№74 (756) 3 мамыр, бейсенбі 2012 жыл
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Алматы
Астана
+23.. +25о с +12..+14ос
+7..
+10о с
+2..+4о с
ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ
ДОЛЛАР
ЕВРО
148,06
194,86
РУБЛЬ
ЮАНЬ
5,03
23,48
EUR/USD
DJIA
1,31
13279,32
RTSI
1250,52
BRENT(ICE)
GOLD (NYMEX)
Жаздың шуақты күндері жақындаған сайын демалысты ойлауға тура келеді. Шетелге шығамыз ба, үйде қаламыз ба? Алакөл ме, Ыстықкөл ме? Бурабай не Қапшағай? Ең бастысы, таңдау көп. Қызметін ұсынатын туристік фирмалар да жетіпартылады. Бірақ оларды қалай таңдаймыз? Өйткені турфирмаға қалтқысыз сенгендіктен, демалысы арпалысқа айналғандарды көргенде, қыс бойы қиялдан кетпеген теңіз бен көл әдірам қалады.
1662,40
Астана уақытымен 18.00 бойынша
АҢДАТПА
Қазақтың текті иттерінің тегін жоғалтып алмайық
3
Өткен жолы жанармай бағасы жоғарылап, оның салқыны біртіндеп нарықтағы басқа бағаны қозғап тастаған еді. Кезек «Қазақтелекомға» да жетіпті. Сөйтіп, мамырдың 1-індегі мамыражай мерекеден оралған депутаттардың алдынан баға мәселесі тағы да «дүңк» ете түсті. Мәжілістің жалпы отырысында қарапайым халықтың қалтасына түсетін ауыртпалыққа ашынған депутат Мұхтар Тінікеев бағамен қоса, оны көтеріп үлгерген басшының жалақысына да жармасты.
-бетте
Көлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғандарға қатысты тек қана көлік басқару құқығынан айыру жазасын қалдыру керек пе?
-бетте
Шоқанның көзі, қазақ рухының нағыз өзі
5
Қанат ҚАЗЫ Мұхтар Бәкірұлының «Қазақтелеком» басшысының жалақысын тілге тиек еткені де бекер емес болатын. Өйткені осыдан аттай алты жыл бұрын-ақ сол кездегі компания жетекшісінің сол кездегі айлық жалақысы жұрттың жағасын ұстатқаны есте. Президенттің өзі сынға алған «Қазақтелекомның» жетекшісі алып жүрген айлық, жаңылмасақ, 360 мың долларды (!) құраған. Содан бері талай жыл өтті. Айлық мәселесі бірталай жыр болды. Сонымен қоса, байланыс бағасына қатысты мәселе ұдайы болмаса да арагідік көтеріліп келген-тұғын. Оның ішінде де жақын шетелдің түгелін саралағандар Қазақстанның халқы телефон байланысы үшін ең көп шығынданатынын айтып жүргендер болды. Алайда «айлықтың әңгімесі» ұмытыла бастаған еді. Мұхтар Бәкірұлының
алдымен байланыс бағасын айтқанымен, артынан жалақының «жырын» еске салғаны да сондықтан болса керек. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 1 мамырдан бастап жеке тұлғаларға абоненттік төлемдер бағасын өсірмек. Оның ішінде тарифтер өзгерісі жергілікті телефон байланысы желілерінің уақыт бойынша төленетін жүйеге ауысқандарын да, ауыспағандарын да қамтымақшы. Сөйтіп, ендігәрі қалалық және ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғалар абоненттері үшін төлемақы мөлшері 20 пайызға артатын болады», – дейді Мұхтар Бәкірұлы. Оның айтуына қарағанда, уақыт бойынша төлемақы жүйесіне ауыстырылған байланыс үшін айлық төлем 624 теңгеден 748,80 теңгеге дейін өседі. Ал уақыты бойынша төлемақы жүйесіне ауысқан абоненттердің ай сайынғы төлемі 309,40 теңгеден 371,28 теңгеге дейін артады. «Сонда әлгі уақыттық төлем жүйесін не үшін енгіздік?», – деген мәжілісмен «Қазақтелекомның» бағаға қатысты уәжін де ту-талақай етті. Жалғасы 2-бетте
Таксиді тақымдайтын мемлекеттік тізгін қажет
МӘСЕЛЕ
3
Біз қалада ғана өмір сүрмейміз, ауылды да 6 ойлауымыз керек бетте
Мансұр ХАМИТ (фото)
119,17
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ:
Дұрыс демалу да уайымға айналып барады
KASE
1588,47
АЙТӨБЕЛ-ДАТ!
«Елімізде такси қызметін пайдаланушылар легі жылданжылға артып келе жатқандықтан, қазақстандық таксилер жұмысын халықаралық талапқа сай еткені жөн»... Бұл мәселені біздің сөз еткенімізге біраз уақыт болды. Өткенде көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ мырзаның өзі елдегі осы саладағы қызмет түрін жандандыру қажеттігін, бұл сала қызметінде халықаралық талапқа сай меженің төмендігін сөз еткен-ді.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ Негізінде, халықаралық талапқа сай такси қызметіне қойылатын міндеттемелер: қырағылық және сыпайылық; көліктің қауіпсіз болуы;
тазалығы; техникалық байқаудан өтуі; сондай-ақ таксистің кем дегенде бес жыл көлік жүргізген тәжірибесінің болуы; тұрғындардың такси қызметіне тапсырыстарын қабылдайтын диспетчер қызметінің болуы; көлікте таксометрдің орнатылуы және көліктердің түсі бірдей болуы қажет... Міне, халықаралық талап такси қызметіне осындай міндеттемелер жүктейді. Алайда біздегі бұл қызмет түрінің сапасы да, қызмет құны да бірбірімен үйлесімділік таппай жататыны жасырын емес...
«ПРОЛЕТКА» ТАКСИЛЕР КӨБЕЙДІ Жалпы, бұқара көп шоғырланған Алматы қаласы бойынша сөз етер болсақ, мұндағы такси қызметінің орташа құны 800-1000 теңгенің аралығында. Қызметтің жұмысы күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Ең қолайлы уақыт таңғы 7-ден басталып, 12-ге дейін жалғасады. Таксистердің кептеліс саналатын уақыты күндізгі сағат 12 мен 14 сағат арасы болса, кешкісін 17
-бетте
сағат пен 19-ға дейін. Бір қызығы, қазірде такси қызметінің өзгеше атаулары кеңінен тарап та үлгерді Мәселен, «тачка», «мотор», «зеленый огонек», «тачанка», «пролетка» тәрізді атауларды тұрғындар біздегі такси қызметінің сапасына қарай атап жүргені жасырын емес. Тұрғындар бүгінде такси көліктерінің ішкі және сыртқы ластығынан, баратын жерге жолақысын тым қымбаттатып айтатынынан, жолаушыны апара жатып, жолда тұрған адамды алып кететінінен әбден запы болған. Тіпті таксилерді телефон соғып шақырғанда, уақытында келмейтіні, тым асығыс жүр гендіктен, жолаушының мазасы кететіндігі, жолаушы ірі ақша беріп тұрса, өзінде ұсақ ақша жоқ екендігін айтып, жолаушының өзін ақшаны ұсатып келуге жұмсауы тым әбестік екендігі халықаралық талапта «тайға таңба басқандай» етіп көрсетілген. «Әйтсе де біздегі қызметтің бұл түрі мұндай олқылықтарды түзеуге ынты-шынтымен тырысып жүрген жоқ» деседі мамандар. Жалғасы 4-бетте
ТҮЙТКІЛ
e-mail: info@аlashainasy.kz
Мойындау керек, біздің адамдар шетелде демалғанды ұнатады. Бір жағынан, ел көруге деген құмарлық десек, екінші жағынан, елдегі демалыс орындарының қызмет көрсету деңгейіне көңіл толмау да – сыныққа сылтау. Баға жағынан да көбіне жатжұрттағы демалыс ұтып кетеді. Статистикаға сенсек, өткен жылғы қаңтарқыркүйек айларында Түркияда – 153 896, Қытайда – 37 156, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 22 мың, Таиландта – 12 мың, Германияда – 8 мыңға жуық адам болып қайтқан. Осы кезең ішінде отандық турфирмалар 267 мыңдай жолдама сатты. Әйтсе де ең бастысы – сақтық. Өйткені биыл 1 ақпаннан бастап отандық турагенттерге лицензия алу міндетті болмай қалған. Енді олар өздері жайлы мағлұматты Қазақстан туристік қауымдастығы құрған бірыңғай реестерге енгізуі керек. Бұл қадам тұтынушы құқығын қорғай ала ма? Айтары жоқ, біздің туристер сыртта сүйкімді. Жалғасы 4-бетте
Оқырман сауалына жауап іздейміз «Алаш айнасы» газеті жарық көрген сәтінен бастап өз оқырмандарымен тығыз байланыста. Жас пен жасамысты, қараша мен бақуаттыны толғандырған кез келген сауалға басылым қызметкерлері жауап табуға әзір. Бүгінгі өмірде сіз кезіккен барлық түйткілді білуге біз де мүдделіміз. Жауап таппаған сауалыңызды бізге жолдаңыз.
БАЙЛАНЫС
www.аlashainasy.kz
«Қазақтелеком» басшысының айлығы қанша?
Осы ретте газетіміз «Оқырман сауалына жауап іздейміз» атты жаңа айдар ашпақ. Бұл айдарда қоғамдық өмірдің сан алуан саласындағы сауалдарға жауап табуға болады. Айталық, сіз көлікті техникалық байқаудан өткізгелі жүріп, өзіңізге түсініксіз сұрақтарға жолықтыңыз немесе азаматтық хал актілері жағдайларын тіркеуде қиындықтарға кезіктіңіз делік. Мамандардан тиісті жауаптың бәрін толық ала алмадыңыз. Демек, сіздің «Алаш айнасына» хабарласып, ақпараттық көмек сұрауға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге әлеуметтік сала, төтенше жағдай, спорт пен мәдениет, шоу-бизнес мәселелері, қоғамдағы түрлі оқиғаларға қатысты пікір-көзқарастардың дұрыс-бұрыстығы немесе тылсым құбылыстар туралы да сұрауыңызға болады. Редакцияның байланыс телефоны:
8 (727) 3 88 80 60, электронды поштамыз:
[email protected].
«АЛАШ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІ МЕН СТВ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ
«Қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу керек» деген ұсынысты қолдайсыз ба?
дедім-ай, ау!
ИƏ
Николя САРКОЗИ, Франция президенті: – Егер мені шынымен де жұрт айтқандай Каддафи қаржыландырған болса, мен қайырымды адам болмағаным ғой. (lenta.ru сайтынан)
Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент:
– Дәл қазіргі таңда бұл тақырып өте өзекті болып отыр. Қоғамдық ортаны қойып, Сенат қабырғасында қозғалуының өзі мәселенің маңыздылығын аңғартса керек. Сондықтан қоғам болып қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеуді қолдауымыз қажет. Ұстаз, әйел, ана ретінде және өмірде талай оқиғалармен бетпе-бет келіп жүргендіктен, қозғалып отырған мәселенің жайжапсарын жақсы білгендіктен, мен қыздарымызды шетел асырып оқытудың жақсылыққа апармайтынын жақсы білемін. Кәмелетке толартолмас жаста қорғансыз қыз баланы шетел асырып жалғыз жіберу арыстанның аузына апарып тосқанмен бірдей.
Жақында Сенат депутаты Жабал Ерғалиев мырза «қазақ қыздарының шетелде білім алуын шектеу керек» деген ұсыныс айтты. Сенатордың бұл пікірін қолдаушылар да өз наразылықтарын білдіріп, қарсы пікір айтушылар да табылды. Осыған орай қоғамдағы қордаланған мәселелерді әртүрлі көзқарастағы азаматтардың пікірімен саралайтын «Алаш айнасы» газеті мен СТВ арнасының бірлескен жобасы аясында жарық көрген бағдарламаның кезекті тақырыбын қызу тартысқа түскен қыздар тақырыбына арнауды жөн көрдік. Ендеше, «өзі үйде, қылығы түздегі» қыздарымызды шекарадан әрі аттатпаудың жақсылығы мен жамандығы неде, артықшылығы мен кемшілігі қайсы? Саралап көрелік...
3
-бетте
ЖОҚ
– Өз басым қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу керек деген ұсынысқа қарсымын. Қазір – ХХІ ғасыр. Халықаралық қатынастар дың дамыған кезі. Осындай кезеңде қыздарымыздың халықаралық деңгейде білім алуына жағдай жасамай, керісінше олардың білім алуға деген құқығын шектеу дұрыс шешім болмас еді. Ұлтымызды, қыздарымызды алдымен өзіміз көтеруіміз керек. Бірлі-жарым орын алған оқиғаға бола қыздарымыздың барлығының бірдей құқығын шектеу де әділеттік болмас еді. Дәл солай тізе беретін болсақ, шекара асып білім алуға аттанған жігіттеріміз де дәм-тұз тартып шетелде қалып жатыр.
Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:
2
САЯСИ БЮРО
www.alashainasy.kz
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі e-mail:
[email protected]
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
МЕРЕЙ
ҰСЫНЫС
Елдегі ынтымақ пен татулықты паш ететін Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі биыл 16-рет тойланды. 100-ден астам ұлт пен ұлыс ынтымақта ұйыған Қазақстан үшін бұл мерекенің орны бөлек екені айтылып жүр. Биыл да бұл атаулы күн республикамыздың барлық өңірінде кең көлемде атап өтілді. Басты шаралар Алматы мен Астана қалаларында өткізілгені белгілі.
Биыл қазақ халқының тарихында болған аса қасіретті оқиғалардың бірі – 1932-33 жылдардың ашаршылық «науқанының» өткеніне 80 жыл толып отыр. Оған қоса, сталиндік қуғын-сүргіннің қазақ жерін жайпап кеткеніне 75 жылдың жүзі болып қалды. Осыған орай, «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубы мүшелері тағы бір мәрте бас қосып, «1932-33 жылдардағы ашаршылық зардаптары: тарихи шындық және саяси баға» тақырыбын талқыға салды.
Мамырдың 31-ін қаралы күн деп жариялау ұсынылады
идея сы тө ңірегіне жи налуымыз қажет. Біз дің бағ дар ла ма ла рымыз – жұмыс орын да рын құру, қол жетімді баспана ұсыну, денсаулық саласын жақсарту, бала ла рымызға жақсы бі лім беру. Бұл – біздің идеологиямыз, бар ша халықтың бірлігі, достығы мен бауырластығы идеясы», – деді Елбасы. Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемде соғыс, әлеуметтік, этни калық және ай мақ тық кикілжіңдер орын алып отырғанда, Қазақстанда орнық ты өсу мен тұ рақ тылық орнағанын атап өтті. Сөз соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға денсаулық пен бақыт, табыс пен амандық, оптимизм мен ертеңгі күнге деген сенім тіледі. Алматы қала сына са пары барысында Қазақстан
Президенті сондай-ақ «Алмалы» жаңа сауда орталығын аралаған болатын. Алауыздықтан ада, бірлігі бекем, ынтымағы мығым Қазақстан халқы бүгінде бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай күн кешіп жатыр. Бүгінгі мына мереке соның дәлелі іспеттес. Еліміздің барлық аймақтары бұл мерекені кеңінен атап өтті. Мерекені атап өтудегі әр қаланың өзіндік ерекшелігі де, ұқсастықтары да бар. Мәселен, 16-рет аталып отырған достық күнінде түрлі ұлт өкілдері өздеріне тән ұлттық ерекшеліктерден, баба ларынан қалған мұраларынан көрме ұйымдастыру дәстүрге айналып үлгерді. Сәдуақас КЕБЕКБАЙ
«Қазақтелеком» басшысының айлығы қанша? Басы 1-бетте
«Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ телефон байланысына абоненттік төлем көтерілгенімен, кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметінің ай сайынғы төлемдері төмендегенін алға тартады. Егер интернет тек ірі қалаларда болып, шалғайдағы ауыл үшін оның қолжетімділігі қамтылмаса, сосын ғаламторды көбінесе кіл жастарымыз ғана пайдаланып жүргенін ескерсек, онда қайдағы қолжетімділік? Қайдағы интернеттің ай сайынғы бағасының төмендегені туралы әңгіме болып отырғаны түсініксіз. Бұл – бұл ма, сапасы да сын көтермейді», – деп кесіп айтты Мұхтар Бәкірұлы. Сосын мәжілісменнің сөзіне сенсек, компанияның жылдық (52 апта бойынша) акциясы 54 пайызға артқан. Мұны мәжілісмен акциясын 64 пайызға көтеріп үлгерген Apple секілді алпауытпен салыстырады. «Бақуатты компаниялар не үшін тариф көтеруге әуес екен осы? Мәселен, осы былтырдың ақпанында ғана «Қазақтелеком» қалалықтар үшін тарифті – 18%, ауылдық жерлерге 30 пайызға көтеріп алды емес пе?» – дейді Мұхтар Тінікеев. Осыған орай, депутат «Қазақтелекомның» телефон ақысы үшін абоненттік төлем көтеру негіздемесін түсінгісі келетінін жеткізді. Бұл ғана емес! «Қосымша сұрайтыным, «Қазақтелеком» АҚ басшыларынан бастап бөлім басшы ла рына дейінгі қызметкерлердің жалақы мөлшерін, сондай-ақ олардың сыйақы бонустары туралы да білгіміз келеді. Әйтпесе тарифті көтеру арқылы мемлекеттік ком па ниялардың шенеуніктері өздерінің жалақысы мен бонустарын арттырып отырған жоқ па деген ой келеді», – деп аяқтады сауалын депутат Мұхтар Тінікеев. Сөйтіп, ұмыт бола бастаған алпауыт компания басшыларының жалақысы туралы қайта сөз болды. Алты жыл бұрын Президенттің пәрменді сынынан кейін ұлттық компания басшылары да кезекпен айлығын жария лап шыққан. Бұл жолы қалай болар екен?
МЕМЛЕКЕТ МОНОПОЛИЯДАН КЕТЕ БАСТАЙДЫ Айтқандай, кешегі жиында Мәжіліс екі бірдей заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Оның бірі дәл осы баға белгілеу мәселесін қамтып, еліміздің экономи ка сына мемлекеттің араласуын азайтуды қа растырады. Нақтылап айтқанда, Мәжіліс ма құлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мемлекеттің монополиясын біртіндеп шектеуді көздейді. Мемлекет тек қана ұлттық қауіп сіздікті, мемлекеттің қорғаныс қа білеттілігін, қоғамдық тәртіпті, халық денсау лығын қорғау мақсатындағы кә сіп кер лік қызметтерге қатыса алады. Яғни мемлекеттік монополияны ерекше жағдайларда енгізу көзделеді. Бұдан бө-
лек, заң жобасымен мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларды, мемлекеттік монополия деп жарияланбаған ерекше құқықтарды азайту және бәсекелестік нарықта қызмет түрлерін көрсету мүмкіндіктерін заңнамалық деңгейде бекіту шаралары қамтылады. Ең бастысы, баға белгілеудің ашық болуын қамтамасыз ету жә не мемлекеттік монополия субъектісінің жоғары тарифтерін белгілеуге жол бермеу үшін бағаны Үкіметтің бекітетіні де көзделіп отыр. Тоқтала кететін екінші заң жобасы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелерін қамтыған еді. Мысалы, іс жүргізу заңдарында ҚР Конституциялық Кеңесінің заңды немесе нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тануының құқықтық салдарынан туындайтын мәселе реттелмеген. Сөйтіп, егер ҚР Конституциялық Кеңес
қандай да бір істі қарау барысында белгілі бір заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныса, қылмыстық істі тоқтату шарасы шешілмей келген болатын. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы осындай олқылықты болдырмайды. «Егер сот Конституциялық Кеңеске адамның және азаматтың баянды етілген конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңды немесе нормативтік-құқықтық актіні конcтитуциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінсе, соттың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті белгіленді. Заңның конституциялығын тексеру басқа соттың бастамасы бойынша жүргізілген жағдайда да соттың осындай міндеті туындайды», – дейді Мәжіліс депутаты Оңалсын Жұмабеков. Астана
Жалпы, тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, сол кездегі Кеңес Одағы құрамында болған халықтардың барлығы да ашаршылық пен қуғын-сүргіннің зардабын көрді. Билік басына коммунистердің келуімен басталған қасіреттен Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Украина жерінде 7 млн адам құрбан болды деген тарихи дерек бар. Далада аш-жалаңаш қалып, өлім құшқандардың 1,5 миллионы – қазақстандықтар. Сарапшылардың мәліметі бойынша ашаршылық кезінде 600 мың қазақ туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ал сталиндік репрессияға 1,5 миллионнан астам адам тап болып, олардың 700 мыңға жуығы ату жазасына кесілді. Қазақ халқы ашаршылықтың екі бірдей кезеңін бастан кешірді. Оның біріншісі 1921-22 жылдар болса, екіншісі – 193233 жылдардың қасіреті. Ашаршылықтың алғашқы науқаны барысында Қазақстанда 1,5 млн адам қырылды. Ал 1932-33 жылдары 2,7 млн адам ашаршылықтың құрбаны болды. Осылайша 6,7 млн халқы болған Қазақ елі айналасы он-ақ жылдың ішінде 4,2 млн адамнан айырылды. «Аманат» пікірсайыс клубы осы мәселеге арнап бірнеше отырыс өткізіп, ашаршылық тақырыбын жиі қозғау арқылы сол сұрапыл жылдардың зардаптары зор болғандығын, оны зерттеу жұмысын бір жүйеге түсіріп, орта және жоғары білім беру орындарында оқытылуы қажеттігін алға тартады. Сонымен қатар осынау қасіретке шынайы саяси баға беріп, биылдан қалмай, мамырдың 31-ін қаралы күн деп жариялауды ұсынып отыр. Сол арқылы
Бұл жолы отандық кәсіпорындарымыз әскери өнімдердің кең ауқымын ұсынбақ. Көрме негізінен «Құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы», «Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер», «ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі мен құралдары», «Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету», «Авиация және авиациялық қару-жарақ» бағыттарында өтеді. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын өткізілген көрменің қорытындысы нәтижелі болған. «Қорғаныс министрлігінің өкілетті органы – «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорны сол жолы бірнеше шетелдік компаниялармен құны 1,5 миллиард теңгеден асатын 20-дан астам келісімшарт жасады», – дейді қорғаныс министрінің орынбасары. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ел аумағында бірнеше бірлескен кәсіпорын ашылып, жұмыс істеп жатыр. Атап айтсақ, электронды-оптикалық құралдар өндіретін түріктің «Қазақстан Aselsan Инжиниринг», ЕС-145 тікұшақтарын жасап, оларға техникалық қолдау көрсететін француз-немістік «Eurocopter Қазақстан Инжиниринг», радиостансылар өндіретін француздың «Tales Инжиниринг» және испандық «Indra Қазақстан» секілді жетекші компаниялар елімізде өндіріс көрігін қыздыруда. Бұл арқылы әскери базамыз да жаңа заманғы техникалармен жабдықталуда. Міне, негізінен бұл көрменің мақсаты – осындай компаниялармен келісімге келіп, олардың әскери техникаларын өзімізге әкеліп, біздің техникаларды оларға ұсыну. Көрменің алғашқы күні жоғары мәртебелі меймандар мен шетел делегацияларының қатысуымен ресми бөлімге арналады. Бұл күні ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қарамағындағы заманауи қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсету жоспарлануда. Бұдан басқа, арнайы мақсаттағы бөлімшелер әскери техникалар
Әлемдегі қала басшыларының табысы қанша?
