартымды) арабшадағы «манн» (адам, пенде) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Бір ескеретін мәселе – қазақтар арасында Қосман сөзінің алғашқы «қ» әрпін «г»-ға өзгертіп, «Госман» атанып жүргендер де жоқ емес. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.
Бөлiм редакторлары: Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ – саяси бюро, тел.: 388-80-72 Берiк ӘШIМОВ – нарық, тел.: 388-80-69 Қалдар КӨМЕКБАЕВ – қоғам, тел.: 388-80-65 Алмат ИСӘДIЛ – өркениет, тел.: 388-80-64 Нұрғазы САСАЕВ – дода (спорт), тел.: 388-80-74 Болатбек МҰХТАРОВ – жаңалықтар, тел.: 388-80-68 Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiктi тiлшiлер қосыны, тел.: 388-80-62
Сүт қосылған кофе жыл сайын бес келіге семіртеді
Конституция күніне арналған үлкен концерт өтеді
Белгілі есімнің белгісіз сыры
Айдын ҚАБА – жауапты хатшы
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
МЕРЕКЕ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ Бас редактордың бiрiншi орынбасары
Тамыз 2012
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін! «Алаш айнасы»
Тарату қызметi (бөлшектеп сату және жазылу) тел.: 8 (727) 388-80-88
Бс
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы,050051, Бегалин көшесі, 148/1 А e-mail:
[email protected]
1 Тамыздың 29-ы 2 Алаштың атаулы күні Жм 3 21 жыл бұрын (1991) Президент Н.Назарбаев «Семей ядроСн 4 лық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон Жк 5 жабылғаннан кейін ондағы барлық нысан және үш ядролық реактор Дс 6 Қазақстан Республикасының меншігіне өтті. Сс 7 Үш жыл бұрын (2009) Өскеменде Абай мен Пушкин ескертСр 8 кіштері салтанатты түрде ашылды. Бс 9 Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Қазанның Жм 10 30-ында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан Сн 11 29 тамызды «Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні» деп жаЖк 12 риялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторДс 13 лары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Белоруссия, БраСс 14 зилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Ср 15 Түрікменстан және Жапония елдері бар. Бс 16 Жм 17 Туған күн иелері Сн 18 Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, Жк 19 генерал-майор; Дс 20 Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғыСс 21 лыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының Ср 22 Бс 23 докторы, профессор; Жм 24 Әбдуәхит Мақұлбаев (1961) – Оңтүстік Қазақстан облысы Сн 25 Сарыағаш ауданының әкімі; Жк 26 Қосман Айтмұхамедов (1963) – Ақмола облысы әкімінің Дс 27 орынбасары; Сс 28 Ермек Маржықбаев (1963) – Ақмола облысы Зеренді аудаСр 29 нының әкімі; Бс 30 Сұлтанжан Ахметов (1976) – «Электронды коммерция ортаЖм 31 лығы» ЖШС бас директоры; Марат Бекетаев (1977) – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. Ср
Алматы қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС Қалдаяқов көшесi, 17-үй. Тел.: 8 (727) 273-12-04, 273-12-54 Тапсырыс – №1601
ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ
Құрылтайшысы және меншiк иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС Директор – Александр Филимонович АН
e-mail:
[email protected]
Газет 2008 жылдың 17 қарашасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелiп, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №9650-Г куәлiгi берiлген. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейдi. Авторлар қолжазбасы өңделмейдi және керi қайтарылмайды. Көлемi екi компьютерлiк беттен (14 кегль) асатын материалдар қабылданбайды. «Алаш айнасында» жарияланған материалдар мен суреттердi көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
www.alashainasy.kz
Атырау – Бақытгүл БАБАШ, тел.: 87015533653 Қарағанды – Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, тел.: 87014901976 Жамбыл – Гүлжан КӨШЕРОВА, тел.: 8701 7711648 Қызылжар – Ербақыт АМАНТАЙ, тел.: 8 705 4418255 Қызылорда – Әділжан ҮМБЕТ, тел.: 8777 7054466 Өскемен – Азамат ҚАСЫМ, тел.: 8777 3554114 Шымкент – Шадияр МОЛДАБЕК, тел.: 8705 9877799 Орал – Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, тел.: 87756720806
№152 (834) 29.08.2012 жыл, сәрсенбі
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
8
ДУМАН