Жуырда ғана америкалық Freedom House ұйымы әлем елдерінің баспасөздеріндегі сөз бостандығын анықтайтын зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Қырғызстан сол зерттеудегі 197 елдің арасында «сөз бостандығы жоқ» елдердің қатарында тұр. Посткеңестік елдерден Латвия, Литва және Эстония елдерінің БАҚ өкілдері «билікке тәуелсіз» категорясына енсе, Грузия, Украина және Молдова «жартылай тәуелсіз» статусына ие болды. Ресей – 172 орында. Ал әлемдік деңгейдегі сөз бостандығы бар елдердің қатарына жылдағыдай Финляндия, Норвегия, Швеция, Бельгия, Дания, Люксембург,
Лондон мэрі Борис Джонсонның жылдық табысы 640 105 АҚШ долларын құрайды. Ал Нью-Йорк мэрі Майкл Блумбергтің ресми жалақысы бар болғаны 1 долларды құрайды. Дегенмен оның жеке қаржы қоры – 11 500 000 000 доллар. Бұған дейін штат мэрі болған Арнольд Шварценеггер мен Ларри Пейдждің де ресми жалақысы – 1 доллар. Нидерланды мэрлерінің табыстары британиялық
Нидерланды, Швейцария, Андорра және Исландия елдері енді. Бұл тізімде Германия 16-ыншы, АҚШ – 22, Ұлыбритания 31-орында тұр. Ал сөз бостандығы мүлде жоқ елдердің қатарына Иран, Белоруссия, Түрікменстан, Солтүстік Корея елдері жатқызылды. «Араб көктемі» төңкерісінен кейін Таяу Шығыс және бірқатар араб елдерінің аталған мәселеге қатысты рейтингі жоғарылаған. Сарапшылар америкалық ұйымның зерттеуінің объективтілігіне күмән келтіреді. Себебі онда батыстық саясатқа бағыт бұрған елдерге жағымды, ал керісінше, саяси көзқарас түйіспейтін елдерге жағымсыз баға беріледі.
Бүркіт АЯҒАН, Мемлекет тарихы институтының директоры: – Шыны керек, ашаршылық пен жаппай қуғын-сүргін қазақ халқының тек демографиясын ғана емес, рухани сана-сезімін де қатты есеңгіреткен оқиғалар болды. Осы орайда «кім кінәлі?» деген сұрақ туындайды. Тарихшылар Голощекин деп жазады. Ал, шын мә нінде, ол тек орындаушы ғана болған. Негізі, сол кезде билік басында отырғандардың көбі догматик болған ғой. Большевиктердің көсемі Лениннің де, кейінгі Сталиннің де ел айтқандай білімі болмаған. Олардың оқып-тоқып, бітірген жоғары оқу орындары шамалы. Ал билікке келгеннен кейін, елді басқару керек қой. Міне, сол кезде олар тығырыққа тіреледі. Мәселен, Лениннен «Елді қалай басқарамыз?» деп сұраған кезде, ол үнемі Маркстің іліміне жүгінеді. Оның идеясы бойынша жекеменшікті жойып, бәрін халыққа таратып беру қажет. Осыдан таптық күрес пен қанды қырғын басталады. Голощекин кезіндегі «Кіші қазан» төңкерісі де осы идеядан бастау алған. Сталин де бұл догматикалық білімнен алыс кеткен жоқ. Арман АСҚАР
Бүгін Астанада екінші халықаралық «KADEX-2012» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды. Бұл жолы көрмеге қатысушы компаниялардың саны былтырғыдан 30 пайызға көп. Яғни жиырмадан астам мемлекеттен 250-ден аса компания қатыспақ екен. Демек, алдыңғы жылы өткен көрме көптеген компанияның қызығушылығын тудырған.
Сөз бостандығы бойынша әлемдік рейтинг жарияланды
Америкалық дипломаттар Қырғызстандағы баспасөз бостандығы әлемдік өте жоғары деңгейде дегенді жиі айтады. Әлемдік рейтинг бойынша олар қаншасыншы орында? Алмат, Астана
клуб мүшелері қасіретті жылдарды естен шығармай, құрбан болған боздақтарға лайықты құрмет көрсету қажет деп санайды.
«Кadex-2012» көрмесі басталды КӨРМЕ
барлығына тән. Бұл – біздің бірлігіміздің негізі, біздің тұрақтылығымыз бен рухани күшіміздің қайнар көзі, ертеңгі күнге деген сеніміміз. Біз әр алуан мәдени және тілдік орта алауыздық пен араздыққа себеп бола алмайтынын күллі әлемге көрсеттік. Керісінше, бұл біздің маңызды стратегиялық даму ресурсымыз. Қазақстандықтар республика халықтарының құқығын, бостандығын, тілі мен наным-сенімін құрметтей отырып, дағда рыс қиындығын жеңе білді. Осының бә рі елімізде тұрып жатқан барлық халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, достығы, өзара түсіністігі арқасында мүмкін болып отыр. Бұл қиын-қыстау заманда біз жақсы өмір жағдайларын құру
Мансұр ХАМИТ (фото)
МӘЖІЛІС
Алматыда «Бір аспанның астында бірлігі жарасқан» деген ұранмен «Астана» алаңында халыққа арналған концерттік қойылым болды. Арнайы жұмыс сапарымен Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаев өзінің зайыбы Сара Назарбаева ханым мен бірге осы концерттің құрметті қонағы болып, мерекелік қойылымдарды тамашалады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мерекенің үстінде барша қазақстандықтарды Халықтар бірлігі күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар, сіздерді осы та маша мерекелеріңізбен құттықтағым келеді. Біз халқымыздың игілігі үшін барлық қиындықтарды жеңеміз, біздің жалғыз Отанымыз – Қазақстан, жалғыз жеріміз – Қазақстан жері. Әр шаңырақта, әр бір отбасында бақыт, береке-бірлік болсын!» – деп ізгі тілекпен сөз бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық, достық ел экономикасының жақсаруына бірден-бір себеп болып отырған фактор екенін атап өтті. «Біз тарихи қысқа мерзім – 20 жыл ішін де Тәуелсіз мемлекет құрдық, оны түрлі ұлттардың бірлігі арқасында әлемге әй гілі еттік, бәрі бізден үлгі алып отыр. Ұл тына және діни сенімдеріне қа рамастан, достық пен сенім, ынтымақтастық пен ауызбірлік біздің отандастарымыздың
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)
Әр алуан мәдени орта араздыққа себеп бола алмайды
Менің білгім келетіні, әлемдегі мемлекеттердің ірі қалалары басшыларының табыстары қандай? Айнұр, Алматы қала басшыларынан үш есе аз. Амстердам қаласының басшысы Эберхард ван дер Лаан жылына 189 404 доллар табыс табады. Рига қаласының басшысы Нил Ушаковтың жылдық табысы – 14 000 доллар. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жылдық табысы 160 000 долларды құрайды. Украинаның Харьков қаласының басшысы Геннадий Кернес өткен жылы 15 000 доллар табыс тапқан екен.
мен тактикалық іс-қимылдарды көрсетеді, сондай-ақ жұртшылық Қазақстанның әуе қорғанысы күштері, жауынгерлік авиациясы ұшу тобының Л-39, МиГ-29, Су-27 ұшақтарымен әуеде ұшу өнерін тамашалай алады. Ресейдің әскери әуе күштерінің «Русские витязи» пилотаждық тобының да ұшуы жоспарланып отыр. Көрме шеңберінде «Замануи әскеритехникалық саясат: проблемалары және болашағы» атты халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырылады. Сонымен қатар ҰҚШҰ әскериэкономикалық ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық комиссия жанындағы іскерлік кеңесінің және ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Кейбір әскери техникалардың мүмкіндіктерін көрсету үшін көрме маңында арнайы полигон да дайындалыпты. Бұл мам а н да р ғ а ә с ке р и тех н и ка н ы ң тактикалық-техникалық сипаттамасын және оны тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік береді. Осы жерде айта кетейік, Airbus C-295 концерні жасаған әскери-көлік ұшағы да жұрт назарына ұсынылады. Қару-жарақ және әскери техниканың экспорты мен импорты бойынша Қорғаныс министрлігінің өкілетті органы «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік мекемесі аталмыш концернмен екі С-295 ұшағын сатып алу туралы келісім жасаған екен. Бұдан басқа тағы да алты С-295 ұшағын сатып алу жөнінде меморандумға қол қойылған. «Келесі жылдан бастап осы ұшақтар әуе паркімізді толықтыра түседі. Қазақстан – ТМД елдері бойынша көліктік авиация паркін әлемдік стандарттарға сай жаңартып отырған бірінші мемлекет», – дейді Талғат Жанжүменов. Көрменің соңғы күнінде Қазақстан Қарулы Күштерінің, Германия, Польша, Тәжікстан оркестрлерінің қатысуымен шеру өтеді. Салтан СӘКЕН, Астана
e-mail:
[email protected]
БРИФИНГ
«Алаш айнасы» – «Ой-көкпар» бағдарламасының жазбаша нұсқасы Жүргізуші: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ Бағдарлама ұзақтығы: 27 минут Эфирдегі уақыты: жұма күні сағат 22:30 Бағдарлама қонақтары: Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер
«Қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу керек» деген ұсынысты қолдайсыз ба?
Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент
www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
«Алаш айнасы» газеті мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы
Басы 1-бетте
3
ҚОҒАМ
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі
Мәселен, жақында айдай аруымыз қайдағы бір шетелдіктің қолынан қаза тапты. Мектепті үздік бітірген білімді қыз қайдағы бір қылмыскердің қолынан ажал құшты. Егер білім алу үшін шетел аспай, елімізде жүргенде білікті маман атанбасына кім кепіл еді?! Осыған дейін де «Болашақ» бағдарламасымен шетелге білім алуға кеткен қыздарымыздың көбісі елге қайтпай, шетелде тұрмыс құрып қалып кетті. Бүгінде олардың да тағдырынан бейхабармыз. Сондықтан мен қыздарымыздың шетелде білім алуын шектейтін кез келді деп білемін.
Сондай-ақ талай қыздарымыз шетелде білімін ұштап келіп, жақсы жерлерде мемлекетіміздің мүддесі үшін жұмыс істеп, біліктілігімен, білімділігімен көзге түсіп, жүр. Сондықтан қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу керек деген ұсынысқа мен қарсымын. Мен ғана емес, бұл ұсынысқа талай қазақ қызы қарсы деп айта аламын. Өйткені білімін ұштағысы келген талай қазақ қызы шетелге шыққысы келеді. Шетелде білім сапасы да жоғары. Сондықтан қыздар да шетелге шығып оқығысы келеді. Бұл тұрғыда бұл шектеу олардың құқықтарын шектейді.
Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер
ТАРТЫС БӨЛІМІ ЖҮРГІЗУШІ: – Бағдарлама қонақтарының ұстанымы айқындалды. Енді бағдарламамыздың «Тартыс» бөліміне өтіп, ойымызды тарқатып айтсақ. Әлима апай, неліктен қыздарымыздың шетелде білім алуына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп отырсыз? Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Шыны керек, шетелдің білімі біздікінен жоғары, біздікі төмен деп айта алмас едім. Оның үстіне, қазір онсыз да шетелден гөрі жастарды өзімізде оқытуға басымдық беру сөз болуда. Ендеше, шетелге иек арта беріп қайтеміз?! Рас, шетелде білім алып келіп, қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген де қыздарымыз жетерлік. Мәселен, Халықбанкінің төрайымы Үміт Шаяхметова шетелден білім алып келіп, елімізде абыройлы қызмет жасап жүр. Алайда бірді-екілі орын алған оқиға деп шетелде қалып кетіп жатқан қыздар тағдырына көз жұмып қарауға болмайды. Біле білсек, әр адам – мемлекеттің байлығы. Біз білім аламыз деп барып сол шетелде қалған қыздарымыз арқылы білімді жастан бір, азаматшамыздан екі айырылып отырмыз. Және жігіттерден гөрі шетелде қалып жатқан қыздар көбірек. Осы орайда халықаралық деңгейдегі Назарбаев университетінің ашылуы дұрыс болды. Алдағы уақытта қыздарымызды да, жігіттерімізді де шетелден гөрі өз елімізде оқытсақ дұрыс болар еді. Әйтпесе қыруар қаржы бөліп оқытып жатқан қыздарымыздың үмітті ақтамай сол елде қалып кетуі ұят тірлік болуда. Онсыз да халқымыздың саны аз. Мемлекеттің қаржысын бөлгізіп, оларды оқытып, дайын маманды өзге елдің қолына ұстата салу арқылы біз екі есе ұтылып отырмыз. Қазақ «қыз тәрбиелеу арқылы ұлтыңды, ұл тәрбиелеу арқылы ұрпағыңды тәрбиелейсің» дейді. Ендеше, ұлт тәрбиесінің көрсеткіші саналатын қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, өз елінде білім алуына, өз елінің көркеюіне үлес қосып, қазақ елінің санын көбейтуіне мұрындық болуымыз керек. ЖҮРГІЗУШІ: – Нұра Тынысқызы, шетелде дәл қазір білім алып жатқан қыздардың көбісі сіздің замандастарыңыз. Солардың бәрінің ойлағаны шетелде қалып, өзге елдің көсегесін көгерту ме? Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ: – Жоқ, шетелде оқып жатқан таныстарымның барлығы ұлтшыл. Олар – тек шетелдің артықшылығын үйреніп, үйренгенін елге келіп үйретуге асығып жүрген жастар. Жалпы, жастардың білімін шыңдау мақсатында шетелге білім алуға ұмтылуы жақсы нәрсе. Мұны құптау керек. Дегенмен оқуды сылтауратып барып, сол елде қалуы жақсы нәрсе емес. Сондықтан біз сол шетелде қалып кететін
жастарға қатысты мемлекеттің саясатын өзгертуіміз керек секілді. Мәселен, мектеп қабырғасынан бастап жастардың бойындағы отаншылдық сезімді арттыратындай идеологиялық сабақтар жүргізу қажет. Қазақта мақал бар ғой, «Қызға қырық үйден, қала берді, қара күңнен тыю керек» деген. Ендеше, жастарымыз, соның ішінде қыздарымыз, шетелде қалып кетпесе екен десек, олардың бойында отаншылдық сезімді арттыратындай тәрбие жұмыстарын жүргізуден тартынбауымыз керек. Дегенмен тәрбие жұмыстары олардың құқын шектейтіндей дәрежеде болмауы керек. Себебі еліміздің Ата Заңы бойынша азаматтарымыздың білім алуына еш шектеу қойылмаған. Айта кетер жайт, қазір еліміздің білім беру жүйесіндегі Ph талабы бойынша жастар шетелде оқып келуге міндетті. Ал енді келіп аяқастынан қыздарымыздың шетелде білім алуын шектейтін болсақ, Ph талабын бұзған болар едік. Гендерлік саясатқа байланысты да қазір бірқатар заңнамаларға өзгертулер енген. Сондықтан біз дәл қазір қыздарымыздың шетелде білім алуын шектей алмаймыз. Дамыған заманда шекараны да бекітіп ұстау мүмкін емес. Есесіне тәрбие жұмыстарын жүргізуге шамамыз жетеді. Егер біз қыздарымызға ұлағатты тәрбие мен тәртіпті бойына қатар сіңіре білсек, олардың шетелдегі болашағына алаңдамас едік. ЖҮРГІЗУШІ: – Шыны керек, Әлима апай, Қазақстанға келіп білім алып жатқан шетелдікке де тұрмысқа шығып, еріп кетіп жатқан қазақ қыздары жетерлік. Осы тұрғыдан келгенде, қыздарымыздың шетелде білім алуын шектеу нәтижелі қадам бола қояр ма екен?
Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Қазір жаппай шетелге барып білім алу сәнге айналды. Жоғары оқу орнын ғана емес, колледжді де шетелде оқығысы келетін жастар көбейді. Ұстаз-ғалым ретінде осыған қарным ашады. Менің бұған келтірер мысалым өте көп. Көптеген таныстарымның қыздары шетелге барып алып, елге қайтпай, ата-анасын зар жылатып сол елдерде қалып кетіп жатыр. Олар сол елдің азаматтарына тұрмысқа шығып, елін, жерін, тілін, дінін ұмытып кетуде. Біз білім алуды желеу етіп, шекара асуды көздеген қыздарымыздың бұл әрекетіне тосқауыл қоймасақ, келешекте бармақ шайнарымыз анық. Демократия, құқығын шектейміз деп біз кез келген нәрсеге еркіндік беріп алдық. Мен неміс тілінің маманы болғандықтан, шетелге көп шығамын. Сонда көзімнің жеткені біз қазір көп нәрсені теріс түсініп алыппыз. Біз қандай жағдайда да алдымен ұлттық, мемлекеттік мүддені ойлауымыз керек. Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ: – Дәл қазір біз қыздарымыздың шетелде білім алуына шектеу қойсақ, заңдық тұрғыдан оның құқығын шектеген болып табыламыз. Сондықтан бұл мәселеге басқа тұрғыдан келу керек секілді. Мәселен, түрікмен қызын шетел азаматы әйел ретінде алатын болса, ресми түрде мемлекеттік бюджетке 50 мың доллар төлеуі тиіс. Бәлкім, бізге де осындай шешім керек шығар. ЖҮРГІЗУШІ: – Нұра Тынысқызы, қыздарымыз шетелде білім алып болғаннан кейін, елге қайтып келуге міндеттілігі жайлы қолхат алу құқын шектеу болып табыла ма? Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ: – Бірқатар шығыс мемлекеттері қыздарына шектеу қойған. Сондай-ақ олар отыз жасқа толмаған, тұрмыс құрмаған қыздарды да еліне қабылдамайды. Сол секілді біздің еліміз де қолхат жаздырып алу арқылы елге қайтаруға тырысса, мемлекеттің ішкі жағдайына байланысты қабылданған ол өзгеріс азаматшалардың құқығын шектеу болып табылмас еді. Сондықтан мемлекет бұл тұрғыда ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктер мен әдет-ғұрыптарына, ішкі жағдайына байланысты заңға өзгертулер енгізе алады. Ал заңға дәл осы күйінде шектеу енгізу гендерлік саясатқа да қарсы шығу болып табылады. ЖҮРГІЗУШІ: – Әлима апай, қыздарымыз шетел асып, білім іздеп кететіндей біздің елімізде білім сапасы төмен бе? Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Жоқ, біздің еліміздегі білім сапасы төмен емес. Оған біздің еліміздің жастарының шетелге барып халықаралық жарыстарда білімімен көзге түсіп, топ жаруы айқын дәлел бола алады.
енгізу дұрыс шығар? Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ: – Мен шектеу немесе түбегейлі тоқтатудан гөрі олармен ұлттық тәлім-тәрбие турасындағы жұмыстарды көп жүргізуді қолдар едім. Мәселен, жас маман ретінде алдағы уақытта зерттеп біткен ғылыми жұмыстарымды шетелде зерттеуге алып шығамын ба деген ойым бар. Сондықтан орын алған бірді-екілі оқиғаға бола жаппай қыздарымыздың құқын шектеу артығырақ секілді.
Сізге қояр сұрағым, Әлима апай, өзіңіз де ғылыми жұмыстармен шетелге барып-келіп жүрсіз. Егер сіздің кезіңізде осындай шектеу қойылса, сіз бұл мәселеден қалай шығар едіңіз? Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Негізі, шектеуге қатысты мәселені қыздарымыздың жасына байланысты қайта қарастыру керек секілді. Мәселен, оң мен солын танымаған жастан гөрі келешекте 30-дан асқан қыздар ғана шетелге білім қуып бара алса дұрыс болар еді.
жағынан Әлима апаймен пікірлес екенбіз. Сондай-ақ жат жұрттағы қыздарымызға кез келген уақытта көмек қолын созатындай мүмкіндіктер көбейсе дұрыс болар еді. Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Бұл мәселе – ұлтқа ортақ мәселе. Сондықтан сенатордың бастаған бастамасы ұлт тарапынан қолдау тауып, қыздарымыздың шетелге шығуына шектеу
енгізілсе дұрыс болар еді. Ең болмаса қыздарымыздың жасына қатысты шектеу енгізу артықтық етпес еді. ЖҮРГІЗУШІ: – Бүгінгі бағдарламамыз да өз мәресіне жетті. Қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, елеп-екшеп, қоғамдық пікір қалыптастыру – біздің міндет, ал шешім қабылдау әрқашанда тиісті органдардың еншісінде.
САЙЫС БӨЛІМІ ЖҮРГІЗУШІ: – Бағдарламамыздың үшінші бөлімі «Сайыс» деп аталады. Осы тақырып аясында қарсыластар өзара сұрақ-жауап алмасады. Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ: – Шектеу деген сөз – белгілі дәрежеде шетелге шығатын жастардың жасына немесе басқа да мәселелерге байланысты санын азайту. Ал түбегейлі тоқтату деген сөз – қыздарымыздың жаппай шетелге шығуына тыйым салу. Осы тұрғыдан келгенде шектеу
ОЙТҮЙІН ЖҮРГІЗУШІ: – Соңғы бөлім «Ойтүйін» деп аталады. Осы тақырыпқа қатысты ойымызды түйіндесек. Ендеше, қарсыласыңыздың ойынан не түйдіңіз және оның ұстанымына өтіп кеткен жоқсыз ба? Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ: – Қарсыласымның пікіріне өте қойғам жоқ. Дегенмен қыздарымызға қажетті деңгейде тәлім-тәрбие беру
? А А Л Л А А Ш Ш Т Т Ы Ы
А А Л Л А А Ѓ Ѓ Д Д А А Т Т Ћ Ћ А А Н Н
Жазып алған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Қазақтың текті иттерінің тегін жоғалтып алмайық
Қазақта «ит – опа, қатын – жапа» деген сөз бар. Осы сөздерденақ қазақтың дүниетанымында иттің алар орны ерекше екенін аңғару қиын емес. Яғни ит иесіне қайырымды болғандықтан, опасыздық жасамайтындықтан, қазақ итті опа санаған. Сондықтан да оны жеті қазынаның қатарына қосып, ерекше әспеттеген. Алайда бүгінде жеті қазынамыздың қадірін жете түсіне алмай жатқанымыз өкінішті. Соның ішінде қазақы төбет пен құмай тазымыздың сиреп кеткені жанға батады. Жетістіктерін паш етіп жатқанымыз шамалы. Мәселен, қазақтың «Қонақ» есімді төбеті жуырда ғана ит төбелестіруден әлем чемпионы атанып келгенін естідіңіз бе? Жарыса жазып, көрсетіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарын көрмедік. «Түгел» баспасөз клубында өткен брифингте осындай жақсы жаңалықтан хабардар болдық. Бөрібасар тұқымды иттер арасындағы әлем чемпионатының финалы Мәскеу қаласында өтіпті. Чемпионат бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңі Украинадан басталған. Одан соң Мәскеудің Клин деген жерінде жалғасын тауып, үшінші кезең Ресейдің Воронеж қаласында өткен. Чемпионатқа 12 елдің иттері қатысқан. Оның ішінде Украина, Болгария, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан секілді елдердің чемпион иттері келген. Бізден барғандар бұл жарысқа үш ит қосып, олжалы қайтыпты. Чемпион болған «Қонақ» атты иттің иесі Асланбек Мұқашевтің айтуынша, төбелес тартысты өткен. Қонақ бұл чемпионатқа үшінші рет қатысып тұр екен. Екі рет жолы болмай, үшінші реткі осы қатысуында алдынан шыққан азулының бәрін қан қақсатқан. Сөйтіп, иесінің қанжығасы 1 миллион теңгемен майланыпты. Асланбек Мұқашевтің айтуынша, итке де спортшылар секілді бап керек. Тілі жоқ мақұлықты баптау да оңайға соқпайды. Жүгірту, денесін шынықтыру секілді жаттығулар да үзілмеуі қажет. Бір қызығы, бізде «Тазы–Төбет–Бөрібасар» деп аталатын республикалық федерация да құрылған көрінеді. Иттердің төбелесі, текті иттерді тану, сақтау, будандастыру секілді шаралардың бәрі осы федерацияның жұмысы. Біреулер иттердің төбелесі түкке қажеті жоқ деп есептейді екен. «Тазы–Төбет– Бөрібасар» республикалық федерациясының президенті Оралбек Қайсанов бұнымен келіспейді. «Иттердің жекпе-жегі тестік сынақ», – дейді ол. Яғни төбеттердің тектілігін төбелес арқылы ғана ажыратып, сол арқылы таза қанды төбеттерді көбейтуге болады екен. «Төбелес – төбеттердің қанында бар қасиет», – дейді Асланбек Мұқашев. Сондықтан да төбелестен төбесі көрінген төбеттің тегі тегін емес деген қорытынды шығаруға болады. Төбеттерді төбелесте сынап, бағалайтын тәртібі бар. «Тазы–Төбет–Бөрібасар» республикалық федерациясының бұрынғы президенті Абылай Амансүгіровтің айтуынша, төбет төбелеске шыққанда қарсылас итін бірден бас салмаса, онда тектілігі бір сатыға төмендейді. Сосын таза қанды төбет төбелес барысында еш үн шығармауы тиіс. Ырылдап, қыңсылауы не тісін ақситып айбат шегу төбетке сын болмақ. «Осының бәрін бағалап келгенде, төбеттің тектілігі айқындала түседі. Содан кейін оған мықты қаншық тауып будандастырып, таза төбет алуымыз керек», – дейді Абылай Амансүгіров. Бүгінде, өкінішке қарай, мемлекет қазақ иттеріне жете көңіл бөлмей отыр. «Тазы–Төбет–Бөрібасар» республикалық федерациясы да итке жанашыр адамдардың қаржысымен күнелтіп келеді. «Егер мемлекеттің қазақ иттеріне деген қамқорлығы зор болса, ендігі әлем чемпионы болып келген Қонақтан күшік алып қалудың амалына кірісер еді», – деп кейиді Абылай Амансүгіров. Оның айтуынша, Түрікменстан өздерінің алабайларына мемлекеттік деңгейде жағдай жасап қойған. Оның үстіне алабайлармен ақша да тауып отырған көрінеді. «Түрікменстаннан оңайшылықпен алабай алып шыға алмайсың, сотталып кетуің мүмкін. Ол үшін итті мемлекеттен сатып аласың. Сонда ғана мемлекет шекарадан алып шығуға рұқсат береді», – дейді ол.
P.S.
Ертең Қонақтан кейін әлемнің назары қазақтың төбетіне ауады деген сөз. Қазірдің өзінде шетелден төбетті сұрап келушілер аз емес. Шекарадан да оңай алып кете алады. Егер мемлекет Түрікменстанның тәжірибесін енгізсе, мемлекет бюджетіне де қомақты ақша түсер ме еді? Сонда қазақтың тазысы Қазақстанда ғана емес, әлемге де мәшһүр болар еді. Әйтпесе бүгінде немістің овчаркасынан төбеттің несі кем, артық болмаса... Абылай Амансүгіров Ресейде таза қанды иттердің бір күшігі 1500-2000 доллар тұратынын айтады. Ал біздің төбеттер бар болғаны 200-300 долларға ғана саудаланады. Бұл да төбеттің дұрыс насихатталмауынан. «Тазы–Төбет–Бөрібасар» республикалық федерациясының мақсаты да сол – таза қанды тазы мен төбет алу. Тағы бір мақсаты – төбет пен тазыны халықаралық стандартқа кіргізу. Бүгінде бұл екі итті де халықаралық стандарттың тізімінен көрмейміз. Онда бізге таныс түрікменнің алабай иті ғана бар. Көбіне біздің төбет сол алабайдың көлеңкесінде қалып қоя береді екен. «Ендігі мақсат осы қазақ төбеті мен тазысын халықаралық стандартқа кіргізіп, бүкіл әлемге паш ету. Себебі халықаралық көрмелерге апарсақ та, оларды алабайдың стандартымен қабылдайды. Ал біздің төбеттің алабайдан біраз айырмашылығы бар. Сондықтан да біздің төбеттердің ұпайы көбіне төмендеп қалады. Сол үшін бүгінде біз алабай мен төбеттің айырмасын ажырату үшін күш салып жатырмыз. Иттерімізді халықаралық стандартқа кіргізу үшін 12 стандарттан өту керек. Бізге соның енді төрт стандартынан ғана өту қалып тұр. Ол үшін төбеттің шыққан тегін ғылыми түрде айқындау керек, қай дәуірден бері келе жатқанын анықтау қажет, сондай-ақ төбеттердің кавказдық бөрібасарлардан қандай айырмашылығы барын зерттеуіміз керек. Төбеттің басқа иттердің шатысынан шықпағанын, оның о бастан төбет болып жаратылып, төбет болып қалғандығын дәлелдемекпіз», – дейді Оралбек Қайсанов.
Несін айтасыз, қанша айтып жазылғанымен, бүгінде ұлттық спортымызға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді. Бұған Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының да айтар уәжі бар. «Биыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстандағы спорттың 12 түріне 4 миллиард теңге қаражат бөлді. Соның ішінде баскетболдың өзіне 800 миллион теңгедей қаражат қарастырылса, біздің ұлттық спортымызға 100 миллион теңге ғана бөлінді. Ал ұлттық спорттың құрамында 25 спорт түрі бар. Яғни 25 ұлттық спорт түрін насихаттау үшін 100 миллион теңгені жеткізуіміз керек. Ал ол қай жағымызға жетеді? Қайта «Көкпарды» ғана теледидардан насихаттап жатырмыз, ал қалғандары бұқараға беймәлім. Өзге елдің спортын насихаттағанша, неге өзіміздің ұлттық спорттың насихатын көбейтпейміз? Баскетбол, таэквондо, самбо, дзюдо секілді спорттарды көгілдір экраннан түсірмейміз, ал саятшылық, ат жарыс секілді спорттарымызға келгенде сараңдық танытамыз. Ұлттық спортымызға деген көзқарас әлі де теріс», – дейді ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Альберт Мүрсәлімов. Салтан СӘКЕН, Астана
С С А А У У А А Л Л
Көлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғандарға қатысты тек қана көлік басқару құқығынан айыру жазасын қалдыру керек пе?
Марат БӘШІМОВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
– Қазір көлік адам өміріне үлкен қауіп төндіретін құралға айналып барады. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін техниканы басқаратын адамдарға тәртіп қатаң болуы керек. Негізі, көлікті кәсіпке айналдырып, онымен нанын тауып жүрген адамдар ешқашан ішіп алып көлік жүргізбейді. Мұны көбіне-көп қалталылар және солардың балалары жасайды. Олар таныс-біліс арқылы сотпен сөйлесіп, айыппұлын төлейді де, қайтадан көлікке отырады. Ал егер тек қана көлік басқару құқығынан айыратын болсақ, онда ішімдік ішіп ұсталған адамдар өзінің қателігін сезінер еді. Қайтадан оқып, емтихан тапсырып, әуре-сарсаңға түскеннен кейін ендігіде ішіп алып көлік басқармайтын болады. Сот та бұл жерде ештеме істей алмай, еріксіз көлік басқару құқынан айыруға шешім шығарар еді. Сондықтан мен мұны қолдаймын әрі осылай етсек жақсы-ақ болар еді деп есептеймін.
Рамазан САРПЕКОВ,
Мәжіліс депутаты:
– Мен осы мәселенің басы-қасында жүрген адамдардың бірімін. Біздің қолданыстағы заңымызда бірінші рет ұсталған кезінде, бір жылда екі рет ұсталғанда немесе көлік жүргізу құқынан айырылғаннан кейін де қайтадан тағы ішімдік ішіп алып көлік жүргізсе, оларға қандай әрекет қолдану керектігіне дейін анық жазылған. Оның ішінде тіпті 15 тәулікке дейін қамауға алу мәселесі де қарастырылған. Сондықтан қолданыстағы осы заңды өзгерткеннен жақсы бір нәтижеге қол жеткізе аламыз деп айта алмаймын. Бұл жерде басты мәселе сол заңды дұрыс қолдануда болып отыр. Ішімдік ішіп көлік жүргізгендерге айыппұл салуды да, оларды көлік басқару құқынан айыруды да сот шешеді. Сондықтан бұл соттардың біліктілігіне, олардың әділеттігіне, адалдығына байланысты. Қолданыстағы заңға өзгерту енгізудің ешқандай қажеттілігі жоқ, тек соттардың әділ шешім шығаруына қадағалау жүргізгеніміз дұрыс.
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университетінің Машина жасау және көлік институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор:
– Бұл сұрақ өте орынды қойылып отыр. Бізде қазір заң бойынша ішімдік ішіп алып көлікті басқарған адамға айыппұл салу, сонымен қатар көлік басқару құқынан айыру жайлы әкімшілік жаза қаралған. Бірақ мұның барлығын сот шешеді. Бұл жерде сот ішімдікпен көлік басқарған адамға қандай да бір себептермен айыппұл сала салуы мүмкін. Сонымен қоғамға үлкен қауіп төндірген әлгі шопыр жүргізуші куәлігін алып, қайта көлік руліне отырып, жүре береді. Өткенде ғана Мәжіліс депутаты Орал Мұхамеджанов 2011 жылы бір жылдың ішінде 50 мың жүргізуші ішімдік ішіп алып көлік жүргізіп ұсталғандығы төңірегінде мәлімдеме жасады. Бұл сұмдық емес пе? Яғни бізде ішімдік ішіп алып көлік жүргізу қалыпты жағдайға айналып кеткен. Сондықтан мұны ретке келтіру үшін арақ ішіп алып көлік жүргізгендерге тек қана көлікті басқару құқынан айыру жазасын қолдану керек. Айыппұл сала салу дегенді тоқтатқанымыз жөн. Себебі қаншама адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болып жатыр, мүгедек болып қалуда. Онсыз да өзіміз аз-ақ халықпыз, демографиялық жағдайымыз нашар. Сондықтан бізде ең бірінші адам өмірі қымбат болуы қажет. Бұған тосқауыл қою үшін көлікті басқару құқынан айыру жазасын ғана қолданғанымыз жөн. Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ
4
НАРЫҚ
www.alashainasy.kz
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі e-mail:
[email protected]
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ЖОБА
МӘСЕЛЕ
ТҮЙТКІЛ
АРЗАН ТАКСИ ҚАЙДА БАР? Білесіздер, былтыр бұл қызмет түрі 200 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін таксистердің қызметіне жүгінгеніміз үшін 500700 теңге төлеп келсек, былтырдан бері орташа есеппен 800-1000 теңге төлеп жүрміз. Қазірде өздеріне тұтынушы жинап алу үшін бұл кәсіп түрімен шұғылданып жүрген филиалдар түрлі жарнамалар жасауға тым құштар. Мысалы, 158, 555, 390-67-67 нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз, олар сол сәтте-ақ өздері жайлы жарнамаларын жайып салады. Айналып келгенде, қызметіне жүгінсеңіз, көңіліңіз ортайып, қаптаған жарнаманың сылдыр сөз екендігіне көз жеткізесіз... Мысалы, сол жарнамалардың бір парасы былай тізбектеледі: бізге қоңырау шалу тегін; такси бағасы арзан – 400 теңге; жолаушының жайсыз сезінбеуіне кепілдік береміз; әр шақырымына 70 теңге (есептей беріңіз, шақырымына 70 теңге болғанда ақыр соңында кем дегенде 100-1500 теңгеңізді қақшып алады); чектік қызмет ету; автобала күтушіміз бар; ішімдік ішпеген жүргізуші (!) (мас күйінде жолаушы таситын таксистердің барын осы жарнама растай
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Бағдат ТЕЛТАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: – Такси қызметі орташа қауіпті жұмыстардың қатарына жатады. Бірақ біздегі осы қызмет түрінде жұмыс істейтін таксистер мұның жауапкершілігін сезіне бермейді. Біздің қаламызда жүрген жүрістері тым асығыс «пролетка» таксилер көбейіп кетті. Ал мұның арты жол көлігі оқиғаларының орын алуына және басқа апатты жағдайларға апарып соқтырып жатады. Сондықтан біздегі таксистердің қызмет көрсету деңгейіне бақылау қажет. Таксистердің өміріне зиян жасап, ауыр қылмыстардың да болып жататыны айдан анық, үнемі жол үстінде қырағылықта отыратын таксистердің көздері нашарлап, жүйке жүйесі ауруына шалдығу қаупі тағы бар. Демек, бұл қызмет түріне барғысы келетін мамандар арнайы сынақтардан өткені жөн. түсе ме қалай?!) Тізе берсек, мұндай жарнамалардан көз тұнады... Ал елдегі такси құнының қымбаттығын сөз етсек, олар бірден жанар-жағармайдың қымбаттығын; қосалқы бөлшектердің, көлікті жөндетудің қымбаттығын сылтауратады. Айтуларынша, қазірде техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, жөндеу, жанар-жағармай қымбат болғандықтан, такси бизнесімен айналысып отырғандарға ауырлық түсуде. Сондықтан болашақта арзан такси қызметіне жүгіну-жүгінбеуіміз екіталай... Такси бизнесімен айналысатын филиалдар осылай деп мұң шақса, таксистердің де айтар базынасы жоқ емес. Айталық, таксист бір ауданда жүріп, күніне 10 мың теңге тапса, оның 1200 теңгесін диспетчер қызметіне береді, жанар-жағармайына қосымша беруі тиіс, тағы басқа қосалқы шығындарын есептегенде таксистердің қолында тапқан 10 мыңның 25 пайызы қалады. Сондықтан да таксистер «барынша асығыс, үлгерімді жылдамдатуға тырысамыз» деседі. «ЖОЛШЫБАЙ ТАКСИ» ЖӨН ЕКЕН... Сонымен, бұл салада арзан әрі сапалы
қызмет түріне жүгінудің ауылы әлі де алыстау екені мәлім болған тәрізді... Тіпті қайсыбір сарапшылар бұл салада қала ішіндегі жолаушы тасымалынан, қалааралық тасымалдың өнімді әрі табысты екенін алға тартуда. Үсен АМАНБАЕВ, экономист-ғалым: – Таксистердің өз арасында қалааралық жолаушы тасымалы «жолшыбай такси» аталып кеткен. Деректерге жүгінсек, нақ қазір осы «жолшыбай таксилердің» тапқан табысы да, істеген ісі де қомақты. Бір айта кетерлігі, бұл таксистер арнайы салық төлемейді. Олардың өзіндік орнатып алған кезегі бар. Сол кезек арқылы жолаушыларын толтырып алады да, діттеген жеріне жеткізіп салады. Ал оларды арнайы бақылап отыратын диспетчерлер мүлде жоқ. Түсімдері айтарлықтай... Сондықтан, менің ойымша, осы жолшыбай такси қызметіне арнайы салық төлеуді енгізу қажет. Олар да арнайы тіркеуден өтіп, лицензия алып, түскен табысының 5 пайызын немесе 7 пайызын салық ретінде төлеп отырса бір реттілік орнайтын еді. Сондай-ақ әлеуметтік такси
желісін дамыта алсақ, осы арқылы халыққа дүкеннен азық-түлігін уақытында әкеліп беретін жүйені жетілдіре алсақ, сондай-ақ мүгедектерге қызмет көрсететін таксилердің жұмысы алға басса оң болар еді... Жалпы, такси қызметіне жүгіну кезінде баршылықтың белгісі болса, қазірде бұл – заман қажеттілігі. Алматы тұрғындарының үштен екісі қазір осы қызмет түріне жүгінеді. Сондықтан осы салаға бақылауды күшейткен жөн. Қалай десек те, келешекте біздің бұл қызмет түріне жүгіну қарқынымыз арта беретіні рас. Қазір Алматы қаласы бойынша такси бизнесімен айналысатын 20 шақты арнайы филиал бар. «Олардың сапында осы бизнес түрін тек өз пайдасына ғана жаратып, қара басының қамы үшін халықтың қалтасына түсіп отырғандар да бар». Ендеше, мамандар сөз еткендей, бұл саладағы арнайы салық түрі, қызмет көрсету сапасы, қызмет құны белгілі бір өлшеммен үйлесімділік табуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біздегі такси бизнесін тақымдап уыста ұстап отыратын мемлекеттік тізгін керек.
Дұрыс демалу да уайымға айналып барады Гүлнар АХМЕТОВА Басы 1-бетте
Қазақстан туризм қауымдастығының төрайымы Рашида Шайкенованың жуырда өткен Work Shop Tour туризм семинарында «Біздің туристерді жақсы көретін себебі – олар қолма-қол ақшамен есеп айырысады. Жоғары деңгейлі мейманханаларға құмармыз. Дегенмен біздің шетелдік серіктестер қазақстандық туристердің қанша ақжарқын болса да, қоятын талабы жоғары екенін мойындайды» деген еді. Тағы бір айта кететіні, қазір эконом-қызметті таңдайтын туристер тобы да қалыптаса бастаған. Бұл қауымдастық басшысы айтқандай, талғамның биіктегені емес, әркімнің қалтасына қарай көсілетіндігінен болса керек. Әрі шетелдегі үш жұлдызды қонақүйдегі қызмет сапасы біздегімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бір жағынан, алақол фирмаға ешқандай лицензия да, реестр де кедергі бола алмайды. Былтыр біраз адамды сан соқтырған «4 маусым» турфирмасының да тиісті құжаты болған. Дегенмен әлгіндей реестрдің пайдасы – тұтынушы сол жерден турагенттіктің нарықта қанша жыл жұмыс істеп келе жатқанын, қандай бағытта маманданғанын біле алады. Турагенттік қандай да бір себеппен реестрге енгісі келмесе, оған да құқығы бар. Бірақ ірі туристік компаниялардың өкілдері турагенттіктің реестрдегі нөмірін бәрібір талап етеміз дейді. Сондықтан бүгін бар, ертең жоқ «біркүндік» турагенттіктердің құлашын кең жаюына жағдай да жоқ сияқты. Осы орайда былтырғы демалыс маусымын еске ала кетейік. Әсіресе ол түрік жағалауына құмартқандар үшін қолайлы болған. Тұңғыш рет отандық туриндустрияда Антальяға «жедел» жолдаманы
200 долларға сатып алуға мүмкіндік туды. Мұның себебі неде? «Өйткені біздің нарықтағылар ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігін ескерген жоқ. Соның нәтижесінде ұсыныс сұраныстан асып түсіп, қатаң бәсеке, баға демпингі орын алды. Алып қойған ұшақ билетін сату үшін компаниялар арзан баға ұсынуға мәжбүр болды. Сондықтан 2011 жылы туристік компаниялар табысқа шаш етектен кенелді деуге келмейді. Биыл қалай болары белгісіз. Нарықтағы ойыншылар чартерлік бағдарламалар бойынша шешім қабылдамас бұрын алдын ала есептеп алатын шығар», – дейді Р.Шайкенова. Сондай-ақ өткен жылғы жазда түрік бағытында ерте броньдау бағдарламасына сұраныс жоғары болды. Бұл жолдаманы стандартты шартқа қарағанда, арзанға сатып алуға болады. Биыл да 40-50 пайыз шегеріммен осы ерте броньдау бағдарламасына ұсыныс көп. Алайда мамандар абай болуды ескертеді. Әдетте туроператор ұшақтағы орынның біраз бөлігін алып қояды. Айталық, Антальяға ұшақ билеті кемінде 600-700 доллар. Бірақ демпинг басталғанда, билетті 200 долларға сата бастайды. Сонда 500 доллар айырмашылықты басқа жақтан жабу керек. Осыдан кейін бизнес шатқаяқтайды. Қыстағы Ресейдегі «Ланта турдың» басынан кешкені осының жақсы мысалы. Бір жерде кеміткенін екінші жерден жабамын деудің салдарынан сазға отырды. Еліне қайта алмай шетелде 2,7 мың клиенті қалды. Ақпанның басында компанияға 7 млн доллар несие берілгеннен кейін ғана шетелдік серіктестермен есеп айырысып, жұртты елге қайтара алды. Компания қарызы сол кезде 20 млн доллардан асқан еді. Енді бізде де осындай жағдай қайталануы мүмкін деген сөздер шығуда. Биылғы жазда жүгенін сыпырып қоя берген (лицензиясыз жұмыс істейтін) турагенттер ештеңеден тайынбайтын сияқты. Негізі, турагент туроператордан дайын өнімді
алып, оны сатқан соң өз үлесін алуы тиіс. Ал қазір турагенттіктер тек ұшақ билетін ғана сатып алып, түрік мейманханаларымен тікелей келісімге келуге тырысады екен. Сарапшылардың болжамынша, демпинг соғысының нәтижесінде ұсақ турагенттіктер тамызда тегіс банкротқа ұшырауы мүмкін. Ірі компаниялардың жолдаманы өз құнынан кемітіп сатпайтыны белгілі. Бірақ олардың да делдалдың көмегіне жүгінетінін сыртта демалып жүргендер жақсы біледі. Бір басылым жазғандай, қазір түрік курорттарына жолдаманы түрік азаматтары сатып
Өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұтынушы турагенттіктермен жазбаша келісімге отырып, міндетті түрде тәуекелді сақтандыратын компанияның аты көрсетілуін талап етуі қажет. Егер жолдаманы сатып алған соң, баратын елде төтенше жағдай орын алып бара алмай қалса, онда туристің ақшасы қайтарылмайды. Бұл форсмажорлық жағдай болып есептеледі. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы шығынды өтемейді. Туризм нарығында 100 пайыз кепілдік берілмесе де, көп келеңсіздіктен құжаттардың дұрыс рәсімделуі де құтқаратыны сөзсіз.
Техникалық байқау талонының жаңа үлгісі қолданысқа енді Мен жыл басында техникалық байқаудан өткен болатынмын. Қазір жаңа техталондар енгізіліп жатқан көрінеді. Осыған байланысты техникалық байқау талонын жаңа үлгіге алмастыруым қажет пе? Жанат, Алматы қаласы, автоәуесқой 2012 жылдың екінші тоқсанынан бастап жаңа үлгідегі техникалық байқау талоны енгізіліп жатқаны рас. Бұл жөнінде таяуда Көлік және коммуникация министрлігі хабарлаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, онда бұрын көрсе-
тілетін көліктің жүк көтерілімдігі, пассажирлер орнының саны, қозғалтқыш көлемі және өзге де баптар алып тасталған. Жаңа үлгідегі талондарды министрліктің өзі дайындайды және онда бірыңғай стандарт қабылданған. Ол жалған құжат
жатқан көрінеді. Олар бізден біреуді директор етіп қойып, жолдама сатудан мейманханаға дейін жеткізуді түгелдей өз бақылауына алады. Мұндай компаниялар салық төлемейді және туристің тағдырына жауап бермейді. Сондықтан Көлік және коммуникация министрлігі шетелдік әуе компанияларынан өз азаматтарын елге қайткенде де қайтарады деген кепілдеме беруін талап етуі тиіс. Бұл орындалса, әуе компаниялары сенімді турфирмаларға ғана иек артып, өз тәуекелін сақтандырар еді.
жасаудан кемінде төрт қорғаныс элементімен қорғалған: гильошир – тор немесе орнаменталды зер түріндегі сетка; «Техникалық байқау» – микротексі, 7-белгілі сериялық нөмірі және полиэстрлі үш қабатты композиттік материал. Жыл басынан бері берілген техникалық талондар көрсетілген мерзіміне дейін жарамды және оларды жаңа үлгіге ауыстырудың қажеті жоқ.
Алматыда республика аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Енді кез келген тілек білдіруші азамат өз ұсынысын Тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық агенттігіне жазбаша түрде жолдай алады. Сәулет және қала құрылысы басқарма- қамтыған жаңа жобада тұрғын үй, халықты лары басшылары мен жоба жасаушы меке- жұмыспен қамту, су тапшылығын шешу мелер өкілдері қатысқан отырыста мәселелері қарастырылған. Мамандардың республика аумағының бас схемасы мен айтуынша, бұрынғы жобалардың осал мемлекеттік қала құрылысы кадастры төңі- тұстары аз болмапты. Республика бойынша регіндегі мәселелер қаралды. Семинар бас жоспарға бағынбаушылық пен қателікбарысында бірнеше жобалау ұйымының тер көп. Енді мамандар 2013 жылға дейінгі басшылары 2010-2011 жылдар аралы- жоспардың жобасына қатысты ұсыныстарғында бітірген жұмыстарының қорытын- ды күтеді. Ұтымды ұсынысы бар кез келген дыларын баяндады. Жұмыс нәтижелері азамат өз ойын Тұрғын үй құрылысы және кеңінен талданып, келер жылдың жоспар- коммуналдық шаруашылық агенттігіне ла ры таныстырылды. Экономиканы, ғаламтор арқылы жолдай алады. туризмді дамытудың тиімді жолдарын Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет». ҚР Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен іріту-
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның өзектілігі бәрімізге айқын. Бағдарламаның негізгі ережелері сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнаманы,
дің бастамасы мен жетістіктерімізді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін құбылыс екендігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Тәуелсіз Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің даму тарихын жалпылай төрт кезеңге бөліп қарастыруымызға болады. Бірінші кезең – 1992-1998 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бастапқы кезеңі және нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуы. Екінші кезең – 1998-2000 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құқықтық және әдістемелік негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы заңнаманың пайда болуы. Үшінші кезең – 2001-2004 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын шешуде жүйелік көзқарастың қалыптасуы. Төртінші кезең – 2005 жылдың ақпанынан. Қазақстанның жылдам экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация лау контекстінде сыбайлас жемқорлықпен күресі. Біздің еліміз ең алғашқы болып ТМД елдері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын (1998 жылы) әзірлеп, қабылдады. Осы заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды қылмыстық жолмен беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Бұл заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық түрлері, сонымен бірге жауапкершілікке тарту жағдайлары бекітілді. Бірінші қадам ретінде 1998 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының аясында пайда болды. Қазіргі таңда 2006-2010 жылдарға
құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету бойынша арнайы шараларды жетілдіруге, құқық қорғау және сот жүйесі қызметін оңтайландыруға, азаматтық қоғаммен өзара әрекетке, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар құқық бұзушылық пен қылмыстық фактілерге және оларды тудыратын жағдайларға жол бермеу мақсатында салық қызметі органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қыркүйектегі №474 бұйрығымен бекітілген Салық органдары қызметкерінің кәсіби этикасы кодексінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясының талаптарын басшылыққа ала отырып орындау және жүзеге асыру оның тиімді жүзеге асырудағы алғышарттардың бірі болып табылады. Жоғарыда аталған заңдарды жүзеге асыру барысында Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының салық басқармасында 2012 жылдың 26 сәуірінде салық төлеушілерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты алдын алу және де ескерту шаралары» атты семинар өткізілді. Жалпы, семинарда қарастырылған өзекті мәселе салық төлеушілерді жемқорлықпен күрес туралы заңдармен, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтарымен таныстыру болып табылды. Кез келген салық төлеуші салық органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қарсы Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының салық басқармасының 8 (727) 272-11-34 сенім телефонына хабарласа алатынын ескертеді. Елбасымыз атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының біртұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. А.СҰЛТАНОВА, Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының салық басқармасының заңды тұлғалардың cалық аудит бөлімінің бас маманы
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Басы 1-бетте
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Таксиді тақымдайтын мемлекеттік тізгін қажет
Ел аумағының бас схемасына қатысты ұсыныстар қабылданады
Биылғы техосмотрдың көп ерекшелігі жоқ
Биылғы жылғы автокөлікті техникалық байқаудан өткізудің ерекшеліктері қандай? Жәнібек, БҚО 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап лікті міндетті сақтандыру келісімшарҚазақстан Республикасындағы автокөлік ты. Техникалық байқау барысында автоқұралдарының техникалық байқауын жеке техникалық қызмет орталықтары көлік құралының: тежеуіш жүйесі; көрсетеді. Техникалық байқаудан өту басқару жүйесі; үшін төмендегі құжаттардың түпнұсәйнектерінің кеңдігі; қасын көрсету қажет: сыртқы жарық құралдары; автокөліктің техникалық құжаты; дөңгелек, шина, бекітілу нүктелері; биылғы жылдың көлік салығы бөлінетін газдағы зиянды заттар төленгені туралы немесе азаматтың салық төлеуден босатылғаны жөніндегі құрамы; бөліктері мен шасси агрегаттарының құқығын растайтын құжат; азаматтық-құқықтық жауапкерші- бекітілуі мен жұмысы;
өзге де құрал-жабдықтар (қауіпсіздік белдіктері, спидометр, аптечка, өрт сөндіру құралы) жайы тексеріледі. Жеті жылдан асқан автокөлік құралдары жыл сайын, 3-7 жыл аралығындағы автокөліктер екі жылда бір рет, үш жылға жетпеген автокөліктер 36 айдың ішінде бір рет техникалық байқаудан өтуі қажет. Қоғамдық көлік (автобус, микроавтобус, такси) меншіктік жайына немесе шыққан жылына қарамастан, техникалық байқаудан жылына екі рет өтуі тиіс. Сондай-ақ биылдан бастап техникалық байқауды тек автокөлік құралы тіркелген жерден ғана емес, еліміздің кез келген түкпірінен өте беруге болады.
e-mail:
[email protected]
МЕРЕЙ
ТҰЛҒА
Шоқанның көзі, қазақ рухының нағыз өзі
Шығармашылық туындылары аядай бөлмеден арыға аса алмайтын шеберлер болады, керісінше, күллі елді өз лабораториясының ішіне енгізгендей, қай түкпіріне барса да, алдынан өз туындылары қасқайып қарсы алатын ғажайып тұлғалар да бар. Шоқтығы биік Шота Уәлиханов – соның айқын дәлелі. Ол еңселі елордамыз төріндегі ХАН КЕНЕ, ал оған дейін әкімдік ғимараттарды айтпағанда, ару Алматының алаңында тұрған тұтас ғасырлардан бергі қазақтың өр рухы мен тарихының символындай ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ, шығысымыз – Абай туған қасиетті мекен Семейдегі ядролық сынақтың зардабын тартқан халықтың жан азабын «ӨЛІМНЕН КҮШТІ» атты монументке сыйдырған, ал бәрінен бұрын Тәуелсіз еліміздің ең басты рәміздерінің бірі – ЕЛТАҢБАМЫЗДЫҢ авторы.
Кеше Алматыда Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ республикалық дирижерлер байқауы басталды.
Алғашқы республикалық байқау 2004 жылы өткен болатын. Әртүрлі себептермен үзіліп қалған аталмыш байқау араға сегіз жыл салып, биыл қайтадан өз жалғасын тапты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 16 үміткер қатысып отыр. Олардың көбі – оркестрлермен жұмыс істеп жүрген мамандар. Дирижерлер байқауына ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айтқали Жайымов бастаған қазылар алқасы төрелік етеді. Байқауға қатысып отырған 18 бен 40 жас аралығындағы үміткерлер Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлыэтнографиялық және филармонияның симфониялық оркестрлерімен жұмыс істейді. Олар Н.Тілендиевтің шығармаларын, батыс классиктерінің әртүрлі жанрдағы туындыларын орындайтын болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатқан бұл шара 5 мамырға дейін созылады.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 1 мамыр күні Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» шығармасы бойынша қойылған музыкалық драма-дастанның тұсаукесері болды.
Бұл қойылымды Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Қуандық Қасымов сахналады. Суретшісі – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық суретшісі Маратбек Шарафидин. Сахнада Қыз Жібек бейнесін бұл жолы Жұлдыз Мәмедова шығарса, Төлеген рөлінде Ринат Сабырғалиев ойнады. Бекежан рөлінде – Бақытжан Өтеғалиев. Басқа кейіпкерлерді сомдауға театрдың Мұсағали Бектенов, Ербол Есендосов, Бибігүл Исалиева, Боранбай Молдабаев сынды белді әртістері қатысты. Ән мен биге көбірек мән берілген, сөзден гөрі қимыл-қозғалысқа құрылған драма-дастаннан режиссерлік тың шешімдер де анық байқалады.
«Дебют» көрерменін күтеді Кеше Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында жас суретші, дизайнер Ақмарал Еспенбетованың «Дебют» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды.
Өнерлі жанұяда өскен Ақмарал 12 жасында балалар шығармашылық үйіндегі тігін курсына барып, оны екі жылда меңгеріп шығады. Ал 2002 жылы экономика мен математиканы тереңдетіп оқытатын №55 мектептің 9-сыныбынан кейін О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәулет-қолданбалы өнер колледжінің дизайн факультетіне түседі. Оны 2006 жылы киім дизайнері, ал 2008 жылы Милан қаласындағы Еуропалық дизайн институтын киім және тоқыма дизайны мамандығы бойынша бітірген. Италияда оқып жүріп Милан, Флоренция, Болония сияқты түрлі қалаларда өткен байқауларға және көрмелерге қатысып, шеберлігін шыңдаған қолөнер шебері 2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы маркетинг және менеджменттегі іскерлік әкімшілік магистрі болып шықты. Ақмарал Еспенбетова сурет пен кескіндемелік 30 және керамикалық табаққа салынған 12 туындысын ұсынып отыр. Көрме 12 мамырға дейін созылады. Құралай ҚОҢЫР
Мәриям ӘБСАТТАР
ШЕЖІРЕСІ ШЫҢҒЫС ХАННАН ТАМЫР АЛАТЫН...
...Шота Уәлиханов – атақты Шыңғыс төре тұқымынан, яғни Алаштың арда ұлы Шоқанның інісі Мақының немересі. 1932 жылы бір кездері Айғанымдай ел билеген адуынды әжесінің иелігінде болған ұлы Сырымбет тауының етегінде дүниеге келген сәби – бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Алаштың ардақты ақсақалы. Сәулет өнеріндегі ұлттық бояу оған арғы тегінен қанымен келсе, бесігінде жатқаннан бастап та баланың құлағына ұлы бабалары туралы аңыздар айтыла берген. Сондықтан жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, «ол тудырған дүниенің бәрі – ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның тарихына тиесілі біртұтас, көркем бейнелі, моральдық-психологиялық, тарихи-ождандық құжат». Көрнекті қоғам қайраткері, еңбек сіңірген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының
ӨНЕРДІҢ ӨЗ ӨКІЛІ
«Қыз Жібек» Оралда қойылды
Алғашында Оңтүстік Қазақстан облыстық «Арай», республикалық «Жас қанат», халықаралық «Азия дауысы» сияқты байқауларда лауреат атанып, 2000 жылы «Өмірөзен» атты алғашқы альбомын жарыққа шығарған әнші-сазгер Алтынай Жиенбекованың әндері бүгінде жақсы бағаланып жүр. Аталмыш альбомға авторлық «Қажыдым», «Мазала жырым», «Сен», «Сәби арман» т.б. әндері енді. Алтынай – бүгінде «Достар» вокалды-аспаптық ансамблінің әншісі.
– Алтынай, 2000 жылдан бері NAYA деген лақап атпен танылып келесіз. Оған дейін «Агат» дуэтінде өнер көрсеттіңіз. Сізді әнсүйер қауым Алтынай Жиенбекова деп емес, NAYA деп қабылдайды. Өзіңізге лақап есім ойлап табудың қажеттілігі неден туындады? – Өйткені сол жылдары үлкен сахнаға менімен қатар Алтынай Жорабаева да жол тартқан болатын. Ол да – Шымкенттен, мен де. Ол да – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУдың түлегі, мен де. Ол да 1978 жылы туған, мен де сол жылы дүниеге келгенмін. Тіпті аты-жөнімізді де қысқартып алсаңыз, А.Ж. болып шығады. Жоғарыдағы себептермен бізді халық үнемі шатастыратын. Оның үстіне, менің эстрадалық бағытым стандартты емес, электронды. «Алдарыңызда Алтынай Жиенбекова!» деген кезде бәрі қолында домбырасы бар, дәстүрлі халық әншісін елестетеді. Ал оған менің ұстанған бағытым да, әнім де мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан әнші ретінде қалыптасуыма себепкер болған Марина Керімбайқызымен, «Анда-санда» студиясының музыка өңдеушісі Ағын Қасымбекпен кеңесе келіп, осы лақап есімді қабылдадым. Өзіме ұнайды, алдағы уақытта да NAYA болып қала беремін. – Бірақ бүгінде «Достар» вокалды-
лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шота Уәлихановтың 80 жылдық мерейтойы құрметіне таяуда Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайында сол еңбектің тұсаукесері әрі тұлғаның тұтас өмірі мен шығармашылығын қамтитын фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Шәкір ЫБЫРАЕВ, филология ғылымының докторы, профессор: – Қазақ өнері мен мәдениетінде мемлекеттік маңызы бар ғимараттар мен қазақтың ең бір бедерлі кезеңдерін қамтитын монументтер, еңселі ескерткіштер жасаудың ең қадірлі төрінде осы Шота Уәлиханов ағамыз тұр. Бір ғана Елтаңбамыздың авторы деген атының өзі қандай мәртебелі құрметке лайық! Жалпы, ол кісінің шығармашылығына тән ең басты ерекшелік – ХХІ ғасырдың сәулет өнерінің қырсырын да меңгерген, сондай-ақ ұлттық бояуды да еш уақытта ұмытқан емес. Бүгінгі мерей тойға таңғаларлық табыспен жеткен Шота Ыдырысұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден тұтас ұлттың тарихын көрмеу мүмкін емес. Айта кетерлік тағы бір жайт, көрмемен қатар мерейтой қарсаңында «Атамұра» корпорациясы «Шота Уәлиханов» атты кітабын шығарды. Орысша, қазақша және ағылшынша үш тілдегі кітапты құрастырған әрі дизайнын жасаған – өз немересі Гауһар. Кітаптың алғашқы бөлімі бала Шотаның
туылу тарихы мен шежіресі болса, екінші бөлімінде жас Шотаның студенттік дәурені, зайыбы Зинаидамен танысу кезін қамтиды, үшінші бөлімі шығармашылығына арналады. Төртінші және бесінші бөлімінде қайраткер тұлғаның өмірі, ортасы қамтылады. Барлығы да фотосуретпен көмкеріліп отырған. Рақымғали Құл-МҰХАММЕД, «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: – Шота Уәлиханов – бір қызығы, тек сәулетші ғана емес, суретші, ақын, тіпті аудармашы да, жалпы, қазақта қандай өнер болса, ешқайсысынан құр алақан қалмаған ерекше жан. Күллі қазаққа еңбегі сіңген асқар таудай ағамызға тамшыдай болсын інілік ілтипатымызды көрсетейік деген ойдың жемісі – осы кітап. Расында, Шота еңбектері – Алаш баласы үшін атаның мұрасы. Қазақта «Күш – білімде, білім – кітапта», «Мұхит басы – бұлақ, білім басы – кітап» деген сөз бар. Сондықтан әр адам өз ғұмырын саралап, осындай мерейтойында бір-бір кітап шығарса, артық болмайды. Себебі ас ішіледі, киім тозады, ал білім мен кітап кейінгіге мұра болып қала бермек. Бүгінгі мерейтойдың ең басты ерекшелігі осы кітаптың шығуында деп ойлаймын. Қырым АЛТЫНБЕКОВ, реставратор, «Құрмет» орденінің иегері: – Шота ағамызды қазақ халқының маңдайына біткен ұлы перзент деп
Шота ағамыздың сәулет өнерімен ғана шектелмейтінін жұрт жақсы біледі. Ұлы сәулеткерлігі өз алдына, ол – соншалық шебер суретші, сондай-ақ ақын әрі драматург те. Шота Ыдырысұлының қазақ халқы тарихындағы тоталитарлық кезеңнің қан ды беттерін қамтитын «Жазықсыз төгілген қан», сонымен қатар бабасы Шоқан жайлы бір емес, «Шоқанның анты» (1985), «Шоқанның жарық түндері» (1986) атты бірнеше пьесасы бар. Алматы қаласында Ғалымдар үйінің алдында ойланып тұрған Шоқан бейнесі де – Шота сынды ұрпағының қолтаңбасы. Шоқан жайлы Олжас Сүлейменов: «Ол келешектің адамы еді, өткенде өмір сүрді...» деп жазса, Шота сол Шоқан бабасының жете алмай кеткен арманы мен қиялын ұрпағына жалғап, бүгінге жеткізуші десе әбден болғандай.
NAYA, «Достар» вокалды-аспаптық ансамблінің әншісі:
Гитараны кәсіби деңгейде тарта алатын қазақ баласы жоқ
аспаптық ансамблінің құрамындасыз. Сазгер-әнші NAYA көлеңкеде қалып қоймады ма? – Жоқ. Басқа топтың әншісі бола тұра, жеке шығармашылығыңды қатар алып жүруіңе әбден болады. Әндерімді де шығара беремін, оның бәрі де қаражатқа байланысты ғой. Ал «Достар» вокалдыаспаптық ансамблі, аты айтып тұрғандай, бәріміз бірдей ән салып, аспапта ойнаймыз және ең басты ерекшелігіміз – тек қана жанды дауыста өнер көрсетеміз. Осы ерекшелігіміз назарға іліксе керек, 2009 жылы Белоруссияда өткен халықаралық В.Мулявин атындағы «Золотой шлягер» байқауында 1-орынды иелендік. Бүгінде жеке студиямыз бар, өткен жылдан бері
Айгүл Иманбаевамен бірге жұмыс істеп, бес облыстың қала-аудандарын, ауылдарын аралап, концерт бердік. Оның сыртында белгілі әншілерге жанды сүйемел жасаймыз. Өкінішке қарай, жанды дауыстың не екенін білмейтін, музыкалық аспаптарды өмірінде көрмеген бауырларымыз, ауылдарымыз бар. Ал қарапайым халыққа керегі де, қызығы да сол ғой. Өз басым жұмысымнан ләззат аламын, музыкадан жалықпаймын. Ән жазғанда демаламын, басқа сезімің ашылатын секілді. Десе де, «болды, енді ән жазбаймын» деген де кездерім болған. Бірақ бұл да болса – Құдайдың берген дарыны. Одан қашып құтыла алмайсың. Қалай жалтарсаң да, бір күні өзекті жарып шығып жатады. Әркімге әрқалай қарым-қабілет берілген ғой. Біреулер саудаға икемді, бірақ ол менің қолымнан келмеді. Әйтпесе «прилавканың» астына басымды тығып алып, картоп сатқан да күндер өтті (күліп алды). – Қазіргі жазып жүрген әндеріңіз қандай? – Ең қызығы, бірінші альбомымда мұңды әндер көп екен. Екінші альбомыма енгелі отырған әндер сергек, жеңіл. Жақында «Жылама» деген әнім шықты, радиодан да беріліп жатыр. Бұл ән бір құрбымның қайғысымен бөліскенде туды. Жігіті «әкешешем солай деді, саған емес, басқа біреуге үйленетін болдым» деп, оны тастап кетеді. Сол кезде досым өмірден түңіліп, қайғыдан құса болды. Гитараны қолыма алдым да, «Жыламаны» шығарып, айтып бердім. Жылап алсыншы дедім. Яғни өмірде әртүрлі жағдайлар болады, бірақ түңілуге болмайды. Кім болсаң да, қандай жағдайға тап болсаң да еңсеңді көтеріп,
Осыған орай, күні ертең сағат 14.30-да Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде кинодокументалист Қалила Омаровтың «Нәубет» пен «Мағжан» атты туындыларының көрсетілімі болады. Атап айтарлығы, биыл тарихи датаға толы жыл: 1932 жылғы аштыққа 80 жыл толса, 1937 жылғы репрессиядан бері де 75 қыс еріп, соншалық көктем келіпті. Қалила Омаровтың «Нәубет» пен «Мағжаны» – қазақтың басындағы осындай қаралы күндерге арналып түсірілген туындылар. Олар да өздері тиек еткен тақырып секілді кезінде талай теперіш көріп, енді бүгін ғана қайта тіріліп, көрерменге оралды десе болғандай.
ШОҚАННЫҢ АРМАНЫН АРҚАЛАП...
өзіңді қолға алып, аяққа тұруың керек! Көптеген танысым, танымайтын да адамдарым осы әнді тыңдап, рақметтерін айтып, «рух береді екен» деп жатыр. Сосын «Өмір гүлім» деген ән жаздым, өлеңі – Исраил Сапарбайдікі. Ол барша қазақтың сұлу қыз-келіншектеріне арналған. Жүрген жерімде солай атаймын. Көпшілік жақсы қабылдады. Ана туралы да бір ән жазғанмын, бірақ әуеніне дөп келетін, әдемі, салмақты сөз жаза алатын бір ақынға тоқталу керек болып тұр. – Соңғы кездері «Жылама», «Күрсінбе», «Аһылама, үһілеме» деген әндер көбейіп кетті. Неге? Ақын-сазгерлеріміз күйреуік пе, әлде қоғам сондай ма? – Кей орыстілді қазақ музыканттарымыз «ыңырсып қалған ән жазбайықшы» деп жатады. Бірақ табиғатымыз солай ғой, ескі өлеңдерді алсаңыз да, мұңды әндер басым. Далаға шығып алып, «аха-а-у» деп шерімізді тарқатпасақ болмайды. Өзіміздің қанымызда бар нәрсе, сосын сұраныс та талғамға сәйкес артады. Қазір қосымша вокалдан дәріс беріп жүрмін. Сонда байқайтыным, жастардың көбі «Мейрамбек, Нұртас сияқты болғым келеді» дейді. Соларға еліктейді. «Мен әуелі халықтың жүрегінен орын алуым керек» деп, көпшіліктің сұранысына қарай ізденіп, сазгерге тапсырыс береді. Тәжірибеге сүйенсек, халық ең көп тыңдайтын, рейтингі жоғары «МузАРТ» тобы болсын, Қайрат Нұртас болсын бәрі мұңды әннен бастайды да, біртіндеп жеңіл әндерге көшеді. Яғни алдымен аудиторияны баурап алып, жеке шығармашылығына, өзінің жеке бағытына ойысады.
Тундрада өсімдік өсе ме?
Батискафты швейцар ғалымы Агюст Пикар 1948 жылы ойлап тапты және жасап шығарды. Батискаф – мұхиттану және басқа да суасты зерттеулеріне арналған, терең суда өздігінен жүретін аппарат. 1960 жылы Триест Жак Пикар және америкалық Дон Уолж батискафпен Тынық Мұхиттағы Марианск ойпатына түсе алды. Оның тереңдігі 10 912 метр.
Жер бетіндегі қысы өте суық және тоғыз айға созылатын аймақ – тундра. Білгім келетіні, мәңгілік тоң аймағы болып есептелетін тундрада өсімдіктің қай түрі көбірек өседі? Гүлжан ЕРБАҚЫТ, Талдықорған Тундра табиғи аймағы Еуразия қабаты ғана жібіп үлгереді. Ал бұл мен Американың солтүстік жағалауын небәрі 30 сантиметрді ғана құрайды. бойлай алып жатыр. Тундраның сол- Сол себепті де тундраны мәңгілік тоң түстігін ала бере полярлі шөлейттер аймағы деп атайды. Соған қарамасбасталады. Ал оңтүстік жағында тай- тан өсімдіктер осы қатал климатқа га орналасқан. Тундраның климаты жақсы бейімделген. Суық түскенге қатал және үнемі суық жел соғып дейін жеміс беріп үлгеру үшін олар тұрады. Ал төмен температураның жаз шығысымен тез арада гүлдей салдарынан жер алты метр тереңдікке бастайды. Сөйтіп, жазда тундра гүлдейін мұз болып қатып жатады. денген, сан бояулы келісті кілемге Жазда әдетте топырақтың ең жоғарғы айналады. Бұл арадан әртүрлі шөп-
Батискаф алты метрге дейінгі тереңдікке еніп, су астында 80 сағат болады. Сағатына тоғыз шақырым жылдамдықпен қозғалады. Аппарат бортында бір мезетте үш гидронавт бола алады. Батискафта терең зерттеулер жүргізуге арналған кинокамера, фотокамера, микроорганизмдерді ұстауға арналған қалтқы, қуатты шамшырақ сияқты ең заманауи құрал-жабдықтардың бәрі бар.
«Тәушен», «Міржақыптың оралуы», «Нәубет», «Мағжан», «Кісен ашқан», «Алашорда» секілді қазақтың бағы мен соры дерлік жайларды тізіп, бас-аяғы 30 шақты деректі фильм түсірген режиссер Қалила Омаров биыл 55 жасқа келді. Ал оның шығармашылық ғұмырына – 30 жыл!
айтуымызға әбден болады. Бұл оның қолымен жасаған әрбір туындысынан көрініп тұр. Халқының бүкіл ішкі болмысын түсініп, арғы-бергі тарихын түгел біліп, соған қарап өз образын жасаған Шота ағамыз – сонымен қатар сол ісінің нәтижесін осыншалық жасында халқымен бірге көріп отырған бақытты жан. Себебі ол – екінің біріне беріле бермейтін бақыт.
Батискаф қандай аппарат?
Су астында ұзақ уақыт болуға мүмкіндік беретін әртүрлі аспаптардың бар екендігі белгілі. Мысалы, батискаф. Осы аппарат туралы кеңірек мәлімет берсеңіздер екен? Абзал БЕКМҰХАМЕТ, Ақтау
Қазақтың Қалиласы 55-те
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Дирижерлер байқауы жалғасын тапты
САХНА
www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
БАЙҚАУ
КӨРМЕ
5
ӨРКЕНИЕТ
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей, режиссердің ұлдары да өзінің жолын қуып, бүгінде деректі фильм жолына түскен. Тіпті Қуаныш атты ұлы әкесінің өмірі мен шығармашылығы жайлы «Форточкадан қонған бақ» атты туындыны түсірді, осы кеште соның тұсауы кесілмек. Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ – Сонда әншілеріміз өнерге емес, сұранысқа қызмет етеді демексіз ғой? – Шетелде тәжірибе бөлек, олар жүректеріне жақын дүниені жазады. Ал біздікілер сұранысқа, көпшіліктің ығына жығылады. Әсіресе тойда өтетін әндерді жазғыш-ақ. Өкінішке қарай, одан халықтың өресі өспейді, сол «унса-унсамен», бір темппен қалып қояды, ары қарай даму жоқ. Осындай кезде «байғұс, әншілер-ай» дегім келеді. Себебі әнді өңдеуге 1000 доллардай, сазгерге 1000-нан 3000 долларға дейін шығындалады. Оған қоса, ортаңқол деген бейнебаяндарға 10 000 доллардай тағы жұмсайды. Бірақ та соның бәрінен ең қымбатқа түсетіні – ротация, телеарналармен жұмыс істеу. Мысалы, біздің арналар ресейлік болмаса шетелдік әншілерді тегін «жарнамалап», таңертеңнен кешке дейін соларды дәріптейді. Ал өзіміздің әншілерге келгенде қалтадан қағып қалуға тырысады. Әділетсіздік қой! Осыдан барып қайдан ғана шығармашылық, өнер, эстрада өссін? Өспейді. Меніңше, өз әншілерімізге, олардың шығармашылығын дамытуға, бейнебаяндарын экрандауға жеңілдік жасайтын, жағдай тудыратын қандай да бір заң шығарып, қабылдау керек. Сосын тағы бір айтқым келетіні, «мәдениетті дамытуға» деп қаншама миллиондаған қаражат бөлініп жатыр. Бірақ ел-елді аралағанда, ауылдағы аппаратты, ескі қаңырап қалған клубтарды көргенде жылағың келеді. Әнші-әртістердің көбі – апалар, оларды жұмыстан шығарайын десе, жас маман жоқ. Ал баласына кәсіби білім беруге, өнерге баулып, аспап әперуге көп ата-ананың қалтасы көтермейді. Меніңше, мемлекет тарапынан үйірмелер ашып, ансамбльдер құрып, ауылдың мәдени ошақтарын жандандыру қажет. Біздің де балаларымыз кез келген аспапта ойнай алса екен дейсің. Байқасаңыз, әлі күнге бас гитараны, тіпті жай гитараны кәсіби деңгейде тарта алатын қазақ баласы жоқ.
терді, кішкентай бұталар мен жемістерді, саңырауқұлақтарды кездестіруге болады. Бірақ тундрада бәрінен бұрын мүк пен қына көп өседі. Тундрада жылу топырақтың жоғарғы бетіне жақын жерде ғана сақталады. Сондықтан да бүкіл өсімдіктер жерге жабысып өседі, желден солай қорғанады. Иә, тундра – аласа бұталар мен шөптердің, қыналар мен мүктердің және ергежейлі ағаштардың патшалығы. Тундрада кішігірім өзендер мен батпақтар көп, олар жазда полярлі құстардың көпшілігінің мекеніне айналады. Демек, мәңгілік тоң аймағы болып есептелетін тундра – соншалықты қорқынышты аймақ емес.
Сұхбаттасқан Жазира БОТАҚАРА
6
АЛАШ АЗАМАТЫ
www.alashainasy.kz
ЖИЫН
Ауа құрамын өлшейтін құралдар тозып тұр Алматының атмосфералық ауасының ластану деңгейін анықтайтын құрал-жабдықтар ескі. Оларды жаңалауға мемлекеттен қаржы бөлінбей отыр. Алматыда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр Ереншіновтің қатысуымен өткен жиында «Қазгидромет» кәсіпорнының басшылары осыны айтты. Соңғы кездері оңтүстік астананың атмосфералық ауасының ластану индексінің төмендеп келе жатқанын жиі еститін болдық. Дегенмен алматылық гидрометеорологтердің өзі бұл салаға тиісті көңіл бөлінбей отырғанын айтты. Қонысбек БАЙЕДІЛОВ, «Қазгидромет» РМК директоры: – Біз Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша атмосфераның құрамын күнделікті тексеріп, ауаны зиянды қалдықтармен ластаушы ең ірі орындарды анықтап отырамыз. Өндіріс орындарына дер кезінде ескерту жасалып, шаралар қолданылады. Соның арқасында 2011 жылдың көрсеткіші 2010 жылға қарағанда едәуір жақсарған. Десек те, өлшегіш құралдардың саны аз. Ал қолда бар құралдар ескірген. Мемлекет тарапынан басқа облыстарға қаржы жиі бөлінеді. Бірақ еліміздегі атмосфералық ахуалы ең нашар Алматы қаласының экологиясын қорғауға келгенде шабандық байқалады. Отырыста оңтүстік астананың қоршаған ортасына қатысты басқа да ұсыныстар айтылды. Мәселен, көліктерді газбен жүруге толық көшіру, жасыл желектің санын арттыру, халық санасына қоқысты арнаулы бөлінген контейнерлерге тастауды сіңіру, құрылыс қалдықтарына арнайы жәшіктер қою, тағы басқа. Ерекше ойлантатыны – Қарасай ауданындағы қоқыс полигонының толуы. Қазір Іле ауданында қалдық қабылдайтын жаңа аймақ салу туралы ұсыныс бар. Мамандардың айтуынша, қаладан 70 шақырым жердегі заманауи полигон әлемдік стандартқа сай, аумақ тұрғындарына залалсыз болады. Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА
ДЕНСАУЛЫҚ
Ауруын жасырған өледі
Ақтөбелік дәрігерлер Үкіметтің көмегіне жүгінуді жөн санап отыр. Олар ҚР «Халық денсаулығы, денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексіне өзгертулер енгізуді талап етпек. «Екпе қабылдамаған балалар балабақшаға, мектепке жіберілмесін», – дейді эпидемиологтер.
Мұндай мазмұндағы хат мәжілісмендер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданып та үлгерілді. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Клара Омарованың айтуынша, облыста бүгінде қатерлі дертке қарсы берілетін екпелерді қабылдамаған 200 бала бар. «Бұл жағдай соңғы жарты жылдан бері өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Оның үстіне күн өткен сайын «Діннің талаптарына қарсы» дейтіндердің қатары артып барады. Қазір еш шарасызбыз, себебі – заң солардың жағында. Адамның ағзасына оның рұқсатынсыз екпе жұмыстары жүргізілмеуі керек. Сондықтан біздің үкіметтегілерге инфекцияларға қарсы екпе жасатпаған балаларды балабақшаға, мектепке қабылдамау туралы ұсынысымыз қабылданса, заңды құжаттар қатарына енгізілсе деп отырмыз», – дейді К.Омарова. Облыстың бас имамы Әбдімүталі Дәуренбеков бұл жайттан құлағдар екенін және мешіттің екі қызметкері егілуге қарсы ата-аналармен әңгімелесуге, оның адам денсаулығы үшін маңызды екендігін түсіндіруге жібергенін айтты. «Исламда ем қабылдама, егілмеуге болмайды» делінбеген. Күллі мұсылман құлшылылық етуге Меккеге барғанда Араб елі мұсылманның қауіпті дертке қарсы егілген-егілмегендігін растайтын құжаттарын талап етеді. Халық осыны түсінуі керек. Түсіндіру жұмыстарынан кейін алты ата-ана райынан қайтып, сәбиін ектірген», – дейді Ақтөбенің бас имамы. Дәрігерлердің дабыл қағатындай жөні бар. Екпе жұмыстары дұрыс жүргізілмесе, бес жылдан соң қатерлі ауру дендеп кету қаупі төніп тұр. Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, Ақтөбе облысы
e-mail:
[email protected]
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
АЙТӨБЕЛ-ДАТ!
«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы
Алаш айнасы
«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы
Авторы: Едiл АНЫҚБАЙ Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы, спорт ардагері:
Біз қалада ғана өмір сүрмейміз, ауылды да ойлауымыз керек – Қазақты күллі әлемге танытқан палуан Жақсылық Үшкемпіров жайлы қаныға түссем, тереңірек білсем деген тыңдуашыларымыз көп болуы мүмкін. Әңгіменің бастауы балалық шағыңыздан өрбісе... – Жамбыл облысының қазіргі Байзақ ауданы, Тегістік ауылында 1951 жылы 6 мамырда дүниеге келіппін. Тегістік – Тараз қаласынан 45-50 шақырым, Таластың бойындағы отыз шақты үйден тұратын кішкене ғана ауыл. Әпкем, қарындасым бар. Ұлдан жалғызбын. Әкем көп ағайынды болған екен. Бірақ барлығы шетінеп, он үшінші баладан кейін әкем өмірге келіпті. Мен әжемнің қолында өстім. Әкем айтып отыратын: «Маған дейінгі балалар шетіней бергеннен кейін атымды ырымдап қойған. Ауылдағы үш кемпірдің астынан өткізіп, мені Үшкемпір атапты» деп. Әкем – есепші, шешем дүкен ұстаған. Тұратын үйіміз – қоржынтам. Бір жағында біз тұрамыз, бір жағы дүкен. Анамның ай-күні жеткенде әжем бір жерге кетіп қалған екен, шешем дүкенде толғатады. Шақыра қоятын жедел жәрдем тұрмақ, аурухана да жоқ. Дәл сол толғақтың үстінде бір ақсақал дүкенге келіп, шешемнен сабын сұрайды. Үлкен кісіге толғатып тұрмын деп айта алмайды. Ұялғанынан, сөредегі сабынды алып беріп жатқанда мен түсіп қалыппын. Ауылға жақсылық келді ғой деп, менің атымды Жақсылық қойыпты. Әжемді шақырып, менің кіндігімді кесіпті. Сөйтіп, адам топырлап жатқан жерде туғанмын. Кейіннен шешем айтады ғой: «Әй, сенің мынау бүкіл атағың халықтың аяғының астынан шықты» деп. – Палуандық – қазақпен бірге жасасып, қазақтың дәстүріне сіңген, Алашқа ортақ төл өнер ғой. Дегенмен екінің бірі палуан бола бермейді. Бойдағы өнерді ата тектен келген, ананың ақ сүтімен дарыған деп жатамыз. Сізге қай жағынан келген? – Әкемнің палуандығын көргенім жоқ. Шешем мен сияқты кішкентай ғана адам еді. Шешемнің күштілігіне таңғалатынмын. Мәселен, 50 келілік екі қапты екі қолтығына қысып алып жүре беретін. Есімді біліп, 10-сынып оқып жүргенде куә болдым, көзіммен көрдім. Осыған қарап, палуандық шешем жағынан келген-ау деп ойлаймын. Шешем – Кіші жүздің әлім руынан, Ақтөбеден. Байдың қызы болғандықтан, 1933 жылдары қудалауға ұшырап, Нүкіске өтіп кеткен. Сол жақтан Жамбыл облысына келіп, бұл жақта әкеммен танысып, үйленген. Таластың бойында түйе шаруашылығымен айналысқан. Мен мектеп бітіргеннен кейін Семейге барып, малдәрігерлік институтында зоотехник мамандығын оқыдым. Спортқа байланысты мамандығым ұмытылып кеткен еді, бірақ қазір өз мамандығым бойынша жұмыс жасап, колхоз бастығы болып жүрміз. Шешем айтып отыратын: «Үш түлікті асырадың. Енді түйе асырашы» деп. Анамның сөзін жерге тастамай, қазір түйені де асырап жүрген жайым бар. Күрес, палуандық туабіттілігімен қоса, жүре келе толығатын нәрсе ғой. Күреспен айналысқаннан кейін, оның шегіне дейін жету деген бар. Кеңес Одағының құрама командасында 10 жылдан аса болдым. Кеңес Одағының үш дүркін чемпионы болсам да, кейіннен іліктік қой әлемдік жарысқа. Шыдамдылық – намыспен ұштасып жататын нәрсе. Олимпиада чемпионы боламын деп ойлаған жоқпын. Үлкен еңбектің арқасы ғой деп ойлаймын. Кім біледі?! – Әжесінің қойнында өскен әкесінің жалғызы ерке болған шығар? – Мен ерке болған емеспін. Мен жалғыз болсам да, әкем қатал еді. Ылғи таңғы 6-да
Бақылау жүйелерін орнатуға лицензияны кім береді? Бейнебақылау қондырғыларын орнатумен айналысушы кәсіпорындарға қандай мемлекеттік мекеме лицензия береді? Мұндай мәселемен қайда хабарласқан жөн? Айдар ЖҮСІПБЕКОВ, Ақтөбе облысы ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау-зерттеу қызметіне ішкі кішігірім құрылғыларды: радиофикацияларды, электр мен уақыт өлшеуіштерін, телефон жүйесін, ішкі және домо фондық байланысты,
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі
кабельді телеар наларды, күзеттік бейнебақылауды, электрдабыл жүйесін, өртке қарсы жүйені және сыртқы желі лерді орнату жатады. Демек, бейнебақылау қондырғыларын орнату қызметіне лицензия берумен жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары айналысуы тиіс.
оятатын. Содан мені аямай жұмысқа салатын. Талай қиыншылықты көрдік қой. Казір немерелерімізге олай қарамаймыз. Сол кезде жағдай бола тұра 8-сыныпқа дейін велосипед әпермеді. Былай қарасаңыз, жалғыз ұлмын ғой. Қаталдықтың көрінісі емей немене? Шынында сол дұрыс па деп ойлаймын. Ол қаталдық қатыгездік емес – тәртіп негізі. Таңертең 6-дан тұрып, жоңыш қа орамын, ауылдың қыруар шаруасын атқарамын. Спортты жақсы көрдім. Әбілсейіт Айханов, Әбдісалан Нұрмахановтардың есімін естіп өстік. Солардай болсақ деп армандайтынбыз. Қажымұқанның кітаптарын көп оқыдым. Ол кезде бәрін кітап арқылы білуші едік қой, теледидар жоқ. Радио тыңдаймыз. Радио, газет, кітаппен ғана өмір сүрдік. Күнде спортпен айналысатынбыз. Міне, соның арқасы деп ойлаймын. Қазіргі жастар жалқау сияқты. Ол кезде бәріміз жабылып, сыныптастарымызбен әрбір үйдің шөбін шабатынбыз. Сол кезде екі гектардай жерді мен жеке шабатынмын, ал тағы сондай көлемдегі жерге үш-төрт
жерді қалдырған. Біз сол жерді сақтай білуіміз және ел мен жердің қадір-қасиетін біліп, жастарға айта жүруіміз керек. – Тәуелсіз ел болдық. Қазақ спортының Тәуелсіз жылдарына қандай баға берер едіңіз? – Енді, әрине, бұл көзге көрініп отырған нәрсе ғой. Әрбір жылдың, әр кезеңнің жетістіктері болып жатады. Кеңес кезінде де біз басқа мемлекеттерден артта қалған жоқпыз. Әлемдік додаға Әбілсейіт, Әбдісалан, Бұғыбаевтар Олимпиадаға, Әлем біріншілігіне, болмағанда Еуропадағы додаларға барулары керек еді. Өкінішке қарай, ешқайсысы да бара алмады. Қынжылатын нәрсе – осы. 1980-ші жылдары қазақ жастарынан Серік Қонақбаев екеуіміз ғана іліктік. Мен қазақтың тұңғыш әлем чемпионы болдым, Серік бокстан екінші орын алды. Содан кейін барып елдің ішінде бізде де нар жігіттер бар екен ғой деген сенім пайда болды. Тәуелсіздік жылдарын да ме нің артымнан төрт Олимпиада чемпионы шықты бокстан. Егер сол Кеңес үкіметі болып тұрғанда осы төртеуі
ОҚШАУ ОЙ
Қазақ халқы жеті атаға толмай қыз алыспайды. Бұл қанның тазалығын сақтайтындығы әлемге белгілі болып отыр. Біз жылдам қабылдаймыз, тез үйренеміз, не нәрсеге болсын бейімбіз. Бұл – ата-бабамыздан келе жатқан ерекше қасиет. Алла тағала бізді солай жаратқан. Мысалы, мен талай мемлекетте болдым. Қанша жерден керемет болса да, айналып келгенде, өз жерімізден артық жерді тапқан жоқпын, таба алмаймын да. бала бірігіп кіріседі. Сонда үш-төртеуі шөп шауып бітіргенше, мен де бітіріп қоятынмын. Бала күнімнен жарысып, намысқа тырысып, алда болуға ұмтылатынмын. Бәлкім, сол әдет табандылықпен ұштасып, үлкен жеңістерге жетелеген болуы керек. – «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді ғой. Өзіңіз әкеңіздің қатал тәрбиесін балаларыңызға қолдандыңыз ба? – Жоқ, қазіргі заман бөлек. Оның үстіне, Алла тағала маған үш ұл берді. Үш ұлдан қазір, құдайға шүкір, он шақты немере бар. Немерелер әлі кішкентай, өзімнің жанымда. Ұлдарымның үшеуін де күрестіріп көрдім. Ортаншы ұлым Қазақстан біріншілігінде жеңді, бірақ қиналып. Мен айттым: «Балам, сен бүйтіп күреспей-ақ қой. Мынауың болмайды. Бүйтіп күресті қорлама. Сенің қолыңнан келмейді. Ол әркімге дари бермейді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген жай айтылған сөз емес. Күресе салып, чемпион боламын деп ойлама. Оған үлкен қайрат, жігер керек. Бүкіл жастығыңды сарп етіп, бәрін беруің керек», – деп тоқтатқанмын. Қазір балаларым жанымда, күні-түні жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы – өте қиын сала. Мен өзім ауылда өскендіктен, зоотехникті бітіргеннен кейін мамандығым бойынша ауыл шаруашылығымен айналысып жатырмын. – Кеңес өкіметі «бұратана халық өкілдері» деп қазақты көп жерлерде шеттеткені белгілі. Олимпиада кезінде қазаққа өгей баланың күйін кештіргені де рас. Осы жайттарды қалай деуге болады? – Қазір де ауылда кей ағайындар сыйыспай жатады ғой. Ол сол сияқты. Күлетін, қиналатын ешнәрсе жоқ. Бұл – өмір. Біз солардың құрамында болғандықтан, орыс халқы, әрине, өзінің үстемдігін жүргізді. Олар қалай айтса да, тек қана бас идік, сіздікі дұрыс дедік. Одан басқа шара болған жоқ. Өтті, кетті. Егер солай болып осы күнге дейін тұра бергенде, біз тілімізді, дінімізді білмей отыра беретін едік. Енді егеменді, ерікті ел, Тәуелсіз мемлекет болдық, құдайға шүкір. Бұл – біле білген адамға үлкен тарихи кезең. Өмір бақи атабабаларымызға бас иеміз, осындай байтақ
шығар ма еді, шықпас па еді?! Шындығында шықпайтын еді. Тәуелсіздік – жолдың ашылғандығы. Дербес мемлекеттік алып, Қазақ елі күрделі кезеңнен өтті. Бәрін қайтадан бастадық. Керек десеңіз, 1991 жылдардың бер жағында жейтін тамақ болмай қалған жоқ па? Басқаны былай қойғанда, «қайтіп өмір сүреміз?» дедік. Жас балаша өмірге қайта келдік. Енді-енді есімізді жиып жатырмыз. Құдайға тәуба, шүкір. Дүниежүзінде бұған жетпей жатқан мемлекеттер де бар ғой. Ата-бабаларымыз осынша жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен аттың жалы, түйенің қомында жүріп алып қалды. Дүниежүзіндегі алып мемлекеттермен салыстырсақ, солардан артық болмасақ, кем емеспіз. Қай елдің спорты дамыса, соны біз ең күшті мемлекет деп есептейміз ғой. Соның қатарында біз де жүрміз, қалған емеспіз. Елбасына рақмет! Қысқы Азия ойынын өткізді. Үлкен-үлкен ғимараттар салды. Осыған миллиард таған ақша жұмсалды. Соның ішінде біздің ұрпақтарымыз өсіп, қазақтың кім екенін танытады әлі. Біз бірталай жетістіктерге жеттік деп ойлаймын. Ол тек Олимпиада чемпионы болу ғана емес, қазір қаншама жастар басқа мемлекеттерде оқып, білім алып, еңбек етіп жүр. – Дегенмен Тәуелсіз мемлекеттің күрес спортына нақтырақ тоқталсаңыз. Беталыс қандай? – Соның ішінде жүрмін ғой. Күресті жаман деп айтуға болмайды. Түркияға, Иранға барып, еркін күрестен екінші, үшінші орын алдық былтыр. Дегенмен адам санының аздығы білініп тұрады. Жердің шалғайлығы да әсер етеді. Мысалы, Түркияға бардық, көрдік. Бір-бірімен тығыз жатқан 80 млн халық тұрады. Біздегі 17 млн мен 80 миллионды салыстыра алмайсыз ғой. Ойлап қараңызшы, бүкіл Түркия жабылып бір чемпион шығарады. Ал бізде 15 млн халық болып тұрып, 106 мемлекеттен қатысып, соның ішінде екінші, үшінші орын алдық, жаман емес. Миллиардтың ішінен чемпион болып шығып жатқан мысалдарды көптеп келтіруге болады. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дейді қазақ. Бәріміздің чемпион болуымыз мүмкін емес. Бірақ мен жастарға сенемін! Барлық ауылдағы спортты көтеру керек.
Бәріміз ауылдан шықтық. Біз қалада ғана өмір сүрмейміз, ауылды да ойлауымыз керек. Болашақ чемпионның бәрі ауылда. Сол үшін ауылға жағдай жасауымыз керек. Әлі де мән бермей жатырмыз. Қаражат дейміз, басқа дейміз. Шындықты, ақиқатты айтуымыз керек, өтіріктен көсегеміз көгермейді. Алматыдан 50 шақырым шығып көріңіз. Ауылда не болып жатыр? Кім не істеп жатыр? Күнде ауылға барып, көріп жүрмін. Ауылдың жастары казір компьютерден басқа түк көрмейді. Жалқаулық басым. Оған жастар кінәлі емес. Өзіміз, ата-аналар кінәліміз. Баяғыда ата-аналар бізді қалай өсірді? Сол кезде аталарымыздың өзі футбол ойнайтын. Сонау 1960-шы жылдары, соғыстан кейінгі қиын жылдар еді. Сол кезде ел спортқа қатты ден қойды. Соның арқасында спорт көтерілді. Бала күнімізде малдың алдынан шығып, қызу футболға кіріп, күрестің қызы ғымен малдың қайда кеткенін білмей қалып, әкемнен талай таяқ жегенмін. Сондай спорт қазір жоқ ауылда. Ауылдың балалары казір ішімдік ішеді, компьютерден шықпайды. Жұмыс жоқ, түк жоқ дейді де отырады. Жұмыс көп, бірақ жалқаулық басым. Міне, қазір өз басымнан көріп жатырмын. Мен қазір асылтұқымды мал өсірумен айналысамын. Соған не тракторист таба алмаймын, не малшы таба алмаймын. Бір күн жұмысқа шығады да, бес күн қашып кетеді. Болмаса біраз істейді де жалқауланып, айлығымды көтер, жағдайымды жаса дейді. Әркімнің еңбегіне қарай беруіміз керек қой. Мысалы, қазіргі үкіметте жұмыс істеп жатқан адамдардан біздің жұмысшылардың айлығы артық. Бірақ соның өзінде келгісі келмейді. Тер төгіп, еңбек етуден қашатын сияқты. Жандарын қинағысы келмейді. Біз ары қарай қалай өмір сүреміз? Мен осыған таңғаламын. Бәрі оқымысты болып кетуі мүмкін емес қой. Тек интернетте отырса, бәрі керемет болады деп айта алмаймын. Егер жұмыс істемесек, қалай болады? Спортта да солай. Бәрі бірдей чемпион бола бермейді, жалқаулар қалады. Кім еңбегін, ар-намысын ойлап, соған жетем десе, сол адам ғана биікке шығады. – Ауылмен етене араласып, күнбе-күн қарым-қатынастасыз. Ауылдың спортын көтерудің, жалқаулықты жеңудің қандай жолдарын атар едіңіз? Ұсынысыңыз бар ма? – Алматының іргесіндегі Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында жұмыс істеп жатырмын. Осыдан төрт жыл бұрын Серік Әбікнұлы Үмбетов облыстың әкімі болып тұрғанда: «Жақсылық, сен осы ауылды көтерші», – деді. Өзімнің де Балқаш ауылында жерім бар, сол жақта малмен, етпен айналысып жатқанмын. 20 мың гектарға жуық жері бар екен. Ауыл құлдырап кеткен. Кезінде Кеңес Одағы бойынша асылтұқымды мал шаруашылығы жөнінде көрмелер өткен ауыл ғой. Қонаев ақсақалдың тірі кезінде сол жерде талай қызықтар болған. Бірақ мен келгендегі жағдайы керемет емес еді. Ауылды сақтап қалу үшін, ауылды жандандыру үшін келдім. Яғни қиыншылықпен күрестім. Төрт жылдан бері істеп жатқан тірлігімізде нәтиже бар, құдайға шүкір. Мойныма алғаннан кейін, елмен бірге көтерейінші деп жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Жаңа елмен жұмыс істеу де – күрес. Бірақ екі күрестің ұқсастығымен бірге айырмашылығы да бар. Мәселен,
Жұмысқа тұру үшін қандай құжаттар талап етіледі? Тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттіктің бір бөліміне жұмысқа орналасқым келеді. Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі? Мәди АЙТЖАНОВ, Астана қаласы Аталған агенттік сайтындағы мәлімет бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, бос жұмыс орнынан үміткер кадр бөлімі қызметкеріне: 1) жеке куәлігі немесе төлқұжатын; 2) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіби дайындығының болуы туралы құжат; 4) еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар
үшін); 5) әскери есепке тұру құжаты (әскери міндеттілер және әскери қызметке шақырылуы тиіс адамдар үшін); 6) алдын ала меди циналық куәландырудан өткендігі туралы құжат; 7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке код берілгендігі туралы куәліктердің көшірмелері; 8) жеке параққа арналған құжаттық фотосурет.
кілемдегі күресте қаншама елдің алдында жекпе-жекке шығасыз. Қарсыласыңызбен күресесіз. Ал мұнда бүкіл халықпен бірге істейсіз. Әр адамның мінез-құлқы әртүрлі. Демек, психолог болуымыз керек. – Жақсылық аға, көптеген елдерде болдыңыз. ТМД-ны айтпағанда Чехословакия, Франция, Германия, Югославия, Дания, Норвегия деп тізсек, кете береміз. Қазақ мемлекетін өзге жұрт қаншалықты таниды? Танымалдығы несімен артты? – Құдайға шүкір, шетелдің бәрі таниды. Қазір қазақты білмейтін мемлекет болмай қалды-ау. Өйткені қай ел болса да бізге келгіш. Дүниежүзіне біз байлығымызбен, қарапайымдылығымызбен, қонақжайлығымызбен танылып отырмыз. Сондықтан да ата-бабадан келген қасиетті ары қарай дамыта берсек, басқа мемлекеттерден кем қалмаймыз. Елбасы бекерден-бекер айтып жатқан жоқ: «Елу елдің қатарына енеміз» деп. Жалғыз ол кісінің айта бергені емес, халық бірігіп қозғалсақ,бірігіп жүгірсек, бірігіп тірлік жасап, бір терінің пұшпағын бірге илесек, сол дәрежеге жетеміз ғой. Әрқайсымызда кішкене ой болу керек: «Еліміз үшін бірлесіп істейік, қолымыздан келгенше тырысайық» деген. Өзімнің ойым, мысалы, әрбір әлеуетті қазақ бір ауылдан қамқорлыққа алса, сонда барлық ауыл малға толып, ата-бабаның бұрынғы кәсібін жалғастырып кетеміз. Бәріміз бірге көтерсек, жүк жеңіл болады, алынбайтын ешнәрсе жоқ. Міне, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, ынтымақ, татулық болса, содан нәтиже шығады деп ойлаймын. Көп нәрсе адамның қабілетіне байланысты. Адам талаптанса, алға бір мақсат қойса, одан өтуге болады. Соған қажырқайрат, ақылдылық керек. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Әрине, бәрі дайын тұр деп айта алмаймын. Спорттың көп жақсы жері менің бойыма сіңген. Мәселен, талаптанып, намыстанып өскендіктен бе, маған казір жеңілдігі де сол, қай ұлт өкілімен болсын, қай азаматпен болсын, тіл табыса аламын, үлкенмен үлкенше, кішімен кіші болып сөйлесеміз. Сондықтан да шығар, мен ешуақытта әлем чемпионымын деп өзімді-өзім кеудеге ұрғаным жоқ. Сондықтан мен мынаумын деп айтудың қажеті жоқ. ол менің жас кездегі жұмысым болды. Жас кездегі менің өмірім солай болды. Сол халықтың намысы үшін сол дәрежеге жету керек болды. – Соңғы сұрақ. Дінге қалай қарайсыз? – Қазақ бір шетінен өзі қызық халық. Не нәрсеге болсын еліктейміз. Кеңес үкіметі кезінде, қиын кезеңде Алла тағалаға сыйындық қой. Мен әр қадамыма атабабаға сыйынып отыратынмын. Бірақ мен намаз оқымаймын. Адамшылық қасиет ниетке байланысты. Ниет түзу, адамның ішкі жан дүниесі таза болса деймін. Жиырма жыл біз үшін аз емес. Туған нәрестенің жігіт болып қалған кезі ғой. Мемлекеттің жігіттік шағы. Менің айтарым әр отбасына амандық тілеймін. Әрбір босағада үлкен бақыт болсын! Елбасымыз аман болсын! Бір-бірімзді қадірлеп, Қазақстанымызды қолдан келгенше гүлдендірейік. – Сұхбатыңызға рақмет!
7
ДОДА
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі e-mail:
[email protected]
ЖУРНАЛИСТЕР МҮЙІСІ
«Жетісу» жүлдеден тыс қалды
Арынды «Ақжайық», ашулы «Астана»... Нұрғазы САСАЕВ
АУЫР АТЛЕТИКА
«Ертіс» – Ақтөбе» – 1:2 Бұл турда көпшіліктің назары ерекше ауған ойын Керекудегі «Ертіс» пен «Ақтөбе» арасындағы матч еді. Мамандар босқа алаңдамапты, бұл ойын қым-қуыт оқиғаға толы болды. Матчтың 22-минутында бесінші турда алақанын жарақаттап алып, содан бері емделіп, осы ойында ғана алаңға шыққан Самат Смақов қайтадан жарақаттанып қалды. Капитан алаңнан кетіп, орнына Д.Евстигнеев шықты. Алайда 10 минуттан соң «Ақтөбенің» асығы алшысынан түсіп, пенальти арқылы есеп ашты. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады, бірінші таймның аяғында жас талант Қуат Исламбек алаңнан қуылып, төреші екінші рет пенальти белгіледі. Бірақ қарамақарсы қақпаға. Өзбек мергені Ұлықбек Бақаев мұндай мүмкіндікті бос жіберсін бе? Теңбіл допты қақпа торында балықша тулатып, таразы басын теңестірді. Әйтсе де бір ойыншысы кем болса да, «Ақтөбе» екінші таймда бір гол соғып, ерке Ертіс жағалауынан үш ұпай олжалап кетті. Сөйтіп, өткен жылдың 12 маусымынан бері өз алаңында ұтылып көрмеген «Ертіс» Керекудің «Орталық» стадионында ұтылып қалып, жанкүйерлерін жасытты. Ал биылғы маусымды өте сәтсіз бастап, сүреңсіз ойындарымен өз жанкүйерлерін мезі қылған «Ақтөбе» түзде жеңіске жетіп, қайсарлық танытты. «Тобыл» – «Қайсар» – 2:0 Осы турда «Тобылдың» төрт құбыласы тең түсті. Өз алаңында «Қайсармен» кездесіп, биылғы маусымда ойыны қожырап жүрген Сыр бойының аяқдопшыларын сүріндірді. Бір голды астықты өлкеге қайта оралған команда капитаны, Қостанай жұртшылығының көзайымына айналған сүйікті ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиев соқса, екіншісін биылғы маусымда сұрмергендер көшін бастап келе жатқан жас «пері» Бауыржан Жолшиев енгізді. Мұнымен шектелмей, «Тобыл» екінші орынға да
көтерілді. Ал бір кездері құрамында қазақ жігіттері көп болған, шеберліктері шыңырау болмаса да, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүретін сол жігіттердің қатары селдіреп, аутсайдерге арналған «Қайсар» болса, көш соңында салпақтап жүр. Бас бапкерлік тізгінді қолына алған Владимир Никитенко Қызылорда клубын түлете алар ма екен, жоқ, әлде «Қайсардың» қайраңда қалғаны қалған ба? «Шахтер» – «Ордабасы» – 1:1 Басқа – басқа, бірақ биыл «Шахтердің» жолына жуа болып біткен «Ордабасы» болып тұр. Биылғы ел біріншілігі басталмай тұрып, осы екі клуб суперкубок аясында додаға түскен еді. Елорда төрінде өткен сол матчта «Ордабасы» Арқаның аяқдопшыларын ома қаптырып, мәртебелі кубокты Елбасының өз қолынан алып, «Шахтерді» шымбайынан «шымшылаған». Кеншілер клубы осы ойында сол жеңілістің есесін қайтармақ болып, қанша қыспаққа алса да, Шым-қаланың шымырлары шашаларына шаң жұқтырмай кетті. Тіпті бір гол соғып алып, жеңісті де өңгеріп кете жаздады. Алаң иелері соңғы минуттарда ғана есепті теңестіріп, бір ұпайға шүкіршілік етті. Бірақ «оһ, осы Ордабасыны-ай» деп аһ ұрып, тістеніп қала берді. «Қайрат» – «Жетісу» – 1:0 «Ауылдары аралас, қойлары қоралас» екі команданың кездесуі (футболда мұны бір өңірдің дербиі дейді) жай ғана ойын емес, үш ұпай үшін шайқас болуы тиіс еді. Өйткені екі ұжым да көш соңында сылбырап, басшыларының да, жанкүйерлерінің де үміттерін ақтай алмай келеді. Бірақ
сүйектен өтер суық жаңбыр екі команданың да өрнекті ойын үлгісін көрсетулеріне кесірін тигізді. «Қайрат» бағы жанып, бір гол соғып, өзіне ауадай қажет үш ұпайға қол жеткізді. Бұл матчта да «Қайраттың» сапында бесаспап шабуылшы жоқ екендігіне көз жеткіздік. Ал құрамына көп клуб қызығатын «Жетісу» клубының ойыны әлі мандымай жүр. Кежегелері кейін тартып, төмен сырғып барады. Команданың бас бапкері болып тіркелген Серік Әбдуәлиев: «Маусымға дайындық кезінде бәрі де ойдағыдай еді, қазір жолымыз болар емес, қырсық деген шыр айналдырып, ойынымыз үйлеспей жүр», – деп түсіндірді. «Оқжетпес» – «Сұңқар» – 0:2 Өткен турда «Оқжетпес» елордада жергілікті «Астананы» 4:1 есебімен талқандап, қаһарына мінгендей еді. Көкшенің қабақтары қатулы көкжалдары енді екпін алған шығар деп те ойладық. «Оқжетпес», қақпасына доп жетпес» деп таңдайымыз тақылдап, тәнті болдық. Бірақ ол бір турға ғана азық болған қуаныш екен. Сегізінші турда Көкше клубы премьер-лигада бірінші рет доп теуіп жүрген Қаскелең клубынан ұтылып қалды. «Сұңқар» самғап, «Оқжетпестің» қақпасына бір емес, екі доп жеткізді. «Сұңқардың» жас бапкері Алмас Құлшынбаевтың алмастай жарқылдайтын кезеңдері әлі алда болғай деген тілектеміз. Кіл мықтылар арасындағы ығай мен сығайлар ортасында тәжірибесін толықтырып жүрген Алмас бауырымыз «Сұңқармен» самғай берсін деген тілегіміз барын жасырмаймыз. «Атырау» – «Астана» – 1:0 «Мұржасы түзу болса да, түтіні түзу
Жастарымыз Азиядан төрт жүлде әкелді
Оңтүстік Кореяның Пуенктаэк қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында ел намысын жас зілтеміршілеріміз абыроймен қорғап қайтты. Нақтырақ айтқанда, жас таланттарымыз екі күміс, екі қола еншілеп, елімізде аға-әпкелеріне лайықты ізбасарлар өсіп келе жатқандығын дәлелдеп берді.
Азия чемпионатының соңғы күндеріне рет-ретімен тоқталсақ, 85 келі салмақ дәрежесінде Ермек Өміртай – «А» тобында, ал Ербол Мейірманов «В» тобында бақ сынады. Ербол Мейірманов жалпы есепте 320 келіні бағындырса, Ермек Өміртай жүлделі орындарға ілігуге тырысқан. Бірақ ересектер арасындағы халықаралық аренада алғаш рет сынға түсіп тұрған 20 жастағы жас жігітке Азияның үздіктерімен тайта ласу оңай болған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша Өміртай 338 келі көрсеткішпен 8-орынға ие болды. Ал Ербол Мейірманов 13-орынға орналасты. 94 келі салмақта Игорь Башанов қоссайыс қорытындысы бойынша үздік үштікке ілікті. Кішігірім жарақаты болғанына қарамастан, қайсарлық танытып, жұлқа көтеруде 170 келіні, серпе көтеруде 196 келі салмақты бағындырды. Өз кезегінде Игорь Башанов «Өзіме риза болып тұрмын. Бірақ алғашқы жаттығуда кіші қола медальға сәл-пәл жетпей қалдым. Оқасы жоқ, ең бастысы, Азия чемпионатының үшінші орнына ие болдым. Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге тырысамын», – деп қола жүлдеге дән риза екендігін білдірді. Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни: «Екеуі де – жастар сапынан енді ғана ауысып келген жігіттер, болашақтары әлі алда. Бұл жолы екеуі де бұрын өздері көтермеген салмақты бағындырды. Соған қуанып тұрмын. Екі жылдан кейін жүлде де әпереді әлі», – деді қуанышын жасыра алмай. Әйелдер арасындағы 69 келі салмақта
Анастасия Швабауерге сенім артқанбыз. Ол енді ғана осындай дүбірлі додаларға қатысып жүргендіктен, Настядан жүлде күтпеген едік. Алайда небәрі 19 жастағы Настя жұлқа көтеруде өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, қола жүлдеге қол жеткізді. Бірақ серпе көтеруде тәжірибелі қарсыластарына ілесе алмай, жалпы есепте 5-орынға табан тіреді. Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс және бір қола түсті. Аса ауыр салмақта Александра Аборнева күміспен күптелсе, 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Гүлнәз Наурызова қола медаль олжалады. 75 келі салмақтағы Гүлнәз Наурызова алғашқы жаттығуында 90 келіге тапсырыс беріп, оны оңай бағындырған. Бұдан кейін тактикалық тұрғыда қателесіп, 94 келіні еңсере алмады. Бірақ үшінші мүмкіндігінде осы салмақты көтерді. Екінші жаттығуды 105 келі салмақты көтерумен бастады. Одан соң 110 келіге тапсырыс беріп, оны да бағындырды. Ал соңғы мүмкіндігінде барлық күш-жігерін жұмсап, бұрын-соңды өзі бағындырып көрмеген 114 келіні тік көтеріп, жекелей рекордын жаңартты. Осылай қоссайыс қорытындысы бойынша 208 келі нәтижемен қола медаль алды. Бірінші орынды Қытай қызы иеленсе, күміс жүлде кәріс қызына бұйырды. 75 келіден жоғары салмақта екінші орын үшін Қазақстан және Тайланд қыздары таласты. Ал бас жүлдені мамандар алдын ала Оңтүстік Кореяның беткеұстар ауыр атлеті, Олимпиада чемпионы Миран Жангке беріп қойған. Бейжіңнен кейін үлкен
спортпен қоштасып кеткен Миран Лондонға баруды ұйғарып, екі айдан бері қайтадан темір көтеріп жүр екен. Бұрынғы мол тәжірибесінің арқасында Миран қиналмай алтын медальды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Ал біздің Александра Аборнева жұлқа көтеруді 105 келіден бастап, екінші мүмкіндігінде 110 келіні де бағындырды. Бірақ үшінші мүмкіндігінде 115 келіні көтере алмады. Тай қызы бұл салмақты бағындырып, алғашқы жаттығуда
Жас таланттарды Азия ойындарына әзірлеп жатырмыз
Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяда аяқталған Азия чемпионатында кілең жастар бақ сынапты. Нәтижелері жаман емес те сияқты. Десек те, тым болмағанда Владимир Седов, Алмас Өтешев секілді тәжірибелі саңлақтарды немесе Надежда Ногай сияқты нағыз жас таланттарды апармағандары несі? Олар барғанда, алтын алуға да болатын еді ғой. Азия чемпионатына не үшін тек жастардың барғанын бұған дейін де жазғанбыз. Әйтсе де сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нимен тілдесіп, төмендегідей жауап алдық: – Бұл біріншілікке кілең жастарды апарған себебіміз – Оңтүстік Кореяда сынға түскен осы жастарды 2014 жылы өтетін Азия ойындарына дайындап жатырмыз. Иә, қазірден бастап. Сол себептен тәжірибе жинап, ысыла түссін деп, өрімдей жастарды
ұшпай жүрген» клубтардың бірі – «Астана». Жеті турда жетістірмеген, жеті ұпай ғана еншілеп, жұлдызды команданың жігерін құм қылған бас бапкер Олег Протасов желкесін көрсеткелі қашан?! Әйтсе де бұл клуб бауырын жаза алар емес. Мұнайлы өлкедегі «Мұнайшы» стадионында өткен ойынға елордалықтарды Григорий Бабаян бастап барып, ол да мұңайып қайтты. «Астананың» қорғанысын алынбас қамалға айналдырады деген Мұхтар Мұхтаров алаңнан қуылыпты. Жүйкесі сыр берген бе?.. Айтпақшы, «Оқжетпестен» күйрей ұтылған соң, тек Протасов қана емес, бірталай лауазымды тұлға «Астанадағы» жылы орынтақтарын суытуға мәжбүр болған. Атап айтқанда, клуб президенті Лашын Аймағамбетов те отставкаға кетіп, бапкерлер құрамындағы Томас Янитопулос пен Сергей Краковский де Протасовтың ізімен кеткен. Клуб президенті қызметіне Азамат Айтқожин тағайындалыпты. Ал бас бапкердің кім болары әлі белгісіз. Әу баста шет тілін жетік білетіндігінің арқасында алыстан келген білікті мамандарға көмекші болып, біраз тәжірибе жинаған Г.Бабаян тізгінді ұзақ ұстамас. Ұстаса да, оның «Астананың» тасын өрге домалатып, қарқынын күшейтуге қабілеті жетер ме екен?! «Ақжайық» – «Тараз» – 3:0 Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Таразды» жүндей түтіп, көш басында одан әрі ойқастауда. «Тараз» да оңай шағылатын жаңғақ емес еді. Биылғы чемпионатты өте жоғары қарқында бастап, көш басында төбе көрсеткен-ді де. Бірақ бесінші турдан бастап, жеңісінен жеңілісі жиілеп, төмен қарай жылыстап барады. Тек тым төмен сырғып кетпесе етті. Әйтпесе «Тараздан» тарақ қалғалы қашан деп жүрерміз. Любо Петрович ақсақалдың айласы мен амалы, ілімі мен білімі әлі таусыла қойған жоқ шығар. Десек те, Жайық жағасында «Тараз» ойынның алғашқы жарты сағатында-ақ өз қақпасынан үш мәрте доп қармап, салы суға кетті. Тіл-көзіміз тасқа, әзірше «Ақжайықтың» айдарынан жел есіп тұр. Қарт Жайықтың ақкөбік атқан адуынды толқынындай арындап тұр. Словак маманы Йозеф Шкрлик құрамында маздап жанған жұлдыздары жоқ ұжыммен жоғары өрлеп барады. Ылайым солай болғай. Жағрафиялық орналасуымыз бойынша еліміздің Еуропа бөлігінде орналасқан команданың нағыз еуропалық ойын үлгісін көрсетуі өзіне жарасып-ақ тұр.
Төкен СЕТЕРБЕК, ШҚО додаға салдық. Ал сіз айтқан тәжірибелі спортшыларға келетін болсақ, олар Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Бізде Лондон Олимпиадасының сегіз жолдамасы бар. Оның төртеуі – ерлердің еншісінде де, төртеуі – әйелдерде. Әзірге кімдердің баратындары белгісіз. Бәрін де дайындап жатырмыз. Яғни Олимпиадаға барудан бәрі де үмітті. Қазір Владимир Седов – Текеліде, Алмас Өтешов – Алматыда, ал Ильия Ильин Астанада жеке-жеке дайындалып жатыр. Ал қыздардың
үшеуі – Алматыда. Подабедова, Манеза, Чиншанло – үшеуі Энвер Туркелеридің қол астында жаттығуда. Бұлардан бөлек Мария Грабовецская, Надежда Ногай және Жанна Нұрмұхамбетова сынды қыздарымыз да Олимпиадаға барудан дәмелі. Сол себептен үздіктерімізді Азия чемпионатына апармадық. Ал кімнің Лондонға баратындығы 1-6 маусым аралығында Талдықорғанда өтетін ел чемпионатынан кейін белгілі болады. Сол сында Ильин бастаған ауыр атлеттердің барлығы бақ сынап, өздерінің қазіргі таңдағы қабілеттерін көрсететін болады. Ал Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында ел намысын қорғаған жастарға ризамын. Олар сенім үдесінен шықты. Үмітті ақтады, – деді бас бапкер.
Қазақстан қызының алдына шығып кетті. Серпе көтеуде Аборнева 135 келіге тапсырыс беріп, оны оңай бағындырды. Тай қызынан асып түсу үшін 141 келіге тапсырыс беріп, оны да көтеріп кетті. Оның қайсарлығына риза болған жергілікті халық ұзақ қол соқты. Осының өзі күміс медаль иеленуге молынан жеткендіктен, Александра Аборнева үшінші мүмкіндігін пайдаланған да жоқ. Тай қызы болса, үшінші мүмкіндігінде 136 келіні әзер көтерді. Сөйтіп, екеуі жалпы есепте 251 келімен тең түсті. Бірақ біздің қыз қарсыласынан 9 келі жеңіл болғандықтан, күміс медаль Аборневаға бұйырды. Александра АБОРНЕВА: – Шынымды айтайын, күміс медаль алуды жоспарлаған жоқ болатынбыз. Бас бапкеріміз Алексей Ни: «қола медаль алсаң, сол да – үлкен нәтиже» деген болатын. Алғашқы жаттығуда өз қателігімнің кесірінен қарсыласымды алға жіберіп алдым. Ал екінші жаттығуда одан асып түсуге болатындығын сездік те, тактикалық тұрғыда бапкерім оларды алдап кетті. Қарсыласымның жүйкесі алғашқы мүмкіндікте сыр берді. Соны сезіп, бар күшімді салдым да, 141 келіні бағындырдым. Өте қуаныштымын. Бұл жеңіс бапкерлерімнің арқасында келді. Ендігі Азия чемпио натында алтын аламын. Телжан КҮДЕРОВ, «Алаш айнасы» үшін Оңтүстік Кореядан
Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Азия елдерінің чемпиондары кубогы аяқталды. Клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған «Жетісу» қыздары биыл төртінші орынды қанағат тұтты.
Былтыр Вьетнамда өткен Азия чемпиондары додасында қола жүлдеге қол жеткізген Талдықорған қыздары биыл сол жетістіктерін де қайталай алмады. «Жетісу» биылғы клубтық Азия чемпионатында алты ойын өткізіп, соның тең жартысында жеңіске жетті де, қалған үшеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. «В» тобындағы алғашқы кездесуінде Қытай чемпионы «Бриджстоуму» клубынан 2:3 есебімен ұтылып қалды да, бұдан кейін Малайзия және Шри-Ланка чемпиондарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, «В» тобында екінші орын алды да, ширек финалда «А» тобында үшінші орын алған Giti Pasand Isfahan клубымен кездесті. Бұл Иран чемпионы болатын. Бұл матчта Қазақстан қыздары 3:0 (25:21, 25:8, 25:13) есебімен үстем дік танытып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда «Жетісу» Жапонияның Toray Arrows деп аталатын клубынан 0:3 (17:25, 17:25, 20:25) есебімен ұтылып қалып, финалға шыға алмады. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Таиландтың Chang деген клубынан үш сетте ұтылып қалды (21:25, 10:25, 18:25). Осы команда былтыр ғы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы болатын. Ал «Жетісу» клубымен бірге бір топта ойнаған Қытайдың Tianjin Bridgestone клубы финалда жапон қыздарын 3:2 есебімен ұтып, биылғы Азия чемпиондары кубогының иегері атанды. «Жетісу» осы чемпиондар кубогы додасында 2010 жылы күміспен күптеліп, былтыр қола медаль еншілеген. Ал биыл тағы бір саты төмендеп, төртінші орынға табан тіреді. Айқын ЖАППАР
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
Ел чемпионатының премьер-лигасында сегізінші турдың ойындары өтіп, жанкүйерлерді тағы да, кездейсоқ демесек те, қызықты нәтижелерімен таңдандырды.
Сәуір айының соңғы күндері Алматыда «Қазіргі замандағы коммуникативтік технологиялар» айдарымен Қазақстан коммуникативтік қауымдастығының ІІ халықаралық конференциясы өтті.
Әлихан ЖАППАР
ВОЛЕЙБОЛ
ФУТБОЛ
Халықаралық конференциядағы пікірталас
Әуелі Қазақстан коммуникативтік қауымдастығы жайлы қысқаша ақпар беріп өтсек. Аталмыш қауымдастық 2010 жылы құрылыпты. Бұқаралық, кәсіптік және халықаралық коммуникация саласында еңбек ететін мамандар қызметін жандандыру және қолдау мақсатында құрылып, елімізде бірыңғай коммуникативтік кеңістік қалыптастыруды көздеп, өз жобаларын жүзеге асырып жүр. Бұл қауымдастықтың төрайымы – филология ғылымының докторы, профессор Бағила Ахатова ханым. ІІ халықаралық конференцияның жұмысы екі күнге созылды. Осы конференцияға Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы да атсалысып, халықаралық конференция аясында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы – «Ком муникативтік технологияларды спортта қолдану. Бүкіләлемдік және қазақстандық тәжірибе». Дөңгелек үстелді Қазақстан коммуникативтік қауымдастығының төрайымы Бағила Ахатова ашып, одан кейін Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының Бас хатшысы Сұлтанмахмұт Шоқпытов қысқаша баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысындағы пікірталас кезінде көптеген мәселе тілге тиек етілді. Атап айтқанда, спорт саласындағы жанкүйерлермен қарым-қатынас барысында қолданылатын коммуникативтік технологиялар жайлы егжей-тегжей айтылды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің (оның ішінде электронды басылымдар да бар), сондай-ақ әр клубтың баспасөз қызметінің ішкі және сыртқы ұйымдармен (басшылармен) қарым-қатынасы, жұмысы жайлы сөз қозғалды. Спорттық клубтардағы баспасөз қызметкерлерінің рөлі және қызметтері кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы өкілдері өздерінің бастарынан өткен жағдайларға сүйене отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтары мен тілектерін жаудыртып, Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы өкілдерімен қызылкеңірдек болып дауласпаса да, белсенді түрде пікір таластырды. Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының вице-президенті Михаил Васильев өз сөзінде «спорт додаларының тек нәтижелерін ғана жариялаумен шектелмей, оның бәрін көрермендер (жанкүйерлер, оқырмандар) көрмей, білмей қалған сол доданың айналасындағы дерек-дәйектермен тұздықтап отырса, неғұрлым қызығырақ болады» деп шегелеп өтті. Осы қауымдастықтың атқару комитетінің мүшесі Ерзат Серғазин «Бізде жанкүйерлер қозғалысы енді ғана дамып келе жатыр, футбол, шайбалы хоккей, волейбол және баскетбол секілді спорт түрлерінде шағын ғана фан-клубтар пайда бола бастады» деп бірнеше мысал келтірді. Атқару комитетінің енді бір мүшесі Николай Жданов: «Бүгінде оқырмандарды спорт жаңалықтарымен құлағдар етуде (әсіресе интернет арқылы) соңғы ақпараттарды жедел және жылдамырақ берудің маңызы зор. Алайда біздің елдегі көптеген федерацияның баспасөз қызметкерлері бұл тұрғыда жайбасарлық танытып жүр», – деп тоқетерін айтты. Сұлтанмахмұт Шоқпытов Қазақстанда көптеген спорттық федерацияның өз қызметтерін лайықты түрде көрсете алмай, насихаттай білмей жүргендеріне көңіл аударды. Бокс, күрес түрлері, футбол, велоспорт, волейбол, баскетбол, ауыр атлетика, теннис секілді спорт түрлері ғана, яғни федерациялары ғана өз жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келе жатқандығын сөзіне арқау етіп, басқа спорт түрлерінде осы мәселелерді лайықты деңгейде жүргізіп отыруға білікті мамандардың жетіспейтіндігін дәлелдеп берді.
www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
«Бейбарыс» – еліміздің екі дүркін чемпионы
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық ойындары да аяқталды. Ұзаққа созылған додада Атыраудың «Бейбарысы» жеңіске жетіп, екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды. Финалдық дода төрт жеңіске дейін созылған-ды. Атыраудың «Бейбарысы» мен Павлодардың «Ертісі» арасындағы ақтық матчтар шектен тыс шиеленісті өтті. Әуелі бұл екі клуб Атырау мұзайдынында сыңар кездесу өткізді. Екеуінде де «Бейбарыстың» бағы жанды. Бірінші күнгі ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, овертаймда Атырау клубы гол соғып кетті. Есеп – 2:1. Екінші күнгі матч та тура осындай нәтижемен аяқталды. Бірақ «Бейбарыс» кездесудің негізгі уақытында басым түсті. Алайда Кереку хоккейшілері ерке Ертіс жағасында еселерін қайтарып, жалпы есепте таразы басын теңестірді. Үшінші ойында «Ертіс» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесудің де негізгі уақыты тең аяқталып, жеңісті гол овертаймда соғылды. Төртінші матчта «Ертіс» тіпті әріге шапты. Жайық жағасынан келген қонақтарын 2:0 есебімен ұтып, оларға бірде-бір гол соққызбай, діңкелетті. Осыдан соң мамандар «енді «Ертіс» бой бермейді» деп ойлаған еді. Бірақ бәрі де керісінше болды. Атыраудағы бесінші ойында «Бейбарыс» 4:1 есебімен басым түсіп, «Ертісті» есеңгіретті. Ал ысқырығы Павлодарда безілдеген алтыншы матчта «Ертіс» «Бейбарысқа» тура солай жауап бере алмады. Екінші кезеңде бір шайба өткізіп алып, ойынның соңғы минуттарында таразы басын теңестірмек болып, тайлы-таяғымен алға шапқан. Тіпті қақпашыларын алтыншы ойыншыға алмастырып, лап қойған еді. Алайда асығып жүріп шайбадан айырылып қалды да, «Бейбарыстың» рекордшы сұрмергені М.Паньшин қарауылсыз қалған қақпаға екінші шайбаны тоғытып, Атырауға алтын алып берді. Дархан ӨМІРЗАҚ
Махамбет және Исатай бабаларымыздың турнирі
Атырауда бокстан Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлын еске алуға арналған халықаралық турнир басталып еді. Соның аяқталатын уақыты болды. Не болды екен? Осы турнирдің қорытындысы жайлы білгім келеді. Болат ҚАБДОЛЛАҰЛЫ, Семей қаласы Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы мен Исатай ғандықтан, Атырау шаршы алаңында қосалқы құрамТайманұлы бабаларымыздың турниріне әдеттегідей дағы боксшыларымыз өнер көрсетті. Сонымен, өз салмақтарында Жандос Дүйсеков алыс-жақын шетелдерден тәжірибелі былғары қолғап шеберлері жиналды. Олардың арасында Лондон (49 келі), Василий Веткин (52 келі), Сенім Шахин (56 Олимпиадасының жолдамасына ие болған бокс- келі), Константин Шоқанов (60 келі), Мәулен шылар да бар. Атап айтқанда, Куба мен Сирия құра- Өскенбек (64 келі, Адриан Лескай (69 келі, Куба), мындағы боксшылардың арасында Олимпиада Ерік Әлжанов (75 келі), Дәурен Елеусінов (81 келі), жолдамасына қол жеткізгендер де болды. Ал Мұхаммед Гуссон (91 келі, Сирия), Жан Кособуцкий Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Алматы- (+91 келі) сынды былғары қолғап шеберлері жеңімдағы ел Президентінің кубогына қатысатын бол- паз атанды.
Болатбек МҰХТАРОВ
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
26 сағат сұхбат беріп, рекорд жасады
Мамандар арықтау үшін көп ұйықтауға кеңес береді
Жаңа Зеландияның Инверкаргилл қаласының мэрі Тим Шедболт сұхбат беру ұзақтығы жөнінен әлемдік рекорд орнатты. Оның жергілікті телеарналардың біріндегі әңгімесі 26 сағатқа созылды.
Ұзақ ұйықтау адамды семіздіктен қорғайды. Вашингтон университетінің зерттеушілері осындай қызық жаңалық ашты.
Segodnya.uа порталының ақпаратына қарағанда, журналист Том Конрой қала басшысымен сұхбатты сенбі күні түс кезінде бастаған. Тікелей эфирдегі екеуара әңгіме жексенбі күнгі сағат 14.00-ге дейін созылыпты. Мэр тіпті әлі он сағат сұхбаттасуға дайын екенін айтқан. «Мен әңгімелескенді жақсы көремін, бірақ осы кезге дейін өзім туралы бұлайша ұзақ сөйлеген емеспін», – дейді Т.Шедболт. Телехабарға қатысқан
Гиннестің рекордтар кітабының өкілі интервьюер мен журналистке әлемдік рекордты растайтын куәлікті табыс етті. Бұл хабар дүниежүзіндегі ең ұзақ әрі үзіліссіз телебағдарлама ретінде де тарихта қалмақ. Шедболт – қала басшысы ғана емес, танымал шоумен де. Ол бірнеше телесериалға, жарнамалық роликке түскен. «Жұлдыздармен билеу» теледуманының жергілікті нұсқа сына қаты сып, үшінші орын алған.
СКАНВОРД Алюминий кені
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ Бұта тектес жемісті ағаш
Жеті данышпанның бірі (грек)
The Telegraph-тың хабарлауынша, Натаниэль Ватсон бастаған ғалымдар тобы 1000 жұп егізді қатыстырып, зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде артық салмаққа ие және генетикалық факторларға сезімтал адамдардың жеті сағаттан ұзақ ұйықтай алмайтыны анықталды. Ал тоғыз сағаттан артық ұйықтауды әдетке айналдырған адамдар, керісінше, «семіздік генінің» fitness-live.ru әсеріне екі есе аз ұшырайды екен. Мамандар ұйқының семіздікке қатысы бар гендерге қалай әсер ететінін ғылымда тұңғыш рет нақтылады. Олардың мәліметінше, бұл гендер ағзаның қуатты қалай шығындайтынына, майды қалай сақтайтынына, қоректі қалай бойға сіңіретініне және қантты қалай пайдаланатынына да жауапты.
Үлкен
Түркия қаласы
Бокстағы соққы
Гольф таяқтарының бірі Ғимараттардағы тіреу, бағана
«Үшқара» терме авторы
Алашаның көлденең жібі Қалаш, тоқаш Немерелі еркек
Орденнің сипаты, тағылу тәртібі
Тәж-Махал тұрған қала
Сыйлы адам
Пәкістан. мемлекеттік тілі Тыныштық
Испания ақсүйегі
Безбен
Нашақорлар балыққа барғалы жатыр. – Шылым алдыңдар ма? – Иә, алдық. – Шөп ше? – Иә. – Шприц ше? – Иә! – Қармақ ше? – Қой, оны не қыламыз, жоғалтып алармыз. *** Аздап қызып алған әкесі баласына күнделігін әкелуді сұрайды. Бала біраз уақыттан кейін: – Папа, әкелдім. – Әкелдің бе, давай, құй онда! *** Екі жігіт сөйлесіп отыр. – Неге үйленбей жүрсің? – Шынымды айтсам, мен үнемі сенің әйеліңді көріп, ойланамын... – Жындысың ба, ей, не айтып тұрсың? – Жоқ, түсінбедің, маған сенікіндей әйел тап болса, не істеймін деп ойланамын.
ЕГІЗДЕР Бұл күн сіз үшін табысты болмақ. Қызмет саласындағы кейбір өзгерістер мен отбасылық жаңалықтар сізге өте жағымды әсер етеді. Осыған дейін іздеген жан тыныштығының кілтін тапсаңыз, келешегіңіздің қамын да мықтап жасап аласыз. Қаржы жағынан қиындық жоқ, тек денсаулыққа мән бергеніңіз жөн. ШАЯН Есте қаларлық елеулі жаңалықтарға толы күн. Бұл күні отбасыңыздағы біраз шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелердің түйіні тарқатылады. Табысы мол жұмысқа да қол жеткізе аласыз. Жап-жаңа көлік сатып алуыңыз да ғажап емес. Алайда ағайын-туыстың да қамын қарастырып қойғаныңыз артық емес. АРЫСТАН Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөлген жөн. Таза ауада серуендеп, бала-шағаңыздың ортасында болуға тырысыңыз. Отбасылық кикілжіңдер азайып, қаржылық қиындықтардың шешілетін күні. Өзіңіз сүйіп қосылған жарыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Ал бойдақтар танысып-табысуға асыққаны жөн. БИКЕШ Бұл күніңіз қарбаласпен басталады. Кейінге ысыра салған жұмыстарыңызды реттеудің сәті түсіп тұр. Қызмет саласында айтарлықтай, онша көп өзгерістер бола қоймайды. Ал есесіне отбасылық мәселелерде ірі-ірі табыстарға жетесіз. Осы жақын күндерде көптеген тойдың қонағы болуыңыз ғажап емес.
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259
Түтін салық
Үндістандағы әкімдік атақ
Алматтың әзілдері
ТОРПАҚ Сізді сынаққа алатын күн. Табиғатынан қыңыр мінезді сіз үшін бұл күні аянбай тер төгуге тура келеді. Табандылығыңыздың арқасында жаңа қоныстойын тойлауыңыз мүмкін. Жұмыс күні қарбаласқа толы болмақ. Аздап шаршайсыз. Бірақ жемісті күн өміріңізге есте қалатын тосын сый сыйлайды.
Редакцияның мекенжайы:
Ораза түрі
e-mail:
[email protected]
Атмосфера
+0+2о
Бегалин көшесі
Республика сарайы
Достық даңғылы
Гуанако, вигонь
Абай даңғылы
Еліміздегі өзен
Газетіміздің №73 (755) санында жарияланған сканвордтың жауабы КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Болат. Узо. Ромб. Клерк. Ата. Асау. Ережеп. Секем. Әлеке. Ира. Әккі. Өкіл. Окоп. Лек. Да. Этна. Осал. ТІГІНЕН: Бойлер. Лөкет. Есе. Барраж. Кәлла. Ток. Есек. Апе. Коко. Қубас. Киік. Тапер. Ода. Бодау. Мақпал.
+5+7о
+13+15о
+14+15
Құрманғазы көшесі
БАЛЫҚТАР Жүректің әмірі мен отбасы құндылықтарын тең ұстасаңыз, күн тосын сыйларымен қуантпақ. Үйді жөндеу жұмыстарымен айналыссаңыз, ісіңіз алға басады. Жаңа жиһаздар сатып алуға да қолайлы күн.
+26+28о
о
+19+20о +8+10о
«Алаш айнасы» газетінің ұжымы және курстастары белгілі журналист, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орынбасары Арман Сқабылұлына інісі РУСЛАННЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
+18+21о +19+21о +9+10о +8+10о
+12+14о +2+4о
+18+19о
+3+5о
Болбыр, ынжық
Ешкім баспаған тың жер
СУҚҰЙҒЫШ Отбасыңызда түсінісбеушіліктер болуы мүмкін. Сондықтан жұбайыңыз дың тілектерін ескергеніңіз жөн. Өмірлік серігіңізбен оңашада сырласудың сәтті уақыты. Ойда жүрген пікірлеріңізді жарыңыздан жасырмаңыз.
+13+16о
+5+7о
Қабанбай батыр көшесі
Ұпай, баға
ТАУЕШКІ Бұл күні қызмет саласында өзгерістер болмағанымен, сезім әлемінде жаңалықтар көбейіп, романтикалық кештер мен қуаныштарға толы болмақ. Сүйген жарыңызбен табиғат аясында қыдыру сәттілікке бастайды. Ата-ананың да көңілін аулауға уақыт табыңыз.
+10 +12о
Луганский көшесі
«АЛАШ АЙНАСЫ» Бегалин көшесі, 148/ 1а
Бегалин көшесі
М. Мағауиннің кітабы
Жағымды үн, дауыс
МЕРГЕНДЕР Бүгін аздаған қаржылай қиындықтармен басталады. Отбасылық мерекелер жиілеп, соңы үлкен тоймен аяқталады. Денсаулығыңыз сыр беріп жатса, кейінге қалдыра бермей, дәрігерге қаралған жөн. Жұмыстың барысы бірқалыпты өтеді. Армандап, жоспар жасаған жөн, алайда асығудың қажеті жоқ.
+6+8о
Коккинаки көшесі
Байтасов көшесі
Киімнің етекжеңіндегі көмкерме
САРЫШАЯН Бұл күні сіз көп нәрсенi уайымдап, жүйкеңiздi тоздыруыңыз мүмкiн. Сізді көптен бері мазалаған мәселенің түйіні кешке қарай тарқатылады. Ерінбей еңбектенгеніңіздің жемiсін көресіз. Қызметiңiзден бас алмай жұмыс iстеуге тура келедi.
Ауа райы
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А Телефон: 8(727)388-80-60, Факс: 8(727)388-80-61 Сәтбаев көшесі
Көмескі, бұлдыр бейне
ТАРАЗЫ Бұл күн жылға татырлық үлкен өзгеріске толы болуы мүмкін. Бой дақ болсаңыз, осы күні өз теңі ңізді тауып, шаңырақ көтересіз. Күннің екінші жар тысында қаржылық табыстарға қол жеткізесіз. Өзгерістердің ең елеулісі қызметте орын алмақ. Ал кешіңіз романтикалық кездесумен ерекшеленеді.
+21+23о +8+10о
+5+7о
+6+8о
+20+22
+10 +12
+17+19о +6+8о
Кезекшi редактор – Мәриям ӘБСАТТАР
Газет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
Таралымы – 10 000 дана
Жарнама бөлімі тел.: 8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78 e-mail:
[email protected]
Бағасы келiсiмдi
Астана қаласы «Астана-Полиграфия», Брусиловский көшесi, 87-үй. Тел.: 8 (7172) 37-05-59 Тапсырыс – №797
+12+14о
+19+20о +10+12о
+17+21о +9+11о
+23+25о о +20+24 +7+10 О
+10+12
О
О О
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Рабат ЖӘНІБЕКҰЛЫ, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі спорт комментаторы, журналист
ТОҚТЫ Сіз үшін бұл күн сәтті басталмақ. Қаржылық мәселелер өз шешімін тауып, шаңырағыңызға үлкен қуаныш әкеледі. Күннің соңына қарай күтпеген қызықтардың куәсі боласыз. Өз мүмкіндіктеріңізді жарқырата аша білсеңіз, қызмет тік сатыда жоғарылауыңызға үлкен ықпал жасайды.
Күләш НАҚЫПОВА – аға корректор, тел.: 388-80-76
«Алаш айнасы» газеті – өмірге келгеніне көп болмаса да, бүгінгі таңда өз оқырмандарының көкейінде жүрген келелі мәселелерді дөп басып, оқырмандарының алғысына бөленіп жүрген менің ең сүйікті басылымдарымның бірі. Өмірдегі өзекті мәселелерді осылайша шынайы да шындықпен астастырып «Алаш айнасы» өз оқырмандарының құрметіне бөлене беруіне тілектеспін.
19,56
14,13
Нұрлыбай ИТЕКБАЕВ – тех.редактор
05,43
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ Бас редактордың орынбасары
Сс
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
28 29 Ср 30 Бс 31 Дс
Талғат КIРШIБАЕВ – жауапты хатшының орынбасары
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының ескертуінше, бүгін және алдағы күндері атмосфералық таралымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жауады. Ақмола облысында 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жел соғып, күндізгі уақытта бұршақ жауады. Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында желдің екпіні 22 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағында тұман түседі. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-23 м/с жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ борайды. Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 17-22 м/с-ке жетіп, тұман түседі. Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында да 17-22 м/с жел соғады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарында 15-22 м/с, кей жерлерде 25 м/с жел соғады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы облысында бұршақ жауады. Жауыншашынның салдарынан Алматы және Жамбыл облыстарындағы таулы аймақтарда өзен-сулар тасып, сел жүру қаупі бар. Батыс Алтай мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзендерде де су деңгейі ауытқуы мүмкін.
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ Бас редактордың бiрiншi орынбасары
26
Жк 27
Газет 2008 жылдың 17 қарашасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелiп, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №9650-Г куәлiгi берiлген. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейдi. Авторлар қолжазбасы өңделмейдi және керi қайтарылмайды. Көлемi екi компьютерлiк беттен (14 кегль) асатын материалдар қабылданбайды. «Алаш айнасында» жарияланған материалдар мен суреттердi көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Сн
Белгілі есімнің белгісіз сыры ҒАНИ – араби есім. «Ғани» сөзі – арабшадан аударғанда байлық, дәулет, бақуаттылық және баршылық сөздерінің бірлесуінен құралған ныспы. Арабтанушы ғалымдардың айтуынша, бұл есім сондай-ақ «жақсы, жақсылық» деген мағынаны да білдіреді екен.
Аймақтағы тiлшiлер:
24
Астана бюросы: Мекенжайы: Сейфуллин көшесi, 31, офис 414«б» Тел.: 8 (7172) 54-27-31 E-mail:
[email protected] Айбын ШАҒАЛАҚОВ – Астана бюросының жетекшiсi Салтан СӘКЕН – тiлшi Қанат ТОҚАБАЕВ – тілші Арман АСҚАРОВ – тілші
Бс
Жм 25
Тарату қызметi (бөлшектеп сату және жазылу) тел.: 8 (727) 388-80-88
1 2
Бөлiм редакторлары: Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ – саяси бюро, тел.: 388-80-72 Берiк ӘШIМОВ – нарық, тел.: 388-80-69 Қалдар КӨМЕКБАЕВ – қоғам, тел.: 388-80-65 Алмат ИСӘДIЛ – өркениет, тел.: 388-80-64 Нұрғазы САСАЕВ – дода (спорт), тел.: 388-80-74 Болатбек МҰХТАРОВ – жаңалықтар, тел.: 388-80-68 Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiктi тiлшiлер қосыны, тел.: 388-80-62
Мамыр 2012
Алдағы тәуліктерде еліміздің көп бөлігінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, қолайсыз ауа райы қалыптасады. Күшті жауынның салдарынан Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында өзендер тасып, сел жүруі мүмкін.
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы,050051, Бегалин көшесі, 148/1 А e-mail:
[email protected]
Мамырдың 3-і Алаштың атаулы күні Бс 3 • Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. Жм 4 • Күн күні. Сн 5 Жк 6 Туған күн иелері Дс 7 Ғани Қасымов (1950) – ҚР Парламент Сенатының депутаты, Сс 8 Ср 9 Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы; Бс 10 Бақдәулет Құмар (1951) – техника ғылымының докторы, Жм 11 Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың кафедра меңгерушісі; Сн 12 Михаил Боротник (1960) – ҚР Парламент Сенатының депутаты; Жк 13 Әмірет Қонысбаев (1960) – Alatau IT City Ақпараттық Дс 14 технологиялар паркін дамытуды қолдау жөніндегі қауымдастық Сс 15 президенті; Ср 16 Бс 17 Бағлан Жүнісов (1965) – Қазақстан альпинизм және тасқа өрмелеу Жм 18 федерациясының президенті; Сн 19 Жк 20 Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, Дс 21 мәртебелеріңіз арта берсін! Сс 22 «Алаш айнасы» Ср 23 Сс
Ср
Айдын ҚАБА – жауапты хатшы
Бұршақ аралас жаңбыр селге ұласуы мүмкін
Құрылтайшысы және меншiк иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС Директор – Александр Филимонович АН
ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ
Алматы қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС Қалдаяқов көшесi, 17-үй. Тел.: 8 (727) 273-12-04, 273-12-54 Тапсырыс – №1523
e-mail:
[email protected] e-mail:
[email protected]
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
АУА РАЙЫ
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі
Атырау – Бақытгүл БАБАШ, тел.: 87015533653 Қарағанды – Серiк САҒЫНТАЙ, тел.: 8777 3909779 Жамбыл – Гүлжан КӨШЕРОВА, тел.: 8701 7711648 Қызылжар – Ербақыт АМАНТАЙ, тел.: 8 705 4418255 Қызылорда – Әділжан ҮМБЕТ, тел.: 8777 7054466 Өскемен – Азамат ҚАСЫМ, тел.: 8777 3554114 Шымкент – Шадияр МОЛДАБЕК, тел.: 8705 9877799 Орал – Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, тел.: 87756720806
www.alashainasy.kz www.alashainasy.kz
№74 (756) 3.05.2012 жыл, бейсенбі
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
8
ДУМАН